Джордж Уокер Буш пен Барак Обама: өмірбаяндары, саяси бағыттары және халықаралық қатынастар


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Джордж Уокер Буш

Джордж Уокер Буш (12. 6. 1924 жылы туылған, АҚШ, Массачусетс штаты, Милтон) - Американың мемлекет қайраткері. Солтүстік-шығыс штаттардың ықпалды саяси және іскерлер отбасында дүниеге келген. Йель университетін бітірген (1948) . 1967 - 71 жылы АҚШ Конгресінің өкілдер палатасының мүшесі, 1971 - 73 жылы БҰҰ-дағы АҚШ өкілі, 1976 - 77 жылы Орталық барлау басқармасының директоры, 1981 - 89 жылдары АҚШ-тың вице-президенті, 1989 - 93 жылдары президенті болды. Мұнай бизнесінің мүддесін білдіруші өкіл ретінде өзінің саяси мансабын республикалық партиядан бастаған. Буш ішкі саясатта - нашақорлықпен күресуге, жаңа америкалық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта - халықартардың қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. Буш президент болған кезеңде АҚШ алғашқылардың бірі болып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін танып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы алғаш рет екі мемлекет арасында сауда жөніндегі келісімге қол қойылды. 1992 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарында Бушпен кездесіп, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойды. У. Буш

Джордж Буштың саясаты

Заң ынталандыру шаралары арқылы экономикаға 152 миллион доллар құйылады деп қарастырып отыр. Президент Буш Америка Құрама Штаттарының динамикалық даму үстіндегі нарық экономикасында құбылмалы жағдайлар мен бұлыңғыр кезеңдер үнемі болатын дейді. Джордж Буш үкімет саясаты даму бағытында болғандықтан америкалық халықтың сенімінен шығады, АҚШ экономикасы қарқынды дами береді дейді. АҚШ экономикасының өсуі өткен жылдың төртінші тоқсанында жылдық есеппен алғанда 0, 6 пайызға төмендеді.

Американдықтардың жартысы Джордж Буштың Ирақ саясатын қолдайды

Америка Құрама Штаттарында өткізілген қоғамдық пікірдің жаңа зерттеуі қалың бұқараның шамамен жартысы президент Джордж Буштың Ирақ саясатын қолдайтынын көрсетті. Дегенмен, саяси талдаушылар Буштың әкімшілігі Ирақ болмысын терең түсінбей соғыс бастады, әлі де талай қиындыққа тап болады дейді.

Зерттеуді өткен аптада «Вашингтон пост» газеті және АБС телекомпаниясы өткізді. Сауалдарға жауап қайтарған адамдардың 47 проценті жеті ай бойы жүріп жатқан Ирақ соғысын қолдайтындарын білдірді. Жауап бергендердің 51 проценті соғыс қимылдарын қабылдамады. Бұл зерттеудің алдында Бағдадта Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңсесі мен "Халықаралық Қызыл Крест" ұйымының бөлімшелері аса ауыр бомбылауларға тап болғанын айтқан жөн. Президент Джордж Буш негізгі шайқастар аяқталды деп 1 мамырда жариялағалы бері Ирақта кемінде 138 американдық сарбаз қаза тапты. Ал 16 американдық сарбаздың өмірін қиған тікұшақтың апаты бұл қоғамдық пікір зерттеуінен кейін орын алды.

Жалпы, зерттеу нәтижесі президент Джордж Бушты қолдаушылардың қатары сәл-пәл кемігенін көрсетті. Осыдан бір ай бұрын «Галлап» компаниясы өткізген сауалнама Буштың әкімшілігін жұрттың 47 проценті қолдайтынын айғақтады. "Азаттық" радиосына пікір айтқан сарапшылар, дегенмен, Буштың әкімшілігінің қазіргі беталысы күтіліп отырған нәтижеге нұқсан келтіруі мүмкін дейді. Вашингтонда орналасқан Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының халықаралық дипломатия және әскери істер сарапшысы Саймон Серфети қорғаныс министрлігінің Ирақтағы қимылдарында олқылық көп дейді. Саддам Хұсейннің ұзақ билігінің кезінде Батыс қауымдастығын жек көру Ирақ халқының санасына терең құйылды. Сондықтан, АҚШ әкімшілігі Ирақтың болмысын жетік түсінбеді дейді Саймон Серфети. Терроризмге қарсы соғысты американдықтар, жалпы, Ирақ соғысымен теңестіргісі келмейді дейді Саймон Серфети:

- Президент Джордж Буш соғыс аяқталды, қызметіміз орындалды деп 1 мамырда асыра бағалады. Ондай болса адам шығыны неге жалғасып жатқанын халық түсінбей отыр. Ең бастысы, жұрт 11 қыркүйектегі шабуылдармен Ирақ соғысының байланыстырылғанын қабылдамай отыр.

Джордж Буштың беделі алда төмендеуі мүмкін, мұны қоғамдық пікірдің келесі зерттеулері айғақтауы мүмкін деген пікірді Вашингтонда орналасқан Американ университетітінің Америка тарихы профессоры Алан Лихтман да айтып отыр. Оның үстіне Джордж Буш 2004 жылдың қараша айына белгіленген президенттік сайлауда жеңуге бел буды. Ирақ мәселесінде айтарлықтай алға баспаса, Джордж Буш өткен 2000 жылға сайлаудағы Ал Гормен тірескендегі жағдайға қайта тап болады дейді профессор Алан Лихтман:

- Буштың экономика және ішкі мәселелерде қол жеткізген көрсеткіштері әрдайым төмен. Буштың жоғары беделін қорғаныс саласын және ұлттық қауіпсіздік саясатын күшейткені тіреп тұр. Бірақ Ирақтағы жағдайдан соң бұл шаруалар да теріс сипат берді, жұрт Буштың саясатына күмәндәніп отыр. Біз 2000- жылдағы жағдайға қайта оралдық. Ел қақ жарылып, екіге бөлінді.

Дегенмен, Буштың беделіне дем болатын жақсы жағдай бар. Биылғы жылдың үшінші тоқсанындағы даму қарқыны АҚШ экономикасының жылдық өсуі 7 процентке жетуі мүмкін екенін көрсетті дейді Алан Лихтман.

Дүниеге келгені тамыз 4, 1961 (1961-08-04) (age 50)

Саяси партиясы Democratic Party

Жұбайы Michelle Obama (m. 1992)

Балалары Malia Ann (b. 1998)

Sasha (b. 2001)

Жайғасуы Kenwood, Chicago, Illinois

Оқу орны Occidental College

Columbia University

Harvard Law School

Мамандығы Attorney

Politician

Діні United Church of Christ

Қолтаңбасы

Торабы Office of the President-Elect

More detailed articles about Barack Obama

Барак Обама (ағылшынша Barack Hussein Obama II ) ( 1961 ж. тамыздың 4-і) - Америка Құрама Штаттарының 44-інші сайланған президенті, Иллинойс штатынан сенатор.

Обама Американың президенті болған тұңғыш афро-америка нәсілді адам. Барак Хуссейн Обама 1961 жылы тамыздың 4-інде Гавайи аралында Гонолулу қаласында дүниеге келген.

Обама Колумбия университетін және Гарвардтағы Заң мектебін бітірген. Колумбия университетінде халықаралық істер фа­культетін тамамдап, алдымен шіркеу жанындағы топпен бірге кедей аудандардың тұрғындарына көмек көрсету бойынша қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. ВВС деректеріне қарағанда, Обама әкесі мен өгей әкесі мұсылман болғанына қарамастан, христиан дінін ұстанады . . . Гарвард университетінің заң мектебін бітіріп, заң ғылымдарының докторы атағын алғаннан кейін де ол кемсітушілікке ұшырағандардың құқығын қорғауға құлшына кіріседі. Азаматтық құқық саласында жұмыс істеді. 1997 мен 2004 жылдары арасында Илиинойс штатының сенатында үш мерзім қызмет етті. 1992 мен 2004 жылдары арасында Чикаго Заң мектебінде конституциялық құқық бойынша дәріс оқыған. 2004 жылы қарашаның айында 70 пайыз дауысымен ол Сенатқа сайланды.

Обаманың жұлдызды сәті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барак Обаманың өмірбаяны, билікке көтерілуі және 2008 жылғы сайлаудың халықаралық салдары
АҚШ-тың Таяу Шығысқа бағытталған сыртқы саясаты: геостратегия, Джордж Буш кіші концепциялары және Ирак операциясы
Рейган және Буш әкімшіліктерінің ішкі экономикалық саясаты мен халықаралық қатынастары (1980-1991)
Дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастар: жаһандық проблемалар, саяси болжамдау және Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты
АҚШ пен Жапония: тарихи-саяси қатынастар және экономикалық ынтымақтастық
Жаһандану және халықаралық қатынастар: әлемдік саяси жүйенің трансформациясы
Жапония: саяси құрылым, экономикалық даму және халықаралық қатынастар
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин: өмірбаяндары мен педагогикалық көзқарастары
Жаңаша саяси ойлау контекстіндегі халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты
1960-1980 жылдардағы халықаралық қатынастар: АҚШ пен КСРО арасындағы шиеленістер, дағдарыстар және сыртқы саяси стратегиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz