Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

№1 Медицина факультеті

Емханалық терапия және арнайы клиникалық пәндер кафедрасы

«Коммуникативті дағдылар- 1 » - пәні

Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу№16

Тақырыбы Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату.

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

5В130200 «Стоматология»

Курс: І

Құрастырғандар: оқытушы Мейрбекова А. А.

оқытушы Джуманова Г. А.

Түркістан 2011ж. -2012ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды

№ ‹› 2011ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілді

м. ғ. к., доцент м. а

К. С. Бабаева

№ 16 Тақырыбы: Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату.

Мақсаты 1. Әртүрлі жағдайларда (стационар, амбулатория және жедел медициналық жәрдем) дәрігердің жасы егде ауру адамдармен, балалармен, бүлдіршіндермен, ата-аналармен, науқастың отбасы мүшелерімен және достарымен, науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қатынас орнатуына қажет дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

2. Әр жас аралығындағы науқастармен сұхбаттасу принциптерін қалыптастыру.

3. Әр жас аралығындағы пациенттермен контакт жасай білу.

4. Диалог атқаруға үйрену.

Оќыту маќсаты:

• студенттерге дәрігердің коммуникативті дағдылар, коммуникативті процесстер және коммуникативті компетенттілік туралы түсінігін ќалыптастыру;

• әр жас аралығындағы пациентттермен, пациенттердің туыстарымен және әріптестермен конфликтсіз ќарым-ќатынасты ќалыптастырып оның маңыздылығын түсіндіру;

• дәрігер тұлғасына ќойылатын психологиялыќ талаптарды ќалыптастыру;

• әр жас аралығындағы пациенттермен медициналыќ интервьдің жүргізілуі және оны дұрыс ќалыптастыру;

• әр жас аралығындағы пациентттермен, пациенттердің туыстарымен және әріптестермен конфликтсіз ќарым-ќатынасты ќалыптастырып оның маңыздылығын түсіндіру;

• дәрігер мен әр жас аралығындағы пациенттің ќарым-ќатынасына кері әсер ететін барьерлерді аныќтап, проблемаларды шешу;

• дәрігер мен әр жас аралығындағы пациенттің арасындағы эффективті ќарым-ќатынасты ќалыптастырып, пациенттің психологиялыќ типтерін аныќтау.

Тақырыптың негізгі сұрақтар:

1. Дәрігер мен әр жас аралығындағы науқастармен қарым-қатынас құру тәсілдері

2. Дәрігер мен пациенттің эффиктивті қарым-қатынасын қалыптастыру үшін жас ерекшеліктерінің әсері.

3. Пациенттермен контакт жасай білу техникасы .

4. Диалог атқару.

5 Балалармен қарым-қатынас

6 Бүлдіршіндермен қарым-қатынас

7 Жасы егде ауру адамдармен қарым-қатынас

Білім беру және оќытудың әдістері:

Тәжірибелік жұмыстардың орындалуы және талќылау, хаттама жүргізілуі.

ТАҚЫРЫПТЫҢ МАЗМҰНЫ

ӘР ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫНАС ОРНАТУ

Жасы егде ауру адамдармен қарым-қатынас. Жастары ұл-ғайған наукастармен сұхбаттасудың өзІндІк ерекшеліктері бар, Улкен жастағы науқастардың реакциясы, есту, көру кабілеті темен болуы мүмкін. Олар көбінесе қимылдарын шектеитін, қиындықтар тугызатын созылмалы аурулармен сырқаттанады. Үлкен жастағы науқастар, емдеу акысын жоғарылатудан қорыққанан немесе Диагностикалық, емдеу процедураларымен байланысты туатын қиындықтардан қашу мақсатында өзінің симптомдарын ашық айтудан бас тартады. Кейбір наукастар корініс берген симптомдарды кәрілік әсерінен деп қабылдап, кейде тіпті үмытып кетуі де мүмкІн. Жастарға қарағанда, жасы үлкен наукастар сырқаты туралы аздап қана, баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сүрактарына жауап беруге көбірек уақыт бөлген жөн. Дәрігер сабырлы, байыпты сөйлеуі керек. Жылы әрі тыныш, сүхбатқа ешнәрсе кедсргі келтірмейтін бөлмеде науқастан мәлімет жиналады. Дәрігер мәлімегті бір сүхбаттан кейін «толык жинадым» - дегені қате, себебі бірнеше рет сұхбаттасудан кейінгі жиналған мәлімет продуктивті, толығырақ болады.

Жасы келген кісілер өз жастарын сезіне отырып, енді қанша өмір еүретінін есептей бастайды. Үлкен жастағы науқастар өткен өмірдегі күндерді, қуаныштарды, реніштерді еске алуға бейім болып табылады. Науқастың өмірі туралы дәрігер ести отырып, оны жақсы түсініп, уайымын басуға қол ұшын бергені дұрыс. Жасы үлкен науқастардың бүрын ауырған ауруымен калай күрескені туралы мәлімет алынады. Науқастың оз денсаулығына, жасына байланысты көзқарасын білу мақсатында мынадай сүрақтар қойылады: «Сізді қазір не қуантады немесе не уайымдатады, егер колыңыздан келсе өз өміріңізге қандай өзгерістер енгізер едіңіз, өтінемін?».

Созылмалы аурулармен сырқаттанғап жасы улкен наукастардан күнделікггі өмірде қандай көмек керск екенін, қалай өз бетінше тамақтана, киіне, жуына алатыны туралы мәліметтерді де дәрігер анықтайды. «несеп немесе нәжістің ұстамауына шагымданама жиі құлай ма, телефонмен сөйлесе ала ма, көшеге өздігінен шыға ала ма, тамақты өзі пісІре ме, машина жүргІзе ме немесе коғамдық транспорттарды қолдана ма, финанстық жағдайды, ягни төлем-ақы телей ме, баспалдақттен көтеріле ала ма» - деген сұрақтарға дәрігер жауап іздейді. Мұның барлығы дәрігергс науқастың жағдайьшың ауырлығын, озгерістерін анықтауға, бағалауға, науқастарды жақсы түсініп, емдеуге көмек береді.

Қария адамдардың ұмытшақ, екпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмаіы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақтылы нәтиже бермеуі. дәрігердің олармен қарым-қатынас жасауына бірталай киыншылықтар тудырады. Сондықтан дәрігердің, бүндай адамдармен қатынасып, ем жүргізген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделеді:

1. Дәрігер жасы егде адамдармен құрмет сыйлы қарьтм-қатынас жасауы қажет. Оларға ерекше назар аударып, жагдайына қамқорлык корсетеді: жатқан төсегі жайлы және ыңгайлы, тамақтануы дүрыс болуы, т. б., дәрІгер карамағындағы науқасының әдетіне, ауруханадағы (палата) жағдайына назар аударып, оны жеңілдетуге тырысуы керек

2 Дәрігер аурулардың әлеуметтік, жанүялық жағдаиын да ескере психологиялық проблемаларын шешуге жәрдем беруі қажет

3 Дәрігер аурудың жағдаиын, ауру белгілерін мәліметтеген кезде ешкашан оның егде жасымен байланыстырмауы керек. Емдеу жүргізген кезде де, ауру адамға оның қарт болуына байланысты, ем нәтижесіз болатындығын айгпаған жөн, мысалы, атеросклероз, стенокардия және т. б.

4. Егде адамдардың ұмытшақ болатындыгын ескере отырып, дәрігер оларға ем шараларын, әсіресе дәрі қабылдау ережелерін (дозасы, қабылдау уақыты, т. б. ) асықпай, толық түсіндіреді. Кейбір жағдайда олардын туған-туысқандарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме береді немесе оны жазбаша түрде үсынады.

5. Қарт аурулар өкпешіл, уайымшыл болуына байланысты, дәрігер олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп, тезімді болып, оларды өкпелетіп алмау үшін әр сөзін, іс әрекетін бақылап, қадагалап отырады.

Балалармен карым-қатынасы. Балалармен қарым-қатынас жа-сағанда дәрігер олардың спецификалық ерекшеліктерін ескеріп, білуі қажет. Мысалы, организмі, психикасы даму үстінде болуы, тұракталмағаны, әлсіз және нәзік болуы, т. б. ерекшеліктері, қарым-қагыиас жасауға шектеу болып, кедергілер тудырады. Осыған байланысты науқастанған балаларды емдеп, қарым-қатынас жасаған кезде дәрігер келесі принциптерді қолданып, арқа түтады:

1. Баланың жасына байланысты дәрігер қатынасу түрін тандауы қажет болады. Дәрігер сөз байлығын, артистік қасиетін және мимика мен жест әдістерін кең қолданады.

2. Психогенді бүзылыстар балаларда жиі дамып, нактылы және ашық түрде әйқындалады. Олардын вегетативтік функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда құсуы, диарея, ентігуі, жөтелуі байқалады.

3. Балаларда аурудың ішкі бейнесінің. үлкендерге қарағанда, айырмашылығыкөп. Балаларда үрейлену және қорқу, демонстративтік және депрессивті-астениялық қатынастар байқалады.

Балаларда госпитализм құбылыстары да жиі кездеседі. Олардың организмі даму үстінде болып. тұрақталмауына байланысты, aypухана жағдайына түеуі, жекешеленуі оларға катты әсер береді. Бала да депрессия пайда больш, қарсылык білдіреді. Мүнда әке-шешесінің тыс болуы да әсерін тигізеді. Соқдықтан, сәбилер ауруханаға шешесімен бірге жатқызылуы керек, үлкен балаларға, әке-шещесінің жиі келіп түруына жагдай жасалады.

Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет. Дәрігер қарым-қатынас жасағанда сұхбатты ойын түрінде жүргізгені тиімді болады.

Бүлдіршіндермен сұхбаттасу. Бес жасқа дейіигі бүлдіршІндермен сұхбаттасқанда, ауру тарихына көптеген толықтырулар енгізуге болады, себебі ата-анасына карағанда. олар өздерінін басынан өткізген симптомдарды нақтылау суреттей алады. Кейде дәрігерге керек мәліметтерді бүлдіршіннің өзінен ата-анасының қатысуынан тыс сұрастыруға болады. Сүхбаттасуды қызықты, қорқынышты емес затгарды сұраумен бастау керек (мысалы, мсктепте бүгін кандай сабақ болды немесе үстіңдегі киімің қандай келісімді) . Сұхбаттасуды ақырын, жылы сөйлеу, баланы өзіне баулау арқылы жүргізеді.

Осыдан кейін ғана бүлдіршіннен не мазалайтынын сұрауға көшуге болады, мысалы:

- Сенің анаң маган сенің ішің қатты ауырады деп айтты. Өзің осы туралы айтшы, қалай ауырады?

- Мектепте жиі сабақ жібересің бе? Сенің ауырсыну сезіміңді басайын ба?

Бүлдіршін, симптомдарды субъективті түрде бағалауы үшін келесі сұрақтар қойылады:

- Қай жерің ауырады, көрсетші?

- Бүл ауырсыну сезімің сыздағандай немесе инетыққандай ма? I

- Ауырсыну сезімі бір жерде ме. әлде басқа жерлерге тарала ма?

. Жасөспірімдермен сұхбаттасу. Үлкен кісіпер жасөспірімдермен

сұхбаттасқанда коптеген киьшшылыктарға тап болады. Бірақ, ол әркашанда дүрыс бола бермейді. Жасоспірімдер басқа адамдар секілді, айналадагыларына мейірімді, адам ретінде сыйлап, қызығушы лык білдіреді. Жасөспірімдер, сүрақтарды ауруына байланысты емес, өздеріне тиісті койылғанын қалайды. Сондықтан сұхбаттасуды формальді емес әңгімелесуден, яғни онын достары, мектеп, отбасы туралы сұраудан бастау қажет.

.

Жасөспірімдермен сұхбаттасқан кезде олардың ойлау қабілетінін айтарлықтай жетілмеуіне байланысты, дәрігердің рефлексиядан аулақ болуы қажет, жасөспірімде қорқыныш сезімін және сөйлесуге деген кұмарлыктың жоғалуына әкеледі, себебі жасөспірім сезіміне қатысты сұрақтар жөнінде, үлкен кісілермен сөйлесу - көптеген киындықтарға әкеледі. Аталған мәселелер, жасөспіріммен сүхбаттасудан бас тартута әкелмеуі тиіс. Кептеген жағдайда мейірімді, формалъді емес орта күру аркылы, жасөспіріммен тілдесуге болады. ДәрІгер жасына лайықгы өз-өзін ұстап. үлкен жетістікгергс жетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері
Коммуникативтік дағдылар
Егде жастағы науқастарға мейіргерлік күтімнің ерекшеліктері
Қызметкерлермен қақтығыстар
Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Инсульттан кейінгі реабилитациядағы мейіргердің рөлі
АИВ жұқтырған науқастармен қатынасу ерекшеліктері
Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz