Абдоминальды ауру сезімі синдромы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абдоминальды ауру сезімі синдромы.

Абдоминальды ауру сезімі синдромы кезінде жедел хирургиялық немесе басқа көмекті өажет ететін болып бқлінеді. Сирек жағдайда бұл симптом құрсақ қуысынан тыс орналасқан ағзаларда анықталады. Диагноз уақытша қойылады, бұны шұғыл жағдайда және толық зерттеуге уақыт болмағанда, сонымен қатар науқастағы аурудың нақты себебін таппағанда, жедел медициналық көмекті қажет ететіндерде қолданылады.

Абдоминальды ауру сезімі синдромының жіктелуі:

  1. Жедел операцияны қажет ететін құрсақ қуысы ағзалары:
  • Аппендицит және оның асқынулары;
  • Ішектің жедел механикалық түйілуі(тоқ ішек рагы, жабысулар, ішкі және сыртқы қысылған жарықтар, ішек инвагинациясы және т. б) странгуляциялық шажырқаймен бірге;
  • Жедел деструктивті холецистит;
  • Тоқ ішек пен басқа ағзалардың дивертикулі, жара перфорациясы;
  • Жедел геморрагиялық панкреатит;

Жедел аппендицит кезіндегі. Алғашқы уақытта аурудың ең бірінші белгісі- іш қуысында пайда болған ауырсыну. Бұл тұста ауру адамның немқұрайлығы, төс шеміршек астында ауруы, оң аяғын бүккенде қолайсыз сезім пайда болуы, оң жақ мықындағы бұлшық еттердіғ қатаюы байқалады. Ауырсыну сезімі кешке қарай, түнде, таңертең жиірек мазалайды. Ауырсыну сезімі іш қуысының жоғарғы жағында, төс астында білінеді (Кохер белгісі ) немесе іш қуысында ауыспалы түрде байқалады. 2-3 сағат өткеннен кейін ауырсыну сезімі оң жақ аймағында білінеді (Кохер- Волкович белгісі ) . Ауру басталған бірінші сағатында лоқсу, кейде бір- екі рет құсық болуы мүмкін. Тамаққа тәбеті шаппау және ішек функцияларының бұзылу белгілері байқалады. Бұл - жалпылама белгілері.

Ауырған адамды тексеріп қарағанда, оң жақ мықын аймағында ауырсыну сезімі күшейгені байқалады. Аурудың бастапқы сатысында патологиялық өзгерістер шырыш және шырыш асты қабатында басталғандығынан, іш пердесінің тітіркенуі онша көп білінбейді. Бұл сатысында Ровзинг белгісі - сол жақ мықынды қолмен сілкілеп соқса, оң жақ мықында күшейгені байқалады. Сондай-ақ ауырған адамды сол жақ қырына жатқызса, оң жақ мықындағы ауырсыну сезімі күшейеді- Ситковский белгісі. Оң жақ мықын аймағын бүктелген саусақпен жайлап соқса, ауырсыну сезімі күшейеді - Раздольский белгісі. Бұл уақытта Воскресенскийдің «сырғымалы (скольжение) » сипаты да болады. Бұл белгіні анықтау үшін көйлегін тартып тұрып, алақанмен іш қуысының алдыңғы бетінен оң жаққа қарай тез сипаса, оң жақ мықынды ауру сезімі күшейеді, ал сол жағында ондай сезім байқалмайды.

Образцов белгісін анықтау оң аяқты жазып, қолмен оң жақ мықыннан басса, аяқты көтерген уақытта соқыр ішектің іш қуысының алдыңғы қабырғасымен тартылған мықын бұлшық еттерінің арасында қысылуынан ауырған сезім пайда болады. Егер құрт тәрізді өсінді бүйен (ретроцекалды) артында орналасса және аппендикулярлы инфильтрат болса псоас белгісі пайда болып, ондағы ауырсыну сезімді басу үшін амалсыздан аяғын бүгіп, іш қабырғасына бүгіп жатады.

Жедел холецистит кезіндегі. Жедел холециститтің басты белгісінің бірі ауырсыну сезімінің пайда болуы. Басталғанда ақырындап, бірте- бірте күшейіп, ол оң жақ қабырға астында немесе төс шеміршегі астында орналасады. Қабыну процесі әрі қарай дамығанда ауырсыну сезімі күшейіп, кейде оң жақ иық, жауырын бұғана асты аймағына беріледі. Сондай-ақ жедел холециститтің өзіне тән белгілеріне- алақанның қырымен оң жақ қабырға доғасын соқсанда ауырсыну (Ортнер белгісі), оң жақ бұғана аймағын сипап басқанда пайда болатын ауырсыну сезімі (френикус белгісі), терең тыныс алғанда өт қабын сипап қарағанда ауырған сезімінің күшеюі (Мерфи белгісі), өт қабының үпкейгені жатады.

Жедел панкреатит кезіндегі. Аурудың басты белгісі іш қуысының жоғарғы жағында белдемелі түрде пайда болған қатты ауырсыну сезімі. Ауырсыну сезіміиен қоса жеңілдік әкелмейтін қайталап құсу байқалады. Кейбір ауруларда іш қабырғасын сипап қарағанда іш қуысының жоғарғы жағында бұлшық еттердің аздап қатайғаны, ұйқы безі аумағында (Керта белгісі), кіндік тұсында қолқанің соғуының білінбеуі (Воскресенский белгісі), қабырға-омыртқалық бұрыштағы ауру сезімі (Мейо- Робсон белгісі) білінеді. Аурудың басталған бірінші күндері дене қызуы бірден көтерілуі байқалады. Іштің бетінде оның жанында теріде қызыл дақтар пайда болуы улану әсерінен ұсақ қан тамырларда қан айналысы бұзылғандығын көрсетеді(Турнер белгісі) . Дене және бет терісіндегі күлгін түсті көп дақтар байқалады(Мондор белгісі) . Іш терісінің көкшілденіп тұрғаны (Haisted белгісі), кіндікк айналасының сарғыштанып тұрғаны (Culler белгісі), ұйқы безінің үстінен перкуссия жасаса, онда аурырсыну сезімі (Раздольский белгісі) байқалады. Кейбір ауруларда іш қуысының бүйірінде экссудат пайда болуына байланысты, ол жерде перкуссия жасағанда тұйық дыбыс шығады. Ұйқы безінің басында инфильтрат пайда болып, ол жалпы өт өзегін басып тұрса тері бетінде, көзде сарғаю байқалады.

Жедел ішек түйілуі кезіндегі. Ең басты белгілеріне іш қуысында толғақ тәрізді ауру сезімі, үлкен дәреттің, газ шығуының тоқталуы, іштің кебуі, құсу, күшенгенде білінетін ішек қимылдары жатады. Жедел ішек түйілуінің клиникалық белгілері оның түріне, түйілістің сатысына, сондай-ақ, аурудың басталған уақытына байланысты. Ішек түйілуінің ең ауыр түріне странгуляциялық ішек түйілуі жатады. Өте жай басталып, көп уақытқа созылатын ішек түйілісіне обтурациялық ішек түйілісі жатады. Іш қуыс бетіне қарағанда бір қалыпты емес іштің кебуі, ішек қимылының күшеюі, перкуссия жасағанда жоғарылап шығатын дыбыс (тимпанит) естіледі. Кейде іш қуысы бетінен ішек имектерінің білініп тұратыны байқалады- Валь белгісі. Іш қуысының алдыңғы бетін сілкіндірсе, ішектердің кеңіп, ішіне сұйық жиналудың нәтижесінде толқын дыбысы- (Скляров белгісі) естіледі.

Ішек түйілудің ең бір маңызды белгісіне тік ішектің ампуласы баллон сияқты кеңіп, тік сфинктерінің әлсіреуі салдарынан оның ашылып тұрғаны жатады.

Обтурациялық ішек түйілісінде ауырсыну толғақ тәрізді басталады, фонендоскоппен тыңдағанда іштің қорылдағаны және су құламасындай дыбыс естіледі (Спасокукоцкий белгісі) . Терминалдық сатысында, ішектің салдануына байланысты, ішек қозғалысының дыбысы мүлдем естілмейді. Одан әрі қарай іш қуысында сұйықтық жиналғаны және әлсін- әлсін құсық пайда болып, оның исі үлкен дәреттің иісіндей болатыны байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МИОКАРД ИНФАРКТЫСЫ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар
Шок түрлері
Аса қауіпті инфекциялық аурулар
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Анафилактикалық шок белгілері
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ПРОФИЛАКТИКАСЫ, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Механикалық сары ауруды емдеу
Анафилактикалық шок
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz