ЖЕТІСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ҚАЙРАТКЕРДІҢ ЖАРИЯЛАНБАҒАН ХАТЫ


ЖЕТІСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОРАЗ ЖАНДОСОВ ҚАЙРАТКЕРДІҢ ЖАРИЯЛАНБАҒАН ХАТЫ
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, әсіресе, оның кеңестік дәуірінде қазақ ортасынан шыққан саяси қайраткерлердің ірі өкілдерінің бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосов (1899-1938 ж. ) болып табылады.
Ораз Жандосов саяси аренаға, негізінен кеңес дауірінде шықты. Оның қайраткер ретінде танымал бола бастаған кезеңі - қым-қиғаш саяси көзкарас пен аласапыран саяси процестер тоғысқан кез еді.
1917 жылы қарашада Орталық Россиядағы саяси оқиғалардың ықпалымен Түркістан өлкесінде де (революпияға дейін Қазакстанның бүкіл оңтүстік аумағы, оның ішінде Ораз туып-өсіп, қызмет атқарған Жетісу облысы да осы елкесінің құрамына кірген еді) қарулы көтеріліс ұйымдастырылып, нәтижесінде большевиктер өлкедегі саяси билікті тартьш алды. Саяси билік басына келген кенес өкіметі тап күресін басшылыққа алған, пролетариат диктатурасын орнатуды мақсат еткен орыс коммунистерінің шағын тобының қолында шоғырланды. Жарияланған Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамында Түркістанның жергілікті хллықтарының бірде-бір өкілі болмай шықты, бұл жағдай ұлттардың теңдігі мен өзін-өзі басқару құқылығы туралы болыпевиктердің саяси ұрандарының бар мән-мағынасын жоққа шығарьш, құрылған үкіметтің орыстың шовинистік - ұлы державалык саясат ұстанған үкімет екендігін ап-айқын көрсетті.
Ташкенттегі кеңес өкіметіне балама ретінде 1917 жылы 28 қарашада Түркістан зиялылары ұлттық мүдделерді басшылыққ алған «Түркістан автономиясын» жариялады, бірақ ол 1918 жылы ақпанда орыс армиясы тарапынан қанға бояльш таратылды.
Түркістандағы билік басындағы орыс болыпевиктері ұзақ уақыт бойы өлкенің саяси мәртебесі туралы ешқандай айқындама қабылдамай, саяси көрсоқырлық танытты. Олар өлкенің тарихи-объективті жағдайына мүлдем үйлеспейтін, оның жергілікті халықтары үшін жат ұлттық саясат ұстанды, Орыс большевиктері мұнда отарлық саясаттың топырағынан нәр алған кеңес өкіметінің пердесін жамылған анархия орнатты және орыс тұрғындары арасындағы әскери тұтынушылық сипаттағы коммунизм үшін жергілікгі халық есебінен алғашқы қорлану процесін жүргізді.
Жаңа үкіметтің қанды қылмыстарынан шошынған жергілікті халық арасында наразылық туып, ол бірте-бірте қарулы қозғалысқа ұласа бастады. Саяси билік басындағы орыс болыпениктері бұл қозғалыстың шын мәнін түсіне алмағандықтан да, оспадар саясат ұстанып, орасан зор құрбандықтар әкелген азамат соғысын тұтандырды. Зорлық-зомбылық, ату, тәркілеу, келемеждеу, тігерге тұяқ қалдырмай тонау - үкіметің негізгі практикалық ісіне айналды. Ташкенттегі орталық үкімет бүкіл елге аумағында өтіп жатқан саяси процестерді бақылай алмайтын дәрежеге жетті. «Біз, Кеңестік Түркістан - аса қиын, ауыр жағдайда, лаулаған оттың ортасында қалдық. Бізде - революция, оны біз - ОРта Азия большевиктерінің шағын тобы басқарып отырмыз. Айналамыздын бәрі - қаптаған халық миллиондаған азиялық тобыр. Онда не болып жатқанынан мүлдем хабарсыз едік», - деп жазады сол жылдардағы Түркістан үкіметінің басшысы Ф. Колесов өз естелігінде.
Міне, О. Жандосовтың саяси аренаға шығуы дәл осыңдай аса ауыр саяси кезеңге тұспа-тұс келген еді. Өкіметтің түрі ауысқанымен де отарлық болмысы өзгергермеген. О. Жандосов бірте-бірте түсіне бастайды. Сондықтан да ол аласапыран уақыттв туган халқының мүддесін қорғау үшін саяси билік пен әскери күшке ие болып отырған кеңес өкіметі жағына өтіп, отарлық дәстүр бесігінде дүниеге келген жаңа өкіметті Түркістанның жергілікті халықтарының төл өкіметіне айналдыруға, большевизмге ұлттық сипат беруге ұмтылды. Әрине, жасы жиырмаға жетпеген балаң жігіттен зор саяси бағдарлама күту де орынсыз талап болар еді. Сөйтсек те, біз Ораздың өзі туып-өскен Жетісу өлкесіндегі шым-шытырық окиғаларға, күрт өзгерістерге, шегіне жете шиеленіскен күрес пен арпалысқа бел шеше кіріскенін көреміз.
Кеңес кызметіне тартылған Ораздың ең алғашқы сүлбелі ісі 1918 жылы мамыр-кыркүйек айларында атқарған Верный қалалық-уездік кеңесінің нұсқаушысы болуы еді. Сол жылы қазан айында ол кеңестердің алғашқы сьезінде облыстық ұлт істері жөніндегі комиссары болып тағайындалды. Дәл осы кезеңде Ораздың ұйымдастырушылық үгітшілік және
шешендік таланты жан-жақты ашылды. Жетісу тарихында ең алғаш рет ана
тілімізде жарық керген «Көмек» газетін ұйымдастырды. 1919 жылы ақпанда ол Жетісу мұсылман әйелдерінің тұңғыш сьезін шақыртады, сол жылы мамыр айында Жетісу ақындарының тұңғыш слетін өткізеді. 1919 жылы сәуірде құрылып, қызу әрекетке кіріскен Мұсылман бюросы республикадағы саяси билікті, мемлекеттік басқарудың негізінде тұтқаларын өз қолдарына алуға тырысып, республиканы жеке-дара билеп-төстеп отырған шовинистік ниеттегі орыс большевиктеріне қарсы ымырасыз күрес жариялайды. Нәтижесінде «маркстік көзқарас тұрғысынан алғанда, көпшелілер бәрібір жер бетінен құрьш кетуі тиіс» деген саясат ұстанған Тоболин, Казаков, Успенскийлер бастаған шовинистердің үлкен тобы 1919 жылы қазанда Түркістаннан қуылғаны белгілі. Мұсбюро төрағасы Т. Рысқұловтың ұсынуымен Жетісу облыстық мұсбюросының жетекшілігіне келген О. Жандосов аса қысқа мерзімде-ақ елеулі еңбегімен көзге түседі. О. Жандосовтың жанашырлық қызметі мен табанды басшылығының арқасында облмұсбюро Жетісу қазақтарының, сондай-ақ, қырғыз, ұйғыр, дүңған сияқты басқа да мұсылман халықтарының бірден-бір қорғаушысына айналды.
Бұл кезеңдегі Жетісу қазақтарының жағдайы кең байтақ отанымыздың басқа да аймақтарындағы қандастарымыздың жағдайы сияқты аса ауыр еді Тек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен оны қанға батырып, басқан кездегі зобалаңды айтпағанның өзінде, бас сауғалап көршілес Қытай аймағына ауған қазақ-қырғыздардың саны 3 адамға жетті. Үдере көшкен халықтың көрген қасіреті адам айтқысыз мөлшерде болды. Олардың тастап кеткен дүние-мүліктері талан-таражға ұшырап, мекендері жермен-жексен етілген еді. Патша билік орындары жер мен мүлікті, төрт түлік малды тартып алудың жоспарын аса ыждағаттылықпен іске асырған еді. «Қазақтарды жерінен айырар қатаң жаза - олар үшін лайықты жаза болмақ» - деп ұран тастаған болатын генерал-губернатор Н. Куропаткин.
Революциядан соң билеп-төстеген орыс большевиктерінің жергілікті халыққа карсы жасаған жауыздығы патша заманындағыдан бетер болды. Аштық пен індет, жұт пен салық, тәркілеу мен тонау, заңсыздық пен шарасыздық халықты сеңдей соғыстырды. Аса ауыр саяси жағдайда құрылып, кызметке кіріскен облмұсбюроның халық тарапынан зор беделге ие болғаны осындай ақуалда өзінен-өзі түсінікті еді.
Республика басшылығына мұсылман коммунистері келген уақыттан бастап Жетісу облысының саяси-әлеуметтік жағдайына жіті назар аударыла бастады. Түркістан Орталық Атқару Комитеті 1919 жылы 24 қарашада «Қазақ босқындарын орналастыру жөнінде ерекше комиссия» құрады. Комиссия құрамына: Түрікатком, Азық-түлік директориясы, Жер шаруашылығы халық комиссариаты, Сыртқы
талады. Қорытындысында найман рулары өздерінің «құткарушылары» тарапынан тігерге тұяғы қалмай жұрдай тоналды.
20 айға созылған азамат соғысы кезінде ақтар найман руларын саяси жағынан ұйымдастыру мәселесінде ештеңе жасамады. Алашорда кеңесі қазақтарды басқарып отыр дегені болмаса, қолында ешқандай нақты күші болмауына байланысты олар тек Анненковтың алдында қазақтардың мүддесін қорғауға тырысьш баққанымен де, түк нәтиже шығара алмады, өйткені Сібірдің реакцияшыл үкіметі өзі құрылған алғашқы күннен-ақ Алашорданың Орталық Кеңесі мен оның жергілікті органдарына сенімсіздікпен қараған еді. Найман болыстарында болыстық басқармалар сақталды. Оның үстіне Анненков бірнеше болыстың үстінен өкім етіп өзіне сенімді адамдарды тағайындап қойды. Қазақтар арасынан ешқандай сот жүйесі жұмыс істеген жоқ, ал ақтардың билік орында-рынын қазақтарға қатысты саясаты барынша дөрекі де бюрократияшыл болды. Найман руларының Семей аймағының басқа қазақтарымен байланысы тым әлсіз еді. 1919 жылдың басында Колчактың Алашорданың Орталық Кенесін қуып таратуы, башқұрттардың кеңес өкіметі жағына өтуі, Алашорданың Тұңғанында мен өз өкілі Байтұрсынұлы арқылы Мәскеумен келіссөздер жүргізуі, Халық Комиссарлар Кенеснің қазақтардың өзін-өзі билеуі туралы декрет жариялағаны наймандарға аян болады және олар қалыптасқан саяси жағдайды ескере отырып кеңес өкіметі жағына бейімделе бастады. Бұл жерде қазақ зиялыларының Сібір үкіметінің реакцияшыл саясатына қарсы бағытталған іс-әрекетіне назар аудармай болмайды. Осындай жағдайда наймандар енді биылғы көктемде бұрқ еткен азамат соғысының жаңа кезеңіне килікті.
Колчак талқандалды. Сібірде кеңес билігі қалпына келтірілді. Қызыл әскерлер солтүстік тұстан шабуылдай отырып Жетісу облысының аймағына енді. Бір жағынан, қанішер де тойымсыз ақтар Жетісу облысының солтүстік бөлігіне орналасып алса, екінші жағынан, солтүстік пен онтүстік жақтан большевиктер жақындап келе жатты; бұл содғылары Қазақтардын түсінігінде дәл 1918 жылғы сияқты тонау мен қырып-жоюды ұйымдастыратындай көрінді. Жағдай мейлінше түсініксіз болып шиеленісе асқынып кетті. Наймандардың зиялы қайраткерлері үлкен қиыншылығын қызыл Семейдегі қазақ басшылармен байланыс жасап, олардан қызылдар тарапынан орын алуы мүмкін түрліше оспадарлықтарға тыйым салынатыны туралы уәде алады. Осы жылдың ақпан айында наймандар өз өкілі - Үмбетпаев арқылы Солтүстік Жетісу қызыл әскербасыларымен келіссөзге тығып, олардан кеңес өкіметі өз қарсыластарына кешірім беретіні, оспадарлыққа тыйым салынатыны және егер кеңес өкіметі жағына өтсе, онда наймандардың барлық мүлкі мен жеке қауіпсіздіктері қорғалатындығы туралы жауап алды. Осылай деп наймандарға түсіндірілген соң олар бірте-бірте ақтар орналасқан аймақтарды тастап, кеңес билігі жүріп тұрған аймақтарға өте бастады. Бірақ ең негізгісі - ақтар жағында шайқасып жүрген алаш полктарының бетін бері қарату еді. Бұл мәселеде де біршама шаралар іске асырыла бастады.
Міне, дәл осы кезеңге Жетісудағы кеңес өкіметінің жоғары әскери-саяси басшылығында Солтүстік майдандағы ақгвардияшылар лагерінде қалған қазақтар ісі бойынша құрамына - Агидуллин, Сыдықов және Жандосов кіргізілген комиссия тағайындап, іссапарға аттандыруы тұспа-тұс келген еді. Комиссия 1920 жылы 9 наурызда Гаврилов селосына келіп жетті.
Комиссия өз міндетіне кірген мынадай мәселелерді атворды: 3-ші Түркістан атқыштар бригадасы штабынын ықласымен Қапал аймағында әрекет етіп жүрген алаш полкі таратыла бастады, сондықтан да бұл жерде комиссия тек екінші дәрежелі ғана рөл атқарды, Анненков лагеріндегі бейбіт қазақ тұрғындарының кеңес өкіметі жағына ойысуы басталды, бірақ, қазақтардың бұл ойысуы орыс-қазақтары тарапынан іске асырылып жатқан қауіпті қуғын-сүргін кесірінен үлкен қиыншылықтармен өтуде; жалпы алғанда Солтүстік майдан жойылу алдында тұр. Сондықтан да комиссиянын барлық қызметі майдан толық жойылып біткенге дейін алаш полктерінің біздін жаққа өтуіне бар мүмкіндікті пайдаланып қолғабыс жасау және біз жаққа өткен төрт найман болыстарын саяси жағынан ұйымдастыру, сондай-ақ наймандарды келешекте саяси-экономикалық жағынан дұрыс ұйымдастырып, орналастыруды жеңілдету үшін олардың бұрынғы және қазіргі экономикалық жағдайларынан толық мәліметтер жинауға бағытталды. Бұл жұмыстарды комиссия толық орындап шықты. Біздің тарапка өткен қазақтар саяси жағынан орналастырылып, ұйымдастырылды; Гаврилов кенесінің съезіне олар тарапынан делегаттар сайланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz