Беларусияда ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік одақ


Беларусияда Ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік одақ.
Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Кедендік одақ 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап толыққанды жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Ресей мен Қазақстанға келсек, біз 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кедендік рәсімдеусіз, сертификаттар бойынша, ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап мүлдем рәсімдеусіз жібере бастаймыз. Біз осы уақытқа дейін кедендік және салық органдарының ақпараттық жүйелерін үйлестіруге тиіспіз", - деді үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев.
"Толыққанды әрі толық форматты Кедендік одақ 2011 жылдан бастап енгізіледі, және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеулер, соның ішінде санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық секілді тарифтік емес рәсімдеулер шекараның сыртқы контурына жіберіледі. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бәрі де алынуға тиіс. Бұл - Минискіде өткен отырыста толыққанды келісілді және үкімет басшыларының кеңесіне осы жөеніндегі нақты келісімдер мен Кедендік одақты қалыптастырудың нақты мерзімдері ұсынылатын болады", -деді вице-премьер.
Осы орайда оның айтуынша, "Кедендік одақ 2010 жылдың 1 қаңтарында құрылады, ал Кедендік одақ деген классикалық ұғым біртұтас кедендік тарифтің болуын меңзейтіндіктен, ол 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін дайын болады".
Ресей 153 мемлекетті біріктіріп отырған ДСҰ-на енбеген елдер ішіндегі экономикасының көлемі ең үлкені болып табылады. Қазақстан да, Ресей де ДСҰ-на мүше болу жөніндегі келіссөздерді 1990-жылдардың ортасынан бері жүргізіп келеді, алайда Қазақстан өзінің бұл ұйымға мүше боп енуін (негізінен Ресейдің осыны кейін қалдыр деп қысым жасауынан) бұған дейін үздіксіз шегеріп келген болатын.
Бұл елдер енді ДСҰ-ның мүшесі болу жөніндегі келіссөздерді бөлек-бөлек жүргізбейтін болды деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Агенттіктің хабарлауынша, үш ел үкіметтері бірыңғай кеден тарифтерін келер жылдың қаңтарының бірінші жұлдызынан бастап енгізу туралы келісімге қол жеткізіпті.
Сонымен қатар, бұл үш мемлекет кедендік одақты құру туралы ресми рәсімдерді жасауды 2011 жылдың 1-інші шілдесіне қарай аяқтауды көздеп отыр. Ресейдің премьері келісім-шартқа қол қоюдан соң, өз елінің Еуроодақпен қарым-қатынасын, әсіресе ортақ еркін сауда аймағын құру ісінде, жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеген.
«Едитпресс» сайты Ресейдің ДСҰ-ның мүшесі боп, осы ұйымға ену процесі бұл елдің армиясының өткен жылы тамыз айында Грузия аумағына басып кіруі нәтижесінде кейінге қалдырылған еді деп жазады.
Себебі, Грузия ДСҰ-ның мүшесі болып табылады. Ал бұл халықаралық сауда ұйымына мүше боп кіру үшін оның әрбір мүшесінің мақұлдауын алу керек. Грузия өз жерінің тұтастығын қамтамасыз етпейінше - Ресей армиясы Абхазия бен Оңтүстік Осетиядан кетіп, Грузияның жерінің тұтастығы қалпына келмейінше - Ресейдің ДСҰ-на мүше болуына келісім бермеуге бел буып отыр.
«Тайвань ньюс» сарапшылардың енді ДСҰ мүшелігіне өтудің Ресей үшін қиындап кеткені туралы пікірлерін келтіреді. Себебі, Ресейдің жаңа кедендік одақтың екі мүшесімен қатар түрде ғана ДСҰ мүшелігіне енуге қадам жасайтыны туралы мәлімдемесі, Беларустің де ДСҰ-на мүшелікке өту үшін даяр болатын кезін Ресейдің күтуінің қажеттігін талап етеді. Ал ДСҰ-ның мүшелері қойып отырған Беларустың экономикасын ДСҰ талаптарына сай етіп қайта құру процесін аяқтау Лукашенко үкіметі үшін әлі ауылы алыс нәрсе боп отыр.
РЕСЕЙ ТМД АУМАҒЫНДА ТЕК ӨЗІНІҢ ЫҚПАЛЫН ҒАНА АРТТЫРУҒА МҮДДЕЛІ
Ресейдің «Альфа банк» компаниясының экономисті Наталья Орлова: «ДСҰ мүшелігі Ресей үшін еш пайда әкелмейді. Ресей таяуда ғана өзі үшін тақау көршілерімен қарым-қатынасын дамытқаны әлдеқайда маңызды деген болатын» деп жазады аталған сайт.
«Ванкувер сан» өткен сейсенбіде Ресей премьер-министрі Ресейдің ДСҰ мүшелігіне өтуі тек өзімен кедендік одақты құрған екі мемлекетпен қатар ену арқылы ғана іс жүзіне асады деп мәлімдегенін атап көрсетеді.
Бұл шара Ресейдің аталған халықаралық сауда одағына енуі мүмкіндігінің аясын айтарлықтай тарылтады. Аталған кеден одағы құрылғанын жариялап тұрып, Ресей премьер-министрі: «ДСҰ мүшелігіне өту талпынысы оның елі мен бұрынғы ССРО мемлекеттері арасындағы интеграцияның тереңдеуіне бөгет боп отыр» деп мәлімдеген. Ресей, дейді аталған басылым, бұған дейін АҚШ пен Еуропа одағын саяси себептер бойынша өзінің осынау ғаламдық сауда ұйымына мүше болуына бөгет боп отыр деп сынаған болатын.
Халықаралық валюта қоры да осы айда Ресей өзінің ДСҰ мүшелігіне өтпек қадамдарының арынын бәсеңдетті деп хабарлаған еді. «Ванкувер сан» аталған кедендік одақ құру шарасын (Ресей тарабынан берілген) «келесі айда Ресей жеріне сапарлап келмегінің алдындағы АҚШ президенті Барак Обаманың бетіне тиген шапалақ» деп бағалаған. Барак Обама мен Ресей президенті осы жылдың сәуір айында өз елдерінің үкіметтеріне Ресейдің ДСҰ мүшелігіне өтуін биыл аяқтау үшін арнайы тапсырма беретіндіктері жөнінде өзара келісімге келген болатын.
РЕСЕЙ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БАТЫС ЕЛДЕРІНЕ ҚЫСЫМ ЖАСАУДЫ КҮШЕЙТПЕК
Басылым Қытай, Ресей, Үндістан мен Бразилия басшыларының келесі айда Екатеринбург қаласында кездесетінін жазады. Бұлар онда ДСҰ аясынан тыс өзара қарым-қатынасын дамытуды талқыламақшы. Әлемде алтын-валюта қоры бойынша үшінші орынды алатын Ресей, бүгінде дүние жүзін баураған экономикалық дағдарысты пост-советтік аумақта өзінің ықпалын күшейту үшін пайдаланып кетті деп атап көрсетеді аталған сайт.
Бұған дейін ешбір елдер тобы ДСҰ мүшелігіне кедендік біртұтас одақ ретінде өтіп көрмеген еді дейді одан әрмен «Ванкувер сан». Мұндай шара аталған одақты құрушы пост-советтік мемлекеттердің ДСҰ мүшелігіне өтуін қазіргіден бетер қиындатып жіберді. «Ресейдің ТМД аумағында өзі үстемдік етер кедендік одақ құрмақ ниеті ол үшін таяу мерзімді ішіндегі (бәрінен) маңызды мақсат болып табылады» дейді аталған сайт беттерінде сарапшы Роланд Нэш.
Бір көңіл аударатыны, ол Ресейдің соңғы жылдар ішінде өзінің ықпалы толық жүрмейтін кейбір дүниежүзілік және халықаралық ұйымдарға мүшелікке өтем деп мәлімдеп алып, оған кереғар шара қолданып келе жатқаны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz