Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ДІННІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДІНИ АХУАЛ, ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДІНШІЛДІК ДЕҢГЕЙІ
3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ МӘНІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Қазақстан – көп ұлтты және көп дінді мемлекет. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау – еліміздегі азаматтық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.
Дегенмен, кешегі күні өткен кеңестік дәуірдегі бүкіл дін атаулыны жоққа шығарған атеистік тәрбиенің әсері, сондай-ақ түрлі діни наным-сенімдерді ұстанған халқы бар Қазақстанда әр түрлі конфессиялардың қызмет етулеріне көзқарастар әр қилы әрі қарама-қайшылықты.
Мұның себебі, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің суниттік, христиан дінінің православиелік бағыттарымен қатар, Қазақстанда халқы үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» конфессиялар қаптап кетті. Сондықтан егемендікке қол жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін халқы арасында дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.
Екіншіден, дін бүгінгі таңда рухани жаңғырудың өзегі ретінде өте маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып отырған әлеуметтік және саяси бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі Қазақстан қоғамындағы діннің мәртебесімен, оның қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдістеріне тигізіп отырған ықпалымен бағаланады. Дегенмен, дүниежүзілік социологиялық әдебиетте діннің мәні, қоғамда атқаратын қызметі қарастырылған еңбектер баршылық. Олардың алдыңғы қатарында социология ғылымы классиктері О. Конттың,
Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің, М. Вебердің, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-Браунның, Р. Мертонның, Т. Парсонстың,
П. Сорокиннің, П. Бергердің, Ф. Энгельстің, т.б. еңбектерін атауға болады.
Ресейлік ғалымдар Д.М. Угруновичтің, Л.М. Ефимовтің, П. Яковлевтің, Ж.Т. Тощенконың, А.С. Кравченконың, В.И. Гараджаның, М.П. Мчедловтың, т.б. еңбектерінде діни сенім бостандықтары мәселелері көтерілген.
1 Конт О. Позитивтік философия рухы / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 84-95 бб.
2 Спенсер Г. Әлеуметтану тұғырлары / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 246-261 бб.
3 Вебер М. Социология религии / Типы религиозных сообществ: Избранное. – М., 2007. – 427 с.
4 Дюркгейм Э. Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы / Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 томдық. – Алматы: Қазақстан, 2005. – 1 т.: Мәдени мұра бағдарламасы. – 12-36 бб.
5 Религия и общество: Хрестоматия по социологии религии. – М., 2004. –Часть 1. – С. 35-69.
6 Радугин А. Введение в религиоведение. – М., 2002. – 197 с.
7 Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Ата мұра, 2003. – 240 б.
8. Қазақстан: діни экстремизмге орын жоқ / «Өзбекәлі Жәнібеков
оқулары – 2010» атты Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-де өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. 3-4 наурыз. – Түркістан, 2010. – 387-393 бб.
9. Діннің әлеуметтік мәні / Ұлттық идея философиясы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. – Алматы, 2009. – 169-176 бб.
10. Сенімнің бағдарлау күші // Ақиқат. – 2008. – №6. – 84-85 бб.
11. Діни мінәжат – діни сана-сезімнің тұғырлық ұстыны // Ізденіс-Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2008. – №3. – 89-93 бб.
12. О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Р. Белла дін туралы // Ізденіс-Поиск. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2008. – №4. – 87-91 бб.
13. «Дін» ұғымы, оның мұсылмандық түсіндірмесі, пайда болуы, дамуы тарихы / Адамгершілік социологиясы. Патриотизм қазіргі инновациялық дамушы қазақстандық қоғамның әлеуметтік мәдениетінің заңды құрылымдаушы құбылысы: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Өскемен қаласы. – 159-163 бб.
14. «Дін» ұғымы // Саясат – PoLicv. – 2007. – №8. – 72-73 бб.
15. Ауыл жастары және мәдениет // Ақиқат. – 2004. – №5. – 59-62 бб.
16. Жастар бос уақыттарын дұрыс пайдаланып жүр ме? // Ұлт тағылымы. – 2004. – №3. – 241-243 бб.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ДІННІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
2.ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДІНИ АХУАЛ, ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДІНШІЛДІК
ДЕҢГЕЙІ
3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ МӘНІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан – көп ұлтты және көп дінді
мемлекет. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді
сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау –
еліміздегі азаматтық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың
маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.
Дегенмен, кешегі күні өткен кеңестік дәуірдегі бүкіл дін атаулыны жоққа
шығарған атеистік тәрбиенің әсері, сондай-ақ түрлі діни наным-сенімдерді
ұстанған халқы бар Қазақстанда әр түрлі конфессиялардың қызмет етулеріне
көзқарастар әр қилы әрі қарама-қайшылықты.
Мұның себебі, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне
ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің суниттік, христиан
дінінің православиелік бағыттарымен қатар, Қазақстанда халқы үшін беймәлім,
жаңа дәстүрлі емес конфессиялар қаптап кетті. Сондықтан егемендікке қол
жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан конфессияаралық бейбітшілік пен
келісімді бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан
үшін халқы арасында дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.
Екіншіден, дін бүгінгі таңда рухани жаңғырудың өзегі ретінде өте
маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың
мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық
дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.
Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы
мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің
дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына
тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген
пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни
үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып
отырған әлеуметтік және саяси бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз
шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының өзектілігі
қазіргі Қазақстан қоғамындағы діннің мәртебесімен, оның қоғамда жүріп
жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, демократиялық, мәдени, рухани және
адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдістеріне тигізіп отырған ықпалымен
бағаланады. Дегенмен, дүниежүзілік социологиялық әдебиетте діннің мәні,
қоғамда атқаратын қызметі қарастырылған еңбектер баршылық. Олардың алдыңғы
қатарында социология ғылымы классиктері О. Конттың,
Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің, М. Вебердің, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-
Браунның, Р. Мертонның, Т. Парсонстың,
П. Сорокиннің, П. Бергердің, Ф. Энгельстің, т.б. еңбектерін атауға болады.
Ресейлік ғалымдар Д.М. Угруновичтің, Л.М. Ефимовтің, П. Яковлевтің,
Ж.Т. Тощенконың, А.С. Кравченконың, В.И. Гараджаның, М.П. Мчедловтың, т.б.
еңбектерінде діни сенім бостандықтары мәселелері көтерілген.
Дегенмен, жоғарыда дәлелдеп өткеніміздей, бір жағынан, қоғамның, онда
жүріп жатқан демократиялық, рухани және адамгершілік тұрғыдан дінге тигізіп
отырған әсерін, сондай-ақ әр түрлі конфессиялар қайнарында тестіленген ырым-
сенімдердің, оларды тұтынушылардың әлеуметтік бағдарларын бағамдау
қажеттілігі зерттеу жұмысына жауапкершілік жүктеп, зерттелуі керекті
мәселені пысықтап беріп отыр.
Зерттеу пәні – қоғам мен дін арасындағы өзара диалектикалық бірліктегі
арақатынасты бағымдау. Діннің қоғамның демократиялық, мәдени-рухани және
адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдісіндегі қазіргі таңдағы көріну
нысандарын, бұрындары беймәлім болып келген жаңа дәстүрлі емес түрлерінің
Қазақстанда орнығу себептері мен салдарын анықтау, діни экстремизм мен
терроризмге қарсы күрес шараларының тиімділігін талдау.
Зерттеудің мақсаты – Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-
экономикалық, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғысынан
діннің рөлін зерделеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
- социологиялық парадигмалар аясында діннің әлеуметтік институт
ретіндегі мәні жан-жақты негізделіп, нақтыланды;
- діннің қоғам өміріндегі қазіргі таңдағы көріну нысандары, бұрындары
беймәлім болған дәстүрлі емес түрлерінің Қазақстанда орнығу себептері мен
салдарлары сараланды;
- оңтүстік Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы діншілдік деңгейі
бағамдалды;
- діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің бүгінгі таңдағы мәні
пысықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі ретінде социология
ғылымының классиктерінің, ТМД елдерінің социологтардың еңбектері
пайдаланылды.

1.ДІННІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
Қоғам мен дін арасындағы өзара диалектикалық бірліктегі арақатынасты,
діннің Қазақстан қоғамының демократиялық жолмен әлеуметтік, мәдени, рухани
және адамгершілік тұрғыдан жаңғыру үрдісіндегі орны мен рөлін екшеу бүгінгі
таңдағы маңызды мәселе болып табылады.
Діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың
әлеуметтанулық түсіндірмелерін талдауға арналған. Атап айтқанда, бөлімшеде
зерттеуіміздің қайнар бастаулары ретінде дінді әлеуметтік институт ретінде
зерделеген социология ғылымы классиктері еңбектерінің мәні мазмұндалған.
Айталық, О. Конт тарихи дамудың үш сатысы заңын қалыптастыра келіп, ақыл-
ой дамуының теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатылары қоғамның даму
кезеңдерімен сәйкес келетінін негіздеді. Жаңа қоғамның рухани негізі
ретінде бірінші теологиялық синтез керектігін баса айтты. Болашақта
позитивті дін қоғамды біріктіруші күшке айналады деп есептеді.
О. Конттың пікірінше теология ғылым ретінде үш бөлімнен құралады:
1. фетишизм – киелі пұтқа табынушылық;
2. политеизм – көп құдайға табынушылық;
3. монотеизм – бір құдайға табынушылық.
Теологиялық күй құдайға, немесе құдайларға сену – О. Конттың тұжырымы
бойынша әскери-өктем режимдерге сенгендей хал-ахуал, сондықтан ондай
жағдай:
- қарама-қайшы көзқарастарды бір-біріне үйлестіреді;
- әлеуметтік жүйені ыдыраушылықтан сақтайды;
- қоғамдық тәртіпті тұрақтандырады.
О. Конттың іліміне сүйене отырып мынаны анықтауға болады.
1. Дін қоғамның құрамдас (бөлінбес) бөлігі болып есептеледі.
2. О. Конттың ілімі бойынша әрбір кезеңге белгілі бір әлеуметтік
құрылымдар тән. Теологиялық үстемдікті қоғамда дінбасылары мен әскерилер
қамтамасыз етеді, ал метафизикалық кезеңде жетекші рөлді ғалымдар атқарады.

О. Конт дінді екіжақты қарастырады. Қоғамдық және жекебастық.
О. Конттың түсіндіруінше қоғамдық дінде құдайдың орнына адамға табыну орын
алады. Дін адамзат келешегі үшін қызмет етеді. Дін өзіне адамзаттық барлық
әрекеттерді біріктіреді, яғни адамның іс-әрекетін, ойларын, саяси қимылын
негіздейді, мәдениет пен философиясына ықпал етеді.
О. Конт діннің мән-мағынасын әлеуметтік тұрғыдан ұғынып-түсінуге қол
жеткізді.
Г. Спенсер, О. Конттың дін туралы ой-пікірлерін әрі қарай дамытты.
Оның ойынша дін:
1. отбасылық қатынастарды нығайтады;
2. адамдардың тәртібін бақылау мен басқару негізін бекітіп береді;
3. ұлтаралық бірлікті нығайтады (соның ішінде діни бірлікті де);
4. жеке меншікті қолдайды.
Г. Спенсер дінді бірлікке жеткізу құралы деп есептеді, қоғамда
әрқашанда қандай да бір дінге орын бар деп ойлады.
М. Вебердің анықтауына қарағанда діннің мәні адамдардың мінез-
құлықтары мен іс-әрекеттеріне адамгершілікті талаптар енгізуінде . Ал,
діннің шығуы шаруашылық жүргізу қажеттеріне байланысты туындаған құбылыс.
М. Вебер дінге қатысты әлеуметтік көзқарасты талдай келіп, оны
зерттеудің алғышарттарын ашып, көрсетіп берді. М. Вебердің түсінігінше,
бірінші алғы шарт – адамдың діни мінез-құлқын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу,
діни нанымдар мен саяси және экономикалық қызметтер арасындағы
байланыстарды зерделеу қажеттілігі.
Екінші алғышарт – діннің тарихи өзгерістерде алатын орнын анықтау.
М. Вебер әр түрлі діндердің атқаратын діни қызметтері де әр түрлі болады
деп есептеді.
Үшінші алғышарт – протестанттық дін мен капиталистік құрылыс арасында
байланыс орнату, яғни капитализм қалай пайда болады?, қазіргі кезде
кәсіпкерлік қалай пайда болды? деген сұрақтарға жауап іздеу.
М. Вебер дінді әлеуметтік іс- әрекеттің себебі деп түсіндірді, өйткені
адам өз мақсатына жету үшін белсенділігін арттырады, ол әлеуметтік, саяси-
психологиялық факторларға байланысты дамиды.
М. Вебер дін тарихына салыстырмалы-тарихи талдау жүргізіп, оның үш
түрлі даму жолын анықтады:
- дүниеге бейімделу діні (конфуциан діні, даосизм)
- дүниеден қашу діні (баз кешу) (индуизм, будда діні)
- дүниені бағындыру діні (иудей, христиан, мұсылман діні).
Дін, Э. Дюркгеймнің пікірінше, адамдардың өмірін әлеуметтік тұрғыдан
ұйымдастырушы тәртіптілік негіздері. Э. Дюркгейм О. Конттан кейін дінді
қоғамды ынтымақтастырушы өріс деп қарастырды. Оның түсіндіруінше діни
ынтымақтастық өрісі екіжақты қарастырылады;
а) механикалық тұрғыдан және б) органикалық тұрғыдан.
Механикалық діни ынтымақтастық дамымаған, көне қоғамдық құбылыстарға
тән құбылыс, ондағы адамдардың іс-қимылы, әрекеттері. Бұл қоғам Э.
Дюркгеймнің пікірінше тез арада діншілденеді.
Органикалық діни ынтымақтастық адамдардың арасындағы еңбек бөлінісіне,
экономикалық қатынастарға негізделген. Ынтымақтастық жағдаятында адамдар
қоғамда еркін өмір сүреді. Себебі дін қоғам мүшелерінің ынтымақтастығын
арттырады, интегративті қызмет атқарады. Э. Дюркгейм діни салт жораларға
жете көңіл бөлді. Ол адам өміріне азық-түлік қандай қажет болса салт-
жоралар да сондай қажет болады деп есептеді. Салт-жоралар адамдардың
бірігіп әрекет етуінен туындайды, ол әлеуметтік топтың өмір сүруін
нығайтады, олардың бірлігін арттырады.
Э. Дюркгеймнің пікірінше дін қоғамдағы адамгершілік бірлікті сақтайды
деген шешімге келді. Діннің әлеуметтік мәні қоғам бір сәтте діннің авторы
және обьектісі бола алатынынан көрінеді. Ол дінді дүниеге алып келеді, бір
сәтте құдай да, табынушы да бола алады.
Діннің негізгі қызметі:
- тәртіптілікті сақтау (мәжбүрлеу және бақылау арқылы);
- қоғамда бірлікті нығайту;
- репродуктивтік (одаққа жаңа мүшелер тарту) эйфориялық қызмет.
Э. Дюркгейм дінді кез келген қоғамның құрылымдық элементі деп есептеді
.
Р. Белланың, Б. Малиновскийдің, А. Радклифф-Браунның, К. Маркстің, Ф.
Энгельстің, Т. Парсонстың, П. Бергердің, Т. Лукманның, осы замаңғы
батыстық, ресейлік және қазақстандық социологтардың діни сенім
бостандықтары, діни бірлестіктердің қызметі, халықаралық діни бағдарлар,
діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері туралы ой-пікірлері
талданған. Жалпы социолог ғалымдар дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс, жеке
адамдардың, немесе әлеуметтік топтардың ой-санасы мен іс-қимылдарының
жиынтығы ретінде қарастырады. Социология ғылымы діннің сырт көзге көрінетін
құбылыстарын ғана сараламайды, сонымен бірге діннің ішкі мәнін, мазмұнын,
діни институттардың іс- қимылдарын саралайды.

2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДІНИ АХУАЛ, ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДІНШІЛДІК
ДЕҢГЕЙІ
Діннің әлеуметтік-сипаттамалық белгілеріне мыналар тән.
Біріншіден, дін – адамзат мәдениетінің, рухани дүниесінің мәнді жағы
ретінде адамдардың өмір сүруі мен іс-әрекеттің, рухани және материалдық
құндылықтар жүйесін, әлеуметтік нормалары мен дәстүрлерін, табиғатқа,
қоғамға, өзгелерге және өзіне-өзінің қатынасын білдіретін сенімдер
жиынтығы.
Екіншіден, дін – әлеуметтік шынайлықты бейнелеу құралы ретінде мәнді
рөл атқаратын ең маңызды әлеуметтік институт.
Үшіншіден, дін құдайға құлшылық етудің ерекше формасы ретінде көрінеді,
оны әрі жекелеген адам, әрі тұтас қоғам, әрі әлеуметтік топ табиғи құбылыс
және қалыпты рухани күш ретінде қабылдайды, нәтижесінде басқа дін оларға
теріс сияқты болып көрінеді.
Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтен,
атап айтқанда, діни санадан, діни мінәжаттардан және діни ұйымдардан
құралады.
Діни сана – діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана екі деңгейлік
құбылыстан құралады. Біріншісі – психологиялық деңгей, яғни діни
психология, екіншісі – парасаттылық, ақыл-ойлық деңгей, яғни діни
идеология.
Діни психология – адамдардың белгілі бір діни сезімдерінің, көңіл
күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы.
Діни идеология дегеніміз – белгілі бір жүйемен тәртіптелген діни ой-
сана, ұғым-түсініктер жиынтығы. Ұлы діндердің діни ұғым-түсініктерінің
жиынтығы Трипитакада, Библияда, Құранда мазмұндалған.
Діни құрылымның келесі негізгі элементіне діни мінәжат жатқызылады.
Діни мінәжат діншілдер өмірінде шешуші рөл атқарады.
Діни мінәжат дегеніміз – белгілі бір обьектілерге ықпал етуге
бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының
жиынтығы.
Діни мінәжаттарды, яғни діни ғибадаттарды дінбасылар рет-ретімен
ұйымдастырып, өткізіп отырады. Діни ғибадаттың түрлері көп. Мысалы, әлем
діндерінің бірі – ислам дінінде намаз оқумен қатар ораза ұстау, құрбандық
шалу, діни ғұрыптарды қатаң ұстану, діни салттарды орындау сияқты ғибадат
етудің көптеген түрлері бар. Ал христиан дінінің, әсіресе, оның католик
және православие шіркеулерінде ғибадат етудің түрлері сан түрлі. Тек
протестант діні ғана ғибадатты жеке адамдардың құдайға деген көңіл күйлерін
білдірумен шектеуді қолдайды.
Дін құрылымының үшінші негізгі элементі – діни ұйымдар. Негізгі
элементі дейтініміз діни ұйымдар зерттеу тақырыбымыздың әлеуметтік институт
ретіндегі нақты зерттеу обьектісі болып табылады. Әрі діни ұйымдар қоғам
өмірінде маңызды рөл атқарады.
Олар діни ақпараттарды дайындаумен, өңдеумен және насихаттаумен қатар,
бұқара халықты дінге үйіріп, мешітке, шіркеуге тартады. Оларды мінажат
етуге, діни әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды атқаруға ұйытады, нәтижесінде
бұқара көпшілік арасында діни институттардың рөлі артады.
Дін зерттеушілері діни ұйымдардың төрт негізгі типін: мешіт пен
шіркеуді, сектаны, харизматикалық табынуды және деноминацияны бөліп-бөліп
қарастырады. Осыған орай бөлімшеде олардың әрқайсысының қызметі, құрылымдық
жүйелердегі орындары мен рөлдері жеке-жеке талданды.
Діни сенім – өте күрделі рухани феномен, өз бойына жоғары
интеллектуалдықты, шабытты, рухтанушылықты жинақтайды.
Ең жоғарғы деңгейдегі діни сенім екі нысанда көрінеді. Біріншісі –
ғибадат ету көріністері, екіншісі – имандылық. Имандылық – барлық діндерде
бар қасиет. Себебі ол өз мазмұнына бүкіл болмыстың жаратылу себебін, даму
заңдылықтарын ұғынып-түсінуді жинақтайды, адамдарды жоғары адамгершілік
қасиеттерді меңгеруге ұмтылдырады.
Діни сенім ұлттық және әлемдік діндер деңгейлерінде көрінеді. Ұлттық
діндерге индуизм, заратуштра, тәңірге табынушылық, конфуций діні, синтоизм,
иудейлік, т.б. жатады.
Әлемдік діндердің негізгілері болып буддалық, христиандық және
мұсылмандық діндер сараланады.
Қазақстан Республикасының көп этностылығы діни ұйымдардың көп болуына
алғышарттық негіз қалайды. Зерттеушілер көрсеткендей, Қазақстанда
тәуелсіздікке ие болғаннан бері әр түрлі конфессиялар мен діни
бірлестіктердің қызмет етуі қарқынды өсіп келеді. Діни ұйымдар жайлы
мәліметтер берілген анықтамаларда, егер 1989 жылы қазақстанда 40
конфессияға тиесілі бар-жоғы 700-ге жуық діни бірлестіктер тіркелген
делінсе, бүгінгі таңда олардың саны 4001-ге жеткен. Бүгінгі күні
Қазақстанда 2337 мұсылман діни бірлестігі қызмет етсе, орыс православие
шіркеуінің діни бірлестіктері 281-ге, рим-католик шіркеуі діни
бірлестіктері 82-ге, протестанттық діни бірлестіктер 1189-ға жетіп
жығылады. Иудей діни бірлестіктері тәуелсіздік жылдарында ғана
құрылғандығына қарамастан, бүгінгі таңда 27 бірлікті құрап отыр. Жоғарыда
аттары аталған діни бірлестіктердің жеке меншігінде 3151 ғимарат бар.
Олардың 2195-сі мұсылман мешіттері, 257-сі орыс православие шіркеулері,
89-ы католиктердің костелдері, 5-еуі иудейлердің синогогтары, 546-сы
протестанттардың ғибадат үйлері, 16-сы діни оқу орындары, 38-і баспахана.

Сонымен қатар Қазақстанда дәстүрлі емес діни қауымдастықтар да толып
жүр. Айталық елімізде 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнайттік, 23
бахай, 2 трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың
2 қауымы, 6 сеантология шіркеуі қауымы, қаптап жүрген старообрядтық шіркеу
бірлестіктері, 20-дан аса пресветериан бірлестіктері, Грэйс-Благодать,
Благая Весть, Жаңа өмір, Қасиетті рух ассоциациясы (Бірігу
шіркеулері), т.т. қызмет етеді. Әрі бұл діи бірлестіктердің діни уағыздары
мен іс-әрекеттері дінаралық жүз шайысуларды тудырып, Қазақстан халықтарының
ауызбіршілігіне кәдімгідей сызат түсіріп жүр. Бұл аз дегендей елімізде әл-
Кайда (Аль-Каеда), Шығыс Түркістан ислам партиясы, Курд халықтық
конгресі, Өзбекстанның исламдық қозғалысы, Асбат-әл-Ансар, Бауырлас
мұсылмандар, Талибан қозғалысы, Бозқұрт, Орталық Азиядағы моджахеттер
жамааты, Лашкар-и-Тайба, Әлеуметтік реформалар қоғамы, Хизб-ут-Тахрир-
әл-Ислами халықаралық ұйымдары деп аталған дәстүрлі емес діни
бірлестіктер мен республика аумағында қызмет етуге тыйым салынған
экстремистік ұйымдардың мақсаты – дін атын жамылып дінаралық келісім мен үн
қатысуға зиянын тигізу, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Халық арасында жік
тудыратын пікірлерді тарату, көпшілікті діни фанатизмге, лаңкестікке, пікір
төзімсіздігіне ұрындыру. Жергілікті ұлт өкілдерін ислам дінінен аулақтатып,
басқа діндерге мойын ұсындыру. Осының бәрі жинақтала келіп күн тәртібіне ел
халқының басым көпшілігінің қалауы ретінде осы келеңсіз құбылыстардың жолын
кесуге бағытталған шараларды қатайту қажеттігін қойып, қазіргі қолданыстағы
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң баптарының қайта
қаралып, бекітілуі керектігін алға шығарып отыр.
1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл
қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.
Сонымен қатар елімізде протестантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі, елушілер
(пятидесятничество), методизм, меннонизм, пресветерианство сынды ағымдары
таралуда. Пятидесятничество XX ғасырдың басында АҚШ-та кұрылған. Бұл
ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан.
Апостолдар рухындағы евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде.
Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40 жуық қауымдар бар.
Пресветериандық ағымы елімізде америкалық, корейлік ағыздаушылардың
миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Бұл ағызшыларға шет елдегі
діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан
бірлестіктері бар. Грэйс - Благодать, Бірінші пресветериан
шіркеуі, Алматы аймақтық пресветиан шіркеуі бірлестіктері белгілі болып
отыр.
Жетінші күн адвентистері қауымының республикалық орталығы Жетінші күн
христиан-адвентистерінің Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана
каласында. Ұйымдық жағынан бұл бірлестік Алматы қаласында орналасқан
Жетінші күн адвентистерінің Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт
елімізде негізінен неміс этносының арасында таралған. Елімізде лютерандық
70 - тен аса діни қауым бар.
Евангелшіл христиан-баптистерінің қауымдары 10 мыңнан аса сенушілерді
біріктіреді. Евангелшіл-христиан баптистер Қазақстан евангелшіл христиан-
баптистері шіркеулерінің одағын құрды. Бірлестіктің орталығы Қарағанды
облысының Саран қаласында. Евангелшіл христиан-баптистердің 250-ден аса
қауымдары мен топтары бар. Евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстан мен
Орталық Азия елдерін евангелшілдендіру жоспарын басшылыққа алуда.
Шет елдік миссионерлердің белсенді қызметі арасында протестанттық
ағымдардың харизматикалық қауымдары Агапе, Жаңа өмір, Жаңа аспан,
Благая весть және т.б. жұмыс істеуде. Елімізде дәстүрлі емес культтер
қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та XX ғасырдың 50-жылдары пайда
болды. Негізінен салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін
Динаетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім атты
еңбегінде қорытындылаған. Саентология шіркеуі діни бірлестігі Алматы,
Қарағанды, Семей қалаларында ресми тіркелген. Саентология шіркеуі Ресей,
АҚШ, Англия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс
орнатқан.
