Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДI
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ЖАСАУ НЕГIЗДЕРI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ОҚУ ПРОЦЕСIНДЕ ПАЙДАЛАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 КОМПЬЮТЕРЛIК ЖҮЙЕНI ПАЙДАЛАНУҒА НҰСҚАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 ЖҮЙЕНІ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ ... ... ... ...
4 БИЗНЕС.ЖОСПАР БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ТҮЙІН ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КIРIСПЕ
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Информатика” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Delphi курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы.
Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.
Қазіргі кезде информатика курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т.с.с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.
Әрине, бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз. Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компьютерлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.
Жұмыстың мәселесi: жоғары оқу орындарында информатика курсын оқытуда болашақ информатик және т.б. мамандарды стандарт талаптарын сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.
Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, информатика курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай етiп даярлау мақсатында дипломдық жұмыс тақырыбын «Информатика пәнінен электронды оқулық құру» деп таңдап алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Информатика пәнiнiң компьютерлiк технология негiзiнде оқыту әдiстемесiн ұсыну.
Зерттеудiң обьектiсi ретiнде жоғары оқу орындарында информатика курсын оқыту процесi.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық
негiздерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi 16
пайдаланудың
алғышарттары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... . 22
1.3 ИнформаТика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн
пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .. 25
1.4 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
2 информатика КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ 37
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау 53
негiздерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 56
2.2 Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде
пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға 61
нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 65
3 Экономикалық бөлім 72
3.1 Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын 74
есептеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 78
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері ... ... ... ...
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Түйін ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
КIРIСПЕ
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк
педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы
бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту
әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны
және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту
әдiстемесi қарастырылды.
Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Информатика” курсы
біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген
бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі
нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де
өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Delphi курсын оқытудың түрлi
әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде,
үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту
әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен
оқытудың негiзгi құралы.
Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге
асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер,
оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы,
мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң,
оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе
жатқандығынан байқауға болады.
Қазіргі кезде информатика курсының түрлi компьютерлiк оқыту
программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын
игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау
сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т.с.с.
мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын
берумен ғана шектеледi.
Әрине, бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз.
Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының
көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк
программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа
сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компьютерлiк оқыту
программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi. Сол
себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi
кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.
Жұмыстың мәселесi: жоғары оқу орындарында информатика курсын оқытуда
болашақ информатик және т.б. мамандарды стандарт талаптарын сай етiп
дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.
Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, информатика
курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне
сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай
етiп даярлау мақсатында дипломдық жұмыс тақырыбын Информатика пәнінен
электронды оқулық құру деп таңдап алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Информатика пәнiнiң компьютерлiк технология
негiзiнде оқыту әдiстемесiн ұсыну.
Зерттеудiң обьектiсi ретiнде жоғары оқу орындарында информатика курсын
оқыту процесi.
1 ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1.1 Информатика курсын оқытудың теориялық негiздерi
Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және
табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн
мойындау болып табылады.
Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша
тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi
мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық
факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе
құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi
қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен
информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау,
тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын
математикалық ғылым.
Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық
ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын
қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.
Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу
орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық,
техникалық оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз
етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.
Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу
орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның
құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық
қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында
қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу
орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық
проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу
процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн
бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған
байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi
қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды
компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар
компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.
Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу
орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын
“Қолданбалы программалық қамсыздандыру” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген.
Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық
мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу
орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен
қаруландыруы тиiс.
Қазiргi кезде “Информатика” курсына жоғары оқу орындарында 200 сағат
бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa
сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:
• курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
• болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
• стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
• бiлiм бағалау.
• Информатика курсын оқытудың мақсаттары:
• математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн
ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
• графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды
еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
• графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн
инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.
• Курсты оқытудың мiндеттерi:
• берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып
үйрену;
• ғылыми салада программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк
қалыптастыру;
• web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен
анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;
Кәсiби қызметте компьютерлік істер дағдысын пайдалана бiлудi
қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде
қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы
информатика курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.
• Жоғары оқу орындарындағы “Информатика” курсының мазмұны түрлi
компьютер жабдықтарымен жұмыс ебдейлiгiн, дағдысын қалыптастыруға
негiзделген.
• “Информатика” курсы бiр жағынан курстың компьютермен байланысын
қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың
теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
• “Информатика” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз
байланысты.
• “Информатика” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа
пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.
Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Информатика”
курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа
пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.
Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты
педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi
информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың
заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты
кезеңiне сай зерттеледi.
Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн
электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды
құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң
заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт
бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы –мақсаттық, мазмұндық операциялық және
нәтижелiк бақылау компоненттерi.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi
(микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз –жергiлiктi
(локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз
танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге
асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы
ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал
кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне
материалдарымен толықтырылған.
Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада
берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың
нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды
оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше
дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре
алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында
да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға
көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс
iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн
жеке дара жүргiзу болып саналады.
Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық
тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады.
Сол себептi электронды оқулықтарды әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да
қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн
бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.
“Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес
–дейдi Өскемен қаласындағы N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi
И.Плотникова – ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге
арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап,
игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең
керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi. Оның гипермәтiнi
нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық
жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде
алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi
компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн
талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.
Алматы қаласының М.Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры
Т.Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген алгаритм
оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген
қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта
бастайды.Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк
потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi.”
Өскемендегi “ШЫҒЫС” аймақтық зерттеу орталығының директоры
Г.Протасованың пiкiрiнде былай айтылған: “Барлық оқулықтардың материалдарын
модульдiк түрде құрастыру оның мазмұнын бiрiңғай тұрғыдан қарастыруға
негiзделген. Оқушылардың танымдық ерекшелiктерiмен жас өзгешелiктерiне
байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға
абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу электронды оқулықтардың кәдiмгi оқу
құралдарынан, оның iшiндегi соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы
екенiне күмән жоқ”.
№73 орта мектептiң мұғалiмi Л. Ким электронды оқулықтарды өз
сабағында пайдалану барысында былай дейдi: “Мұғалiмнiң бұрынғы рөлi
өзгередi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға
қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға
көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптесiке айналып кетедi”.
Қазiргi кезде техникалық (Ж.Түсiпбаева) және агроинженерлiк (А.Қозыбай)
бiлiм саласын ақпараттандырудың зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отыр. Жақында
бiлiмдi ақпараттандырудың жаңа тәсiлi –электронды пәндiк цикл
әдiстемелiк жүйесiне байланысты Ш.
Құрманалиеваның докторлық диссертациясы талқыланды.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу
орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн
курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм
беру жүйесiн ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен
қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бiр жүйеге келтiрiлген заңдылығы
болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай
дидактикалық шарттарды ескру керек секiлдi.
– белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуын;
– электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектiсiн қамтитын негiзгi; зертханалық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға
қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; аралық және
қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерiн қамтуын;
– электрондық оқулықтың кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни,
берiлетiн тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрi қысқа берiлуiн
ескеру керек;
– белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық
болмауы тиiс. Егер мәтiн көлемi бiрнеше экрандық беттi қамтитын болса
онда экранда пайда болатын он жақ тiк төменгi көлденеңiнен жылжыту
сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура
келедi. Мұның өзi пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледi
және мәтiндi жоғары-төмен оңға – солға жылжыта беру пайдаланушының
шыдамдылығына да әсер етедi.
– бiр қатардағы мәтiн 62-65 таңбадан аспауы тиiс. Себебi материалды
баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемдi параққа дұрыс түсетiндей
болуы керек.
– оқулықты шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, бiрақ кейбiр пәндерге атап
айтқанда физика, химия, биология секiлдi пәндерге қатысты процестердi
анимациялап көрсету, тiптi кинофильмдер мен диафильмдер үзiндiлерiн
MPEG,AVI типтi файлдар ретiнде сақтап, оларды гипермәтiндi формат
арқылы электрондық оқулықа кiрiстiру оқулықтың көркемдiк әдiстемелiк
деңгейiн арттырады.
Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесi қарқынды даму ұстiнде;
оның көптеген мәселелерi теориялық жағынан зерттеудi талап етедi.
Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрi толық бiр мәндi болу үшiн
информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуi керек: мектепке дейiнгi
кезеңде, мектепте, орта оқу буындарында, жоғары мектептерде, информатиканы
өз бетiнше оқитындар үшiн және т.с.с.
Бiздiң жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп
көлемiнде бастап оқытылатын “Информатика” курсының әдiстемесi.
Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзiнiң
алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: “Информатика” курсын оқытудың
мақсатын және жоғары мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұнын анықтау,
оқыту түрлерiн ұсыну; “Информатика” курсын оқытудың барлық жолдары мен
құралдарын қарастыру; оқытушының практикалық жұмысына оларды қолдануға
нұсқаулар беру.
Информатиканы оқыту әдiстемесi жаңадан қалыптасып келе жатқан жас
ғылым. Педагогика ғылымының iргелi әдiстемесi философияға, педагогикаға,
психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, жоғары мектептiң
кеңейтiлген практикалық тәжiрибесiн басшылыққа алады.
Информатика әдiстемiсiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк

Бiлiм беру жүйесінiң басты мiндетi – Ұлттық және жалпы адамзаттық
қазыналар ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды
қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау. Әрине мемлекет зиялы
болуы үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл бiлiм беру процесiнiң
үздіксіз болуын талап етедi. Бiлiм беру үздіксіз процесс болатын болса,
информатиканы оқыту да үздіксіз болуы тиiс.
Жоғары мектепке арналған информатикадан мемлекеттiк бiлiм беру
стандарты осы мәселенi көздейдi. Ал, стандарт осы пәндi жоғары мектепте
үздіксіз бiлiм беру тұжырымдамасына негiзделiп жасалынған.
Жалпы информатика пәнiнiң мазмұны мынадай екi үлкен дидактикалық
мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) компьютер - оқыту объектiсi; 2)
компьютер – универсал таным құралы.
Болашақ информатик маман таным субъектiсi болған кезде Бұл екi мәселе
бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
1.2 Информатика курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғы шарттары
“Информатика” курсының мектепке пән ретiнде енгiзiлгелi берi курсты
оқытудың белгiлi тәжiрибелерi жинақталды. Сонымен қатар курсты оқытудың
дидактикалық жүйесi де қалыптасып қалды. Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Бiлiм беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған
бағдарламасына байланысты бiрқатар шаралар жасалуда.
Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесін ары қарай
дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып табылатын
компьютерлiк оқыту құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Олардың атқаратын қызметтерiнiң де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест
жүргiзетiн программалар, компьютерлiк ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту
орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы
оқытуға арналған программалық құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзiрлеу
Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының
негiзгi жұмысы болып табылады.
Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен
шұғылданып келедi. бiр -бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады
олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау
компоненттерi.
КОҚ-ның мотивациалы-мақсаттық компонентi модульдердi құрастырудан
тұрады. Модуль дегенiмiз – жергiлiктi, жүйелiк және функционалдық бiлiм
жиындары. Ол студенттiң өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйін” болып
саналады.
КОҚ-ның мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жұзеге асырылады.
Гипермәтiн – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграмммалардан тұратын мәлiметтер базасы

КОҚ-ның операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген
тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. КОҚ-ның нәтижелiк бақылау
компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. КОҚ-де тестердiң екi түрi
берiлген: бiр дұрыс жауабы немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында
студент өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тесттен соң
сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Студенттер үшін КОҚ – ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздерi
толықтырылып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн
мәлiметтер базасы болып келедi. КОҚ-мен жұмыс iстеу әрбiр студенттiң өз
мүмкіндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзуi болып
саналады.
Мұғалiм үшін КОҚ бұл күнбе-күн дамытылып отыратын, ашық түрдегi
әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады.
КОҚ студенттердiң сыныптан тыс өз бетiмен жұмыс iстеуiне толық
мүмкіндiк туғызады. Жүйенiң модульдiк жүйеге негiзделiп құрылғаны, осы
құралдың тиiмдiлiгiн айқындай түседi. Модульдердi бөлуде грамматикалық
заңдылықтардың лексикалық тақырыптарға сәйкес келуi негiзге алынған.
КОҚ – дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес, ол студентке өз
жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп қажеттi
бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасында өзiне тән етiп таңдап
алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндiк бередi.
Оның гипермәтiнi нақты құрылымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз
байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы
студент практикалық негiзде алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыта алады. Ал
өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу
де әрбiр баланың бұгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн
қалыптастырады.
Модульдерде берiлген алгоритм студенттерге өз бетiмен жұмыс iстеу
мүмкіндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, бiлiм алу
кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. КОҚ-нi пайдалану мұғалiмнiң
де ғылыми-әдiстемелiк потенциалын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн
жеңiлдетедi.
Оқытудың әр сатысында компьютерлiк тесттер арқылы студенттi жекелей
бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтiндер түрiнде, мультимедиялық, бейне
және дыбыс бөлiмдерiнiң бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды iске
асыруға көп көмегiн тигiзедi.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде қарастыру оның
мазмұнын бiрыңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Студенттердiң танымдық
ерекшелiктерi мен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық Ұғымдар
жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу
мұғалiмнiң бұрынғы ролiн өзгертедi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн
тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi
әр жерден тауып керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн
кеңесшi әрi әрiптеске айналып кетедi.

КОҚ-рiнде информацияны бейнелеудiң көптеген түрлерi қолданылады:
мәтiн, гипермәтiн, графика, гиперграфика, видео, анимация, дыбыс,
интерактивтi үшөлшемдi бейнелер, т.с.с.
Пайдаланылатын формалар мен форматтарды келесi факторларға сүйене
отырып таңдау қажет:
• КОҚ-сi қамтитын информациялық компоненттердiң көлемi мен
сипаттамалары;
• информациялық компоненттердiң дидактикалық мәнi мен өнiмнiң
дидактикалық және функционалдық сипттамалары;
• өнiмнiң көлемiне қойылатын шектеулер;
• жоспарланған өнiмнiң программалық және техникалық сипаттамалары;
• КОҚ-сiн жасауда қолданылатын инструменталдық құралдардың
мүмкіндiктерi.
Мәтiн және гипермәтiн. Қазiргi уақытта барлық дерлiк КОҚ-де мәтiндiк
және гипермәтiндiк компоненттер қолданылады. Информациялық компоненттердi
бейнелеудiң Бұл түрін жасауда қосымшалар құрудың кез-келген инструменталдық
құралдарының көмегiмен iске асыруға болады.
Информация бейнелеудiң бұл түрі өте кең тарағандықтан бұған толық
тоқталмасақ та болады. Дегенмен қолданылатын гипермәтiндер типтерiн анықтау
мәселесiн қарастырып өтейiк. Олардың келесi негiзгi типтерi бар:
• ағымдық беттегi не кадрдағы информацияны бейнелеу формасын өзгерту;
• ағымдық кадрдағы не беттегi мазмұнға байланысты функцияны шақыру;
• ағымдық беттiң келесi фрагментiне өту;
• қосымша терезенi шақыру;
• тапсырмалар жүйесін шақыру;
• сыртқы қосымшаны шақыру.
Графика және анимация. Суреттi бейнелеу тәсiлi бойынша графикалық
компоненттер матрицалық (растрлық), векторлы және функционалдық болып
бөлiнедi.
Матрицалық сурет пикселдер деп аталатын нүктелерден тұратын екi өлшемдi
массив. Пиксел матрицалық бейненiң “минимал”өлшемдегi элементi болып
табылады. Оның атрибуттары басқа нүктелерден тәуелсiз болады. Векторлық
бейнелер оның типтiк элементтерiне сәйкес келетiн векторлық графикалық
примитивтер жиынтығы. Бейнелеуде қолданылатын графикалық примитивтер
векторлық графиканың негiзгi сипаттамасы. Мысалы, түсi, ұзындығы, қалыңдығы
берiлген белгiлi бiр бұрыш бойынша бағытталған және координаталары
көрсетiлген нүктеден басталатын түзу, т.с.с.
Векторлық графика жазықтағы ғана емес кеңiстiктегi (үшөлшемдi)
графикалық суреттердi бейнелей алады. Сонымен қатар векторлық бейнелер
масштабтау кезiнде күрделі трансформацияларға (бұру, қисайту, созу, қысу,
т.с.с.) қиындықсыз түсе алады.
Функционалдық бейнелер графикалық қосымшалар арқылы салынады. Мысалы,
КОҚ оқыту процесiнде кейбiр бақылау жұмыстарының нәтижелерiн диаграмммалар,
графиктер түрінде бейнелеуi мүмкін. Осы кезде арнайы құрылған қосымшалардың
көмегiмен оларды тұрғызу оңай әрi жылдам орындалады.
Графикалық информациялық компоненттердiң басқа түрлерi арнайы әрi терең
зерттеудi талап ететiн болғандықтан, оның класссификациялық схемасындағы
басқа түрлерiне тоқталудың қажеттiлiгi шамалы. Дегенмен анимациялық
графиканың КОҚ құруда пайдасы мол болғандықтан оған қысқаша тоқталып
өтелiк.
Анимациялық графика екi тұрге бөлiнедi: суреттiк және слайттық.
Суреттiк және спрайттық анимацияға кадр терезесiнiң не беттiң шекарасында
қозғалатын графикалық компоненттер кiредi. Қазiргi уақытта .jpeg, .gif,
.png, .tiff форматтағы анимациялық файлдар көптеп қолданысқа енген.
Дыбыстық компоненттер. Дыбыстық сигналдардың цифрлық бейнеленуi
үздіксіз аудиосигналдың уақытқа және деңгейге қатысты дискреттелiп берiлуi
арқылы жұзеге асырылады. Цифрлық түрде сигнал амплитуда мәндерiнiң
тiзбектерi арқылы сипатталады. Мұндай бейнелеу импульстi-кодты модуляция
(PCM – Pulse Code Modulation) деп аталады.
Қазiргi заманғы технологияларда дыбысты цифрлық өңдеу үшін 2-ден 192
кГц аралығында жатқан жиiлiктiң өтуiн санау пайдаланылады. КОҚ-лерiнде 16-
44 кГц аралығында жатқан жиiлiктi қолданған тиiмдi. Дыбыстық сигналдар
едете аудиоплатаға орнатылған синтезатордың көмегiмен шығарылады.
Дыбысты сипаттайтын файлдар .midi форматта болғаны жөн. Бұл файлдар
.mid типтi болып келедi. .midi форматтағы файлдардың артықшылығы олар,
микрофон арқылы жазылған дыбыстық эффектiлердi орындағанда қатесiз, ауытқуы
байқалмайтындай болады.
Windows жүйесінде цифрлық дыбыстарды сақтау үшін .wav форматы
қолданылады. .wav форматтағы файлдарда дыбыстық жиiлiктен басқа қосымша
қызметшi информация да сақталады. Сондықтан оның көлемi едәуiр үлкен болып
келедi.
Видео және анимация. Дәстүрлі видекомпонент екi синхронды орындайтын
құрылымнан тұрады: визуалды (видежол) және дыбыстық.
Видеожол қозғалыссыз графикалық бейнелерден тұратын кадрлар тiзбегiнен
тұрады. Видеокомпоненттер мен анимацияның арасындағы айырмашылық осы
бейнелердiң сипаттамалары арқылы ажыратылады. Видеокадрдағы бейнелер шынайы
болып келедi. Оның бастапқы көзi ретiнде шынайы объектiлердiң фото - не
видео түсiрiлiмдерi алынады. Ал анимациялық компоненттердегi бейнелер
жасанды болып келедi. Яғни олар графикалық редакторлар не геометриялық
модельдеу жүйелерiнiң көмегiмен даярланады. Қазiргi кезде мұндай
анимацияларды жасауда Autodesk фирмасының AutoCad, 3D Studio Max, т.с.с.
программалық өнiмдерi кеңiнене қолданыс табуда.
Интерактивтi үшөлшемдi бейнелеу. Дәстүрлі графикалық компоненттердiң
ортақ кемшiлiгi олардың интерактивтi мүмкіндiгiнiң төмендiгiнде болып
саналады. Мұндай мүмкіндiк ретiнде бейненi масшатбтау, орындалуды ұзуқайта
жалғау, анимацияның кадрларын, жылдамдығын басқару, кадрлап орындау, т.с.с.
қабылданады. Информацияны бейнелеудiң мұндай мүмкіндiгiн iске асыру үшін
КОҚ құрамына кiретiн барлық компоненттердi бастапқы қалпында қолдан жасап
шыққан жөн. Ол үшін интерактивтi графикалық компонент құру үшін жоғарыда
келтiрiлген информацияны бейнелеудiң түрлі компоненттерiнiң iшiнен
функционалды құрылатындарын таңдап алған тиiмдi. Бұл КОҚ құруды
кұрделендiргенмен, оның ақырғы нәтижесiне үлкен оң әсерiн тигiзедi. Себебi
сапалы КОҚ құру үшін оның құрамындағы информациялық компоненттер
интерактивтi болуы тиiс.
1.3 Информатика курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану
Информатика курсының мазмұнын құрылымдау иерархиялық деңгейлерге
бөлiнген құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын
бағалау және пән мәселелерiнiң ашу т.с.с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды
тұрлендiрумен, жүйелеумен сипатталады.
КОҚ-ның құныдылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты
болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:
• оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
• түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
• оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.
Көп бағыттылықты аспектiлерiн жұзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың
сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Программаны бөлшектеу осы деңгейлердi
ескере отырып орындалады.
КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:
• тақырыптық;
• уақыттық (оқу процесiнiң барысында шешiлетiн педагогикалық мәселелер
бойынша).
Бiрiншi принцип дәстүрлі оқулық мазмұнына ұқсас келетiн пәннiң
иерархиялық құрылымы болып табылады. КОҚ құрамында ол мамзұн блогында
жүзеге асырылады. Тақырыптық құрылым мазмұнның негiзгi компоненттерiнiң
құрамы мен бағыныштылығын бейнелейдi.
Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық
бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар,
жаттығулар, аралық бақылаулар, т.с.с.) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды
Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы
болып табылады.
КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған
тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң
бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске
асырылады.
1-кестеде екi принцип бойынша құрылымданған “Информатика” курсының
мазмұны келтiрiлген.
1-кесте
Тақырыптық принцип Уақыттық принцип
1-Тарау. Информация. Информатика ЭЕМ. 1-сабақ.
Даму тарихы
1.1. Компьютер жұмысының принциптері
1.1.1. Жадтың сиымдылығы
2-сабақ.
3-сабақ. Жаттығулар орындау
1.2. Дербес компьютерлер
1.2.1. Бейне монитор
Пән мазмұнын құрылымдауды бастау алдында келесi мәселе-лердi шешiп алу
қажет:
• тақырыптық жiктеу деңгейiнiң тереңдiгiн, яғни оқу материалының
иерархиялық деңгейлерiн анықтау;
• әрбiр деңгейге сәйкес құрылымдық бiрлiктердiң типтерiнiң атауларын
анықтау;
• мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын айқындау.
Тақырыптық жiктеу деңгейiнде, яғни оқу материалының иерархиялық
деңгейлерi үш деңгейден аспауы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда оқу материалы
өте күрделі болып, оқушыға оны пайдалану ауыр болады.
Құрылымдық бiрлiктер типтерiнiң атаулары түрлі болып келуi мүмкін.
Бiрақ онда сабақ кезiнде қолданылатын шартты атаулар (лекция, практика,
семинар, т.с.с.) қолданылмауы керек.
Мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын екi түрлі
технологиялық бағытта болуы мүмкін: кадр – тақырып мазмұнына сәйкес мәтiн,
графика, аудио, видео элементтер жиынтығы; модуль – көптеген кадрлардан
және гиперсiлтемелер көмегiмен шақырылатын iшкi модульдерден тұратын
құрылымдық компонент.
Қорыта айтқанда, пән мазмұнын құрылымдау оны тек тарауларға,
тақырыптарға бөлiп қана қоймай, тақырыптар арасындағы байланыстарды
айқындау, құрылымдық бiрлiктердiң ерекшелiктерiн анықтау, құрылымдық
бiрлiктердiң бейнелену формаларын анықтау сияқты мәселелердi шешiп алуға
келiп саяды.
1.4 ИНФОРМАТИКА КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бiз даярлаған “Информатика” курсының жалпы құрылымы 2-схемада
келтiрiлген. Схемдан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес
келедi. Ол келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде “Информатика” курсының құрылымданған
және информация-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, өзін сынау
жүйесi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып
құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi
бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы
тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып
отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма,
әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер
арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту
программаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк
жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендiрiлуi
үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды
көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту программасының
интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi
түрде қарастыру қажет
2-схема. Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы
Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы
тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосымшалары ашылады. Олардың
көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын
өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек
оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады.
Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк програм-малардың
безендiрiлуi жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс -
ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - деп жазады атақты безендiру маманы М.Донской.
– Оған ешкiм көңiл бөлмейдi. Көңiл аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар”
– дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың назарында. Шындығында жақсы
ұйымдастырылған интерфейстi пайдаланушы байқамайды, өйткенi ол программаның
ажырамас функционалдық бөлiгi ретiнде қабылданады”.
“Қазiргi кездегi компьютерлiк программалар мен олардың безендiрiлуi
адамның қабiлетi мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам-машина
қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда-, дейдi,
шет ел психологтары С.Эллиот пен Дж. Брзезинский ”.
Де М.Верней мен З.Л.Бердж интерфейс жөнiнде былай деп жазады: “Оқыту
программасының интерфейсi нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны
да игерiлмей қалады. Себебi пайдаланушы өзiнiң көп уақытын интрфейспен
танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейстi дұрыстап құру қажет,
үйренушi мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулерi негiзiнде компьютерлiк оқыту
құралдырының интерфейсiн құруда келесiлердi ескерген жөн:
Безендiруде жүйелiк бағытты қолданудың ерекшелiктерi. Жүйелiк бағыт
жүйелiк безендiрудiң негiзi, ол құрылып жатқан үлгiнi жобалау мен жасау
процесiне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс iстеуiне әсерiн тигiзетiн
факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт
программаны безендiруде дәстүрлі кiтаптық әдiстерден басқа, информатика,
семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық,
коммуникативтiк, компоненттiк, құндылық т.б. сияқты бағыттарды пайдалануға
мүмкіндiк туғызады.
Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану
информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып
кетпеуiн қамтамасыз етедi. Негiзгi оқу материалдарының мазмұны мен
құрылымына қойылатын талаптарды анықтау. Үйренушi жаңа оқу материалымен
алғаш танысқан кезiнде материал мәтiнi мен осы материал жайлы өзi бiлетiн
информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиiмдiлiгiн
арттырады және Бұл оқу материалының психологиялық негiзiн, логикалық
байланыстарын көрсету деңгейiне тәуелдi анықталады.
Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар
үйренушiнiң жаңа информацияны қабылдау қабiлеттiлiгiн және қызығушылық
деңгейiн анықтауға да тiкелей байланысты.
Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар:
• мазмұндалу мәтiнi өте қысқа және максимум жаңа информация қамтуы
керек. Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте
қиын;
• үйренушi бiлетiн сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйретушiнiң
жаңа сөздердi үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;
• семантикалық байланыстағы информациялық элементтердi топтастыру қажет.
Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады;
• өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында
орналасуытиiс. Себебi зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы
болып, экранның осы бөлiгiне аударылады;
• абзацтың негiзгi идеясы оның алғашқы жолдарында берiлуi керек. Бұл
абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына
байланысты;
• графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс.
• күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтiн иллюстрациялар (
схемалар, карталар т.с.с) подсказкамен қамтамасыз етiлуi тиiс;
• оқыту материалының мәтiнi дыбыстық эффектiлерiмен толықтырылуы керек.
Бұл информация қабылдау қабiлетiн жоғарылатады.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында
бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткiштiк, жылжу, ауысу, сiлтемелер жүйесінiң
қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына тәуелдi.
“Бiрде-бiр үлкен кiтап сiлтемесiз болмауы керек. Сiлтемесiз кiтапты
терезесi жоқ ұймен, көзi жоқ денемен салыстыруға болады. Ал Бұларды қолдану
оңай емес”,-дейдi, Я.А.Коменский.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесi келесi талаптарды қанағаттандыруы
тиiс:
– Электронды оқулықтың оқытудың негiзгi этаптарын бейнелейтiн
– графикалық схема орналасқан кiлттiк экраны болуы тиiс. Бұл үйренушiге
өзiнiң оқытудың қай кезеңiнде екендiгiн бiлiп отыруға мүмкіндiк
туғызады;
– гиперсiлтемелер оқулықтың қай түсына алып баратынын дәл және анық
көрсетiп тұруы керек;
– гиперсiлтемелердiң асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты
сызылған мәтiн бөлiктерi болмауы тиiс;
– оқу материалы бiр немесе екi беттен аспауы керек;
– гиперсiлтемелер тiзбегiнде олардың келесi қадамы қатаң логикаға
сүйенiп құрылуы керек (Қайда алып барады? Ненi көрсетедi?
Қажет пе?).
– программаның мiндеттi түрде iздеу жүйесi болуы қажет және кiлттiк
сөздер мен мазмұн элементтерi арасындағы мета-тэгтер дұрыс қойылуы
тиiс.
Информацияны құрылымдау процесiн, жылжуды және гиперсiлтемелердi
ұйымдастыруды бiлiмдi бейнелеудiң автоматтандырылған құралдарын қолданғанда
тиiмдi болады.
Түстер мен формаларды қабылдаудың физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру.
Адам көру сезiмiнiң көмегiмен 180 түрлі түстi қабылдай алады. Түс пен оның
қосылыстарының безендiру мүмкіндiгi шексiз. Түрлі түс адамның көңiл-күйiне
түрліше эмоциялық әсер ететiнi белгiлi.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Сонымен түстер
комбинацмясы да адамға түрлі әсер бередi.
Оқыту программаларын жобалағанда түстер мен формаларды қабылдаудың
келесi физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру керек:
• қызыл, қызғылт, сары түстер адамға тiтiркендiргiш ретiнде әсерiн
тигiзедi. Мұндай әсер адамның нерв клеткаларын белсендiрiп,
информацияны қабылдау қабiлетiн жоғарылатады;
• көк, көгiлдiр, жасыл дем алдырушы, ұйқы келтiргiш түстер;
• қоңыр,ашық-қызыл, сұр, жасыл-сарғыш түстер нейтрал түстер;
• екi түстiң қосылысы, фон мен таңба түстерi көру ыңғайлылығына әсер
етедi. Кейбiр түстер жұбы тек шаршатып қоймай, стресс жағдайына дейiн
жеткiзуi мүмкін (мысалы, қызыл фонда жасыл түспен көрiнген әрiптер);
• программада қолданылатын шрифттердi таңдауда келесілердi ескерген жөн:
бас әрiптер кiшi әрiптерге қарағанда ауыр қабылданады; тұзу сызықтар
арқылы жазылған цифрлар жеңiл қабылданады; т.с.с.
• шрифт пен фонның ең жақсы қабылданатын жұптары: қара-көк фонда ақ
әрiптер, ақ фонда қара әрiптер, көк фонда сары әрiптер;
• ақ фон түр-тұрпаттың ең күштi құралы болып табылады;
• кез-келген фондық сурет пайдаланушының көзiн тез шаршатып, материалды
қабылдау тиiмдiлiгiн төмендетедi.
• адамның санасына мультипликация да қатты әсер етедi, анық, ашық түстi
сутетер жылдам ауыстырылып отырса санада оңай сақталады;
• құрамында қозғалып тұратын объектi (анимация) бар оқу материалын
қабылдау өте қиын, себебi қозғалып тұрған объект адамның назарын өзiне
аударады. ”Анимациялық интерфейс – өте күштi қару, сондықтан оны аса
сақ қолдану қажет. Әлемдi таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда,
пайдаланушының тез шаршауына соқтырады да, Бұл өз тарапынан бұкiл
жүйенiң жұмысын қабылдамауға әкеледi”,- деп жазады М.Донской.
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға
көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине,
оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы
тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде
берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация,
видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы
мүмкін.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн – график түрінде
бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге
септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу
мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi – оқу материалының мазмұны арнайы
интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде
берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге
арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы
да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады.
Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.
Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу
материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мүмкіндiк туғызады. Бұл оқу
материалын есте сақтауды жақсартады.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде
жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін
ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның
алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң
мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi
белгiлерi бойынша топтастырылады:
• пән мазмұнына бойынша;
• жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;
• оқу материалын қамту көлемi бойынша;
• телекоммуникациялық пайдалану мүмкіндiгi бойынша;
• оқыту деңгейi бойынша;
• информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық
мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін
алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың
мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі
деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық
есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк
жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру; стандарты емес жағдайлардағы
есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi,
процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм
мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi
келесi топтарға жiктеледi:
• теориялық және техникалық дайындық құралдары;
• практикалық дайындық;
• көмекшi құралдар;
• кешендi құралдар.
Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр
курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық
материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша
студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi
тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және
есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және
оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған
лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша
ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық
дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын
белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары;
Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн
стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс
мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған
материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес
КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және
теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз
байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке
қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша
жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге
бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып
бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын
қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты
және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және
мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен
байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi
программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және
сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық
компоненттердi (модульдердi) жiктеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz