Валюталық биржалардың қалыптасуы, тұрақтану және даму мәселелері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ..5
1. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ. АҚША ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... 6
2. ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... .20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША . ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТАНУЫ ЖӘНЕ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... .36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ...37

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бүұ ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу -сатуда делдал ретінде әрекет етеді.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.

1. Райымқұлұлы С. «Экономика негіздері» Шымкент 2006.
2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, «Экономика» 2005.
3. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналысы және несие» Алматы, 2004.
4. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе, 2004.
5. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, «Экономика» 2000
6. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы 2000.
7. Сәниев М.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001.
8. Сахариев С.С. «Жаңа кезең экономикалық теориясы» Алматы, «Дәнекер» 2004.
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІ:
1. ҚР Ұлттық валютасының сипаты //Халық кеңесі// 1993. 13 қараша
2. Есентүгелов А. «Теңге тәуелсіздік тірегі» //Егемен Қазақстан// 1996. 15 қараша
3. Әжиев Е. «Ұлттық валюта теңге күні туралы» Алматы 1997 .
4. Жандосов О. «Ұлттық банктің ақша және несие-валюта саясаты. //Ақиқат// 1993.№3
5. Домитов Қ. «Теңгенің тегеуріні». //Егемен Қазақстан//. 1998 13 қараша
6. «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңы 24.12.1996.
7. Экономикалық теория негіздері, Алматы «Санат», 1998.
8. «Қазақстанның ұлттық валютасына – 10 жыл», //Оңтүстік Қазақстан// 2003.30 қазан.
9. //Егемен Қазақстан// 2006.14 маусым.
10. Мақыш С. //Хабаршы// 2004.№4

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:
М а з м ұ н ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ. АҚША
ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... .20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША - ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТАНУЫ ЖӘНЕ
ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыста Ақша нарығының пайда болуы, мәні және қызметтері
жағынан ашылды.
Валюталық биржалардың қалыптасуы, тұрақтану және даму мәселелері
қарастырылды.
Курстық жұмыста 37 бет компьютерлік тексте берілген, 4 сызба, 8 түрлі
әдебиет және 10 мерзімдік басылым қолданылады.
КІРІСПЕ
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар
өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ
мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан
туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты
болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге
айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бүұ ақшаның қажеттілігін
туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу -сатуда делдал ретінде
әрекет етеді.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы
процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына
қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға
қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының
маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол
тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс
аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл
тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді
және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол
жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер
арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек жайып,
тереңдеуінде. Ақша жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше
қызметті атқаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің өнімдері.
Бірақ өндіріс құрал-жабдықтрына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар
нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде болады, ал ақша - тікелей
жеке еңбектің (жалпылама эквивалент) бейнесі ретінде болады. Ақша зат та
емес, байлық та емес, өндірістік қатынас. Бұның мазмұны мен мәнін ақшаның
атқаратын қызметтерінің, яғни қоғамдық міндеттерінен анық байқауға
болады.
1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі.
Ақша жүйесі
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ.
Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель
ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы
сапалы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері
ақшаны - мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде
қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміс
жататындығын айтқан.
Ақшаның пайда болуын түсіндіру үшін, тауар құны қатысындағы
қорытындылатын, құнның даму көрінісіне көз салып, оның қарапайым терең
байқалатын бейнесін, көзді алатын ақшалай түріне дейін қарау керек. Сонда
ғана оның жұмбақтығы да жойылады.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие
болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші
ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайласынан малшылар
тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал
екіншілері - жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық
негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей
сипатқа ие болды:
Т Т экв.
(1 қойға = 1 қап астық) экв.
Бұл мысалымызда бірінші тауар (қой) өзінің құнын басқа тауарда (I қап
астық) айырбасын көрсетсе, онда салыстырмалы кұн түрінде болғаны, ал бір
қап астық оның эквиваленті болып табылады яғни эквивалентті түрде болғаны.
Тауар өндірісінің ары қарай дамуы тауар айырбасын реттіліпен жүргізуге
алып келді. Айырбаста екі ғана емес, одан да көптеген тауар түрлері
қатысады. Құнның - толық немесе кеңейтілген екінші түрі қалыптасты.
Т → Т1 (1 қап астыққа) экв.
→ Т2 (1 балтаға) экв.
→ Т3 (5 кұмыраға) экв.
→ Т4 (2 гр. алтынға) экв.
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады, қойға қайта деген
қоғамдық еңбек шығындарын куәландырады.
Құмның кеңейтілген түрінін пайда болуымен қатар, сондай-ақ айырбаста
қиындықтар туындады.
Мысалы, қойдың иесіне астық қажет, бірақ астық иесіне қой керек емес,
оған балта қажет, ал балта иесіие қой керек. Неғұрлым нарыққа тауар көп
түскен сайын, қиындықтар да көбейе түседі. Бұл жағдайда астық иесі қойды
алуға келіседі, сөйтіп өзінің астығына айырбастайды, себебі оны (қойды)
балта иесі алуға ынталы. Осы жерде қой делдалдық, яғни жалпыға ортақ
(жалпылама) роль атқара бастайды. Сөйтіп құнның үшінші түрі қалыптасып, ол
жалпылама деп аталады.
Т1 (1 қап астыққа) = 1 қойға (экв)
Т2 (1 балтаға)
Т3 (5 құмыраға)
Т4 (2 гр. алтынға)
Кейініректе жалпылама зквиваленттік ролді игілікті металдар (алтын,
күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды:
жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды
артықшылығы сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің
сіңірілгені болып табылады. Құнның ақшалай түрін былай көрсетуге болады:
Сурет 1
''Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы
орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
құн өлшемі және баға масштабы;
айналыс (айырбас) құралы;
төлем құралы;
қорлану және қор жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ, та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдың қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдьіқ
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір
елде ақшаның, өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшгуге
қызмет ететін металдың, (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын керсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттың ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтың бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай аңшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) — А (ақша) — Т (тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды
біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады.
Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден,
бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік
ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т (тауар) — М
(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) — Т (тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдың рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде аңша мен тауардың бір-біріне қарама-
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздың міндеттеме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен аңша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай,
сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
• тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық
міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін акша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1)Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік)
шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары
түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралың заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдың байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші
бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Сурет 2
Сурет 3
Егер де еліміздің ішіндегі аңша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.Маркс
өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы
ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді,—
деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет
етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және
алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар)
көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық
Одақтың қазіргі валютасы — еуро, сол сияқты Халықаралың валюталық қордың
СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа
валюта Еуро енгізілді. Еуропалың валюталың Одаққа бастапқыда он бір ел
қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия,
Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1
қаңтарынан бастап, Еуро қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа
қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. Еуро банкноты мен монеталары
2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық
одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 ж. 1 шілдесінен бастап өз
қызметтерін тоқтатты.
Ақша жүйесі — бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша
жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған
байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:
• металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола
отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар
металға ауыстырылады;
• несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып
тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
1. Биметаллизм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен
күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті
қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет
тарапынан белгіленген;
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды
төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс
монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға
ерік берілді.
Биметаллизм XVI—XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғ. дами
бастады. Бірақ та биметалдың ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму
қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар
пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде,
жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап
етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі
келді.
2. Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша
айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет
ететін ақша жүйесі.
Күміс монометаллизмі Ресейде 1843-1852 жж., Индияда 1852-1893 жж.,
Голландияда 1847-1875 жж. қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт)
алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып,
1816 ж. заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай
енгізілді, айталық: Германияда — 1871-1873 жж., Швецияда, Норвегияда және
Данияда — 1873 ж., Францияда 1876-1878 жж., Австрияда — 1892 ж., Ресейде
және Жапонияда — 1897 ж., АҚШ-та — 1900 ж.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын
монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің
талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің,
дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл
стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей
атқарды;
алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз
мелшерде алтын монетаға ауыстырылды;
алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып
келуге болатын болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны
займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын
қорларының көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп,
нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін
туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің
қызметін тоқтатса, кейіннен кептеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты.
Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады және оны сыртқа шығаруға
тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында,
ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты
негізінде қалпына келтіре алмады. 1924-29 жж. ақша реформасының жүруі
барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі
қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз
стандарты.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста
алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым
салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын
құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды.
Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7
кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франке тең болды.
Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз
(алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және
алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға
ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргізілді. Осындай жолмен алтын
девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру
арасында жанама байланыс сақталды.
Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс нәтижесінде
алтын монета стандарты барлың елдерде бірдей айналыстан алынып тасталынып
(мысалға, Ұлыбританияда — 1931 ж., АҚШ-та — 1933ж., Францияда — 1936ж.),
оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесі бекітілді. Қазіргі ақша
жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша бірлігі, ақша түрлері және
эмиссиялың жүйе.
Ақша бірлігі — барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін,
заңды түрде бекітілген ақша белгісі.
Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни
ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары 100 центке тең,
ағылшынның 1 функ стерлинг — 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі — 100 копеекке,
Қазақстанның 1 теңгесі — 100 тиынға және т.с.с.
Қазақстанның ақша бірлігінің — теңге деп аталауы, менің ойымша, оның
тарихымен тығыз байланысты болуға тиіс. Айталық, таяуда жарық көрген
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында 8 теңгенің тарихы былай баяндалады:
Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне
эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V-VI ғ.) жасап, сауда
айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар)
баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға
енгізу өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғасырларда билеуші
рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған.
Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI-VIII
ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде
әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз
қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы
қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі — сәл ұмтылып, секіргелі
тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы
түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген
рәміз) бейнелеген. Екіншісі — үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің
таңбасы) теңгелер. Б.з. 704-766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш
қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар
болған. Бұл тайпалың дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін,
мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы
ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына
қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар
айналымға кіргізілді. 1321ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен
маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға
енгізді. Ақшаның салмағы — 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан
теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында
әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның
атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ
жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген
Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар
арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының
(Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында
өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ
хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық
шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға
қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік
алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы — теңге қайта
айналымға шығып отыр. Сол теңгенің шыққанына биыл 10 жыл толды. Соңғы
уақыттары теңге ТМД мемлекеттерінің ішінде біршама тұрақты валютаға айналып
отыр.
Ақша түрлеріне заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50,
20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттері; 100 долларлық қазыналық
билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік
монеталар жүреді. Ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және
1 фунт стерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық
монеталар, 1 және 12 пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құнына
тең келетін 2 және 1 шиллингтер де бар. Ал қазақстанның бүгінгі ақша
айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және
1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл
монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған
монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм су тамғылы қағазға басылған 50, 20,
10, 5, 2 және 1 тиындар кейінкен олардың орнына осы номиналдарда металл
тиындар шығарылды. Бірақ бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар
айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар
(қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металлдан жасалған
монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.
Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша
шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен
Федералды резервті жүйе, Ресейде — РШ Орталық банкі, ал Қазақстанда ҚР
Ұлттық банкі айналысады. Ұлттық банктің қарамағында еліміздің банкнота
жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын — Монета
сарайы (Өскеменде) бар.
Қазақстан осы заманға ақша жүйесінін басқа елдердің ақша жүйесінен көп
айырмашылық жоқ ол халықаралық стандарттарқа ұқсас әрі оған осы заманғы
әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30
наурызында қабылдаған. 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен
толықтырулар енгізілген Қазакстан Республикасы Ұлттык банкі туралы заңына
сәйкес жұмыс істейді. Оны осы заңға сәйкес былайша сипаттауға болады:
ресми ақша өлшеміне (валютаға) 100 тиыннан тұратын теңге жатады:
теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді:
қолма-қол ақшаны шығарудың айырықша құқығына Ұлттық банк ие. Қазақстан
аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу да
Ұлттық банктің мойнында. Ұлттык банк бұларды қолма-қол ақшасыз балама
алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге
асырады;
тенге мен суррогаттардан басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым
салынған;
заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз
етілген әрі ҚР Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын
банкноттар мен ұзақ металл монеталар жатады.
Мынаны айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге көп құнсыздаңды, осының
нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар
айналымда жоқ.
ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың
номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен
монеталардың аталмыш сипаттамалары баспасөзде жарияланды.
Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем
түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті
түрде қабылданды, сондай-ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша
аударымдары үшін олардың көрсетулі құны бойынша міндетті түрде қабылданады,
шектеусіз амырбасталады және ҚР барлық банктерінде айырбасталады.
Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет көрсетулерді
ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай-ақ банктердің қолма-қол
ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымадау талаптарын белгілейді.
Айалыстан толық шықты. Ол өз қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда,
алтын мемлекеттің қаржылық резерв түрлерінің бірімен еркін айырбасталымды
валюталардың қатарында қалды.
Халықарылық валюта қорының (ХВҚ) халықаралық өтімділік мәселелерін
онайлату мақстатында халықаралық есептік ақша бірліктерін құру үшін ХВҚ-ға
мүше елдердің төлем баланстарының қалдығын немесе ресми резервтерді және
есеп айырысуларды толықтыруға, сондай-ақ ұлттық валюталарды өлшемдеуге
арналған жана резерв әрі төлем құралы - арнаулы алыс-беріс құқығы (ААБҚ)
енгізілді.
Еуропалық валюта жүйесіне (ЕВЖ) қатысушы елдер үшін 1979 жылдың наурыз
айынан бастап аймақтық халықаралық есеп бірлігі - ЭКЮ енгізілді.
ЭКЮ-дің құны СДР секілді мүше елдердің орташа бейнеленген валюта
бағамдарымен анықталды.
Бүгінгі таңда ЭКЮ-дің орнын басқа валюта - ЕВРО - құрамына Батыс және
Шығыс Еуропаның 24 елі кіретін Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта басты.
Осы заманғы ақша жүйесіне мыналар тән:
* үкімет ақша өлшемінің құрамындағы алтынды белгілемейді (алтынның ақша
міндетін атқарудан қалуы).
* алтынға айырбасталмайтын несие ақшаға көшу аяқталды.
* қағаз және несие ақшалары арасындағы айырмашылық жойылды:
* ақша айналымында қолма-қол ақшасыз айналым пайда болды;
* ақша айналымы мемлекеттік тұрғыдан реттелді;
* мемлекеттің қажеттілігін өтеу үшін әрі мемлекеттің алтын-валюта
резервінің өсімі аясында шаруашылықтарды несиелеу тәртібінен
айналымға ақша шығару.
Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын-қағаз және
несие ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт
бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп
жағынан бір-біріне ұқсас.
Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін
толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.
АҚШ-тың ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы
енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде
айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір
доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10. 20, 50, 100
долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар
және 1 доллар қолданылады. Қолма-қол ақша эмиттенттеріне Қаржы Министрлігі
(қазына мекемесі) және федералдык резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына
мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша
белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден
және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне
ондағы Құрама штаттар билеті дейтін жазу, - UNITED SТАТЕS NОТЕS
жатады. Қолма-қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ
шығарыды. Онда FЕDЕRАL RЕSЕRВЕ NОТЕS дейтін жазу болады, сондай-ақ оларды
шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ-тағы қолма-
қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге
жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық
карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма-
қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына
ие. АҚШ-та ақша массасы классикалық ақша-несие саясатының аспаптарымен
реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығандағы операциялар,
банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен несие
жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
Ұлыбританияның ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) - фунт стерлинг. Бұл
ақша бірлігі мұндай атаумен XII ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы
айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып XVIII
ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде
биметаллизм жүйесі орнықты.
Ақша жүйесі 1971 жылға дейін он екі еселік принцип бойынша құрылған
болатын. Бұл I фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма
пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі таңда 1 фунтстерлинг 100
жаңа пенсті құрайды және айналымда - Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт
стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан – 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50
пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге
сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма-
қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие.
Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді.
Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол
ақшасыз айналым ақшаларын шығарады.
Англия Банкі айналымдағы ақша массасын ашық нарықтағы операциялар,
банктің есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік талаптар секілді ақша-
несие саясатының аспаптарымен басқарып, реттейді.
Евро еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО)
ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық
евро ақша бірлігіне негізделген. ЕО-ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы
құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма-қол ақшасыз айналымның есеп
айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма-қол ақша айналымына
банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.
Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған РФ Орталық
банкі туралы РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдік ресми ақша бірлігіне
рубль жатады. 1 рубль 100 копеейкке тең. Рубль атауы Киев Русь тұсында
пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені
рубль деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген.
Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына
тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің
барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Рессй Банкінің сөзсіз
міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл
монеталар жатады. Қолма-қол ақшаны шығарудың, олардың айыру айналымын
ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып
тастаудың айрықша құқыны Ресей Банкіне тиесілі. Ресей Банкі
мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға,
банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтауға, олардың резервтік
қорын құруға: комерциялық банктер үшін қолма-қол ақшаны иикассациялаудың
тасымалдаулың және сақтаудың ережелерін белгілеуге: несие ұйымдары ұйым
кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін анықтауға; қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуцңларды ұйымдастырудың талаптары мен бірыңғай ережесін
белгілеуге.
Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында
1998 жылдың 1 каңтарынан 10001 арақатынасында ақшаны ірілендіру
(деноминация) жүргізіліп келеді. РФ-да жүргізілген реформалардың
нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны
бар банкноталар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар. 1, 2 және 5
рубль енгізілді.
2. ВАЛЮТАЛЫҚ БИРЖАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Бірінші дүниіжүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан, Париж конференциясында
мемлекетаралық келісімімен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп
соқтырады. Ол 1922 жылы Генум халықаралық экономикалық конференциясында
қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генум валюта жүйесі
конференциясында келісімге келуші, 30 елдің ақша жүйесі тәрізді, алтын
девизді стандартқа негізделіп құрылды Ол девиздің принципі бойынша,
банкноттар алтынға емес, векселге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды.
Девю кез келген формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар
аралығында - I және II, Бреттон — Вудс конференциясына дейін резервтік
валюта статусы айырбасталатын валюта ерекше атағы, рерми ешбір валютасы
бекітілген жоқ. Ал, ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар, осы
атақты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Өткен ғасырдың ортасына таяу, атап айтсақ, 1944-жылы 22 маусымда, АҚШ-
та БҰҰ-ның Бреттон - Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта
статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта
ретінде американдық доллар мен фунт, стерлинг қабылданды. Сонымен бірге,
алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді.
Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен
өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзінің капиталистік өнеркәсіп
өндірісінің 54,6 пайызын, тауар экспортының 33 пайызын ресми алтын
резервінің 75 пайызын шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдылығы және
оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі,
доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса
ауыр валюта - экономикалық жағдайы, сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа
тәуелділігі, долларлық гегемония, олардағы доллардың өткір
жетіспеушілігінде, яғни долларлық аштықта көрініс тапты. Бреттон - Вудс
жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
а) доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусты
бекітті;
б) ХВҚ-на мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға
алтын арқылы айырбастайды. Онда валютаның алтын паритеті және валюта
бағамы бекітіледі. Валюталардың нарықтық бағамы - доллар паритетінен
плюс, минус бір пайызға, Еуропа елдерінде - плюс, минус 0,75 пайызға
ауытқуы мүмкін;
в) шетел орталық банктерінің долларлық резервтері, алтынға
американдық қазыналық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады. ХВҚ-
ның негізгі қызметі – осы мемлекетаралық қорға мүше елдерінің валюта
паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын
бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек
ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне
және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті. Дегенмен, бұл жүйе оған
мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық
стандартты бекіткен принциптерді АҚШ, басқа елдер есебіне,
әлемде - өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта
жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық
сипаты және олардың халықаралық төлем құралы ретінде қолданылуы
біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның
позициясы күшейді. 1971-1973 жылдары валюта
дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі
Осы замандағы әлемдік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында халықаралық
валюта қорына мүше мемлекеттердің Кингстонда қол қойған келісімімен
дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе, енді ешбір ұлттық
валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық
принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанымен, ол бұрынғыдай
роль атқармайды. Жаңа жүйе - көп валюталы стандарт болып табылады. Ямайка
валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы - алтын өзінің монетарлық
қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында
алтын жоқ. ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі
ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Алтынның нақты
бағасы болғандықтан, ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса
сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің
аралық банктері және тезавраторлар, шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда
(әрқайсында 34 мың жэне 25 мі.ім тонна алтын бар). Алтын девизді
стандарттың орнына жаіи халықаралық есеп айырысу құралы - СДР
енгізілді. (И валюталық паритет пен валюта бағамының
негізі ді-м жарияланды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саіп.і
жылдан-жылға азайды. Егер олардың саны 198 және 15 болпі. ол көрсеткіш 2-ге
дейін азайды. СДР стандартының болашаі ы жоқ, оны қолдану аясы негізінен
ХВҚ-ның операцияларымсп шектелуде. Доллардың Бреттон - Вудс жүйесіндегі
ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс жүзіпді*
доларлық статус стандарт сақталуда. Валютаның шартты құні.ш анықтайтын СДР-
дың валюталық қаржысының 39 пайызы доллардың үлесіне тиеді. Әлемде 21
валюта долларға бекітілгоп Бреттон - Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті
мемлекетаралық валютаны реттеуді күшейту, мүше елдердіи өзара тығыз
қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемді1 валютаныңт ұрақтылығына
қол жеткізу үшін, әр түрлі валюталық шектеулерді жою.
Валюталық қатынас дегеніміз ақшаның Халықаралық айналымда жұмыс істеуі.
Олар ұлттық шаруашылықтардың қызметтерінің нәтижесімен айырбастасуға жәрдем
етеді. Олардың объективтік негізі болып тауарлы өндіріс, Халықаралық сауда,
капиталдың, әр түрлі қызметтердің қозғалысы. Валюталық қатынастың түрі,
Халықаралық экономикалық қарым-қатынастан және ел арасындағы экономикалық
күштің ара қатынасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz