Ес жадысын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау



Кіріспе
І. Ес жадысын қалыптастыру.
1.1. Ес жадын қалыптастыру туралы теориялар.
1.2. Ес саласындағы дара айырмашылықтар және жадты қалыптастырудың әдіс.тәсілдері
1.3 Елестердің ес процесін қалыптастыруда алатын орны мен ерекшеліктері
Қорытынды
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы шімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда өлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (есті зерттеудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И.П.Павловтың жүйке
жүйесінің пластикалық қасиеті туралы шімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің
пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан
уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей
тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы
байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар.
Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда өлі
нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші
ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (есті
зерттеудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың
нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың
кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді
қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі
анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау — оны байлаңыстыру деген сөз. Ес процесінің
негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды,
Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін
елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін
объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға
себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек
ойшылы Аристотель (б.э.д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек
тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттін, қалған түрлерін
(ойлау, қиял, ерік т.б.) түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылымда
тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы
негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындырын
көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П.Павлов болды. И.П.Павлов психологияда
ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу процесінің
қабаттасып келуі не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде
бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы
былай деп жазды Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің
өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.
Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе
әріп, сөз, әлде ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып табылады, оны
психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан
белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық және қарама-қарсылық
ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнінде И.П.Павлов былай дейді: "Шартты
байланыс... бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса
керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге
сәйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациясылық) анализі мен синтезі,
сайып келгенде, ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе".
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсінуге
болады: 1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен
бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы
Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін. 2)
Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас
образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай
болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы
адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т.
б.). 3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-
қарсы екінші затты не, құбылысты еске түсіреді. (Ақ пен кара, биік пен
аласа, айқайшу мен тым-тырыс т. б.).
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын,
қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде
ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап
отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта
белгісіз, не жаңа нөрсе болып көрінер еді. Ес адамның басқа жан
құбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т.б.) тығыз байланысып жатады. Ол,
өсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт
ойлауға қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов: "...еске түсіру өнері дегеніміз —
ойлау өнері... Байланыстардың мөнісі — ойлау деген сөз", - дейді. Баланың
жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі -баланың есін
үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып
отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы керсетілген, олардың біразы
заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу
материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау - әрбір
мұғалімнің міндеті.
Зерттеудің мақсаты: Ес жадысын қалыптастырудың тәсілдері
психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ес жадын қалыптастыру туралы теорияларға талдау жасау.
2. Ес зандылықтары мен жаттау ережелері жөнінде мағлұмат беру.
3. Ес саласындағы дара айырмашылықтар мен жадты қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері көрсету.
4. Елестердің ес процесін қалыптастыруда алатын орны мен ерекшеліктері
жайла жалпы түсінік беру.
Зерттеудің нысаны: 8 а сынып,32 оқушы
Зерттеу пәні:Оқушылардың ес жадын қалыптастыру
Зерттеу базасы: А.Байтурсынов атындағы жалпы орта мектебі
Зерттеу әдістері: Психогиялық материалдарға теориялық анализ жасау.
сұрақ-жауап және әңгіме.
І. Ес жадысын қалыптастыру.
1.1. Ес жадын қалыптастыру туралы теориялар.

Ес жадын қалыптастыру туралы бірнеше теориялар бар. Енді солардың
кейбіреуіне тоқталайық.
Ассоциациялық теория. Бұл қисынды ұсынған неміс психологтары ішінде
Эббингауз бен Мюллер. Бұлардың айтуынша, есте қалдыру адамның психикалық
әрекеттерінде ассоциациялық байланыстардың пайда болуымен сипатталады.
Өткен тарауда айтқанымыздай, Бір-біріне жақын орналасқан, не белгілі бір
уақыт ішінде қосақтасқан елестеуді бірнеше рет қайталау арқылы түрлі
ассоциациялық байланыстар пайда болып, олардың күші ұлғайып отырады; Заттар
мен құбылыстар бір-біріне қаншама жақын болса, олардың байланыстары да
мықты болады. Ал олардың аралық уақыт мөлшері бір- бірінен алшақ болса,
олардың байланысы да нашар болады. Демек заттар мен құбылыстардың байланысы
қаншама мықты болса, олар адамның есінде тезірек және көп уақытқа дейін
ұмытылмай, тез еске түсіп отырады. Эббингауз адам а, б, с, д, е т. б.
осы секілді құбылыстардың бірнеше тобын қабылдайтын болса, онда
жаңағылардың бейнелері пайда болып бір-біріне байланысып отырады.
Осылардың ішінде а мен б өте жақын болғандықтан, олардың
әсер етуден пайда болатын елестердің де байланысы күшті,
берік болады. Ал енді объектілер бірінен-бірі алыстаған сайын,
заттар мен нәрселердің қашықтығы ұзай бастайды. Сондықтан а мен б,
б мен с-ның байланысы біртіндеп әлсірей береді. Әрине, адамның есінде
а мен б, а мен е байланысы б мен -і с-ға қарағанда мықтырақ
болып келеді.
Мюллердің теориясы бойынша, адам материалдарды жаттауда
жаттайтын заттарын бірнеше топтарға бөліп отырады. Бұған заттар мен
материалдардың бірнеше мүшелері еніп, кіріп отырады. Бұл
жерде олардың тұрған орны адамға көбірек әсер етіп, осы арқылы адам оларды
еске түсіріп, жаңғыртып отырады. Кей кезде есте қалған нәрселердің қай
уақытта және қай жерде еске түске-ні, ол нәрсенің орнын еске түсіру
материалдар мен заттарды еске түсіруді жеңілдетіп отырады. Әсер етуші
заттардың бірімен бірінің байланысы, олардың әсері арқылы пайда болатын
елестердің байланысы, есте қалатын заттардың орны арқылы еске түсіп отыруы,
ес процесінде елеулі орын алады. Бірақ адамның есі жалғыз осы шарттарға
тәуелді емес, бүларды абсолюттендірудің де қажеті шамалы: Ес туралы
теориялардын, екінші тобына Гештальт психологиясының айтқан қисындары
жатады. Осы бағыттың көрнекті өкілі Қоффканың айтуынша, ес мәселесі
қабылдаудың формалы структура, жүйелі, ұйыстырулы фон дейтін
проблемасымен астарласып жатады.
Сыртқы дүниедегі заттардың әсерінен мида әр түрлі, іздер калады. Олар
заттың мазмұн-мағынасын ашатын образдар, суреттер емес, тек әсер етуші
заттардың сыртқы көрінісін, формасын, структурасын белгілеп отыратын іздер.
Бұлар бір қалыпта тұрмайды, әр кез өзгеріп отырады. Ес те қабылдау сияқты
сыртқы дүниедегі заттардың мазмұн-мағынасын адам санасына сәулелендірмейді,
жалғйз ғана олардың қабығын, формасын структуралап белгілейді. Бұл пікірдің
де сыңаржақ екендігі байқалады.
Француз психологы Бергсон екі ес туралы теориясында адамның екі есі
бар, оның бірі — тән есі, яғни қимыл-әдет есі дейді, екіншісі — рухани ес,
яғни рух есі. Оныц айтуынша, тән есі адам миы жұмысымен байланысты. Рух есі
мимен байланысты емес, ол — мисыз ес. Ол тек қана сананың таза қасиеті,
өйткені сыртқы дүниенің әсерімен байланыспайтын өзінен-езі іштен, санадан
шығып пайда болатын ес. Естің осы екі түрі біріне-бірі қарама-қарсы болып
келеді. Тән есі өте төменгі қарапайым ес болып саналады да, рух есі — өте
жоғары сатыда тұрған күрделі, ол тән есін билеп отыратын, соған үстемдік
жүргізіп отыратын ес.
Қылық психологиясы (Уотсон, Торндайк т.б.), шартты рефлекстердің,
дағдылардың пайда болуымен тектес. Бұлардың пікірінше, ес те, әдет те
үйрену деген проблемаға енгізіледі. Биховиористер естің жалғыз ғана
физиологиялық негіздеріне ерекше мән беріп, естің айрықша өзгешеліктерін,
сипаттарын басқа психологиялық функциялардың арасындағы орнын дұрыс ажырата
алмайды.
Ес туралы тағы бір теорияның айтуынша, адамның есі материяның
биологиялық функциясы болып саналады. Демек барлық органикалық материяда
олардың биологиялық функциясына орай есітудің түрлі деңгейлері болады.
Физиолог Геринг пен психолог Симонның есту мнемоникалық теориясына негіз
салды. Симонның айтуынша, әсер етуші заттар мен құбылыстар адамның миына
әсер етіп, түрлі-түрлі органикалық іздер қалдырады. Осыны Симон мнема деп
атайды. Оның пікірінше, органикалық дүниеде еске ұқсас кейбір көріністер
кездеседі. Бірақ бұларда адам есіне тән (қажетінде еске түсіру, танып білу,
сақтау т. б.) сияқты функциялар болмайды. Расында адам есіне үқсас
әрекеттер хайуанаттар түгіл, құрт-құмырысқалар мен жәндіктерде де ұшырайды.
Түрлі жолмен әсер етіп олардың тіршілігін қалағанымызша өзгертуге де
болады. Мысалы, құрбақа сияқты қабығы қатты кішкене жәндікке тәжірибе
жасалынған. Зерттеуші толқынның күшімен құрбақа судың жиегіне шығып қалып,
өліп кететінін көрген. Кейін ол жаңағы жәндіктің сыртта сусыз қалу
уақытының мөлшерін ұлғайтады. Бұрын судан шыққаннан кейін-ақ жәндік өліп
қалса, енді ол сусыз біраз уақытқа дейін өмір сүре алатын болған.
Енді бір оқымысты инфузориялардың біріне тәжірибе жасап, олардың
тіршілік әрекетін байқап көрген. Ол өсімдіктерді қараңғы жерде ұстау арқылы
жоңышқа, қызғалдақ секілді т.б. гүлдерді өз жапырақтарының ашылып-жабылуын
түрлі уақытқа үйреткен. Тағы бір ғалым акация түрлеріне тәжірибе жасап,
оларды қараңғы жерге ұстап, кейде оған жарық сәулелерін түсіріп, оның
гүлдерінің солып, не ашылуының уақыт мөлшерін өзгертіп отырған. Ол акация
жапырақтарының ашылып-жабылуына 18, 12, 6, 3 сағатта қайталап отырған. Осы
жоғарғы айтылған фактілерге қарағанда, төменгі сатыда тұрған жәндіктер мен
есімдіктерде еске ұқсас әрекеттердің бар екенін байқауға болады. Бірақ
бұлардың адам есімен үш қайнаса да, сорпасы қосылмайды. Өйткені бұлардың
қай-қайсысында да есте қалдыру, еске түсіру, тану процестері атымен жоқ.
Бұл тәжірибелер түрлі әсерлердің ықпалымен жәндіктер мен өсімдік
әрекеттерінің езгеріп отыратындығын көрсетеді.
Мәдени-тарихи теория. Бұл теорияға негіз салушы — орыс психологы
Л.С.Выготский. Ол адамның барлық психикалық әрекетін, сонымен бірге есін
екіге бөледі. Мұның біріншісі — табиғи анайы ес, екінші түрі — мәдени ес.
Выготский табиғи анайы ес алғашқы адамдарда және осы кездегі мәдениеті
кейбір себептермен артта қалған елдердің адамдарында болады. Табиғи ес, ол
адамның жаратылысынан пайда болатын, заттар мен болмыстарды тікелей есте
қалдыратын, оларды есте қалдыруда ешбір құрал-саймандарды қолданбайтын ес.
Мәдени ес мәдениеті алға кеткен, өркениетті елдерде болады. Ол түрлі құрал-
саймандарды қолданудан көрінетін (хат жазуды пайдаланумен бірге хат жазушы
заттарды, болмыстарды жанамалап, басқа құрал-саймандар арқылы есте
қалдыру), мазмұны бай, жабайы еспен салыстырғанда жоғарғы сатыда тұрған ес.

Ес заңдылықтары мен жаттау ережелері
Естің заңдылықтары мен жаттау ережелеріне
төмендегілерді жатқызуға болады:
1). Адамның алдына қойған мақсаты анық, ашық болса, оның жаттайтын
материалдары да тез және нәтижелі болып келеді.
2). Адам жаттайтын материалдарын жақсылап түсінсе, ақыл-ойынан
екшелеп еткізсе, олардың өзара логикалық байланыстарын білсе, жаттау
нәтижелі болады.
3). Есте қалдыру және жаттау нәтижелі болу үшін әр уақытта жаттығу,
қайталау жұмыстарын түрлендіріп отыру керек: а) түйдектеп жаттау.
Қайталаудың бұл түрі қонымсыз, нәтижесіз болып келеді. Себебі адам
жаттайтын нәрсені дамыл алмай үздіксіз, бірінен соң екіншісін бірнеше рет
қайталағанда, жаттайтын материалдың мағынасын жақсы түсініп, олардың
арасындағы логикалық байланыстарын дұрыс түсіне алмайды; ә) бөлшектеп
жаттау. Бұл алдыңғымен салыстырғанда нәтижелі болады. Бірақ мұндай
қайталаудың аралары өте ұзақ болмауы қажет. Егер қайталаудың арасы ұзақ
болса, адам жаттайтын материалдарыныц байланысын ұмытып қалуы мүмкін.
4). Жаттау кезінде мүмкіндігінше материалды оқтын-оқтын еске түсіріп
отыру керек. Себебі еске түсіру өте белсенді процесс болып табылады.
Өйткені, адам мұндайда материалға әдейілеп назарын аударады, зейін бөледі,
өзінің қатесін сынап, белгілел жаттаудың нәтижесінде бақылап отырады.
Сондықтан әр уақытта жаттайтын материалдарды еске түсіріп, ауызекі айтып
отыруы қажет. Егер біз жатталатын материалды еске түсірмей тек қайта-қайта
оқи берсек, одан жөнді нәтиже шықпауы мүмкін. Көбінесе жатталатын
материалдың бас жағы, не аяқ жағы есте жақсы қалады. Өйткені, әдепкіде
бұған зейін көбірек түседі де, бара-бара ол бәсеңдейді. Материалдың соңғы
жағында есте қалу себебі, осы материал біткен соң, адам жаңадан қабылдауға
бара бермейді.
5). Егер материалдың көлемі көп болмай, ықшам, түсінікті болса,
мұндай материалды тұтасымен бір дегеннен жаттау керек. Егер ол бірі-бірімен
байланыспаса, фактілер мен даталарды түрлі формаларды жаттау керек болса,
оларды бөлшектеп жаттау қажет. Егер материал түсінікті, ұғымды болғанмен
көлемді болса, оны түтаотай жаттауға да, бөлшектеуге де болмайды. Өйткені,
бөлшектеуге адамның ерік-жігері көбірек жұмсалады. Материалдың бірі мен
бірінің байланыстары түсінікті болып, сол себептен еске түсірудің нәтижесі
нашар болады. Жаттау кезінде адам бірнеше сезім мүшелерін оған қатыстырып
отырса жаттаудың нәтижесі жақсы болады. Мысалы, өлеңді жаттағанда бір
жағынан адам оны көзімен көріп, өзі оқып, құлағымен естіп, қолымен жазып
отырса, жаттау нәтижелі болып шығады. Әр түрлі кестелер, схемалар, сызу
жаттауды жеңілдетеді. Мысалы, өлеңді жаттаған уақытта, оның қай қатары
қандай сөздермен басталады, қандай сөздермен аяқталады, ол қандай
бөлшектерге бөлінген, соның бәріне мән беріп, оларды көз алдына келтіріп
отырса, онда өлен, тезірек жатталады. Міне, осы жоғарыда айтылғанның
барлығы адамның ес әрекетінің заңдары және жаттау ережелері болады.
Естің түрлері мен типтері. Қимыл-моторикалық есі қозғалысты есте
тұтуға байланысты білінеді. Балада шартты рефлекстердін. пайда болуымен
бірге қимыл моторика есі көрінеді. Мысалы, нәресте бірінші айдың өзінде-ақ
түрлі қимылдарға тиісті жауаптар қайтарады. Мәселен, жас баланы анасы қолға
алса болғаны, ол емуге даярлық жасай бастайды. Бұл баланың, тамақтану
кезінде дене жағдайын есте қалдырғандығы. Ол оның, өсіп-дамуында жүре-тұра
пайда болған әрекеті.
Хайуанаттарда да қимыл моторика есі кездеседі. Оларда да дағдыға
машықтануының негізі болып табылады. Қимыл моторика есі адамның санасы
арқылы жүзеге асырылып отырады. Өйткені, адам қимыл-әрекеттері арқылы есте
қалдырумен меңгеріп, басқарып отырады.
Эмоциялық ес. Эмоциялық ес адамның өткен тәжірибесіндегі басынан
кешкен сезімдерін қайтадан есіне түсірумен байланысты. Адам езінің жағымды,
не жағымсыз сезімдерін, әсіресе, өте қатты әсер еткен заттардан,
болмыстардан пайда болған күшті сезімдерді көп уақытқа дейін үмытпайды.
Сезімдердің қайтаданеске түсуі алғашқыдағыдай ете көрнекті, әсерлі, күшті
болмай, олар көмескі, солғын, ажарсыз болып келеді. Бала бір жасқа толмай
жатып-ақ онда эмоциялық ес пайда болады. Бес-алты айда бала өздерінің
эмоциялық сезімдерін, әсіресе, күшті әсер еткен заттардан пайда болған
қатты, күшті, жағымды, жағымсыз сезімдерін біраз уақытқа дейін ұмытпай, көз
алдына елестетіп отырады. Мәселен, бөбек қолын отқа күйдіріп алса, екінші
рет отты кергенде қорқады, оған жоламайды, оның адамға жағымсыз екендігін,
қолын күйдіргендігін біледі. Ол бір адамнан қорықса, кейін оны көрсе қашып,
жоламайды. Керісінше өзінін, жақсы көрген, мысалы, өзімен бірге ойнаған,
кәмпит берген адамнан қашпай қайтаоған барғысы келеді. Бөбектердің эмоциясы
ақыл-оймен, санамен бақыланып, басқарылып отырмайды. Ал ересектердін,
эмоция сезімдері, сананың бақылауында болады. Жағымды я жағымсыз заттарды
адам саналы түрде есінде қалдырады, не болмаса әдейілеп оларды еске
тусіреді. Эмоциялық әсерлер кісінің есінде кеп уақытқа дейін қалады.
Мәселен, бала қатты куанса, оның көңілі көпке дейін кетеріңкі жүреді. Оның
қуанғаны не қорыққаны көп уақытқа дейін есінен шықпайды. Мысалы, бір бала
ұйықтап жатқанда үйінің терезесін сындырып кірген мысықтаң шошып оянып, 12
жасына дейін мысықтан қорқып жүрген.
Ересек адамға да қатты әсер еткен нәрселер көп уақытқа дейін естен
шықпайды. Мысалы, бір адам өзіне жасаған операциядан қатты қорқып
қалғандықтан, кейін пышақ көргенде зәресі ұшатын болған.
Бейнелі ес. Бұл әсер етуші заттар мен нәрселердің бейнелерін қайтадан
еске түсіру. Бұрынғы қабылданған нәрселер кейіннен адамның есіне елестеу
есебінде түсіп отырады. Бейнелі ес балалардың өсіп-дамуында алты айлық
кезден бастап пайда бола бастайды. Мысалы, 5—6 айлық бала өзінің ата-анасын
таниды, олардың бейнесін жақсы біледі, оларды тек кергенде ғана емес, сурет
арқылы да тани алады. Анасы бір жаққа кетіп қалса, оны іздеп жоқтайды.
Образдық ес адамның психикалық әрекеттерін байытып, ойлау, қиялдау
процестеріне қажетті материалдар беріп отырады. Көбінесе біз ойлаған,
қиялдаған уақытта қазір қабылдаған нәрселерді бұрынғылармен байланыстырып,
елестерді бірін екіншісіне қосып, қүрастырып, жаңа елестер жасап отырамыз.
Логикалық ес. Бұл адамға түрлі ойды, пікірлерді еске қалдырумен
байланысты көрінеді. Логикалық есте бұрынғы әсер еткен заттардың,
болмыстардың жалғыз ғана формасы, бейнесі, қимылы, сезімдері ғана
жаңғырмай, әсер етуші заттардың, болмыстардың мазмұн мағынасы және адамның
бұрынғы ойлары, пікірлері, ұғымдары, түсініктері еске түсіп отырады.
Мысалы, ес арқылы біз бұрынғы оқыған кітабымыздың,
мақаламыздың, біреумен сөйлескен әңгімеміздің, не болмаса мектепте оқыған
сабағымыздың мазмұн-мағынасын, олардың бір-бірімен логикалық байланысын,
негізгі идеяларын қорытып жалпылап еске түсіріп отырамыз. Біз ойға алатын
нәрселерімізді қайтадан қабылдасақ, не болмаса олардыд суретін, қөрінісін
қабылдасақ, ойымыз, пікіріміз дұрысырақ, анығырақ болып келеді осы айтылған
түрлері адамда біртіндеп дамып, түрлі өзгерістерге түсіп отырады. Мысалы,
зерттеулерге қарағанда, алдымен қимыл моторикалық ес пайда болады, одан
сон, біртіндеп эмоциялық ес, кейіннен бейнелі, баланың, ақыл-есі толысқан
кезде — мағыналы, логикалық ес пайда болады. Хайуанаттарда естің бұл түрі
болмайды, ейткені оларда акыл, сана жоқ, олар еш уақытта айналасындағы
болмыстың, уақиғаның мағынасы мен мазмұнын түсініп, саналы түрде әрекет ете
алмайды.
Жоғарыда айтылған естің түрлері бір-бірінен оқшау, өз алдына әрекет
етпейді олар бірлікте бір-бірімен тығыз байланысты болады. Естің қай түрі
болсын, адамнын, санасымен байланысты. Сана оларды меңгеріп, басқарып
отырады. Адамныд іс-әрекетіне қарай, естің түрлері әрбір адамда түрлі
деңгейде дамыған. Мысалы, біреулерде қимыл-моторика есі жақсы дамыған
болса, басқаларда эмоциялық есі мықты дамыған. Қейбір адамның бейнелі есі
күшті болса, енді біреудін, логикалық есі мықты. Адам есінде әр түрлі
өзгешеліктің болуы, бір жағынан, адамның тәсіл-тәрбиесінен, білім
көлемінен, оның жеке өміріндегі тәжірибесімен байланысты.
Адамда естің түрлерімен қатар оның бірнеше типтері де болуы мүмкін.
Мысалы, естің негізгі типтеріне: көру, есту, қимыл-әрекет типі жатады. Көру
типі көз арқылы пайда болатын бейнелерді, елестеулерді есте қалдырумен,
оларды еске түсірумен байланысты қалыптасады. Есте қалдыратын бейнелердің,
елестеулердін, көбі естудің осы типімен байланысты. Есту типіне есту
мүшелері арқылы нәрселерді, бейнелерді, күйлерді т.б. түрлі дыбыстарды
басқалардан гөрі саналырақ еске түсіре алатын адамдар жатады. Іс - қимыл
есі, көру - есту есі, көру - қимыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жады
Естіп қабылдауды дамыту
МИКРОКОНТРОЛЛЕР. Бір сұлбалы компьютер - микроконтроллерлер деп аталады
Программалаудың операторлық әдісі
Клавиатура буферін тазарту
Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мәселелері
Музыкалық педагогикада музыкалық жадының дамуының негізгі әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Эем архитектурасы
Пернетақтаны басқару
Пәндер