Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары

Әйел бақыты - қоғам айнасы

Елбасы Н. Назарбаев: “Қоғамның даму барысын өмірде - нәзік, көңілде - биік, ал істе - мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес”, - дейді.

Президенттің кешегі сайлаудағы жарқын жеңісі - тілеуін тілеп отырған миллиондаған аналардың, апалардың, қарындастардың да ойындағысының орындалғаны.

Жексенбі күнгі Президент сайлауында біздің институтымыздың ұжымы ерекше ауызбірлік, ұйымшылдық танытты - студенттер мен аспиранттар, жас оқытушылар тұратын жатақханалар қарайтын сайлау учаскесінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевты жақтап 94 пайыз дауыс берілді.

Осы жағдай мені қатты толқытып, қолыма шұғыл қалам алдыртып отыр. Жалпы, еліміз бойынша сайлау ерекше жауапкершілікпен, үлкен өрлеумен өтті ғой. Соның өзінде де біздің Қазақтың қыздар педагогика институтындағы көңіл-күйдің бөлекше болуының сырына ой көзімен үңілгенде мен Елбасымыздың халқымыздың әйел-анаға, қыз балаға деген құрметін бойына сіңірген қасиетін алдымен еске аламын. Бұл қамқорлық дәл сайлау қарсаңында Президенттің “Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы” Жарлыққа қол қоюынан да тамаша танылды.

Көне Күлтегін ескерткішінде: “Азды көп еттім, ашты тоқ еттім” деген сөз бар. Қарап отырсаңыз, сонау ықылым заманнан-ақ жер мен елге ие болған батырлар мен даналар өз заманының ерлік, елдік салты ұрпақ жадында мәңгілік сақталуын да мұрат еткен сияқты. Тасқа жазылған жазулар, ауызша тараған батырлық дастандар мен аңыз әңгімелер соның куәсі іспетті. Биылғы тамызда 300 жылдық мерейтойы тойланған Райымбек бабамыздың да ерлік рухының бүгінгі ұрпаққа жеткені соның айғағы болса керек.

Райымбек бабаның өткелсіз Іледен аман-есен өткені де, жап-жас ноян батырдың қалың қолды басқарып, жауға ұрыс салғаны да тарихта айтылған. Сонымен бірге, батыр баба күш-қайратымен ғана емес, ақыл-парасатымен, әділ төрелік-билігімен де ел басқарған еді.

Райымбек елін жаудан азат еткен батыр, әрі өзі азат еткен елінің болашағын ойлаған, болжап білген әулие адам.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Райымбек баба туралы ақ жарыла айтқан сөзін естігенде осындай ойға қалдым. Нұрекең: “Жасырмаймын, мен де Райымбек сияқты әулие бабалардың шапағаты шалған адамдардың бірімін. Әкем мен шешем үй болғаннан кейін он жыл бала көтермепті. Бір шикі өкпеге зар болып жүргенде ауыл адамдарының бірі Райымбек батырдың зиратына барып түнеуге кеңес беріпті. Құдайдан шын тілесең, осы түбі саған әулиелер аян беруге тиіс, депті анамызға. Екеуі зират басына түнеп шығады, шешем түс көреді. Түсінде терең судың түбінен мылтық тауып алады. Осыны жақсылыққа жорып, екеуі риза болып қайтыпты. Содан кейін дүниеге мен келдім”, - дейді.

Міне, ата-ананың аппақ тілегімен, әулие Райымбек бабаның рухының желеп-жебеуімен өмірге келген ұл Райымбектің жолын ұстады. Халқын қолына алды, өткелі жоқ тоқыраудан елін аман алып шықты. Ол - қазақ деген халықты әлемге танытқан, көрегендігімен, ақыл-парасатымен өркениетті елдермен иық тірестіруге жеткізіп, құрмет-беделге ие болған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Әулие-батырдың рухы жебеген Нұрсұлтан Әбішұлы баба үмітін ақтап келеді.

Қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған өзгерістер осы 14 жылда болды. Ғасырға жүк болар жұмыс істелінді. Мемлекеттің бүкіл саяси-экономикалық құрылымы өзгеріп, оның рәміздері қабылданып, ел іргесі бекітіліп, шекарасы анықталды. Дүниежүзілік қоғамдастықта салмақты сөзі бар, Еуразияның кіндігінде гүлжазира мекені бар мемлекетке айналғанымызды басқалар да мойындады. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екеніне ешкім дауласа қоймас.

Он төрт жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Алайда, әрқайсымыз осы кезеңде талай оқиғаны бастан кешірдік, мемлекетімізбен бірге есейдік.

Мен осы мақалада қысқа мерзімде елімізде әйел және отбасы жағдайын жақсартуға бағышталған мемлекеттік саясатты қалыптастырудың түп негізінде Елбасы тұрғаны туралы өз ойымды ортаға салғым келеді.

Осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөніндегі кеңес құрылған-тын. Кейін ол Президент жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық кеңес болып, статусы жоғарылады. Мұндай консультативтік кеңесші орган ТМД елдерінің ешқайсында жоқ. Оның негізгі міндеттері: әйелдердің еліміздегі саяси үрдістерге белсене қатысуына қолдау жасау; әйелдің экономикалық қызметін жандандыра түсу; әйелдерге тұрмыста зорлық-зомбылық жасалуына қарсы күрес; әйелдердің денсаулығы мен отбасы жағдайын жақсарту.

Әйелдердің жағдайы жөніндегі ІV Бүкілдүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 ж. ) іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен “Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары” қабылданды. Әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен рөлін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындауда ұзақ мерзімге бағытталып, 12 басымдықты қамтыған бұл жоспардың маңызы зор болды.

Тәуелсіздік жылдарында әйелдер мен отбасы мәселелеріне байланысты бұрын-соңды болмаған заңнамалық базаны нығайту қолға алынды.

Қазақстан “Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы” БҰҰ конвенциясына кірді және оның Факультативтік хаттамасын бекітті. Осы Конвенция шараларының орындалуы жөнінде еліміз есеп беріп отырады. БҰҰ сарапшылары Конвенцияның орындалуы мен гендерлік теңдікке қол жеткізуімізде Қазақстанда прогресшіл өзгерістер болып жатқанын атап айтты.

Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 490-құжат

Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарының 6. 7. 3. -тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы мақұлдансын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1190 қаулысымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасындағы
гендерлік саясат тұжырымдамасы

Астана қаласы, 2003 ж.

Кіріспе

2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiкті қолдау болып айқындалған.
Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" (2000 ж., маусым) XXIII арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы Үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құғықы мен еркiндiгiн белгiлейдi.
Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына ғол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жағсарту жөнiндегi ұлттық
iс-қимыл жоспары, әйелдерге қатысты кемсiтушіліктiң барлық нысандарын жою туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы, ол конвенцияның Қазақстанда орындалуы жөнiнде БҰҰ-ның ұсыныстары, басға да бекiтiлген халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң негiзiнде әзiрлендi.
Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат Тұжырымдамасы халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы тұрақталуының және ел экономикасының орнықты дамуының (2010 жылға дейiн) қазiргi кезеңiне, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi перспективаға (2030 жылға дейiн) есептелген.

Әйелдерге қатысты мемлекеттiк саясаттың негiзгі басымдықтары бойынша Қазақстандағы қазiргі заманғы гендерлiк ахуал

Қазақстан тәуелсiздiгi жылдары Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жөнiнде үлкен жұмыстар атқарылды.
1998 жылы Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. Осы конвенцияға факультативтiк хаттама бекiтiлдi, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы конвенцияның орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп бердi, бұл есепке оң баға берiлдi. БҰҰ-ның "Әйелдердiң саяси құқығы туралы", "Тұрмыстағы әйелдiң азаматтығы туралы" конвенциясы, Халықаралық еңбектi ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның iшiнде "Бiрдей еңбек еткенi үшiн ерлер мен әйелдердi тең марапаттау туралы" конвенциялар бекiтiлдi.
Отбасы, әйелдер және балалар проблемасын шешу үшiн 1995 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөнiндегi кеңестi құрды. Кеңес Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсартудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасын әзiрледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмiмен мақұлданды.
1998 жылы Кеңес Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) болып қайта құрылды. 1999 жылы Ұлттық комиссия тұңғыш рет Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Қазақстан Республикасындағы еркектер мен әйелдердің тең құқықтары және тың мүмкіндіктері туралы заң

Мен Үкімет комиссиясының мүшесі емеспін. Комиссия ресми түрде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деп аталады. Комиссияның негізгі міндеттері - ол: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау; мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерін қорғау, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын іске асыру, экономикалық салада гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еңбек қызметін үй шаруасы міндеттерімен және бала тәрбиесімен ұштастыру жөнінде отбасы мүшелеріне жағдай жасау, отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізу, ерлердің, әйелдер мен балалардың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу, отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбірімен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін енгізу, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, гендерлік теңдіктің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.

Бүгінгі күні, Қазақстан Республикасы Парламенті жанынан да «Отбасы» депутаттық тобы құрылып, ол өз жұмысын осы Комиссия мен тығыз байланыстыруда.

2. Жалпы, республика бойынша отбасында әйелдер құқы сақталмауы туралы қанша дәйек бар? Осы көрсеткіштің Атырау облысы бойынша арасалмағы қандай? Және соңғы жылдардың дәйектерін салыстыруға болама?

Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Мысалға, 2003 жылы 118 мың қылмыс тіркелген, олардың 25 мыңнан астамы, әйелдерге қатысты, 501 әйел өлтіріліп, 362 әйел ауыр дене жарақаттарын алған, 1, 2 мың әйел зорлаудың құрбаны болған, 1, 4 мың әйел таяқ жеп, азап шеккен. 2004 жылы әйелдерге қатысты зорлықпен күрес бойынша дағдарыс орталықтарының саны 30-ға жетті. Соның ішінде 7-і Атырау облысында Орталықтардың сенім телефонына 27 мыңнан аса хабарласу түскен. Қоңыраудың ең көп саны дене (22%) және психологиялық (17%) зорлыққа байланысты түскен. 20 жасқа дейінгілер арасында зорлықтың құрбаны болғандардың жоғары үлесі Атырау (56%) және Оңтүстік Қазақстан (32%) облыстарында.

Мысалы, Қазақстанда 15 млн. аса халық тұрады, олардың арасындағы әйелдердің саны еркектерге қарағанда жарты миллиондай көп. Ел халқының 30% астамы 60 жасқа дейін өмір сүрмейді, олардың көпшілігі ерлер. Әйелдер зейнетақы алатындардың 70% құрайды, әрбір бесінші зейнеткер әйел -төрт және одан көп баласы бар ана. Әйелдер ерлерге қарағанда 1, 6 есе аз табыс табады, тиісінше, зейнетақы аударымының мөлшеріндегі гендерлік айырмашылық өте жоғары. Әйелдердің декреттік демалыстарына ақы төленбеуі, осы кезеңдегі зейнетақылық аударымының болмауы және ерлерге қарағанда зейнетке шығу жасы мен зейнет ақыны есептеуге қажетті жұмыс стажының төмендігі еркектерге қарағанда әйелдердің зейнетке шығу кезінде зейнетақылық жинақорларының мөлшерінің аз болуына алып келеді. Елдегі он екі адамның біреуі жұмыссыз, олардың араларында әйелдер көпшілік. Әйелдер саяси партиялардың қызметіне, әсіресе олардың басшылығына, жеткіліксіз тартылған. Шешім қабылдаудың жоғарғы деңгейлерінде әйелдердің өкілеттілігі жеткіліксіз. Парламент депутаттарының арасында олар 11 кісі, немесе барлық депутаттар санының 9, 5%. Мәжілісте 8 әйел (10, 4%) облыстық маслихаттарда - 17, 1%, орталық аппараттардағы саяси лауазымдарда 18, 3%. Қазіргі кезде ҚР Үкіметінің 15 министрінің 4 әйел (27%) . Бұл көрсеткіш Скандинавия елдерінің деңгейінен төмен, бірақ 17 министрдің араларында бірде бір әйел жоқ Ресейден жоғары. Сонымен қатар әйелдер елдегі кәсіпорындар мен мекемелердің тек қана 24% пайызын басқарады.

Қазақстандағы соңғы жылдардағы әлеуметтік жөне экономикалық өзгерістер ерлер мен әйелдердің қоғамдағы рөлдерінің арақатынасы туралы екі қарама-қарсы - консервативтік және тең құқылық көзқарастардың белсенделуімен сипатталады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына берілген маңызды жауап қоғамдағы гендерлік рөлдердің түбегейлі өзгеруі болды. Көптеген әйелдер отбасының экономикалық тірі қалуы мен әлеуметтік-психологиялық өзін өзі сақтап қалуы жөніндегі жауапкершілікті өз мойындарына артып, қосымша асыраушылардан отбасының негізгі асыраушыларына айналды. Мысалы, ерінен табысты көп тапқан немесе тіпті күйеуі жұмыссыз болса да, әйел өзінің оны және балаларын күту жөніндегі дәстүрлі міндеттерінен боспын деп сезіне алмайды, ал күйеуі болса, отбасы мен қоғамның дәстүрлі үлгісінің бұлжымайтындығына сүйеніп, теңсіздік қатынастар тәжірибесін жалғастыра береді.



Өнегелі отбасы - мемлекет тірегі
Дата: 29. 09. 2008
Тема:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
«Гендер» ұғымы
Әйел құқығын қорғау
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Гендерлік социология
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz