Иммуносерологиялық зерттеулер техникасы


Денсаулық сақтау ұйымдарында
қанды және оның құрауыштарын,
препараттарын сақтау, құю
Ережелеріне
1-қосымша
Иммуносерологиялық зерттеулер техникасы
- қан сарысуларымен АВО жүйесінің қан тобын анықтау
- Қанның топтық тиесілілігі, құрамында А және В эритроциттерінің агглютиногендеріне қатысты антиденелер бар реактивтердің көмегі кезінде, агглютинация реакциясымен анықталады. Реакция бөлме температурасы жағдайында үстіңгі беті дымқылданғыш жазықтықта жасалады.
- Пластинаға анти-А, анти-В, анти-АВ белгілеулермен үш нүктеге 2 тамшыдан (0, 1 мл) реагент және жанына бір тамшыдан (0, 01-0, 02 мл) эритроциттер тұнбасы орналастырылады. Қан сарысуы мен эритроциттерді шыны таяқшамен араластырады. Пластинаны әлсін-әлсін шайқай отырып, реакция барысын 5 минут бойы бақылайды. 5 мин өткен соң, эритроциттердің ерекше емес ықтимал ұйысуын тарату үшін реакцияланушы қоспаға 1-2 тамшыдан (0, 05-0, 1 мл) физиологиялық ерітінді қосуға болады.
- Нәтижені бағалау: реакция әр тамшыда оң (эритроциттердің агглютинациясының болуы) және теріс болуы мүмкін (агглютинацияның болмауы) . Оң және теріс нәтижелердің түрлі үйлесімі зерттеліп отырған қанның топтық тиесілігі туралы пайымдауға мүмкіндік береді. (1-кесте)
1-кесте. Зерттеліп отырған қанның топтық тиесілігі
Ескерту:
(+) белгісімен агглютинация, (-) белгісімен оның болмауы белгіленген.
- Барлық үш топтың сарысуларымен оң нәтиже алынған жағдайларда, ерекше емес агглютинацияны болдырмау үшін, құрамында топтық агглютининдер болмайтын АВО (ІV) стандарттық сарысуымен бақылаушы зерттеу жүргізіледі. Бұл бақылаушы сынамада агглютинацияның болмауы ғана Oub (1), Ah (ІІ), Ba (ІІІ), АВО (ІV) топтарының сарысуларымен оң нәтижені, ақиқатты ретінде, яғни зерттелуші қанның АВО (ІV) тобына тиесілігін. ескеруге мүмкіндік береді.
Ескерту РЦПИ а- латын әрпі Альфа
B - латын әрпі Бета
2. Қанның АВО тобын моноклоналды антиденелермен анықтау
- Қанның тобын анықтау гемагглютинация реакциясы көмегімен, жазықтық бетінде, тұзды ортада немесе пластинада жасалады. Эритроциттердің А және В антиденелерін анықтау үшін стандарттық реагенттерді моноклоналды антиденелер пайдаланылады ( цоликлондар анти-А және анти-В) .
- АВО жүйесінің қанының тобы, жоғары белсенділігі мен агглютинацияланушы әсерінің айқын байқалуына қарай моноклоналды түрленуші реагенттердің көмегімен анықтау жағдайында, толық стандарттылық үшін бір сериядан анти-А және анти-В Цоликлондар пайдаланылады.
- Пластинада антиденелерді және қанды 10:1 арақатынаста араластырады және агглютинация реакциясын 3 минут бойы бақылайды.
- моноклоналды АВО түрленуші реагенттермен жүргізілген реакция нәтижелерін есепке алу:егер агглютинация не анти-А Циклонымен, не анти-В Циклонымен болмаса, онда зерттелуші қан О(І) тобына жатады. ; егер агглютинация анти-А Циклонымен байқалса, онда зерттелуші қан А(ІІ) тобына жатады; егер агглютинация анти-В Циклонымен байқалса, онда зерттелуші қан В(ІІІ) тобына жатады; егер агглютинация анти-А Циклонымен де, анти-В Циклонымен де болса, онда зерттелуші қан АВ (ІV) тобына жатады. .
- Қан тобы АВ(ІV) науқастарда спонтанды агглютинация болуына күдіктену кезінде, Цоликлонның орнына хлорлы натрий изотониялық ерітіндісін алып қанды бақылаушы зерттеу жүргізу қажет.
3. Науқастың қанының резус-тиесілігін анықтау
- Резус-тиесілік антирезус сарысуға қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес анықталады.
- Зертханада келесі зерттеулер жүргізіледі:
1) жазықтық үстінде анти-D супер Цоликлондарымен агглютинация реакциясы;
2) конгютинация әдісімен желатин қолданумен;
3) әмбебап антирезус реагент көмегімен.
- Резус-тиесілікті анықтаудың барлық әдістерінде бақылаулардың қойылуы міндетті, атап айтқанда реакцияға стандарттық резус-оң және резус-теріс эритроциттерді қосу, сондай-ақ қанды ықтимал аутоагглютинацияға желатиннің 10%-дық ерітіндісімен (егер желатин қолдану әдісі пайдаланылса) немесе полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісімен (егер стандарттық әмбебап антирезус реагенті пайдаланылса) міндетті зерттеу .
4. Жазықтық үстінде анти-D супер Цоликлондарының көмегімен
агглютинация реакциясы
- Пластинаға немесе планшетке реагенттің үлкен тамшысын (0, 1 мл-ге жуық) тамызады.
- Жанына зерттеліп отырған эритроциттердің кішкене тамшысын (0, 02-0, 03 мл) тамызады. Шыны таяқшамен реагентті эритроциттермен мұқият араластырады.
- 10-20 с-тан кенйін пластинаны ақырындап шайқайды.
- Реакция нәтижелері араластырғаннан кейін, айқын агглютинация алғашқы 20 минутта болатынына қарамастан, 3 минуттан соң есепке алынады.
- Агглютинация болған жағдайда зерттелуші қан оң-резус ретінде таңбаланады, ал агглютинация болмаған жағдайда теріс-резус ретінде таңбаланады.
- Резус-тиесілікті жылдам әдіспен анықтау үшін. жазықтық бетінде бөлме температурасы жағдайында, коллоидтармен (альбуминмен, полиглюкинмен) араластыра отырып дайындалған, антиденелері толық емес анти- D поликлоналды сарысулар пайдаланылады.
5. Желатиннің 10%-дық ерітіндісін қолданумен конглютинация әдісі
- Құрамында толық емес поликлоналды антиденелер ( анти- D сарысулары) немесе толық емес моноклоналды антиденелер (анти- D поликлондар) бар реагенттер пайдаланылады.
- 2 пробиркаға 0, 02-0, 03 мл эритроцит тұнбасын енгізеді, бұл үшін тамшуырдан эритроциттердің азғантай тамшысын қысып шығарады және соны пробирканың түбіне тигізеді. Одан соң бірінші пробиркаға 2 тамшы (0, 1 мл) желатин және 2 тамшы (0, 1 мл) реагент қосады, екінші (бақылау) пробиркаға 2 тамшы (0, 1 мл) желатин және 2 тамшы (0, 1 мл) 0, 9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісін қосады.
- Пробиркалардың ішіндегіні сілкілеумен араластырады, одан кейін пробиркаларды +46 +48ºС температура кезінде 15 минутқа су моншасына немесе 30 минутқа термостатқа орналастырады. Көрсетілген уақыт өткен соң пробиркаларға 5-8 мл-нан 0, 9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісін қосады және пробиркаларды 1-2 рет аударып төңкеру арқылы ішіндегілерді араластырады.
- Нәтижені, пробиркаларды жарыққа қаратып көзбен көру немесе лупа арқылы қарау арқылы есепке алады. Эритроциттердің агглютинациясы қанның зерттеліп отырған үлгісінің резус-оң екенін растайды, ал агглютинация болмаған жағдайда сыналып отырған қан резус-теріс екенін растайды. Бақылау пробиркасында эритроциттердің агглютинациясы болмауы тиіс.
- Резус-тиесілікті жылдам әдіспен анықтау үшін. пробиркада бөлме температурасы жағдайында, 33%-дық полиглюкинмен араластырылған, антиденелері толық емес анти-D сарысу түріндегі әмбебап реагент пайдаланылады.
6. Донор мен реципиент қандарының жеке үйлесімділігіне сынамалар
- Жеке үйлесімділікке сынама реципиентте, донордың эритроциттеріне қарсы бағытталған антиденелердің жоқтығына көз жеткізуге, сонымен науқастың қанымен үйлеспейтін эритроциттерді құюды болдырмауға мүмкіндік береді.
- Жазықтық үстінде бөлме температурасы жағдайында орындалған үйлесімділікке сынаманың мақсаты реципиентте АВО, MNSs, Lewis және өзге жүйелердің толық топтық агглютининдерін анықтау.
- 10%-дық желатинді, 33%-дық полиглюкинді қолданумен үйлесімділікке сынама, Кумбстың түзу емес сынамасы реципиентте толық емес топтық антиденелерді анықтауға арналған.
- Неғұрлым сезімтал және ұсынылатыны антиглобулин бар пробиркалардағы екі кезеңді сынама, одан соң екі сынаманың комбинациясы - жазықтық үстінде бөлме температурасы жағдайындағы сынама және Кумбстың түзу емес сынамасы.
- Кумбстың түзу емес сынамасының орнына конглютинацияның 10%-дық желатинмен реакциясын немесе конглютинацияның 33%-дық полиглюкинмен реакциясын қолдануға болады.
7. АВО жүйесінің қан топтары бойынша үйлесімділікке сынама
- Пластинаға реципиенттің қан сарысуының 2-3 тамшысын тамызады және эритроциттер мен сарысудың арақатынасы 1:10 болатындай есеппен, эритроциттердің азғантай мөлшерін қосады (ыңғайлылық үшін алдымен ине арқылы контейнерден алынған эритроциттердің бірнеше тамшысын пластина шетіне тамызу, одан кейін шыны таяқшамен эритроциттердің кішкентай тамшысын сарысуға апару ұсынылады) Бұдан кейін эритроциттерді сарысумен араластырады, пластинаны 5 минут бойы, реакция барысын бақылай отырып, аздап шайқайды. Көрсетілген уақыт өткен соң реакцияланушы қоспаға эритроциттердің ерекше емес ықтимал ұйысуын тарату үшін 0, 9%-дық хлорлы натрий изотониялық ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосуға болады.
- Нәтижелерді есепке алу. Эритроциттердің агглютинациясының болуы донор қанының реципиент қанымен үйлеспейтінін және оған құюға болмайтынын көрсетеді. Егер 5 минут өткеннен кейін эритроциттер агглютинациясы болмаса бұл донордың қанының реципиент қанымен топтық агглютиногендері бойынша үйлесімділігін көрсетеді.
8. Резус жүйесі бойынша үйлесімділікке сынама
- Иммундау кезінде резус-фактормен көпшілік жағдайда толық емес антиденелер жасалады, үйлесімділікке сынама үшін полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісін, желатиннің 10%-дық ерітіндісін, антиглобулинді сарысуды пайдалану ұсынылады.
- Құйылатын қанның резус-фактор бойынша үйлесімділікке полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісін пайдаланумен сынама пробиркадва қыздырмай 5 минут ішінде жасалады. Алдын ала жасалған белгілеулері бар пробирканың түбіне науқастың қан сарысуының 2 тамшысын, донор қанының бір тамшысын және зертханалық мақсаттарға арнайы дайындалған полиглюкиннің 33%-дық ерітіндісінің бір тамшысын енгізеді. Пробирканың ішіндегіні шайқау арқылы араластырады, одан кейін пробирканы горизонталды жағдайға дейін еңкейтеді және пробирканың ішіндегі пробирканың қабырғасына ағатындай етіп жаймен айналдырады. Бұл процедура 5 минут жасалады. Одан кейін пробиркаға хлорлы натрий изотониялық ерітіндісінің 3-4 мл-н құяды, одан соң пробирканы 2-3 рет айналдыру арқылы (шайқамау керек) пробирканың ішіндегіні араластырады. Және жай көзбен жарыққа көреді. Ашық түске енген немесе толық түссіз болған сұйықтықта эритроциттердің агглютинациясы болуы донор қанының реципиент қанымен үйлеспейтінін және оған құюға болмайтынын көрсетеді. . Егер пробирка ішіндегі біркелкі боялған болып қала берсе, эритроциттердің агглютинациясы белгілерінсіз, донордың қаны науқастың қанымен Rh() -резус-факторға қатысты үйлесімді.
- Желатиннің 10%-дық ерітіндісін қолданумен үйлесімдікке сынама пробиркаларда +46+48ºС температура кезінде 10 минут бойы жасалады. Белгіленген пробирканың түбіне донор эритроциттерінің бір тамшысын тамызады, одан соң оған сұйытылғанға дейін қыздырылған желатиннің 10%-дық ерітіндісінің 2 тамшысын және науқастың қан сарысуының 2-3 тамшысын қосады. Желатин ерітіндісін қолдану алдында мұқият тексеріп қарау керек. Көмескілену немесе үлпектер пайда болған жағдайда ол жарамсыз. Пробирканың ішіндегіні сілкілеу арқылы араластырады және +46+48ºС температура кезінде 10 минут бойы су моншасына орналастырады. Одан кейін пробирканы су моншасынан шығарып, оған 5-8 мл хлорлы натрий изотониялық ерітіндісін қосады, пробирканы 1-2 рет аударып-төңкеру арқылы ішіндегіні араластыралды және жай көзбен немесе лупа арқылы жарық көзіне қарайды. Ашық түске енген немесе толық түссізденген сұйықтық фонында ұсақ, сирек ірі түйіртпек жүзгіні түрінде агглютинацияның болуы донор қанының науқас қанымен үйлеспейтіндігін және оған құюға болмайтындығын білдіреді. Егер пробирканың ішіндегі біркелкі боялған, және эритроциттердің агглютинациясы байқалмаса, донордың қаны науқастың қанымен Rh() D-резус-факторға қатысты үйлесімді.
- Кумбстың түзу емес сынамасы (антиглобулинді сынама) . Пробиркаға донордың үш рет бір тамшы (0, 02мл) тұнбасын тамызады, бұл үшін тамшуырдан эритроциттердің азғантай тамшысын қысып шығарып оны пробирканың түбіне тигізеді, және реципиенттің қан сарысуының 4 тамшысын (0, 2 мл) қосады. Пробирканың ішіндегіні шайқау арқылы араластырады, одан соң +37 ºС жағдайында термостатқа 45 минутқа орналастырады. Көрсетілген уақыт өткен соң эритроциттерді қайтадан үш рет жуады және 0, 9%-дық хлорлы натрийдің изотониялық ерітіндісінде 5%-дық жүзгін дайындайды. Бұдан кейін эритроциттер жүзгінінің 1 тамшысын (0, 05 мл) форфор пластинаға тамызады, 1 тамшы (0, 05мл) антиглобулинді сарысу қосады және шыны таяқшамен араластырады. Пластинаны әлсін-әлсін 5 минут бойы шайқайды.
Нәтижелерді есепке алуды жай көзбен немесе лупа арқылы жүргізеді. Эритроциттердің агглютинациясы донор мен реципиенттің қандарының үйлеспейтінін растайды агглютинацияның болмауы донор мен реципиенттің қанының үйлесімділігінің көрсеткіші болып табылады.
9. Эритроциттердің тегіжаттарын және антиэритроцитарлық антиденелерді анықтауға арналған гельдегі агглютинация әдісі
- Әдіс эритроциттердің сефадекс агарлық гельде агглютинациясына негізделген, гемагглютинация реакцияларын стандарттауға және дұрыс нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
- Орындалатын тесттер диапазонына эритроциттердің фенотипін анықтау (тегіжатттардың әлсіз нұсқаларын қоса алғанда), антиглобулиндік тест, скрининг және антиденелердің ұқсастығы, үйлесімділікке тесттер және бірнеше басқалары.
- Гельдік технология эритроциттердің центрифугалау кезінде бөлінуін көздейді, бұл кезде агглютинацияланбаған эритроциттер гель арқылы өтеді және пробирканың түбіне тұнады (теріс нәтиже), осы уақытта агглютинацияланған эритроциттер үстіңгі беттенемесе гельдің қалың жерінде тоқтап тұрады (оң нәтиже) .
10. Қан тобын, резус-тиесілігін анықтау және жеке үйлесімділікке сынамалар жүргізу кезіндегі қателесу себептері және оларды ескерту шаралары
- Қан тобын, резус-тиесілігін анықтау және жеке үйлесімділікке сынамалар жүргізу кезіндегі қателіктер зерттеу техникасын бұзу кезінде немесе қиын анықталатын қан тобы жағдайларында туындайды.
11. Техникалық қателер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz