Жамбыл облысының су экологиясы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СУ ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазіргі таңда тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, келеңсіз жағдайлар туғызуда, оның ішінде ауыл тұрғындарын қамту 185 су тасымалдау жүйесінің санитарлық- техникалық қағидаларға сай істейтіні 75. Соңғы жылдары ауыз суының сапасы күрт төмендеп кетті. Халықты таза ауыз суымен қамтамасыз ету төменгі дәрежеде, айта кетер болсақ: Байзақ ауданында 7 %, Жамбыл ауданында 21%, Шу ауданында 20, 2%, Мойынқұм ауданында 14 % дейін ғана таза ауыз суымен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысындағы негізгі ірі үш өзендер: Шу, Талас және Аса. Негізінен өзендердің көбі Арал бассейініне жатады. Тек Іле Алатауының шығыс беткейінен өтетін кішігірім өзендер ғана Балқаш бассейініне жатады. Бұл Жамбыл облысындағы барлық өзендер Қазақстандағы басқа да өзендер сияқты ластанудың өте жоғары деңгейінде тұр. Соңғы уақытта Шу - Талас бассейіндерінің су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдары және экологиялық жағдайларының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда.
Жамбыл облысының географиялық орналасуы, континенттың ішінде болғандықтан (айнала қоршаған мұхиттан қашықтығына байланысты) климаты біршама құрғақ, өзен торлары облыс территориясына шаққанда сирек болып келеді . Мұның өзі өндірістің қалдықтары мен тағы да ластағыш заттардың өзін-өзі биологиялық тазалануына өзінің кері әсерін тигізеді. Екіншіден - климаттың құрғақ болуы биологиялық ластануға да өз септігін тигізеді. Батысы мен солтүстігінде аридті, құмды аудан болғандықтан, одан көтерілген шаң-тозаң мен атмосфераға көтерілген тұздар атмосфералық жауын-шашындар арқылы жер бетіне қайта түседі(әсіресе Арал теңізінен көтерілген тұздар) . Жамбыл облысының жер беті және жер асты суларының экологиялық әсерін қарастыратын болсақ, негізінен өзен торлары тау аймағында жиі. Өзен торының тау алдында жиі болуы, техногенді және ауылшаруашылығынан жиналған зиянды затттар мен ластануына себеп болады.
Шу, Талас, Аса өзендері көршілес Қырғызстан Республикасы жерінен басталып, орта және төменгі ағысында Жамбыл облысы жеріне кіреді. Облыс жерінде суармалы егістік жерлер су қорының 76, 5% Қырғызстандағы қалыптасқан ағыстардан алады. Бұл өзендерді экологиялық зиянды заттарды тасымалдайтын каналдар ретінде қарастыруға болады. Жыл сайын Қырғызстан Республикасы аумағынан келетін сулардың сапасын бақылау көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді, себебі Қырғызстан Республикасының өнеркәсіптік аймақтарындағы шайынды сулар өзенге құйылуда. Мысалы, облыс көлемінде жоғарғы қабат суларының сапасын зертханалық талдау жасағанда 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы трансшекаралық Талас өзенінде ластану индексінің біршама өскендігі байқалады, 1, 7-ден 1, 5 бірлікке дейін. Шу өзені бойынша ластанғыш заттар қоспалардың молайғаны яғни, фенол, мұнай шикізаттары, ниттраттар, аммоний азат ластағыш заттары бойынша шектеулі рауалы концентрациясының (ШРК) мөлшері жоғары екендігі, сол сияқты Талас, Аса өзендері суларының сапалық құрамына бақылау жасағанда да, мұндай шикізаттары, аммоний, азот, нитраттар бойынша шектеулі рауалы концетрациясының (ШРК) артықтығы байқалған.
Жер асты су көздерінің жағдайына келетін болсақ, Жамбыл облысының жер асты тұщы сумен қамтамасыз етілгендердің бірі болып табылады. Төрт қала, он аудан орталықтары және жекеленген елді мекендері жер асты суларының есебінен сумен қамтамасыздандырудың сенімді көздеріне ие. Облыс аумағында жер асты сулары фтор мен полифосфат қосылыстарымен ластанған. Оның негізгі көздері жергілікті жердегі химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс орындары. Облысымыздағы тағы бір басты мәселелерінің бірі - лол шайынды сулар болып отыр. Кәсіпорындарда шайынды сулардың оқшауланған немесе қарапайым су тазалағыш құралдардың жоқтығынан, олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына түсуде. Сүзгі алаңына түскен шайынды сулар өзен жағасындағы елді - мекендер пайдалану нәтижесінде күрделі экологиялық жағдай туғызып және аймақта эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Осыған байланысты ішек аурулары көбеюде.
Су-ішек ауруларына шалдықтыратын бірден-бір көздің бірі. Санитар- эпидемиологтардың байқауынша әр-түрлі ауруларға тек лас суды ішкенде ғана емес, сонымен қатар лас сумен ыдыс жуғанда, қол жуғанда, лас суды тамақ пісіру үшін пайдаланғанда да жұғады. Тағы да бір кең таралған аурулардың бірі - су холерасы. Ең бірінші холера эпидемиясы 1854 жылы Лондонда тіркелген. 1892 жылы Гамбург тұрғындары нашар тазаланған сумен қамтамасыз етілген. Соның арқасында су холерасы кең өріс алды.
Жамбыл облысы Қазақстан Республикасындағы жер асты тұщы су қорымен қамтамасыз етілген облыстардың бірі. Барлық 4 қала, 10 аудан орталағы және 2 қалалақ типтегі поселкелер жер асты су есебінен өздерінің сумен қамтамасыздандыратын қондырғылары бар. Болжамды эксплуатацияның жер асты су ресурстары облыс территориясында 13969 мың м3 тәу. Соның ішінде минерализацияланған тұщы су 1 г/п 1144 мың тәу. Облыстағы шын мәніндегі жер асты горизонтынан суды пайдалануы 61, 86 млн. м3 жыл немесе 169, 4 м3 тәу. Осы ауыз суға және қаланың көптеген қажеттіліктеріне пайдаланып отырған жер асты сулары да жоғары дәрежеде ластануға ұшырап отыр. Оған себеп суды дұрыс пайдаланбау.
Өндіргіш күштердің дамуының қазіргі кезеңінде су қорын қорғау, сарқылтпай тиімді пайдалану, оны ластамау, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың ең маңызды жақтарының бірі. Су қоры ұлттық байлық болып табылады, сондықтан қатаң есепке алынады. Суды пайдалану қарқыны артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау шаралар жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгіленіп жүзеге асырылады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары белгіленіп жүзеге асырылады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:
Озық технологияларды қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.
Ластанған суларды тазарту шаралары, оларды ауыл шаруашылығына және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т. б.
Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу.
Суға зиянды нәрселерді тастауды азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайтып, оларды тәртіпке келтіру.
Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы сумен қамтамасыз ету және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар туғызу. Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір болашағы зор бағыты салқындату процесінде судың орнына ауаны пайдалану. Мұндай жағдайда өндіріс шығындары кемиді. Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды бағыты айналымды су жүйесін қолдану.
Ондай жүйе қазір мұнай - химия, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында қолданылады. Айналымды су жүйесінде таза су ысыраптың орнын толтыруға ғана алынады. Сонымен қатар техникалық сумен жабдықтауда әлі күнге дейін үнемсіз ашық және кезекті су жүйелері қолданылып келеді. Болашақта нағыз үнемді тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды су жүйесінен артықшылығы мұнда су ысырабы болмайды және таза сумен үнемі толықтырылып отырады.
Айналымды су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық су тұтынуды 20-30 рет азайтады, бірақ лас су төгуді, таза сумен толықтыруды мүлдем тоқтатпайды. Бұл тұрғыдан ең тиімдісі тұйық су жүйесі, ол су үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешеді.
Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75% дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суғармалы егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі бұзылады және судың сапасы нашарлайды, тұздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер араласады. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу шаралары қолданылады. Су көздерінің ластануы санитарлық -эпидемиялық ахуалдың нашарлауына, жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау мәселелерінің техникалық жарақтандырылудың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда көкейкесті міндеттің бірі болып отырған рас. Үстіміздегі жылдың мәліметтері бойынша обылыстағы 183 елді -мекен су құбырымен қамтамасыз етілген, 194 -і жергілікті су көздерінен су ішіп отыр, ал 6 елді- мекен суды тасып ішеді екен, ол санитарлық талаптарға сай келмейді.
Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына, ауыл шаруашылық өндірісінің реформалануына, мемлекеттік коммуналдық қызметтің таратылуына байланысты ауыз сумен қамтамасыз ету нысандары әсіресе ауылдық жерлерде иесіз қалып отыр. Бір жағынан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының ұзақ уақыт жүргізілмеуі және жартысына жуығы 30 жылдан астам уақыт пайдаланып келе жатқан су құбырларының тозып кеткендігі олардың санитарлық - техникалық тұрғыдан нашарлауына әкеліп соғады.
Егер жер үстіндегі судың ласануын тоқтатсақ, облыс бойынша жер үсті су көздеріне құйылатын ластанған ағын суды жіберуші негізінен Тараз қаласының, Жамбыл, Жуалы аудандарының кәсіпорындары болып табылады. Бақылау көрсеткендей Талас өзеніне құйылатын ағын судың құрамындағы жүзгін заттар, хлоридтер, сульфаттар, нитриттер, аммиак біршама ұлғайып, судың кермектілігі арта түскен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz