Жануарлар биотехнологиясы пәнінен тіректік дәрістер жинағы


![]()
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
Жануарлар биотехнологиясы
тіректік дәрістер жинағы
ПАВЛОДАР 2008 жыл
БЕКІТІЛДІ
Инженерлік Академия Директоры
вет. ғ. докт., профессор Е. Б. Никитин
„„2008ж.
Құрастырған:
зертхана меңгерүшісі, оқытушыХ. Х. Рафикова
« Қолданбалы биотехнология » кафедрасы
ТІРЕКТІК ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
«Жануарлар биотехнологиясы»
пәні бойынша
050701 «Биотехнология»
мамандығының студенттеріне арналған
Тіректік дәрістер жинағы Бакалавриат. 050701 - Биотехнология 2008 ж. Жұмыс бағдарламасының негізінде жасалған және Инновациялық Еуразия университетінің Ғылыми кеңесінде бекітілген.
«Қолданбалы биотехнология» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды
«___» 2008ж. № хаттама
«Қолданбалы биотехнология» кафедра меңгерүшісінің орынбасары
т. ғ. к., профессор М. С. Омаров
Инженерлі Академияның ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітіліп басып шығаруға ұсынылған «___» 2008ж. № ___ хаттама
ИА ҒӘК төрағасы
тех. ғыл. канд., профессорЕ. К. Ордабаев
Келісілді:
Ақпараттық - әдістеме бөлімінің бастығы
пед. ғыл. канд., профессор Н. М. Ушакова
ИнЕУ ИӘБ мақұлданған
© Инновациялық Еуразия университеті, 2008
© Х. Х. Рафикова
Медиатекаға өткізілді
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнінің мақсаты - студенттерде жануарлардың гендік және жасұшалы инженериясының мүмкіншіліктері тұралы, биотехнологияда жануарлардың жасұшаларын қолдану жолдары және әдістері тұралы білім дамыту. Осы курстың тапсырмасы - болашақ мамандарға жануарлар биотехнологиясы саласында сапалы және терең білім беру. Курсты оқып бітірген студенттер міндетті түрде:
Білу керек: жануарлардың биотехнологиясының жалпыбиологиялық негіздерін, жасұшалы және ұрық инженерияда өткізілетін эксперименттер тұралы, жануарлардың сома және жыныс жасұшаларының клондау және генетикалық ауысу ұстанымдарын. Студенттер медицинада және малшаруашылықта ғылыми және тәжірибе салаларында биотехнология әдістерінің қолдануы тұралы білу керек.
Қолдарынан келу керек: теориялық білімді ғылыми және тәжірибе жұмыстарына қолдану, жануарлар биотехнологиясының эксперименттерін білімді жоспарлау.
Ие болу керек: негізгі жануарлы объектілермен - тышқан, үй қоян, қой - тәжірибеде жұмыс істеу әдістеріне; микроскоп құралдарына (құрамы әр түрлі микроскоптар, микроманипуляторлар, микроинъекторлар) ; зертханалық құрал жабдықтарына (термостаттар, центрифугалар, анализаторлар және арнаулы құралдар), және тағында хирургиялық құралдарға.
Оқу үдірісінде кесте материалдары, плакаттар және өткізілетін сабақтың тақырыбына сәйкес келетін материалдар қолданылады.
«Жануарлар биотехнологиясы» пәнімен танысқанда негізінде келесі жалпы білім беру пәндерден түсініктеме болу керек: биохимия, жалпы және молекулярлы генетика, адам және жануарлар физиологиясы, жасұшалы биотехнология.
№1 Дәріс
Жануарлар биотехнологиясына кіріспе. Биотехнология әдістері малшаруашылықта
Мазмұн: Биотехнология: жаңа туу және даму. Малшаруашылықта биотехнологияның мақсаттары, объекттері. Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жануарлардың биотехнологиялық қоры. Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда. Биотехнология түрлері. Жануарлар биотехнологиясының бағыттары. Жануарлар биотехнологиясының әдістері.
Биотехнология: жаңа туу және даму
«Биотехнология» деген түсініктеме бірінші рет 1917 жылы шошқа етін өндеу үдіріске толық мінездеме берген Венгрия инженері Карл Эрекимен қолданылған. К. Эреки сөзі бойынша: «Биотехнология - ол тірі жандардың көмегімен өткізілетін жұмыстар. »
Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген (жасанды ұрықтандыру, суперовуляция, ұрықтарды қайта отырту) . 60-шы жылдардың соңында және 70-ші жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін жасұшалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер: экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасұшаларды төмен температураларда ұзақ уақыт сақтау. Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады.
Биотехнология саласының мақсаты - коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары мемлекеттерде биотехнология дамуыда өте жақсы деңгейде. Олар келесі мемлекеттер: Америка Құрамы Штаттар, Ұлы Британия, Германия, Франция, Нидерланды, Жапония. Жалпы биотехнологиялық өнімдердің 50 пайызы Америкалық Құрамы Штаттарына, 20 пайызы Европаға, 11 пайызы Жапонияға, 9 пайызы қалған мемлекеттерге келеді. Биотехнология адамзатқа келесі пайдалы жағдайларды тұдырады:
- инфекциялық, нәсілдік ауруларды анықтап, емдеп, келешекте болдырмау;
- антибиотиктерді, полимерлерді, аминқышқылдарды, ферменттерді және басқа тағамдық қоспаларды өңдейтін микроағзаларды дамыту;
- паразиттік, вирустік ауруларға төзімді өсімдіктердің түрлерін шығару;
- тез өсіп жететін, ауруларға қарсы тұра алатын мүмкіншіліктері жоғары жануарлардың көмегімен асыл тұқымдық малшаруашылықты дамыту;
- қоршаған ортаны кірлететін себептерден босату.
Биотехнология: тарихи мәлімет
Мезгіл
Оқиға
1890
Волтер Хип бірінші рет қоянның ұрығын донордан реципиентке транспланттайды
1917
Карл Эреки «биотехнология» түсініктемесін кіргізеді
1961
«Биотехнология және биоинженерия» журналының шығуы
1973
Н. Бауэр және С. Кохан рекомбинанттық ДНҚ биотехнологиясын тұдырады
1975
Кохлер және Милстейн моноклоналды антиденелерді алу жолымен таныстырады
1978
«Genentech» компаниясы адам инсулинін іш таяқшаның көмегімен алады
1980
Американдық Жоғары сот «Diamond*Chakrabarty» компаниясының микроағзалармен генетикалық жұмыстарды өткізу құқығының патентін ашады
1981
Бірінші коммерциялық ДНҚ-синтезаторлар ашылған
1982
Рекомбинанттық ДНҚ көмегімен алынған жануарларға арналған вакцина Европада пайдалана басталды
1988
Полимеразды-шынжырлы реакциямен қолданып зерттеулер өткізіле басталды
1990
Адамның сома жасұшаларына арналған генетика терапиясының әдістері Америка құрама штаттарында жұмыс істей бастады
1990
«Адам геномының» жобасы жұмыс бастады
1997 осы күнге дейін
Сүтпен қоректенетіндердің ядроларын клондау
Малшаруашылықтағы биотехнологияның мақсаттары, объекттері. Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы
Биотехнология ағзаның биохимиялық, физиологиялық, қайта орнына келу мүмкіншіліктерін зерттеп, оның нәсілдік қорларымен қолданып, барлық биологиялық бағдарламаларды түзетуге мүмкіндік болатын жолдарды табуға жағдайлар тұдырады.
Биотехнологиялық зерттеулердің объекттері - тірі ағзалардың негізгі топтарының өкілдері. Олар вирустер, бактериялар, өсімдіктер және жануарлар, олардан бөлек жүрген молекулалар, жасұшалар және жасұшалардың құрамдарындағы заттар. Зерттеген уақытта тірі жүйелердің мүмкіншіліктерін, олардың қорларын қарастырады. Жануарлардың биотехнологиялық қорлары келесі:
- молекулярлық (геннің құрамы және қасиеттері) ;
- физиологиялық (гаметалар банкі, тотипотенттік) ;
- селекциялық (тұқым жақсарту, жаңа тұқым алу) .
Сондықтан биотехнология осы тірі жүйелерде өтетін физико-химиялық, биохимиялық және физиологиялық үдірістерге, сол кезде шығатын қуатқа, өнімдердің жаратылуына және дағдарлануына, ұйымдастырылған құрылымдардың қалыптасуына сүйенеді.
Биотехнология ғылым болып өзіне келесі ғылыми пәндерді кіргізеді:
а) молекулярлы биология микробиологиямен бірігіп микроағзалардың биотехнологиясын құрады;
б) молекулярлы биология, микробиология және химиялық инженерия бірігіп молекулярлы биотехнология құрады;
в) жасұшалы биология молекулярлы биологиямен және микробиологиямен бірігіп жасұшалы биотехнология жаратады;
г) жасұшалы биотехнология, жануарлардың көбею биологиясы, акушерство және хирургия - осы ғылымдар жануарлардың көбею биотехнологиясын тұдырып отыр;
д) жануарлардың даму биологиясы, жануарлардың тұқымдарын жақсарту, малдәрігерлік және жоғары айтылған ғылымдардың бәрі жануарлардың биотехнологиясын тұдырады;
е) молекулярлы және жасұшалы биотехнология көбею биотехнологиясымен бірігіп ұрық инженерия ғылымында жаңа ағым тұдырады.
Ал биотехнологияның ғылым болып тұғаны - ол молекулярлы, жасұшалы биологияның көмегімен болған.
Биотехнологияның басқа ғылымдармен байланысы
Б И О Т Е Х Н О Л О Г И Я
Молекулярлы
биология
Микробиология
Генетика
Жасұшалы
Биотехноло
гия
Жануарлар биотехнологиясының пайдалану салалары:
- Мал шаруашылық.
- Мал дәрігерлік.
- Азық өнімдеу.
- Селекциялық орта.
- Диагностика. Дәрілер, вакциналар.
- Азықтар және азық қоспалары.
Жануарлардың биотехнологиялық қоры
Мал шаруашылықта биотехнология әдістерін еңгізуге жануарлардың келесі биологиялық ерекшеліктері жағдай береді:
- Жануарлардың жыныс жасұшаларының (гаметаларының) биологиялық банкі. Жануарлардың гаметаларының биологиялық банкі ұрғашылардың жыныс жасұшаларында (гонадаларда) орналасқан. Гаметалардың морфогенетикалық мүмкіншіліктері өте жоғары. Мысалы, тұған кезде ұрғашы қойлардың жыныс жасұшаларында 700 мың фолликулалар (гонаданың жасұшалары) болады; жыныс жасына келгенде 12000-86000 ұсақ фолликулалар және 100-400 үлкен фолликулалар болады. Еркек жануарлардың жұмыртқаларында сперматазоидтердің саны одан да көп (280-450 триллион) . Осындай қордан табиғи жынысу жағдайда көбеюге қатысатын гаметалардың (жұмытқа жасұшалары және сперматазоидтер) саны бірден туатындарға 5-10, көптен туатындарға 40-80 паралар.
- Жануарлардың ұрықтарының имплантацияға (қайта отырту) дейін дамуы. Ұрықтандырылғаннан кейін ұрық ұрғашы малдың жыныс мүшелерінде бос жағдайда болады. Ұрықтандырылған жерден еңгізілетін жерге дейін ұрық бір неше күн жүреді: шошқаларда 2-3, қойларда 4-5, қояндарда 5-7, сиырларда 7-8 күн. Осы жағдаймен қолданып жануарлардың ұрықтарымен әр түрлі жұмыстар өткізеді.
- Бірден туатын жануарларда бір жұмыртқалы егіздер туу. Бір жұмыртқалы егіздер келесі жағдайда туады: имплантация алдындағы кезеңде ұрықтың қабыршығына бір зақым келіп ұрық бөлініп кетіп, екі немесе бір неше ұрықтар жаратылады. Осындай егіздердің нәсілдік, биохимиялық көрсеткіштері бірдей, неге десек олар бір ұрықтандырылған жұмыртқалы жасұшадан шығады (тотипттенттік жағдай) . Осындай көріністің көмегімен көп жасұшалы ағзалардан биологиялық ұқсас ағзаларды алуға болатын болды. Осы жағдай тұқым мал шаруашылығына өте маңызды.
- Малшаруашылықта тұқым дәнін тұдырып жетілдіру. Ауылшаруашылық жануарларды ұстап көбейткенде тұқым дәнін және пайдаланатын үйірді айырады. Тұқым дәніне жататын малда келесі көрсеткіштер болу керек: физиологиялық саулық, көбеюге жарамдық жоғары қасиеті, жоғары бағалы нәсілдік қасиеттері және сапалы ұрпақ. Биотехнологиялық зерттеуде осы жануарлар тобына жататындарберушілер (донорлар) жәнежасаушылар (ұрықтандырушылар) . Беруші - ол нәсілдік бағалы ұрықтарды беретін ұрғашы; жасаушы - ол еркек мал. Сондықтан, жануарлардың осы дәрежесі үйірдің көбейту жұмысына өте маңызды.
Пайдаланатын жануарлардың үйірі - ол жануарлар, генотиптері аса маңызды емес, бірақ міндетті түрде физиологиялық сау, көбеюге жарамды жақсы қасиеттері бар. Осы дәрежеге реципиенттерді жатқызады. Реципиент - бөтен ұрықты алып жүретін ұрғашы. Пайдаланатын жануарларға күйлеген ұрғашы малдарды табатын еркек малдардыда жатқызады.
Жалпы, ауылшаруашылық жануарлардың биотехнологиялық мүмкіншіліктері жануарлардың биологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Биологиялық қасиеттер тектілік қорлармен реттеледі.
Сонымен, жануарлардың биотехнологиялық қорын үш топқа бөлуге болады:
а) молекулярлық қор - ген қасиеттерімен және құрамымен белгіленеді;
б) физиологиялық қор - гамета банкі арқылы ашылады, ұрықтың еңгізуліден бұрын дамуы (тотипотенттік) ;
в) селекциялық қор - тұқым малшаруашылығымен байланысты, ұрықты жақсартып жаңа тұқым жасаумен байланысты
Жануарлардың биотехнологиялық қоры
1. Биотехнологиялық қор
МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ
- Нуклеин қышқылы
- Репликаттау, транскриптеу, трансляттау
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
- Көбею(репродуктивті) аппараты
- Гонаданың гормондары
- Эмбрионалдық даму
- Имплантациядан бұрын даму. Тотипотенттік
СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ
- Ұрық малшаруашылығы
- Резистенттік, өнімділік, қайта өндіріс
2. Биотехнологиялық өнім
Рибосомалдық ДНҚ
Рибосомалдық
ақуыз
Трансгендік
жануарлар
Ұрықтар
банкі
Клондалған
жануарлар
Резістенттігі
және өнімділігі
жоғары
жануарлар
Бақталасқа
Жарамды
Малшаруашық өнімі
Жануарлар биотехнологиясы Қазақстанда
Қазақстанда жануарлар биотехнологиясының дамуына Мухамедгалиев Ф. М., Жанабеков К. Ж., Абильдинов Р. Б. үлес қосқан. Олар ұрықтармен жұмыс істегенде бірінші рет суперовуляция және трансплантация әдістерімен қолданып осының арқасында Қазақстанда жануарлар биотехнологиясы даму жолына тұрды.
Кәзіргі уақытта Қазақстанда бір топ мамандар жануарлар биотехнологиясынан жұмыстар өткізе алады. Олар Қасымов К. Т., Тойшибеков М. М., Садыкулов Т. С., Аузбаев С. А., Малмаков Н. И., Салықбаев Т. Н., Джамалова Г. А. және т. б. Осы ғалымдар ғылыми жұмыстарын тек қана зертханада өткізбей тәжірибеде қолдану сұрақтарын қарастырады. Мысалы, 1997 жылдан бастап Алматы облысы «Мади» тұқым шаруашылығында дегресс қойларын көбейту ғылыми зерттеулері өткізіліп жатыр.
Биотехнология түрлері
Адамның биологиялық жүйеге әсер етуіне байланысты биотехнологияны келесі түрлерге бөледі:
- Молекулярлы- негізінде рекомбинанттық ДНҚ технологиясы және микроағзалар технологиясы.
- Жасұшалы- негізінде ядро және жасұшаның деңгейіндегі жұмыстар.
Осы әдістердің пайдалану саласына байланысты биотехнология келесі түрлерге бөлінеді:
- Ғарыштық.
- Экологиялық.
- Медициналық.
- Ауылшаруашылық.
- Өнеркәсіптік.
Ауылшаруашылық биотехнологиясы өз алдына өсімдіктер биотехнологиясына және жануарлар биотехнологиясына бөледі.
Жануарлар биотехнологиясы - молекулярлы және жасұшалы биотехнология әдістерінің көмегімен генотипті реттейтін, резистенттігі жоғары және жоғарыөнімді жануарларды алу әдістерді зерттейтін ғылым
Жануарлар биотехнологиясының бағыттары .
Малшаруашылықта биотехнологиялық қорлар ашу үшін молекулярлы, жасұшалы, көбейту биотехнологияларымен қолданады.
Жануарларды көбейту биотехнологиясы - жануарлардың репродуктивтік қорларының генетикалық мүмкіншіліктерін жақсарту мақсатымен қолданылатын әдіс. Көбейту биотехнологиясында зерттеу пәні - жануарлардың репродуктивтік қасиеті ал зерттеу объекті - олар:
- жануарлардың ағзаларының гормондары - гипоталамус, гипофиз, гонадалар арқылы зерттелетін;
- көбею мүшелерінің құрамы және физиологиясы.
Көбейту биотехнологиясында келесі әдістерді айырады:
- Суперовуляция- фолликулдарға өсуге және дамуға мүмкіншілік беретін, гормондардың көмегімен ұрғашы-донорларға әсер ететін әдіс.
- Жасанды ұрықтандыру- жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін асылтұқымды еркек малдардың ұрықтарымен қолданып ұрғашыларға ұрық себу жұмыстары.
Генетиканың және жасанды ұрықтандыру технологиясының жетістіктерінің көмегімен малшылар жануарларды жетілдіру үшін қолайлы әдістер тапты, жоғары мүмкіншіліктері бар еркек жануарларды іріктеп алу жағдайлары туды, бүкіл популяциялардың генетикалық жақсарту екпіндері тездетілді.
- Ұрықтарды транспланттау- ұрғашы-донордан ұрғашы-реципиентке ұрық тасу әдісі. Малшаруашылықта транспланттау мақсаты - асылтұқымды ұрғашы жануарлардың генетикалық қорларымен қолдану.
Ұрықтарды транспланттау әдістің көмегімен ұрғашылардың көбею мүмкіншіліктері кеңейді, неге десек, олардың ана бездерінде аналық жыныс жасұшаларының қоры мол болады. Осы генетикалық қорды толығынан қолдану үшін келесі зерттеулер өткізілген: асылтұқымды аналардың ұрықтарын алып төмен генетикалық бағалы, көбею үдірісіне жарамды аналардың жатырларына транспланттау.
Осы технология жұмыс істегенде:
а) бір асылтұқымды анадан алынған ұрпақтардың саны көбейеді;
б) ағзаларды гамета және ұрықтар түрінде апарып жеткізуге және көп уақыт сақтауға болады;
в) гаметаларды және ұрықтарды іріктеп алып керек жынысты және керек физиологиялық-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтарды алады.
Осы айтылған технологияларды еңгізу үшін, ақырғы мақсаты ұрықтарды транспланттау болатын жұмыстардың кешенімен қолдану керек.
Көбейту технологиясы келесі кезеңдерден тұрады: донорларды, жасаушыларды, реципиенттерді іріктеп алу, донорларға суперовуляция өткізу, донорларды ұрықтандыру, ұрықтарды шығарып алу, алып шығарған ұрықтардың қасиеттерін бағалау, ұрықтарды реципиенттердің мүшелеріне еңгізу.
Кәзіргі уақытта көбейту биотехнологиясы молекулярлы және жасұшалы биотехнологиялардың әдістерімен тығыз байланысады.
Жасұшалы биотехнология - түрлі жасұшалы жұмыстар өткізу арқылы бағалы биологиялық қасиеттері бар ағзаларды алуды зерттейтін пән. Малшаруашылықта зерттеу объекті - жануарлардың репродуктивтік жасұшалары. Малшаруашылықта жасұшалы биотехнология өзіне бір бірін толықтыратын екі ғылыми бағыт кіргізеді:
1. Ұрық өсіру зерттеулер (ұрық дақылы) - гаметалармен ұрықтарға өмір сүруге және дамуға жағдай тұдыратын.
Ұрық өсіру зерттеулердің негізгі тапсырмалары:
а) гаметалардың және ұрықтардың селекциясы;
б) гаметаларды және ұрықтарды өсіру;
в) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру;
г) гаметалардың және ұрықтардың банкін ашу;
д) қоректік орталарды жасап қасиеттерін жақсарту.
2. Жасұшалы технологиялар - жануарлардың генотиптерін жақсарту үшін жасұшалардың және ядролардың деңгейінде жүргізетін жұмыстар.
Малшаруашылықта жасұшалы технологиялардың жұмыстары келесі:
а) соматикалық гибридизация;
б) клондау;
в) химералық жануарларды алу.
Молекулярлы биотехнология - жануардың ағзасында молекулярлы деңгейде жаңа генетикалық бағдарламаны алу мақсатын зерттейтін ғылым. Зерттеу объекті нуклеин қышқылы болады (ДНҚ және РНҚ молекулалары) . Молекулярлы биотехнология келесі екі бөлімдерден тұрады:
- Генетикалық инженерия- тек қана гендерді зерттейді. Генетикалық инженерияның тапсырмалары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz