Мұхтар Әуезов (1897—1961)



1 ӘУЕЗ Бердіұлы
2 Жол басы
3 Әуезовтің азаматтық келбеті
ӘУЕЗ Бердіұлы (1830, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Аркат ауылы — 1917, казіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылы Ақшоқыда жерленген) — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атасы. "Актабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" сұрапылынан кейін "тобықты руын Сыр бойынан Шынғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі. Бахшайыш батырдың ұрпағы Бакшайыштан — Саяқыл, одан Берді, Төлеген, Қылыш туады. Ал Бердінің Үсен. Бурахан, Әуезхан (Әуезов). Самархан, Кенжехан есімді ұлдары болған. Бердінің кызы Нұрғаным — Құнанбай кажының кіші әйелі. "Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ҒАСЫРДЫҢ 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының солтүстік өңіріндегі Бетағаш конысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден ашарға арнап қыстау салдыртады. Аралтөбеде — Абай, Бөрліде — Әуезов қыстап, іргесі ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, шағатай, парсы әдебиетінен хабары,мол арабша білігі, мәдениет парасаты жоғары Әуезовті "Әуке аға", Үлкен қожа деп атаған. Абайдың: Үлкен кожа — ортан қол, өзгелері — атыжоқ пен шынашақ " деп қадай көрсетуі, Әуезов тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек. Өз кезегінде, Әуезов Де Абай өлендерін құмарта тыңдайтын кағазға түскен тың дүниелерімен алғаш танысып ашык пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Ол немересі Мұхтарды кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмір-баянында: "Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды. Оқуға жараған-жарамағанымды сынамақ екен, "р" дыбысы бар сөздерді айтқыза бастады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МҰХТАР ӘУЕЗОВ
(1897—1961)
ӘУЕЗ Бердіұлы (1830, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
Аркат ауылы — 1917, казіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі
ауылы Ақшоқыда жерленген) — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атасы. "Актабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама" сұрапылынан кейін "тобықты руын Сыр бойынан
Шынғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің
бірі. Бахшайыш батырдың ұрпағы Бакшайыштан — Саяқыл, одан Берді, Төлеген,
Қылыш туады. Ал Бердінің Үсен. Бурахан, Әуезхан (Әуезов). Самархан,
Кенжехан есімді ұлдары болған. Бердінің кызы Нұрғаным — Құнанбай кажының
кіші әйелі. "Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19
ғасырдың 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының солтүстік
өңіріндегі Бетағаш конысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден ашарға арнап
қыстау салдыртады. Аралтөбеде — Абай, Бөрліде — Әуезов қыстап, іргесі
ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік,
шағатай, парсы әдебиетінен хабары,мол арабша білігі, мәдениет парасаты
жоғары Әуезовті "Әуке аға", Үлкен қожа деп атаған. Абайдың: Үлкен кожа —
ортан қол, өзгелері — атыжоқ пен шынашақ " деп қадай көрсетуі, Әуезов
тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек. Өз кезегінде,
Әуезов Де Абай өлендерін құмарта тыңдайтын кағазға түскен тың
дүниелерімен алғаш танысып ашык пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі
болған. Ол немересі Мұхтарды кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына
деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмір-баянында: "Бес-алты
жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды.
Оқуға жараған-жарамағанымды сынамақ екен, "р" дыбысы бар сөздерді айтқыза
бастады. Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, кара танимын дегенді ойыңа да
алмайсың... Өйткені, ең алғашқы сабақ Құранның "Бісмилләхи рахман
иррахим..." деген сөздерін жаттаудан басталады... Атамның маған көңілі онша
болмадыау дейім, келесі күні тағы алды қасына... Қолындағы қалың қолжазбаны
көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған
кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі,
бірінен бірі өткен киын... Бұл кітап—Абай өлендерінің жинағы еді" деп
жазады (М. Әуезов, 20 томдық шығармалар жинағы, Абай, 1979, 1-том, 60-бет).
1917 ж. 7 маусымда Ойқұдықта "Еңлік — Кебек" пьесасының қойылымын тұңғыш
тамашалаған Әуезов өнер туындысына риза болып, бата берген. Әуезов өзінің
өсиеті бойынша, Құнанбай әулеті зиратына жерленген.
"Қазақстаннан Әуезов —екінші Абай"

Николай Погодин
Салыстыру атаулының бәрі сәтті бола бермейді. Десе де, Погодиннің
метафорасында бірсыпыра шындық бар: Абай да, Мұхтар Әуезов те — жомарт
табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын бір-туарлары, халқымыздың
парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптар, саф таза сұлу, айрықша оқшау
қүбылыстар. Айтты-айтпады, казақ әдебиетінің XIX ғасырдағы аскар белі —
Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі — Әуезов. Әдебиетке ең катал сыншы, ең әділ
төреші уакыт десек, сол уакыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.
Жол басы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов бұрынғы Семей облысының Абай ауданында
(кезіндегі Шыңғыс болысы) 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі
Омархан, атасы Әуез — екеуі де хат танитын сауатты, бала тәрбиееіне салғырт
қарамайтын сарабдал, саликалы адамдар Оның үстіне Әуез де, Омархан да
Абаймен кеңілдес, ауылдары іргелес, сондықтан ақынның айналасымен аралас-
кұралас тіршілік кешіпті. Мүның езі Мұхтардың қаламгерлік қызметінде, керек
десеңіз, тіпті, бүкіл таланты мен талайында шешуші рөл атқарған.
1904 жылы дүниеден Абай кетіп, "қазақ поэзиясының күні тұтылған"
тұста, жетіге жаңа толған жас Мұхтардың күллі ұлт мәдениетіне ұлы тұлға,
алтын діңгек болар болашақ алып суреткер екенін, әлбетте, ешкім біле қойған
жоқты. Енді ойлап қарасақ, Абай мен Мұхтардың бұл әдеби жалғастығында
Пушкин мен Лермонтовтың рухани туыс-тығындай бір тамаша тұтастык бар екен.
Асылы, шын мөніндегі шынайы таланттың әдебиетке, яки өнерге келу
тарихыңда жалпыға ортақ табиғи заңдылықпен қатар, өзгеге ұқсамайтын оқыс,
оқшау құпиялар да болады. Бұл ретте бала Мұхтардың алғашқы сауатын әдеттегі
әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мұрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері
арқылы ашуы — арнайы назар аударарлық нәрсе!..
Он бір жасында әкесі қайтыс болады да, Мұхтар ауылдан қалаға — немере
ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім
жолындағы біршама үзақ (1908—1930) сапары басталады. Алдымен, Семейдегі
орыс гимназиясында бес жыл, мұғалімдер даярлайтын семинарияда төрт жыл
оқиды.
Бұл Мұхтардың алаңсыз кітап соңына түскен — орыс әдебиетімен, Батыс
Еуропа классикасымен етене, кең және терең танысқан жылдары еді. Өзі де сөз
өнеріндегі алғашқы адымын осы тұста бастап, қысқа-қыска елең, шағын-шағын
әңгімелер жазып жүреді. Оқуда өте ынталы, қабілетті, ізденгіш, еңбекқор,
озат шәкірт болады. Семинарияда орыс тілінен сабақ берген Василий Попов бұл
туралы былай депті:
— Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың
денесі сыптай түзу, киімі тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере
қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл түнып тұр... Қадір-
қасиеті өз ортасынан озгеше белек осы жігіт орысшаға өте-мете жетік; ал
эрудициясына бөріміз таң калатынбыз.
Бұл Қазан төңкерісінен кейін дүниеге келген жаңа өкіметтің алғашқы
жылдары еді. Мұхтар Әуезов қаламгерлік еңбекпен қатар бірнеше жыл қоғам
өміріне араласып, әуелі Семей облыстық кеңесінде, кейін Орынбордағы
Қазақстан Орталық атқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің зерттеушісі Мұхтар Әуезов
МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВ 1897-1961 жж
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтат Әуезов өмірі, қазақ әдебиетінің негізін салушы
Мұхтар Әуезов (1897 - 1961 жж)
Мұқтар Әуезов
Мұхтар омарханұлы әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
Пәндер