Кришна санасы қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни ағымдардың
бірі. Индуизмнен тармақталатын Кришна санасы халықаралық қоғамының
негізін салушы-Свами Прабхупада (1986-1977). Бұл діни ағым жастар арасында
таралып жатыр. Дүниежүзілік христиандықты біріктіру жолындағы қасиетті рух
ассоциациясы (Бірігу шіркеуі) 1954 жылы құрылған. Негізін салушы-Сан Мен
Мун. Бірігу шіркеуінің миссионерлері әлемнің 100-ден аса елінде қызмет
етеді. Бұл шіркеудің түрлі бағыттағы ұйымдары бар. Бірігу шіркеуі елімізде
1992 жылдан жұмыс істейді.
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990 -
жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса, қазіргі уақытта жаңа
культтардың саны 160-тан асады. Кришна санасы қоғамы, Соңғы өсиет
шіркеуі, Жаңа аспан, Жаңа өмір шіркеуі т.т. XX ғасырдың наным
-сенімдері мен үгіт-насихат жұмыстарын әртүрлі
мерекелік және қайырымдылық іс- шаралар ұйымдастыру арқылы жүргізуде.
Елімізде экстремистік бағыттағы Хизб-ут-ахрир (Азат ету партиясы)
ұйымының заңға қайшы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-
тахрирдің мақсаты-Ислам атын жамылып дінаралық келісім мен үн қатысуға
зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бүзу. Хизб-ут-тахрир халық
Азия елдерінің мемлекеттік құрылысын мойындамайды және осы аймақта халифат
құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым идеологиялық күрес,
идеологиялық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу -сынды үш бағытта
жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен
ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңгестік, пікір төзімсіздігі
ислам дініне жат.
Елімізде әл-Каида, Мұсылман бауырлар, Талибан, Лашкар, Таиба,
Боз-құрт, Өзбекстан ислам қозғалысы жэне т.б. лаңгестік ұйымдардың
қызметіне тыйым салынған.
Миссионерлік-діни ұйымдардың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси
қызмет, миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия
халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік
ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары,
үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан
көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының
дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.
Көптеген миссионерлер жергілікті халық басым елді мекендерде тұрып,сол
жалықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару
үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және
меопротестанттық шіркеулердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни
бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізіп келеді.
Жұмыссыздар, өмірден өз өмірін таппағандар, рухани ізденісте жүргендер,
жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар,
ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-
насихатына тез ілігеді.
Жаңа культтардың бірі-Бахаи сенімінің бастауында Баб (қақпа) деген
лақап атымен белгілі болған Сейд Әли Мұхаммед тұр. Ол өзін пайғамбар деп
жариялаған. Бабтың ілімін жүйелеп дамытқан, Бахаи сенімін орнықтырып, діни
ілімін негіздеген Мырза Хусейн Әли (Баха-Улла) болды. Бахаи сенімі құдайдың
бірлігін, діни төзімділікті, туыстықты, барлық діндердің мақсат-бірлігін
уағыздайды.
Бахаи сенімінің ең жоғарғы ұйымы-дүниежүзілік әділдік үйі Израиль
мемлекетінің Хайфа қаласында орналасқан. Бахаи сенімінің ұлттық рухани
мәжілісі елімізде 1994 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта бахаи сенімінің 80-
нен аса қауымы бар. Кейбір деректер бойынша, пайда болғанына бір ғасыр
шамасы алған Бахаи сенімінің бес миллионға жуық ұстанушылары бар. Жалпы
тәуелсіздік жылдары нарықтық экономиканың құрылуымен ғана ес, сондай - ақ
діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер
ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім,
жаңа дәстүрлі емес діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ,
пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай - ақ
Агапе Жаңа аспан сияқты протестанттық шіркеулер, Бахаи Сайтан
шіркеуі, Саентология шіркеуі сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Жоғарыда мысалға келтірілген мәліметтердің жан түршігерлік ащылығына соңғы
17 жыл ішінде Қазақстанда сан түрлі діни ұйымдар мен бірлестіктердің
қызметтенуі өте қатты жанданғандығын сеніммен айтуға болады.
Сонымен қатар негізгі діни сенімдерімізге қайшы келетін діни
бірлестіктердің бүлдірушілік әрекеттері республика тұрғындарының
қайсыбіреулерінің бойында дінге деген теріс көзқарасты тереңдете түсуде.
Оған республиканың бірқатар аймақтарында біздер тарапынан жүргізілген нақты
социологиялық зерттеу мәліметтері дәлел бола алады.
Сұралған респонденттердің жасы 16-дан жоғары. Жалпы саны – 500. Олар әр
түрлі этнос өкілдері, әр түрлі кәсіп иелері. Білім деңгейлері, тұрмыс
жағдайлары, діни нанымдары әр түрлі.
Зерттеу мақсаты –Оңтүстік Қазақстан тұрғындары ұстанатын діндердің
басым түрлерін, белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір діни конфессияны
ұстануларына қандай әлеуметтік-тарихи жағдайлардың себепші болғандығын,
республика халқының діншілдік деңгейін, белгілі бір дінді тұтынушылардың
этностық, жас, әлеуметтік-демографиялық, біліми, кәсіби және қоныстық
ерекшеліктерін, белгілі бір діни ұйымның (секталық бірлестіктің) өз
қатарына басқа діни нанымдағыларды тарту мүмкіндіктерін, өсіп келе жатқан
жас ұрпаққа діннің белгілі бір типінің ықпалдылығы қандайлық екендігін
анықтау болды.
Сұралған респонденттердің 31,3%-ы 2006 жылы дініне берік сенімділер,
яғни барлық діни рәсімдерді ұстанатындар қатарында болса, аралықтағылар,
яғни дінге түпкілікті мойын бұрмағандар, бірақ мешітке, шіркеуге, костелге,
синогогаға, құтханаға, т.с. мінәжат етуге баратындар 19,4% болды. Ал, таза
атейстер, яғни дінге немқұрайлы қарайтындар 35,3%; жауап беруге
қиналатындар 14%-ды құрады.
2007 жылы сұралған респонденттердің 32,6%-ы діни сенімдеріне берік
екендіктерін атаса, 21,4%-ы дінге сенім білдіргендеріне қарамастан діни
мінәжаттарға қатысуды қалай бермейтіндіктерін жасырмады. Ал атеистер
34,8%-ды құраса, жауап беруге қиналатындар 11,2% болды.
2008 жылы жоғарыда 1-көрсеткіш 69,8% болса, екінші көрсеткіш 4,2%-ды
ғана көрсетті. Атеистер саны біршама кеміп, бар-жоғы 23,5%-ды құрады.
Жауап беруге қиналатындар 2,5% ғана болды.
Біздің зерттеулерімізбен қатар бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда
қалыптасып отырған діни ахуалды зерделеу мақсатымен республиканың
Түркістан, Отырар, Бәйдібек аймақтарында бірнеше қайтара сараптамалық
зерттеулер жүргізілді.
Бұл зерттеуге де әр түрлі діни нанымдарды тұтынатын тұлғалар – әр түрлі
этнос өкілдері, әр түрлі мамандық иелері, дін өкілдері, сондай-ақ тұрмыс
жағдайлары әр қилы әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері тартылған.
Сіз діни нанымға сенесіз бе? деген сауалнама сұрағына сұралған
респонденттердің 78%-ы өздерінің дінге сенетіндіктерін және де діни
рәсімдерді ұстанатындықтарын білдірген. 16 пайызы сенбеймін, бірақ діни
рәсімдерді ұстанамын деп жауап берген. Ал 0,4%-ы дінге немқұрайлы
қарайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл мәліметтер республика тұрғындарының
басым бөлігінің атеистік санадан діни санаға өте бастағандығын сезіндірсе
керек.
Белгілі бір дін түрін тұтынатын тұлғалар мен елімізде қызмет етуші дін
ұйымдарының жартысынан көбісі ислам діні мен христиандықтың православиесін
ұстанады. Бірақ, жоғарыдағы сұраққа қайтарылған жауаптар әр қилы.
Жинақталған мәліметтерді санамалағанда ислам дінін ұстанатындар 50,4%
(оңтүстік облыстарда – 51,8%, шығыс, батыс және солтүстік облыстарда –
44,1%); христиандықты (барлық христиан конфессияларын қоса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері
Діннің әлеуметтік мәні
Дін мен мәдениеттің арақатынасы
Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
Отандық тарих ғылымында Зәки Уәлиди Тоғанның мұраларына түркі халықтары тарихының дерек көзі ретінде қарауды қолға алған дұрыс
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Пәндер