Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050301- мамандығы - «Құқықтану»

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

з. ғ. к., аға оқытушы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары

050301- мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

Түркістан 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына

прокурорлық қадағалау

1. 1 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақаталуына

прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті

1. 2 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған

заңдар мен заң актілерінің қолданылуына прокурорлық қадағалаудың негізгі

бағыттары

1. 3 Қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлық қадағалау актілері

2 Прокурорлық қадағалаудың жеке бағыттарындағы міндеттерді жүзеге

асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

2. 1 Әлеуметтік саладағы заңдылыққа прокурорлық қадағалау

2. 2 Кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарынының

сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы

2. 3 Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

заңдарының қолданылуына прокурорлық қадағалау

2. 4 Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым -қатынас және олардың

заңдылықты сақтауына прокурорлық қадағалау

2. 5 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі

арыздары мен шағымдарының заң талабына сай шешілуіне прокурорлық

қадағалау

3 Қылмыстық процестете адам мен азаматтың құқығын қорғаудағы

прокурорлық қадағалау

3. 1 Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың азаматтардың

құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң

актілерін қолданылуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті

3. 2 Тергеу мен анықтама қызметін жүзеге асыратын органдардың

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заңдар

мен заң актілерін қолданылуына прокурорлық қадағалау

3. 3 Сотта қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезіндегі

азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған

заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қорытынды

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабында «адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады делінген. Сондықтан тәуелсіздік жылдарында біздің барлық күш-жігеріміз адамның іргелі құқықтары мен қоғамның барлық мүдделерін жүзеге асыруға бағытталды. Сонымен бірге Қазақстан өзінің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерінен ауытқымай, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың осы бағыттағы күш-жігерлеріне қолдау көрсетіп келеді. Сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс тетіктерін дамытуға, азаматтардың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының құқықтарын халықаралық стандарттар деңгейінде қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, оларды ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің мазмұны мен қолданылады осыған қарай анықталады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 бабы) Конституцияға сай Қазақстан Республикасында әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Адамның қадыр-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-ожданына, бостандығына құқығы бар. Мемлекетте әр адам жеке тұлға ретінде қаралып, ол мемлекет тарапынан қорғалады. Сондықтан да Конституцияның 98-бабының азаматтардың құқығы мен міндеттеріне арналған. Қазақстан Республикасында адамның құқықтарын қорғауға сенімді құқықтық база құрылған. Мемлекет адамдардың заңды құқықтарын қорғай отырып, оларды өз құқықтарын қорғау кезінде басқа адамдардың құқықтарына зиян келтірмеуін қадағалайды. Конституция мен адамдардың құқығы жөніндегі халықаралық құқықтық құжаттарда көрсетілген адамдардың құқығы Конституциялық құқығы деп аталады. Бұл негізгі фундаменталдық құқықтар және одан туындайтын басқа да құқықтар мен бостандықтарды, адам өмірінің әр саласындағы, яғни, саяси әлеуметтік, экономикалық, мәдени құқықтарын қамтамасыз етеді.

ҰҚ Жарғысы адамдардың құқықтары жөніндегі халықаралық Биллия және Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай үлкен үш топқа бөліп қарастыруға болады. Жеке құқығы мен бостандығы. Олар: әркімнің өмір сүруге құқығы, жеке басының бостандығы және теңдігі, ар-ожданын қорғауға, еркін жүріп тұр, тұрғылықты мекен жайда өз еркімен тұруға, тұрғын үйге қол сұғылмашылық, сөз еркіндігі, ұлттық діни көзқарастардың еркіндік құқығы. Саяси құқығы мен бостандығы: керекті мәлімет алу және тарату, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілермен демонстрациялар, шерулер өткізуге хақылы, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ Республикалық референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары:әркімнің еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіпті еркін таңдау құқығы, аз мүлкіне иелігі, жеке және отбасы, ана мен балалық құқығы, денсаулығын қорғауға кепілдік құқығы, тегін және ақылы білім алу құқығы, творчествалық еркіндігі, қоршаған ортаны қорғау еңбегі үшін сыйақы алу, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу, зейнетақы алуға, мүгедектік, немесе жасына және асыраушысына айырылған жағдайда мемлекет тарапынан ақысыз жәрдемақы алуға, қорғалуға ақысыз дәрігерлік көмекке құқықтары бар. Азаматтардың құқығын тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті. Сондықтан да Қазақстан Республикасының заңдарында адам құқықтар қорғауға талап күшті қойылған. Құқық қорғау жұмысына барлық мемлекеттік органдар қатысады. Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекеттік қорғауды сот, прокуратура, адвокатура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және басқа да мемлекеттер өз құзіреті шегінде жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі адам мен соттың құзіретіне жатады, олар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау кезінде жүзеге асырылады. Азаматтардың саяси әлеуметтік құқықтарының бұзылуына келген зиянды анықтау негізінен сотта шешіледі. Соттың заңды шешімін алуына прокуратура қадағалау жасайды және заңсыз актілерге наразылық келтіреді. Прокуратура адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мүмкіншілігі бар және құқық бұзушылықты жоюды соттан тыс және сот арқылы да жүзеге асыра алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетті

Прокуратура жұмысының басты мақсаты Республика аумағында заңдардың ҚР Президентінің жарлықтарының және өзге де құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қадағалауына және адамдар мен азаматтардың экономикалық саладағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуы. Басқа сөзбен айтқанда орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, олардың лауазым иелерінің басқа ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің Конституциясы сақталуы мен заңдарды қолдануларына қадағалау жасау. Олардың ішінде алдымен осы аталған органдардың шығарған актілерінің әсіресе нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға, Республика Президентінің заңдары мен жарлығына сәйкес келуін қадағалаудың маңызы зор. Прокуратура ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің заңдарына қадағалау жасау міндетті. Прокуратуралық қадағалаудың бұл бағыты басқа бағыттарына қарағанда көлемі жағынан едәуір кең және жан-жақты. Прокурорлық қадағалау обьектілеріне Үкімет, Министрліктер ведомствалар, комитеттер, жергілікті атқарушы және өкілетті органдар және басқа да мемлекеттік және шаруашылық пен бақылау органдары, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар жатады. Қадағалаудың обьектілеріне сонымен қатар қоғамдық тұйымдар мен ағымдар әр түрлі қоғамдық қорлар діни бірлестіктер және азаматтар жатады. Бірақ азаматтар қадағалаудың тікелей обьектісіне жатпайды, олар прокуратуралық қадағалаудың өзіне тиісті мемлекеттік органдар тараптарына құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмай қалған немесе прокурордың заңды талаптарын орындамаған кезде ғана түседі. Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақтауын қадағалау прокуратура органдарының қызметінің басты бағыты болып табылады. Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуін қамтамасыз ету. Заңдылықтың кез-келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларын қадағалау болып табылады. Прокуратураның заңсыз актілері ашу мен тоқтату жолдарындағы белсенді қызметі Республикадағы құқықтық қатынасқа, құқықтық мемлекет құруға игілікті ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасының Констиуциясы мен басқа да заңдық актілерінің нақты және мүлтіксіз орындау арқылы бүкіл Рееспублика аумағында бірн тұтас мемлекеттік саясатты ықпалды жүргізуді қамтамассыз етеді. Заңдылықтың сақталу жағдайы туралы хабарламалар прокураураға әр түрлі жолдар мен түседі. Соның ішінде көбіне азаматтардың өздерінің құқықтарының бұзылуы туралы арызданады, бұқаралық ақпараттардағы хабарламалар, материалдар мен статистикалық анықтамалар, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істер. Прокуратура заң бұзушылық туралы хабарды алғаннан. Кейін өз құзіреті шегінде тексеру жұмыстарын жүргізе алады, немесе ол туралы басқа органдарға тапсырма береді. Прокуратураның құқық қорғау функциясы соның ішінде денсаулығына немесе жасына байланысты өз құқықтары мен заңды мүделерін өз бетінше талап етуге қабілетсіз адамдар мен азаматтардың едәуір бөлігінің құқықтары мен бостандықтарына тиесілі көпшілік сипаттағы заңның бұзылуын жою, сотқа талап арыз бер арқылы орындайды. Қалған жағдайларда әр азаматтарға құқықтары мен бостандықтарыгн сот арқылы қорғау тәртібі түсіндіріледі. Органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуіне прокурорлық қадағалаудың маңызы қоғам мен мемлекет алдында Констиуция қойған адамдар мен азаматтардың құығы мен бостандығын қамтамассыз ету міндетішн жүзеге асыруға ықпал етуі болып табылады. Прокуратура органдары барлық құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерінің шығарған құқықтық актілерінің заңдылығын күнделікті қолданып отыру арқылы адамдар мен азаматтардың Конституциялық құқықтарының сақталуына үлкен қызмет етеді. ҚР Конституциясында белгіленгендей ешкімді де азаптауға, қинауға, қатал немесе адамдардың ар-ождандадарын кекмсітетін басқа да әрекеттер мен жазалауға жол жоқ. Осыған орай прокурор жедел іздестіру қызметі, тергеу мен анықтау, жазаның орындалуы заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық қадағалау саласына түскен адамдарға азаптау қолдануды немесе басқа да қакталдық көрсетуді мүлдем болдырмау жөнінде нақты жұмыстарды атқаруға тиіс. Тергеу мен анықтау, жазаның өтейтін мекемелерді кезекші прокурор институттары жұмыс істейді, яғни олардың іс-әрекеттері үнемі прокурордың қадағалауында және бұл алдымен адамдардың құқығын қорғаугға бағыталған жүмыс, әрі өзінің жақсы нәтижесін беруге. Адамдардың құқығын аяққа басып ар-ождандарына ауыр зардап келтірген қылмыстық істерге прокуратура тарапынан башылық жасалынып, ол істердің заң тараптарына сай ашық тұрде жүргізіліп, сотта заңды шещім алуына қадағалау жасау тәжірбиесі кең өріс алған. Азаматтардың құқықтарының қорғалуы жоғары деңгейде болуы үшін прокуратура органдарының жұмысын әлі жетілдіру қажет. олардың арасындағы білікті кадрлар дсйындау, прокуратура қызметінің ашықтылығы, халық пен тығыз байланысты артыру, прокуратура мүдесінен құқығын бұзылған адамның мүдесін жоғары қою сыяқты мәселелерді шешуге байланысты қосымша шаралар алу қажет.

