Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдалану
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылған диссертациялық зерттеу қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіруді ақпаратпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеуде қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдалануды құқықтық реттелуін жетілдіру шаралары бойынша ұсыныстар жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасыр тарихқа ғылыми – техника және технологиялық дамумен байланысты үлкен өзгерістер кезеңі ретінде кірді. Техниканың және технологияның дамуы қылмыстың жаңа түрлерін, қылмыс жасаудың жаңа әдіс тәсілдерінің туындауына ықпал етеді. Тиісінше аталған қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісі үшін құқық қорғау органдарымен қылмыстарды жедел іздестіруді ақпаратпен қамтамасыз ету процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету дәрежесін жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясына Конституциясының 1-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды" [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2011 жылы Қазақстандықтарға арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама - қайшы іс - әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатал түрі қолданылсын» - деп атап өтті [2].
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақталуы маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін жүйені күшейту, адамның жеке өміріне қол сұқпауды, жедел іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ету қажет» - деп жазылған[4].
Ресми статистика соңғы жылдары жалпы қылмыстың тұрақсыздық тенденциясын байқатады. Республика бойынша 2008 жылы жалпы 143550 қылмыс тіркелсе, 2009 жылы олардың саны 146347 жетіп, 1,9 пайызға өскен ал, 2010 жылы 141271 қылмыс тіркеліп -3,5 пайызға төмендегендігін байқаймыз [5, 177 б.]. Дегенмен де, қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесі жоғары екендігін айта кеткен жөн.

1. ҚР Констиуциясы, 30 тамыз, 1995 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»: Егемен Қазақстан, 2001-28 қаңтар
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, 2009 жылы 17 шілде
4. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы: 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығы
5. ҚР Құқықтық статистикасы, Алматы, 2010ж.- 177 б.
6. Гродзинский М.М. Кассационное и надзорное производство в советском уголовном процессе. – М.: Госюриздат, 1949. – 222 с.
7. Защита прав потерпевшего в уголовном процессе. Сравнительное исследование / Отв. ред. А.М. Ларин. - М.: Наука, 1993. - 245 с.
8. Строгович М.С. Материальная истина или судебная доказательство в уголовный процесс, М., 1975, С. 118
9. Алексеев Н.С., Даев В.Г., Кокорев Л.Д. Очерк развития науки советского уголовного процесса. Воронеж, 1980. С. 256
10. Г. М. Миньковский Уголовный процесс:Учебник для студентов юридических вузов, М., 1998, С. 112
11. Төлеубекова Б.Қ., Қапсәләмов Қ.Ж. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы//Алматы, 2002, 79 б.
12. Ратинов А. Р.. Курс советского уголовного процесса. М., 1970, ІІ том, С. 84
13. Фаткуллин Ф.Н. Обвинение и защита по уголовном делам, Казань, 1976, С. 199
14. Джатиев В.С. Вопросы судопроизводства и судопроизводства в новом уголовно-процессуальном законадательстве. М.,1969. С.77
15. Дәулетов А. А Уголовный процесс: Учебник. А.., 2003 С. 57
16. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы: «Жеті Жарғы», 2007
17. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы
18. А. И. Винберг, Р. С. Белкин Уголовный процесс: Учебник. М.: Юрист, 1995, С. 234
19. Салаев Б., Әмитов Ш. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы, Алматы: «Жеті Жарғы», 2005, 34 б.
20. М. С. Строгович Курс советского уголовного процесса. М., 1970, І том, С. 217
21. Уголовный процесс. / Под ред. Пертухина А. Москва 1997.С. 159
22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Ерекше бөлім, Алматы: «Жеті Жарғы», 2003, 114 б.
23. Вышинский А. Я. — Теория судебных доказательств в советском праве. М.: Юр. изд-во НКЮ СССР, 1941. С.180-181
24. Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Алматы, 2000. 254 б.
25. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы, 2007.118 б.
26. Төлеубекова Б.Қ., Қапсәләмов Қ.Ж.т.б. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы//Ерекше бөлім, Алматы, 2002. 423 б.
27. Қазақстан Республикасының Жедел-iздестiру қызметi 2003.03.29. N 424 Заңы
28. Қазақстан Республикасының Жедел-iздестiру 2001.03.16. N 163 Заңы
29. Қазақстан Республикасының Жедел-iздестiру қызметi 2000.03.29. N 42 Заңы
30. Доля Е.А. Использование в доказывании результатов ОРД. - М.: Спарк, 1996.- С. 111
31. Доля Е.А. Проверка доказательств в российском уголовном процессе (стадия предварительного расследования). //Правоведение. -1994. -178
32. Шейфер С.А. Использование процессуальных мероприятий в доказывании по уголовному делу //Государство и право. - 1997. - № 9. –С. 89
33. Шейфер С.А. Доказательства и доказывание по уголовным делам: проблемы теории и правового регулирования. - Тольятти, 1998.С. 456
34. Словарь иностранных слов. М. 1990. С. 426)
38. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 2007 ж.
39. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. Алматы,1997. С. 224
40. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследования и применения мер процессуального принуждения. Караганда, 2000. С. 117
41. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы тұлғаларға «Жедел-іздестіру туралы» ҚР Заңы
42. «Ішкі істер органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы
43. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығы
44. Болотин С.В. Орган дознания в системе уголовно-процессуальных правоотношений: Дис., д.ю.н. , М.,1990.стр.79
45. Галкин Б.А. Советский уголовно - процессуальный закон.М.1967.С. 56

УДК 342.122.006.354 (47+57) Қолжазба
құқығында
Ахметбеков Рустам Дулатович
Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын
пайдалану
6N0301-құқықтану мамандығы
Құқық магистрі дәрежесін алу
үшін дайындалған диссертациясының
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Астана, 2011
Жұмыс Қазақ гуманитарлық заң университетінің, Қылмыстық іс-жүргізу және
криминалистика кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: заң ғылымдарының кандидаты
Копбаев Д.З.
Ресми оппонент: заң ғылымдарының докторы, профессор
Ахпанов А.Н.
Қорғау 2011 ж. _____ __________ күні сағат _____ Қазақ гуманитарлық заң
университеті диссертациялық кенесінің отырысында өтеді. Мекен жайы:
Қазақстан республикасы, 010000, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.
Диссертациямен және авторефератпен Қазақ гуманитарлық зан университетінің
ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2011 жылы ------ --------------- таратылды.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылған диссертациялық зерттеу қылмыстық
істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіруді ақпаратпен қамтамасыз
етудің өзекті мәселелеріне арналған. Диссертациялық зерттеуде қылмыстық
істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдалануды
құқықтық реттелуін жетілдіру шаралары бойынша ұсыныстар жасалынды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасыр тарихқа ғылыми –
техника және технологиялық дамумен байланысты үлкен өзгерістер кезеңі
ретінде кірді. Техниканың және технологияның дамуы қылмыстың жаңа түрлерін,
қылмыс жасаудың жаңа әдіс тәсілдерінің туындауына ықпал етеді. Тиісінше
аталған қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісі үшін құқық қорғау
органдарымен қылмыстарды жедел іздестіруді ақпаратпен қамтамасыз ету
процесін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету дәрежесін жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясына Конституциясының 1-бабына
сәйкес "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам
және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды" [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2011 жылы
Қазақстандықтарға арнаған Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз
ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән
берілсін және заңға қарама - қайшы іс - әрекет жасайтындарға билік пен
заңның ең қатал түрі қолданылсын - деп атап өтті [2].
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28
тамыздағы N 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010
жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасында: Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде
заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақталуы
маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына кепілдік беретін жүйені күшейту, адамның жеке өміріне қол
сұқпауды, жедел іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз
пайдаланғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ету қажет - деп жазылған[4].
Ресми статистика соңғы жылдары жалпы қылмыстың тұрақсыздық тенденциясын
байқатады. Республика бойынша 2008 жылы жалпы 143550 қылмыс тіркелсе, 2009
жылы олардың саны 146347 жетіп, 1,9 пайызға өскен ал, 2010 жылы 141271
қылмыс тіркеліп -3,5 пайызға төмендегендігін байқаймыз [5, 177 б.].
Дегенмен де, қылмыстық құбылыстардың латенттік дәрежесі жоғары екендігін
айта кеткен жөн.
Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-
ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар өз құзыретi
шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан
Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге
асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару
шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық

зерттеуге бірқатар жұмыстар арналды. Атап айқанда, өткен жүзжылдықтың
ғалымдары – А.И. Винберг, С.М. Потапов, П.С. Семеновский, Н.В. Терзиев,
Б.М. Шавер, И.Н. Якимов – қылмыскерлерді тіркеудің жаңа тәсілдерін өңдеуге
және негіздеуге ерекше назар аударды. Соңғы жылдары қылмыстық іс
жүргізудегі дәлелдеу үрдісінің проблемаларын шешуге өздерінің ғылыми
зерттеулерін ғалым – А.Ф. Аубакиров, Э. Анушат, Р.С. Белкин, Б.М. Бишманов,
А.В. Брылевский, А.Н. Васильев, Р.Е. Демина, С.Е. Еркінов, Е.Ғ. Жәкішев,
Г.А. Зорин, А.А. Исаев, В.В. Крылов, Қ.М. Кучуков, А.М. Ларин, И.М. Лузгин,
Н.Н. Лысов, В.М. Мешков, М.А. Миловидова, Н.Е. Мещеряков, Б.М. Нұрғалиев,
В.А. Образцов, Н.С. Полевой, В.И. Титов, Б.Х. Толеубекова, А.Д. Урсул,
Ю.И. Черняк, В.Ю. Федорович, А.М.Ишин, М.Н. Хлынцов, У.Р. Эшби,
А.Ж. Шпекбаев, С.А. Ялышев, Н.П. Яблоков және тағы басқа ғалымдар арнады.
Жедел-іздестіру теориясының іргетасын қалаушылар ретінде
Б.А. Абдрахманов, А.И. Алексеев, А.И. Богданов, Б.Е. Бобров,
Д.В. Гребельский, А.Г. Лекарь, В.А. Лукашов, С.С. Овчинский, Г.К. Синилов,
Қ.Ш. Уканов және басқа да ғалымдарды атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасында қарастырылып отырған проблема бүгінгі күнге
дейін өздігінше монографиялық тұрғыда зерттеу заты ретінде болмады.
Жоғарыда аталып көрсетілген және басқа да авторлардың еңбектерінде құқық
қорғау органдарының қылмысқа қарсы қызметтерін ақпараттық талдаумен
қамтамасыз етудің жалпы ережелері немесе бұл проблеманың жекелеген
аспектілері мазмұндалған. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел
іздестіру ақпараттарын пайдалану проблемаларын кешенді жан-жақты қамтылуын
қарастырған еңбектерден толық байқалмай отыр. Осыған орай құқық қорғау
органдарының қылмысты дәлелдеу үрдісін ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету
барысын ары қарай ғылыми өңдеуді және теориялық негіздеуді талап ететін
көптеген даулы ережелер туындауда.
Диссертациялық зерттеу мақсаты. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу
үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдаланудың түсінігі мен
белгілерін анықтау, қылмыстық оқиғалар салдарынан жедел іздестіру
ақпараттарын пайдалану қызметін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар
жасау.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы бар органдар мен тұлғалар жөніндегі мәселе
айтарлықтай маңызды мәселе болып табылады. ҚР ҚІЖК қылмыстық процесті
бастау және қылмыстық істі қозғау құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар
тізбесін белгілейді. Оларға дәлелдемелер және дәлелдеу (ҚІЖК-нің 115-123
-баптары) жатады, зерттеу жұмысының басты мақсаты осы мәселені анықтау
болып табылады.
Зерттеудің міндеттері Диссертациялық зерттеу келесідей міндеттерді
алға қоюды және шешуді ұсынады:
- делелдеудің ұғымын, түрлерін, қызметтерін қарастыру;
- Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің түсігінігі, мағынасы зерттеу;
- Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің шегі мен пәнінің арақатынасын
зерттей отырып, тақырыптың мәнін ашу;
- қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру
ақпараттарын пайдаланудың қарастыра отырып, тақырыпты зерттеу;
– ақпарат туралы түсініктің генезисі және қылмыстық істер бойынша
дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру ақпараттарын пайдалануда өзара
әрекеттестікті қарастыруды;
– қылмыстық істер бойынша дәлелдеу түсінігін ашуды және талдауды, оның
методологиялық негіздерін өңдеуді;
– ақпараттың және құқық қорғау органдарын ақпараттық қамтамасыз етудің
түсінігін және мазмұнын құруды зерттеу.
Зерттеудің объектісі болып екі өзара қылмыстық істер бойынша дәлелдеу
әрекеті: яғни, бұл бір жағынан ақпараттық аспектіде қарастырылатын
қылмыстық әрекет, ал екінші жағынан-қылмыспен күреске бағытталған құқық
қорғау органдарының тіркеу қызметі табылады.
Зерттеудің заты ретінде қылмыстық оқиғаға қатысы жедел іздестіру
ақпараттарын қолдану заңдылықтары және осы заңдылықтарға негізделген
қылмыстарды дәлеледеу қызметті ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің
құралы, әдістері, тәсілдері жатқызылады.
Зерттеудің методологиялық негіздері. Зерттеудің методологиялық негізін
әлеуметтік-құқықтық процестер мен құбылыстарды талдаудың жалпығылыми және
жеке диалектикалық таным әдісі құрайды. Сонымен қатар, логикалық, жүйелік-
құрылымдылық, әлеуметтік-құқықтық талдау, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің
арнайы әдістері, бақылау тәсілдері, сауалнама жүргізу, кеңейтілген және
статистикалық сипаттық әдістері қолданылады.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасының
Конституциясы, ҚР қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР – ң
Прокуратура туралы, жедел іздестіру қызметі туралы заңдары, нормативтік
қайнар көздер (Заңдар, Президент Жарлықтары), Қазақстан Республикасының Бас
Прокуратурасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
ведомствалық нормативтік актілері құрайды.
Зерттеудің теориялық негіздері ретінде Б.А. Абдрахманов,
Е.О. Алауханов, В.Г. Афанасьев, Т.Т. Балашов, Р.С. Белкин, А.И. Берг,
Б.М. Бишманов, А.Н. Васильев, А.И. Винберг, А.Я. Гинзбург, В.М.Глушков,
Л.Я. Драпкин, Н.П. Дубинин, И.Н. Евсюнина, С.Е. Еркінов, Е.И. Зуев,
Г.Г. Зуйков, А.А. Исаев, А.П.Ипакян, Е.П. Ищенко, Ю.Х. Калмыков,
Л.М. Карнеева, Ю.М. Козлов, Л.Д. Кокарев, Е.І. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов,
Н.С. Малеин, С.Э. Мерзляков, Б.М. Нұрғалиев, А.Ю. Пересункин, Н.С. Полевой,
Д.П. Рассейкин, Е.Р. Россинская, Г.Р. Рустемова, Б.А. Салаев,
П.С. Семеновский, А.П. Суханов, Б.Х. Төлеубекова, және т.б. жұмыстары
қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Жүргізілген зерттеудің
жаңалығын сипаттаушы тезистерді негіздеу, қорғауға ұсынылатын келесідей
қағидалы тұжырымдар жинақтау мен қалыптастыруға мүмкіндік берді.
1. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру
шараларының нәтижелерін қолдану мәселелерін заңды тұрғыдан реттеу керек.
2. Қылмыстық процестің тиімділігі мен жеделдігін арттыру үшін бұл
тәртіпті ең алдымен дәлелдерді іздеп табуда, бекітуде және бағалауда аса
күрделілігін тудырмайтын істер бойынша жүргізіп, алдын-ала тергеу жүргізу
міндетті емес және анықтау жүргізумен шектелетін істердің тізбесін кеңейту
керек.
3. Қылмыстық іс қозғалмай және қозғалғаннан кейінгі жиналатын жедел
іздестіру қызметінімен жүргізілетін дәлеледемелерді анықтау.
4. Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел іздестіру
ақпараттарын пайдаланудың жолдарын жақсартуды қарастыру керек.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және он
бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.
Зерттеу нәтижелері келесі ғылыми конференцияларды ұсынылды:
1. Ахметбеков Р.Д. Понятие и виды информации, используемой в процессе
расследования преступленийМатериалы республиканской научно-практической
конференции молодых учёных (докторантов, магистрантов и соискателей)
Казахстанский путь развития:20 лет независимости 26 марта 2011 года.-
Астана, КазГЮУ, 2011.- С.183-186.
2. Ахметбеков Р.Д. Собирание и исследование электронной информации
Материалы республиканской научно-практической конференции молодых учёных
(докторантов, магистрантов и соискателей) Казахстанский путь развития:20
лет независимости 26 марта 2011 года.- Астана, КазГЮУ, 2011.- С.186-187.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу тақырыбының өзектілігі
жұмыстың зерттелу деңгейі, зерттеудің объектісі, зерттеудің заты,
зерттеудің методологиялық негіздері, зерттеудің нормативтік-құқықтық
базасы, зерттеудің теориялық негіздері, қорғауға ұсынылатын негізгі
тұжырымдар және жұмыстың құрылымы баяндалады.
І – бөлім Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісіндегі жедел іздестіру
қызметінің жалпы сипаттамасы деп аталып, үш бөлімшеге бөліп қарастырылды.
Бірінші бөлімшеде Қылмыстық процестегі дәлелдеу, дәлелдеме ұғымы және
жедел іздестіру қызметі арқылы дәлелдемелерді жинау тәсілдері анықталды.
Дәлелдеу үрдісі мәнісін философиялық түсіну кең ауқымды мағынасындағы
дәлелдеме ұғымымен жанама түрде байланысты. Мұндай айқындама жағдайында
қылмыстық іс жүргіздің дәлелдеме ұғымының мәнісі философиялық көзқарас
тұрғысынан тар мағынадағы дәлелдеме ұғымына сай келеді. Дәлелдеме
(объектілер) және дәлелдеу (іс-қимыл) деп процессуалдық бөлудің
мағыналылықтан гөрі әдістемелік мәні бар. Міне, сондықтан біз іс жүргізудің
дәлелдеу ұғымына барабар ретінде кең ауқымды мағынасындағы дәлелдеменің
философиялық ұғымын қолданамыз.
Кез келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығын және тиісті ғылым
шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда, дәлелдеу тұтас
алғаңда былай қылмыстық процестен оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеу
теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайгыны түсінікті.
Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан".
Сонымен, заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы
құрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы
өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші
болып табылады.
Дәлелдеме бойынша дәлелдеу құқығын дәлелдемелерді жинақтаудың,
тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын, тәртібін, шектерін және
құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларының жұйесі,
сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қолдану органдары
қорытындыларының негізділігі мен дәлелділігі деп түсіну керек.
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін
тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан
көрінеді:
- дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық
іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан тұрады;
- аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығынан реттеу тәсілдері
қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға,
тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен шықпайды, ягаи
дәлелдеу құқынының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларьшың
құрамдас бөлігі болып табылады;
- дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқынының
мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес
келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот
әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
- қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы
сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған
бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу кұкығындағыдай болып
келеді;
- дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты
болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді
қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң
ыкпал етуінің негізі болып табылады;
- дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс
жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге
дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу
құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.[11, 79 б.]
Қылмыстық процессуалдық қызмет ретінде дәлелдеудің мақсаты объективтік
шындыққа қол жеткізу болып табылады. Объективтік шындыққа қол жеткізу
танымның жалпы және жеке әдістерін қолдануға негізделген. Жалпы әдістердің
негізіне логикалық заңдар жатады, бұл қатысты емес заңдар барлық және
қарама-қайшы нәрселерді алып тастайды. Іс бойынша мәні бір фактілер мен мән-
жайларды табудың, бекітудің, зерттеудің және анықтаудың нақты әдістерінен
көрінетін танымның жеке әдістері өзінің мынадай түрлерімен ерекшеленеді:
- негізінен танылуы қажет тақырыптың сыртқы белгілерін анықтауға
есептелген бақылау мен сипаттаудың тәжірибелік әдістері;
- суретке түсіру, киноға түсіру, видеожазба және т.б. арқылы арнайы
химиялық-технологиялық құралдарды пайдалануға байланысты жасалған қылмыстық
әрекеттің материалдық белгілерін және сыртқы жай-күйін табу мен тіркеудің
ғылыми-техникалық әдістері;
- зерттеу объектісінің сандық сипатын алу үшін арнайы құрылғылардың
көмегімен немесе оларды қолданбастан өлшеу мен есептеудің математикалық
әдістері;
- Іс бойынша дәлелдеу материалдарының сапасы мен маңызын анықтау үшін
қолданылатын ақпаратты (талдау, жинақтау, тендестіру) өндеудің логикалық
әдістері;
- сот-медициналық кибернетикалық, графикалық, психологиялық және өзге
де ғылыми құралдар көмегімен жүзеге асырылатын модельдеудің, өндеудің және
қайта құрудың әдістері;
- белгілі бір материалдық объектілердің және олардың бейнеленуінің
ұқсастығы туралы мәселені шешу үшін жүргізілетін криминалистік тендестіру
әдістері;
- қылмыстық істің белгілі бір мән-жайының деректерін тәжірибе жолымен
алуға мүмкіндік беретін экспериментальдық әдістер.
Дәлелдеудің негізінде іс бойынша ақиқатты анықтауға жататындығы туралы
жағдайды мойындау ақиқатты табу процесіңдегі танымның орнын білуді
объективті түрде талап етеді.
Профессор Б.Х. Төлеубекованың пікірі бойынша: Қылмыстық сот
өндірісіндегі ақиқат еткен окиғаны дәледдеу процесінде материалдандырып,
дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу[11, 81
б.].
Жедел іздестіру шараларына жататындар: үйді, мекен-жайды, құрылысты,
тұрғылықты жер учаскелерін және транспорт құралдарын тексеру; пошта
жөнелтілімдерін, телеграф және басқа сәйлесулерді бақылау, телефондағы
сөйлесулерді тындау, байланыстың техникалық жүйелерінен ақпарат алу, оларды
тез арада жеткізу, жедел сараптама.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабы жедел іздестіру қызметінің
нәтижелерін қылмыстық істер бойынша дәлелдеуге пайдалануды көздейді[16].
Жедел-іздестіру кызметін жүзеге асырған, құпия түрде органдарға ықпалын
тигізген адам-дар арқылы тікелей кабылданған нақты мәліметтер көрсетілген
адамнан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан
кейін дәлелдеме түрінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел іздестіру жолымен алынған кино түсірілім материалдарын,
телефондағы, басқада сөйлесулерді тыңдау нәтижелерін, заттай дәлелдемелер
мен құжаттарды пайдалану тергеу не сот әрекеттерінің хаттамаларына
тіркеледі.
Жедел іздестіру қызметінің материалдары тергелуге қылмыстық іске
қатыстылығымен, ондағы нақты мәліметтерді бағалауға мүмкіндігімен,
шынайылығымен белгілі бір көлемде ұсынылуы тиіс.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ашылған істің мән-жайлары ҚР
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 және 202-баптарына сәйкес тергеу және
сот әрекеттерінің хаттамаларында жазылады.
Екінші бөлімше Дәлелдемелерді жинаудағы жедел іздестіру ісі деп
аталып, онда дәлелдемелерді жинаудағы жедел іздестіруқызметінің атқаратын
рөлі анықталды.
Дәлелдемелерді жинау мен іс жүргізуге бекіту - бұл дәлелдеу процесінің
бірінші кезеңі немесе элементі. Іс жүргізу құқықтық, көзқарас тұрғысынан
дәлелдемелерді жинау іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға
бағытталған іс-қимыл жиынтығныан көрінеді. ҚІЖК-нің 125-бабына сәйкес
дәлелдемелерді жинау мынадай жолдармен жүргізілуі мүмкін: кез келген адамды
куәгерлер, жәбірленушілер ретінде шақыру және жауап алу, сондай-ақ
сарапшылар ретінде қорытынды беру үшін шақыру; кәсіпорындардан,
мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ак, қызмет адамдары мен азаматтардан
заттарды, құжаттарды және мәліметтерді талап ету. [16] Бұған қоса
дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, жәбірленуші
жәнеоның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың
өкілдері, сол сияқты кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі
мүмкін.
Дәлелдеу процесімен өзара байланысты анықтау органдары ретінде ішкі
істер органдарының құқықтарын реттеудің маңызы ешбір кем емес мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары туралы" Заң күші бар Жарлығының 11-бабында айтылады. Аталған
бапқа сәйкес ішкі істер органдарының мынадай құқықтары бар: [17]
қылмыс жасады деп күдіктенген жағдайда азаматтардың, жеке басын
куәландыратын құжаттарын тексеру; қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу кезінде
басқа органдарға, ұйымдарға және қызмет адамдарына орындалуы міндетті
тапсырмалар беру;
іс жүргізуде жатқан материалдар мен қылмыстық істер бойынша
азаматтарды ішкі істер органдарына шақыру, олардан түсінік, құжаттар,
олардың көшірмелерін алу, жауап алуды жүргізу, сондай-ақ заңда белгіленген
тәртіппен дәлелді себептерсіз келуден жалтарған адамдарды айдап әкелу;
кедергісіз және қайтарымсыз қозғалған қылмыстық істер бойынша
мемлекеттік органдардан, соңдай-ақ ұйымдардан ақпарат пен материалдар алу;
заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу іс-
әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, оларды жүргізу үшін
мамандарды тарту, іс жүзіндегі деректерді жинау мен тексеру үшін ғылыми-
техникалық құралдарды пайдалану;
регламенттерді, суретке түсіруді, дыбыс жазбасын, кино және видео
түсіруді, адамдардың саусақтарының іздерінің бедерін түсіріп алуды жүргізу,
қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталғандарды қамауға алу;
адамдардың ішімдікті, есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды
пайдаланғандығын белгіленген тәртіппен анықтауды жүргізу не осындай
анықтауды жүргізу үшін оларды медициналық мекемелерге аттандыру немесе
жеткізу;
азаматтармен ашық немесе ашық емес негізде ынтымақтастық орнату;
қылмыс жасады деп күдіктенген адамдардың ізіне түсу немесе
азаматтардын, тұрғын және өзге де үй-жайларына, оларға тиесілі жер
учаскелеріне, аумақтар мен үй-жайларға кідіріссіз кіруге (дипломатиялық
иммунитеттері бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
өкілдіктерінен басқа) және оларды қарауға;
қылмыстық іздерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, соңдай-ақ жедел-
іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын жүргізуі кезінде
азаматтардың белгілі бір учаскелер мен аумақтарга кіруін шектеуге немесе
уақытша тыйым салуға, сондай-ақ оларды белгілі бір орынды тастап шығуға
міндеттеуге;
қамаудан қашып шықкан адамдарды іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде
дербес түрде бақылау өткізу пункттерін орнатуға;
меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, оның
ішіңде құкық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты ашу мақсатыңда анықтау
мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы органдардан кедергісіз және
қайтарымсыз акпаратпен материалдар алуға;
қылмыстың жасалуына жәрдемдесетін себептер мен жағдайларды жою
жөніндегі шаралар туралы ұйғарымдар мен ұсыныстар беруге.
Дәлелдемелер жинаудың мәнісін ғылыми түсіну бір мәнді еместігімен
сипатталады.
А. И. Винбергтің пікірі бойынша дәлелдемелер жинау — әр түрлі
дәлелдемелерді табу, тіркеу және сақтау жөніндегі іс-қимыддар жиынтығы.
Дәлелдемелерді табу - бұл оларды іздеу, табу, дәлелдемелік маңызы бар
белгілі бір іс жүзіндегі деректерге назар аудару. Бұл дәлелдемелерді
жинаудың бастапқы және қажетті кезеңі. Уәкілетті адамға белгілі болған
табылған дәлелдемелерді ғана жинауға болады.
Дәлелдемелерді бағалау олардың сенімділігі көзқарасы тұрғысынан тергеу
іс-қимылы барысында, тергеу жорамалдарын ұсынған кезде, процессуалдық
шешімдер қабылдаған кезде жүргізіледі. Дәлелдемелердің дұрыстығын бағалау
мыналардан тұрады: мәліметтері бар адам (қуәгер, жәбірленуші, сарашпы және
т.б.) шынайы және толық жауап (қорытынды) бере алу қабілеттілігі тұрғысында
зерттеледі;ақпараты бар материалды (зат, құжат, өзге де материалдар)
табудың сипаты мен жағдайлары зерттеледі; мәліметтердін мазмұны талданады;
осы процессуалдық көзден алынған акпарат басқа да процессуалдық көздерден
алынған ақпаратпен салыстырылады.
Дәлелдемелерді бағалаудың маңызы мыналардан көрінеді: өткенде орын
алған оқиғаның суретін ойда қалпына келтіруге мүмкіндік береді; осы істі
көз алдына әкелген оқиғаның объективтік шындыққа сәйкес келуі - іс бойынша
шындыққа қол жеткізу болып табылады; іс бойынша шыңдыққа қол жеткізу -
соттың заңды және әділетті шешім қабылдауының аса маңызды шарттарының бірі.
Этикалық көзқарас тұрғысынан сенім дегеніміз - белгілі бір мінез-
құлықтың қажеттілігін және орындылығын түсіне отырып, белгілі бір саналы
әрекетті жасауға мүмкіндік беретін тұлғаның адамгершілік қызметінің орынды
негізі. Бұл ұғымға басқа да элементтермен қатар түрлі құбылыстар мен
әрекеттерді қоғамдық пікірдің бағалауы да кіреді. Осы ұғымды қылмыстық сот
ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне негіз деп түсіндіруге қатысты
айтатын болсақ, тергеу кезінде, сондай-ақ істі сотта қарау кезінде
қалыптасатын сенімнің мәні барлық уақытта іс бойынша шындыққа қол жеткізуге
жәрдемдесетін дәлелдемелерді бағалаумен байланысты. Демек, адамның
кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы сенім - дәлелдемелерді тиісінше
бағалаудың нәтижесі.[19, 34 б.]
Дәлелдемелерді бағалау нәтижесінде сот сенімі мынадай талаптарға жауап
беруі тиіс: сенім сотта зерттелген дәлелдемелерге ғана құрылады; сенім
дәлелдемелер логикасына қайшы келмеуге тиіс; сенімді интуициямен
тендестіруге болмайды; судьялар сенімінің заңға негізделуі және іс жүргізу
сипатында болуға тиіс; судьялардың дұрыс сенімінің қалыптасуы -
дәлелдемелерді олардың жиынтығында толық, объективті және жан-жақты
қараудың нәтижесінде ғана мүмкін болады; судьялардың сенімінің қалыптасуына
интеллектуалдык, эмоционалдық және психологиялық сипаттағы факторлар ықпал
етеді.
Сонымен, дәлелдемелерді бағалау олардың сенімділігі көзқарасы
тұрғысынан тергеу іс-қимылы барысында, тергеу жорамалдарын ұсынған кезде,
процессуалдық шешімдер қабылдаған кезде жүргізіледі. Дәлелдемелердің
дұрыстығын бағалау мыналардан тұрады:
1) мәліметтері бар адам (куәгер, жәбірленуші, сарапшы және т.б.) шынайы
және толық жауап (қорытынды) бере алу қабілеттілігі тұрғысында зерттеледі;
2) ақпараты бар материалды (зат, құжат, өзге де материалдар) табудың
сипаты мен жағдайлары зерттеледі;
3) мәліметтердің мазмұны талданады (баяндаудың дәйектілігі мен
толықтығы қарама-қайшылықтың, сәйкессіздіктің, ақтаңдақтардың болуы,
ғылымның деректері мен тұжырымдалған қорытындылардың негізділігі және
т.т.);
4) осы процессуалдық көзден алынған ақпарат басқа да процессуалдық
көздерден алынған ақпаратпен салыстырылады.
Біз бұрын дәлелдемелерді бағалауға тән сипаттарды келтіре отырьш, бұл
қызмет қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптеріне құрылады деп көрсеттік.
Мұндай принциптерге мыналар жатады:
1) заң күні бұрын іс бойынша қорытындыларды негіздеу үшін
дәлелдемелердің бағалылығы мен жеткіліктігін белгілемерді деген ережені
негізге алып дәлелдемелерді еркін бағалау;
2) дәлелдемелерді бағалаудан туындайтын тергеушінің, прокурордың және
сот қорытындыларының мазмұны адамдардың нұсқауларымен алдын ала белгілене
алмайды;
3) қылмыстық іс бойынша тергеушінің, прокурордың, соттың
қорытындыларының негізіне бір дәлелдеме емес, дәлелдемелер жиынтығы алынуға
тиіс.
Қылмыстық процесте ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды реттейтін
жекелеген ережелер қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге де көздерінде бар.
"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заң жедел-іздестіру қызметінің
субъектілерінің міндеттерін негізге ала отырып, анықтау жүргізу мақсатында
ғана емес, сонымен бірге өзге де ерекшелігі бар мақсаттарда ғылыми-
техникалық құралдарды қолданудың регламентін белгілейді. Дәлелдеуге
байланысты қызметке қатысты айтатын болсақ, жоғарыда аталған заң мынадай
тәртіп белгілейді:
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар қажетті ғылыми-
техникалық немесе өзге де арнаулы таным білімі бар лауазымды адам
мамандардың көмегін пайдалануға құқылы;
дәлелдеу мақсатында жалпы және арнайы іс-шаралар қолданылуы мүмкін:
а) арнаулы техникалық құралдарды қолдану;
ә) почта-телеграф байланысы арналарында сыртқы белгілері бойынша жедел-
іздестіру;
б) телефонмен және өзге де сөйлесулерді тыңдау; байланыстың техникалық
арналарынан, компьютерлік жүйелерінен және өзге техникалық құралдардан
хабарламаларды алып тастау;
в) арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет
түсірілімдерін және басқа техникалық құралдарды) пайдалана отырып байқау ;
жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын органдар
міндеттерін шешу мақсатында байланыс кәсіпорындарының телефон
коммуникациялары мен байланыстың почта арналарын пайдалануға байланысты
арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыруды техникалық тұрғыдан
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.
Үшінші бөлімшеде Жедел іздестірудегі дәлелдеудің кезеңдері,
дәлелдемелердің түрлері қарастырылды.
Жедел іздестірудегі заттай айғақтар - бұл белгіленген заң тәртібімен,
іске тігілген өзінде қылмыс іздерін сақтап қалған объектілер, заттар,
материалдық заттар әлемі.
Іс бойынша тікелей маңызы бар құжаттар мен заттай айғақтарды талап
етпеген сот тергеуі біржақты немесе толықтай жүргізілмеген деп танылады.
Жедел іздестірудегі заттай дәлелдемелер деп қылмыстың қаруы болды деп
ойлауға негіз болатын, істің нақты мән-жайын белгілейтін, кінәлілерді
табуға не айыпты жоққа шығаратын немесе жауаптылықты жеңілдететін құралдар
қылмыс жабдықтары, қылмыстық іс-әрекеттер, сол сияқты қылмыстық жолмен
табылған ақшалар мен басқа да құндылықтар болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223-бабының 2-бөлігіне сәйкес затты
тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы
шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелді іспен бірге қалдыру немесе оны иесіне
немесе езге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туралы мәселе шешілуі
мүмкін.
Жедел іздестірудегі жеке дәлелдемелер. Жеке дәлелдемелерге жататындар:
куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының жауаптары, тергеу және сот әрекетінің
хаттамалары және басқа кұжаттар, сарапшы қорытындысы, әртүрлі топтар үшін
жеке дәлелдеме адамның оқиғаны психикалық қабылдауы, істі дұрыс шешу үшін
маңызы бар мәліметтерді ауызша немес жазбаша тілмен не өзге-ше арнайы
формада жеткізу ортақ болып табылады.
Жеке дәлелдеме, дәлелдеу субъектілеріне мәліметті алуан түрде
жеткізетін, қылмыс жасаудың мән-жайын адамның психикалық кабылдауымен
қалыптасады. Сонымен, жеке дәлелде-ме жеке бастан, яғни адамнан шығады.
Айыптау дәлелдемелері. Айыптау дәлелдемелеріне ереже бойынша окиғаны
және қылмыс құрамының белгілерін (қылмыс жасау уакыты, орны, тәсілі, басқа
мән-жайлары) адамның жеке басын, айыптының кінәлілігін және басқа
ауырлататын айғақтарды анықтайтын, дәлелдемелерді жатқызуға болады. Бұлт
реттерде, әңгіме, айыпталушының кінәлігі жөнінде қозғалып отыр.
Айыптау дәлелдемелерін қарастыру барысында, заң шығарушы, дәлелдеу
субъектілерін, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
үшін занда көзделген шаралардың барлығын қолдануға істі қарастыру кезінде
объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып айыпталушының кінәсін
мойнына тағуға да, ақтауға да, соңдай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын
жеңілдетуге немесе ауырлатуға міндеттейді.
Алғашқы дәлелдеме. Алғашқы дәлелдемелер, ең бастапқы кезден анықталып
және ақпарат жеткізушілерден аралық звеносыз алынған дәлелдемелер болып
табылады. Мысалы, тікелей көзімен көрген куәнің жауабы алғашқы болады, ал
туынды дәлелдеме бұлар факті туралы куәнің басқа адамдардың сөзінен алыну
арқылы белгілі болған жауабы.
Айыпталушының жауабы - бұл анықтау процесінде алдын ала тергеуде немесе
сот талқылауында жүргізілген жауап алуда ол жазбаша немес ауызша формада
хабарлаған мәліметтер. Айыпталушының және күдіктінің дәлелдеме заты олардың
терминологиялық айырмашылығына қарамастан негізінен сәйкес келеді.
Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сондай-ақ іске қатысы бар,
оған белгілі бөгде мән-жайлар бойынша да жауап беруге кұқылы. Сонымен қатар
айыпталушы жауап беруге міндетті емес, ол жалған жауап бергені үшін немесе
жауаптан бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартьша алмайды.
Сондықтан айыпталушының жауабы бір жағынан дәлелдемелік ақпараттың
көзі, ал екінші жағынан тағылған айыптаудан қорғану құралы болып табылады.
Айыпталушы жасалған қылмыстағы өзінің кінәсін мойындауы мүмкін, бірак
бұдан бас тартуы да немесе өзіне жала жабуы да мүмкін.
Кеңестік дәуірдегі қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарында ұзақ уақыт бойы
академик А.Я. Вышныскийдің формалды дәлелдеме теориясы үстемдік құрды. Онда
айыпталушының өз кінәсін мойындауы, дәлелдеме патшайымы деп есептеді[23,
180 б.].
Екінші бөлім Қылмыстық істер бойынша дәлелдеу үрдісінде жедел
іздестіру ақпараттарын пайдалану деп аталып, ол үш бөлімге бөліп
зерттелді. Екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі Жедел-iздестiру қызметi және
жедел-іздестіру іс шаралары нәтижесінде алынған деректер туралы
қарастырылды.

асыратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz