Ертіс тағдыры – ел тағдыры



1 Сусыз тіршілік жоқ
2 Өзен суын тиімді мақсаттарға ғана пайдалану
3 Өңірдің экологиялық жағдайы
Жанайдар аға, өзіңіздің көптен бергі қызметіңіздің су шаруашылығымен байланысты болғанын білеміз. Соңғы жылдары Ертіс өзенінің тағдырына алаңдаушылық білдіріп, мемлекеттік тұрғыда мәселе көтере бастауыңыздың себебі неде?
– Атына заты сай бұл қарт өзен бастау көзін сонау Қытай жерінен алатыны белгілі. Халықаралық маңызы бар, трансшекаралық аймақтарды қамтитын тарихы тереңде жатқан Ертіс өзенінің де соңғы жылдары мемлекет болып назар аударатын мәселелері шыға бастады. Бұл өзеннің суын Қытай, Қазақстан, Ресей мемлекеттері пайдаланады. Яғни, жалғыз біздің елге ғана емес, үш үлкен елге ортақ өзіндік жағдайлар орын алды. Мәселен, Қытай жағы осыдан бес жылдай уақыт бұрын ұзындығы 300 шақырым Қара Ертіс-Қарамай каналын қазуға кірісті. Жалпы, осы төңіректе жұмыс жасап жүрген су мамандарының келтірген деректері бойынша, салынып жатқан канал құрылысы аяқталуға жақын. Оған 1 миллиард текше метр су тартылса, алдағы уақытта оның көлемі біртіндеп 4 миллиард текше метрге жеткізілмекші көрінеді. Бара-бара қытайлықтар құрылысын қарқынды жүргізіп жатқан бұл каналдың су алаңы қара Ертіс ағымының 25 пайызын алатын болады. Бұл дегеніңіз, Ертіс өзенінің суы едәуір сарқылып, оның деңгейі Павлодар өңірінде 0,6 метрге, ал таяу тұрған Омбыда 1,1 метрге дейін төмендеп кету қаупі бар. Ресей жағы мен біздің ел ғалымдарының басты алаңдап отырған жайлары, егер су қорын сақтап қалуды осы күннен бастап қолға алмасақ, ертең алып өзен шағын бұлаққа айналып, жағалаудағы жасыл жайылмасы құрып кетуі де әбден мүмкін. Сондықтан да, біздің бірлестіктің осы өзен тағдырына орай алаңдаушылық біл¬діріп, мемлекеттік мәселе дәрежесіне көтеріп жүруіміздің себебі, міне осында жатыр.
– Сіздің айтып отырған осы ойларыңыз сөз жүзінде қаншалықты дәлелді бола алады? Ертіс өзені сарқылып барады деп байбалам салуға ертерек емес пе?..
– Біріншіден, мәселе Ертіс өзені құрып бара жатыр деп байбалам салуда емес, негізгі бір себепті түйіні болған соң ғана біз бұл мәсе¬лені ертерек қолға алсақ па деген едік.

Ертіс тағдыры – ел тағдыры

– Жанайдар аға, өзіңіздің көптен бергі қызметіңіздің су шаруашылығымен
байланысты болғанын білеміз. Соңғы жылдары Ертіс өзенінің тағдырына
алаңдаушылық білдіріп, мемлекеттік тұрғыда мәселе көтере бастауыңыздың
себебі неде?
– Атына заты сай бұл қарт өзен бастау көзін сонау Қытай жерінен алатыны
белгілі. Халықаралық маңызы бар, трансшекаралық аймақтарды қамтитын тарихы
тереңде жатқан Ертіс өзенінің де соңғы жылдары мемлекет болып назар
аударатын мәселелері шыға бастады. Бұл өзеннің суын Қытай, Қазақстан,
Ресей мемлекеттері пайдаланады. Яғни, жалғыз біздің елге ғана емес, үш
үлкен елге ортақ өзіндік жағдайлар орын алды. Мәселен, Қытай жағы осыдан
бес жылдай уақыт бұрын ұзындығы 300 шақырым Қара Ертіс-Қарамай каналын
қазуға кірісті. Жалпы, осы төңіректе жұмыс жасап жүрген су мамандарының
келтірген деректері бойынша, салынып жатқан канал құрылысы аяқталуға
жақын. Оған 1 миллиард текше метр су тартылса, алдағы уақытта оның көлемі
біртіндеп 4 миллиард текше метрге жеткізілмекші көрінеді. Бара-бара
қытайлықтар құрылысын қарқынды жүргізіп жатқан бұл каналдың су алаңы қара
Ертіс ағымының 25 пайызын алатын болады. Бұл дегеніңіз, Ертіс өзенінің суы
едәуір сарқылып, оның деңгейі Павлодар өңірінде 0,6 метрге, ал таяу тұрған
Омбыда 1,1 метрге дейін төмендеп кету қаупі бар. Ресей жағы мен біздің ел
ғалымдарының басты алаңдап отырған жайлары, егер су қорын сақтап қалуды
осы күннен бастап қолға алмасақ, ертең алып өзен шағын бұлаққа айналып,
жағалаудағы жасыл жайылмасы құрып кетуі де әбден мүмкін. Сондықтан да,
біздің бірлестіктің осы өзен тағдырына орай алаңдаушылық білдіріп,
мемлекеттік мәселе дәрежесіне көтеріп жүруіміздің себебі, міне осында
жатыр.
– Сіздің айтып отырған осы ойларыңыз сөз жүзінде қаншалықты дәлелді бола
алады? Ертіс өзені сарқылып барады деп байбалам салуға ертерек емес пе?..

– Біріншіден, мәселе Ертіс өзені құрып бара жатыр деп байбалам салуда
емес, негізгі бір себепті түйіні болған соң ғана біз бұл мәселені ертерек
қолға алсақ па деген едік. Қара Ертістің суын Қытай елі көбірек алып
қоятын болса, су ресурстары едәуір азаяды, бұл дәлелді, ал осы жағдайдан
шығу үшін, алдын ала Шүлбі су қоймасының екінші кезегін салуды қолға алу
керек екені су мамандары, ғалымдар тарапынан айтылды. Үлбі және Ұба деген
өзендердің тасқын суын далаға кетірмей, реттеп, қоймаға толтыру арқылы
іске жарататын болсақ, сусыз қалмаймыз. Өйткені, ауыз су тапшылығы
қазірдің өзінде сезілуде.
Сусыз тіршілік жоқ. Судың өзі мұнай сияқты қымбаттайтын да заманға келе
жатқан сияқтымыз, бұл мәселе ертеңгі күні үлкен су саясаты тақырыбына
айналып кетпесе болды. Ертіс болсын, Сырдария, Нұра, Іле өзендері, Балқаш
көлі ластанып болғаны да бәріміздің көз алдымыздан өтті. Ресей ғалымдарымен
бірлесіп Омбы қаласында осымен бірнеше рет Ертіс өзенінің болашағы жайлы
бірнеше рет ғылыми-практикалық конференциялар өткіздік. Өзенді пайдалану
жөнінен екі ел арасында еларалық мақсат-мүдделерімізді анықтап, бекіттік.
Алайда, Омбы жағы ұсынған үшжақты келісімге қол қоюға, өздерінің Ресеймен
шекаралас емес екендіктерін алға тартып, Қытай жағы бұл кездесулерге
келмей қалды. Сондықтан, Ертіс өзеніне байланысты болатын келесі өтетін
кездесулерімізді біздің еліміздің аумағында өткізуді қолға алып отырмыз.
Мысалы, шығыстағы көршіміздің осы өзен су ресурстарын пайдалануда
бүкіләлемдік қалыптасқан қағида ережелерін сақтамауы байқалып отыр. Әрі
біздің еліміз жағынан да әлі күнге дейін Ертіс өзенінің болашағы жайлы
толыққанды нақты бір шаралар жүргізіле қойған жоқ. Екі елдің аралығын кесіп
өтетін өзеннің жалпы орталық ағысында ежелгі заманнан бері қалыптасқан
тепе-теңдік нормалары бұзылғаны да байқалған.
Екіншіден, еліміздің орталық өңірлерінде өзен суын пайдалану бұрынғы
ағысынан жаңылып, тағы да тепе-теңдік мөлшері өзгеретіні анық. Ертіс өзені
еліміздегі су қорының 40 пайызын құрайды. Өзен бойында ірі энергетика,
индустрия алыптары, зауыттар өте көп шоғырланған ірі өндірісті қалалар
орын тепкен. Ал, енді Ресеймен шекаралас жатқан Павлодар облысы үшін Ертіс
өзенінің маңызы тіптен зор. Ресей жағында тұратын омбылықтарды қатты
алаңдатып отырған мәселе өзен суының тазалығы екенінде сөз жоқ. Бір ғана
Павлодар ауданы ауылдары қоныс тепкен өзен бойында зерттеу жүргізіп
көргенімде, суда жез бен мырыштың шоғырлануы шектеулі мөлшерден асып бара
жатқанын білдім.
– Сіз өзіңіз бастамашы болып құрған “Ұлы Ертіс” қоғамдық бірлестігі
қауымдастығының Ертіс өзені тағдырына алаңдап, ресейліктермен бірлесіп
өткізіп жүрген жиындарыңыздың біздің елге қандай да бір әсері болды ма?
– Былтырғы жылы біздің Үкімет Ертіс бассейнінің су қорларын қорғау және
пайдаланудың кешенді жобасын жасады. Осы жобаның жүзеге асуына арнайы
қаржы да бөлді. Менің Омбыда өткен екі ел ғалымдары бас қосқан ғылыми-
практикалық конференцияда жасаған баяндамамның тақырыбы “Ертіс өзені
бассейнінің су қорларын тиімді пайдалану және оны басқару мәселелері” деп
аталған болатын. Осы өзен тағдырына алаңдаушылық білдірген екі ел
ғалымдарының қайсысы болмасын, бүгінгі күннің экологиялық мәселелері
келешек ұрпақтың алдарынан шығып, қап дегізбесе болғаны деген үлкен ойдан
туған дайындықтар еді.
Мен өзім осы Ертіс өзенінің бүгінгі тағдыры жайлы, оны қалай сақтап қалу
туралы елу шақты ғылыми мақала жаздым. Ашқан жаңалықтарым үшін арнайы
куәлік те берілді. Қарт Ертістің қабағына кірбің түсірмей, ата жолы өткен
өзенді сақтап қалу мақсатында “Ұлы Ертіс” қоғамдық бірлестігі қауымдастығын
құрдық.
Үкімет те қарап жатқан жоқ екен. Елімізде Су кодексі қабылданып, бір
қуанып қалдық. Тіпті, ұзақ жылдар бойы мезі болып айтылып келе жатқан су
секторының мәселелері бойынша, Үкіметтің су шаруашылығын дамыту туралы
тұжырымдамаға қолдау көрсетуін де атап өтуге болады. Ел Парламентінде
депутаттар да “Таза су туралы” заң жобасын қарап, “Ауыз су” бағдарламасын
қолға ала бастады. Тағы бір басты мәселе, ол, жоғарыда айтып өткенімдей,
омбылықтар қауіп білдірген Ертіс өзенінің сынаппен ластануын болдырмау
мақсатында да республикалық және облыстық көлемде ауқымды бірқатар іс-
шаралар жүргізілуде. Қазір бұл өзен бойымен Омбы, Өскемен, Семей,
Павлодар бағыттарындағы аралықтарда бұрынғы уақыттарда жүрген кеме
қатынасы қайта қалпына келтіріліп, жолаушылар үшін де, жүк тасымалын
көбейтуге де жақсы мүмкіндік туып отыр. Әрі Ертістің жоғарғы ағысымен
Қытай шекарасына дейінгі аралықта бұрынғы жылдардағыдай жүк тасымалы
қайта қолға алына бастады. Шүлбі тоғанында кемелер арлы-берлі кедергісіз
жүріп тұратын шлюз құрылысы аяқталып келеді.
Үкіметтің қолға алған екінші бір жақсы ісі – біз бірлестіктердің
отырыстарында, жұртшылықпен болған жиын-кездесулерде жиі қозғайтын
мәселелердің бірі – Семей жақтан су ағынымен келетін шаруашылық қалдықтары
мен лас заттарды тұнбалар арқылы арнайы сүзгіден өткізіп, тазарту
орындарына жеткізетін құбыр салуды қолға алулары болды. Бұл құбыр қазір
Ертіс өзенін ластамау мақсатында арнайы темір-бетон жүйесіне орналастыру
арқылы салынып жатыр.
Омбыдағы жиындарда айтылған барлық ұсыныстардың еліміздің Ертіс өзені
тағдыры үшін күні-түні еңбектеніп жүрген барлық ғалымдарына қажет, біздің
еліміз үшін де екі ел ғалымдарының бірлескен жұмыстарының мәні жоғары
деуге болады. Ал, жергілікті жерде құрылған біздің бірлестік мүшелері кең
даламызда кездесетін көптеген өзендер арнасын біріктіріп, Обь өзенінің ағын
суын Ертіс кесіп өтетін Павлодар облысы жағына каналдар арқылы жіберіп,
толтырып отыруға ұсыныс та түсірді. Ұлы өзен суының ағымын реттеуге
байланысты жұмыстарды 2005 жылы аяқтап шығу жөніндегі кейбір біз көтерген
мәселелерді облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов те қолдап отыр. Ертістің суының
баяғыдай болып, суы мол, әрі таза өзендер қатарына қосылғаны алдағы
болашаққа керек деп білейік.
– Сіз облыстық мәслихаттың депутаты, мәслихаттың қоршаған ортаны қорғау
және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы ретінде
“Ауыз су” бағдарламасы облыс бойынша қалай жүргізіліп жатқанынан хабардар
боларсыз?
– Әрине. Біз бұл мәселе барысын үнемі, тұрақты түрде бақылап отырамыз.
“Ауыз су” деп атының өзі айғайлап айтып тұрғанындай-ақ, бұл ел іші,
ауылдарымыз асыға күтіп отырған маңызды мәселе. Әлі күнге дейін сусыз
отырған, ауыз суға зар болып отырған ауылдар облыс аумағында аз емес.
Тіпті, қала іргесіне тиіп тұрған ауылдың өзіне таза су жаңадан ғана келіп
жатқанда шалғайдағы ауылдар жайлы ауыз ашпауға да болады. Қазір су
тазартатын блокты конструкция модульдерінің сапасыздығы, бүкіл бір ауылды
толықтай сумен қамтамасыз ете алмайтын қуаты аздығы және оларды басқарып
жұмыс істетіп кете алатын арнайы білікті мамандардың жоқтығы енді әр
ауылда сезіле бастады. Ауыл тұрғындарының айтуларынша, су тазартқыш КБМ-
дардың жұмыс істеп тұрғанынан, тұрып қалатындары көп болады екен. Мұндай
жағдайлар облыстың барлық аудандарында, атап айтар болсақ, Май, Ертіс,
Екібастұз қаласы ауылдық аумақтарында кездесті. Тіпті, облыстық
мәслихаттың бастамасымен су тазарту және суды дұрыс жіберу орындарының
жайы туралы тексеру жүргізген кезімізде, облыс бойынша қырыққа жуық су
тазарту қондырғыларының әлі күнге дейін іске қосылмай тұрғаны да белгілі
болды. Ал, ауыл іші болса, таза су ішуге зар. Бұл мәселе де облыстық
мәслихаттың депутаттары арнайы осы су мәселесімен жолға шыққанда,
анықталып барып, қолға алынды.
– Ертіс ауданы демекші, осы ауданда бір кездері Беловод су құбыры жұмыс
істеп тұрған еді.
– Мен өзім, осы Ертіс ауданынан облыстық мәслихаттың депутаты болып екінші
рет сайландым. Ауданға барған сайын сайлаушыларымның өтініші тек ауыз су,
жол жағдайын жақсарту мәселесі болып келеді. Халық осы күнге дейін Беловод
су құбырын ауыздарынан тастамай отыратынын көріп, осы су құбырының
техникалық негіздемесінің жобасын жасап шықтым.
Беловод су құбыры кезінде Павлодар облысының Ертіс ауданын, Көкшетау
өңірін және Омбы облысының аумақтарын сумен толықтай қамтамасыз етіп
отырған құбыр болатын. Сонау 80-ші жылдары салынды. Кейіннен Одақ
тараған кезде, яғни 1997-1998 жылдары су құбыры қараусыз қалды, барлық
керекті деген құрал-жабдықтары тонауға түсті, жоқ болды. Қолда барда
алтынның қадірі жоқ деген осы болды. Ел ішін басқарып отырған сол кездегі
әкімдер бас болып, осындай үлкен су құбырына иелік етіп, халық үшін
сақтап қалса, қазір халық арқа-жарқа отырар еді. Амал қанша, су құбырынан
осындай өз салақтығымыздан айырылып қалдық. Ал, қазір осы Беловод су
құбыры қайтадан іске қосылса, суға шөлдеп, ауыз су аңсап отырған ой мен
қырдағы ел қарқ болып қалар еді. Бұл ауданның 32 елді мекені қазір сусыз
отыр. Мен 50 жылғы су маманы ретіндегі үлкен тәжірибемді сарқа пайдалана
отырып, осы елді мекендердің бәріне бірдей тарайтындай етіп жаңадан құбыр
жобасын сызып, жасап та қойдым. Ендігі ойым, сусыз отырған Ертіс
ауданында Беловод құбырының қайта өмірге келуін жоғары Үкімет деңгейінде
шешіп, 2006 жылы іске қосып беруде болып отыр.
Бұл мәселе жалғыз Ертіс ауданында ғана емес, Ақтоғай мен Май аудандарында
да тоттанған су құбырларын қалпына келтіру жобасын да бірлестік
мүшелерімен ақылдаса отырып қолға алудамыз. Қауымдастықтың ұсынысымен Ертіс
өзенінің суын қажетінше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жезқазған - Балқаш өңірінің экологиясы туралы
Тарихи шындық пен көркемдік шешім (Рамазан Тоқтаров прозасы бойынша)
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Ертіске қауіп төніп тұр!
Сол Қасым, сол тағдырды қанымен түсінген Қасым
М. әуезовтың «абай жолы» романы
С.Орайханұлының шығармашылығы
Телжан Шонанұлының туып өскен ортасы және қоғамдық саяси қызметі
Телжан Шонанұлы және қазақ жерінің мәселесі
Пәндер