1 Азаттардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына

прокурорлық қадағалау

  1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына

прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің,, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 83-бап) . Прокуратура органдары ҚР Клнституциясы арқылы өзіне жүктелген осы міндеттерді орындауда үнемі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды.

Сондықтан да адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдары қызметінің басты бағыты болып табылады. Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң мүдделерiнiң сақталуын қадағалау прокуратура органдарының қызметiнiң басты бағыты болып табылады.

Прокуратура органдарының бұл бағыттағы қызметi Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 4-тарауында көрсетiлген. Аталған Заңның 28-бабына сай қадағалаудың мiндеттерi:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актiлерi мен iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкес келуiн қамтамасыз ету;

2) заңдылықтың кез келген бұзылуын, осындай заң бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтап, жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру шараларын қолдану болып табылады.

Прокуратура республика территориясында барлық заңдар мен құқықтық нормативтiк актiлердiң дәлме-дәл, бiртұтас қолданылуына жоғарғы қадағалау жасайтын орталықтандырылған бiрде-бiр мемлекеттiк орган болғандықтан адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше мүмкiншiлiгi бар және құқық бұзушылықты жоюды соттан тыс және сот арқылы да жүзеге асыра алады. Өкiлдiк өрiсi мейлiнше кеңейiп, заңдылықтың бұрмалауының кез келген көрiнiсiн қалт жiбермеу құқығына ие болған прокуратура органдары басты назарды заңдылықтың неғұрлым актуальды мәселелерiне, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қызметiне аударып, әлеуметтiк-экономикалық саланың алуан түрлi мәселелерiне тiкелей килiкпейдi., Прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өміріне араласпайды. Қазақстан Респубикасының Бас Прокурорының бұйрығымен бекітілген арнайы Нұсқаулығында осы прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен маңызын ашатын, басты бағыттарын белгіленіп берілген: мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің Конституцияға, заңдар мен Республика Президенті актілеріне сәйкестігін қадағалау; адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының міндетті түрде сақталуын қадағалау; экономикалық және әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуына қадағалауды қамтамасыз ету.

Бұл басым бағыттарды іске асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудару прокуратураға тапсырылған. Прокуратураның заңсыз актiлердi ашу мен тоқтату жолындағы белсендi қызметi республикадағы құқықтық қатынасқа, құқықтық мелекет құруға игiлiктi ықпалын тигiзіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңдық актiлерiн нақты және мүлтiксiз орындау арқылы бүкiл республика ауқымында бiртұтас мемлекеттiк саясатты ықпалды жүргiзудi қамтамасыз етеді .

  1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға

бағытталған заңдар мен заң актілерінің қадагалауына прокурорлық

қадағалаудың негізгі бағыттары

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүделерiнiң сақталуына тиiстi қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас Прокуроры өзiнiң арнайы бұйрығымен (№60 21 қараша 2002 жыл) «Әлеуметтiк-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақаталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты» бекiтiп, оның орындалуын барлық прокурорларға жүктеген болатын.

Прокурорлық қадағалауды одан әрі нығайтуға байланысты аталған Нұсқаулыққа өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп, ҚР Бас Прокурорының 01. 10. 2011 жылы №60 бұйрығымен қайта жасақталды.

Нұсқаулық ҚР «Прокуратура туралы» Заңына және заңдардың қолданылуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес қабылданды.

Ол нұсқаулық бойынша прокурорлық қадағалау төмендегi басымдық бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мiндеттi түрде сақталуын;

2) сыбайлас жемқорлықпен күрес, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған заңдардың нақты және бiрыңғай қолданылуын;

3) мемлекттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң Конституцияға, Республика Президентiнiң заңдары мен жарлықтарына сәйкес келуiн;

4) қоршаған ортаны қорғау және оның ресрустарын тиiмдi пайдалану туралы заңдардың қолданылуын;

5) кәсiпкерлiктi қолдау және қорғауға бағытталған заңдардың қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету;

6) кәмелетке толмағандар туралы заңдылықтың қолданылуына қадағалау жасау.

Бас Прокурордың немесе жетекшiлiк ететiн орынбасарларының тiкелей тапсырмаларынсыз шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң азаматтық-құқықтық дауларына прокуратура органдарының араласуына жол берiлмейдi. Заңды тұлғалардың мүдделерiне қатысты талап-арыздар сотқа Бас Прокурордың немесе оның орынбасарларының келiсiмiмен ғана жолданады.

Тексеру заң талаптарына сай, қадағалау құзырындағы аумақтарда заңдылық жағдайын мұқият талдау негiзiнде, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша жоспарланып, орындалады. Бұл мақсатта, прокурорларда өзiнiң қадағалау аумағындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi, демографиялық жағдайы, сондай-ақ халықтың қоғамдық, дiни және саяси белсендiлiгi толығымен сипатталған, үнемi жаңартылып отыратын паспорты болуы керек. Аумақтағы жалпы ахуал және заңды қолданудың аса проблемалы саласын зерделеу мақсатында прокуратурада сотта қаралған қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша қажеттi мәлiметтер жинақталуға тиiс. Тексеру қатаң түрде өз құзыретi шеңберiнде және бiр айлық мерзiмде жүргiзiлуi қажет. Бұл мерзiм жоғарғы тұрған прокурор арқылы ұзартылуға жатады. Тексеру қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi. Шаруашылық субъектiлерiн тексеру туралы қаулы құқықтық статистика органдарында тiркеледi. Тексеру алдында тексерiлетiн субъектiнiң лауазымды тұлғасы тексерудi тағайындау туралы қаулымен таныстырылуы керек.

Тексеру жүргiзу туралы қаулыны шығаруға Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратура департаменттерiнiң бастықтары, облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлiген прокурорлар, олардың орынбасарлары, қала, аудан, арнайы прокуратуралардың прокурорлары, олардың мiндеттерiн атқарушылар құқылы. ҚР Бас Прокуроры жоғарыда аталған бұйрығымен тексерiс тақырыбына қарамастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның қолданылуына, мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң заңдылығына баса назар аударуды барлық прокурорлардан талап етедi. Елiмiздiң негiзгi заңына сай Республиканың Президентi Конституцияның мызғымастығының, адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Прокуратура органдары қызметі жайында
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокурорлық қадағалау жайлы
Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау жайлы
Прокурорлық қадағалау
Заң бойынша жедел іздестіру шараларын өткізу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz