Асан қайғы жыраулары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Асан қайғы жыраулары.

2. Асан қайғы мен грек шешендерінің қазақ шешендік өнерде қалыптасуы.

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.

Батыс елдері мәдениетінің зерттеушілері сүйене беретін жазба архив мүлкіндей қазақ халқының көне мәдениетін танытарлық тапжылмас деректерге, біздің ел тіпті де бай емес. Қазақ халқы өзінің өткен-кеткені туралы мәліметтерді көбінесе есінде сақтап, ауыз екі атадан-балаға жеткізіп келген. Олардың біразы ертегі-аңызға да айналып кеткен. " Оның ішінде әр түрлі қосындылар мен өңдеулерге ұшыраған шындық сырлары да аз кездеспейді. Шоқан Уәлиханов қазақ жағдайындағы осындай шын-дықтарды айта келіп, қазақтың аңыз-әңгімелеріндегі тарихи деректерге назар аударғанды. Ол - қазақ эпостары қамтымайтын қазақтың өз басынан кешкен бірде-бір оқиғасы жоқ. Эпоста халқымыздың өмір тарихы шындыққа сай баяндалған деп атап көрсетеді ғой. Асылы, еліміздің өткендегі кейбір ұлы адамдары туралы және басты тарихи оқиғалары жайында бізге жеткен дерек осы аңыз-әңгімелер мен эпос-жырлар екенін мойындап, халық естеліктеріне сеніммен қарау, оған ерекше назар сала зерттеу керек қой дейміз. Әсіресе, бұдан бірнеше ғасыр бұрын жасаған шешен-жыраулар туралы айтылатьш аңыздарды ескермеуге болмайды. Мысалы, Сыпыра жырау, Асанқайғы туралы аңыздар, біздіңше, шындықтан он-ша алшақ емес. Біз бұл тұста сол халық айтып жүрген аңыздар мен тарихи деректерді салыстыра зерттеп, Асанқайғы творчествосын сөз етуді мақсат етіп отырмыз.

Асан - аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешен биі , әрі ойлы-сырлы жырауы. Халық аңыздарында Асанның үрім-бұтағы, өмір деректері айтып берілген.

Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда Асанның әкесі - Саятшы Сәбит, шешесі - Салиха, ал оның әйелінің аты - Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір баласы Жетім Жаңалы атаныпты. Ол Әз Жәнібекпен бірге қалмақ ханында бірнеше жыл кепілдікте жүрген. Оның жетім атануы г асылы, ол Асанға өкіл бала боп кеткен аға г інілерінің баласы болса керек. 1946 жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында, Сәбит алыс сапарға шығып, бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен. Әкесі соңғы сапарына аттанғанда анасының қүрсағында қалған Асан аш-құрсақ жетім г шерменде боп өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың келешегі де қасіретсіз болмагпы. Жасында жетімдік тауқыметін тартса, өскеннен кейін де ол - жүртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлау, болжап толғанумен боп, шерменде бола беріпті. Осыдан халық оны Асанқайғы атаптымыс. Осы қолжазбадағы енді бір аңызды Асанның аты Хасан екен дейді.

Халық Асанды тек аңыздап қоймай, оның өміріне арнап өлең-жырлар да шығарып таратқан. Бұрынғы жырауларды (Бұқар г Құдабай, т. б. ) былай қойғанда біздің дәуір ақындарының ішінде де Асан өмірін, ол туралы аңыздарды зерттеп, поэма жазғандар кездеседі. Оның ішінде Ысқақов Ілияс дегеннің 1948 жылы шығарған „Асанқайғы поэмасы - екі бөлімді ұзақ жыр. Ол сөзді былай бастапты:

Айтпақшы ойдағысын бір кәрия,

Бола ма айтпаған соң сөз жария.

Болыпты бір саятшы Сәбит деген,

Бойында сағасы зор Сырдария.

Кісі екен ақ пейілді, жүзі ашық,

Жасынан аңшылықты қылғаы машық.

Мергендігі, ит жүгірту, құс салуға,

Еш адам оза алмаған онан асып . . .

Екінші қысқа бір жырды Жұртыбаев Жүсіпжан дегеннің айтуынан Ахметов Көкен 1940 жылы жазып алыпты. Бұнда да Асанқайғының әкесі - Саятшы Сәбит деген

аңшы.

Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда: Асан ата ноғай екен; Шыңғыс хан тұсында жасаған Майқы бқадң Асан 6-ұрпағы . . . Майқы Алтьш Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген. Еділ бойы Айдарханда, одан кейін Сарай қаласында, одан кейін Ақордаға (Жетісуға) келген. Ең соңында Жиделі байсынға келіп өлген.

Енді бір қолжазба деректе Асанқайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары ноғай, қара ноғай боп бөліне көшкенде тірі, 120 жаста екен. Ал Орманбет хан 1420 жылы өлген. Ноғайлардың бөлінуі будан біраз кейін, 1450 жылдар шамасы. Олай болса, Асан 1330 жылдары дүниеге келген. Орманбеттен кейін Сары ноғайлар Еділде қалады да г қара ноғайларды Қазтуған батыр мен Асанның тұңғыш ұлы Абат батыр бастап, жылы жақты бетке алып, Қаратауға көпгіп келеді. Жолда көп қиындық көре/уд. Шерқутты бас-таған бір топ ел айшылық жолдан кері қайтып кетеді. Осы кезде Асан әбден қартайып, көш басшылық ісінен қалған адам. Осы туста айтқан бір толғауында ол Қазтуған мен Абатқа алған беттен кері қайтпа деп ақыл береді. Өзінің қалжырап біткенін хабарлап, бақұлдасқандай болады.

Қазтуған мен Абатым,

Дұшпанды жер болғанда,

Сегіз қырлы болатым,

Мен бір жасы жеткен қарт едім,

Көлеңкелі жерде бағатын.

Күні-түні жатырмын,

Бес намазды тәрк қылмай,

Құдайдың өтеп тағатын . . .

„Әумин" де Абат жан,

Батамды саған берейін,

Балам да болсаң ер едің.

Тұла бойым тұңғышым,

Менен туып тұр едід,

Жылы жерге алып бар,

Қатын, бала тоңбасын,

Енді кейін қайтуға

Қақ тағала жазбасын.

Түсімді алған кәрі едім

Иманым болғай жолдасым,

Қайда барсан, аман бол,

Мандайыңды алла ондасын!

Осы бақылдасудан кейін ол көп ұзамай (шамасы 1450 жылдары) дүние салғанға ұқсайды. Асан сөзі деп айтылатьш осы өлеңде Асан Қазтуғанды да өз ағамның баласы еді дейді, оны Абатқа үлгі етеді.

Баласы еді ағамның

Құламай тұрған басында,

Жұрт билеген Қазтуған.

Асан туралы кейін жасаған ақындардың пікір айтпағаны кемде-кем. Олар бір ауыздан үстаз жырау, ел-жұртының мұңшысы, жыр атасы деп танытады. Нүрпейіс, Иса, Жамбыл сияқты алып ақындар оған сыйына сыр шертеді. Мурат Мөңкеұлы сияқты XIX ғасыр ақыны Асан жырларын жақсы біліп, ол туралы өте жылы сөздер айтып кеткен. Асаңды өз кезіндегі азамат-ерлерге ақылшы ата жырау деп таныған.

Қарақұнан Қалдыбай,

Жалғыз ағаш Жақсыбай,

Асанқайғы бабаның

Қызылтастан үй салып,

Әңгіме құрып көшкен жер . . .

Естектегі Еламан,

Қазандағы Қалқаман,

Ноғайдағы Мүлкаман,

Асанқаиғы бабаңа

Ақыл сұрап келген жер . . .

дейді Мұрат ақын.

Ал тарихи деректерді қарастырсақ, онан да Асан туралы мағлұматтарды көптеп табуға болады. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде Асан туралы мәліметтер кездесіңкірейді. Ол өзінің „Записки о киргизах" деп аталатын көлемді еңбегінде: „Халық есіндегі атақты, тамаша философ болып сақталған Асанқайғы Жырғалаңда көшіп-қонып жүрген қазақ" деп ескертеді. „Асанның аты тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім, ол "Манас" жырында да аталады . . . " „Асаңды қарақалпақ халқы да жақсы біледі. Олар өздерінің ескі жырауларының бірінен санайды"- дейді Шоқан.

Г. Потанин еңбектерінде де Асан Жәнібек ханның (XV ғасыр) тұстасы делінген.

Революцияға дейін шыққан кейбір кітаптарда Асанның өмірінен мәліметтер, толғауларьшан үзінділер беріліп отырылған. Осындай кітаптың бірі - Құрманғали Халидовтың „Тауарих хамсасы". Халидов осы кітабыңда Асан туралы мынадай мәлімет береді: „Асанның асыл түібі ноғай, әйгілі Майқы бидің туқымы. Шын аты Хасан екен, халық оны қүрмет тутып Асан ата атап кеткен. Асанның мақал-мысал сөздері қазаққа аңыз боп кең тараған және ол күн-түндеп айтса да таусылмайтын ұзақ жырдай мол болыпты. Бағзы қазақтар Асан сөздерін ауызша да, жазуша да айтады. Олар Асанды халыққа қамқорлық ойлаған ізгі адамнан санайды". Енді бұл жерде Халидов: „Асан сөздерін Құдабай деген ақын жақсы білігггі. Ол Асан толғауларын ойын-тойларда айтып таратып, түсіндіріп жүріпті", - деп сендіреді.

С. Сейфуллиннің ойынша да, Асан өмірде болған адам. „Асанқайғы, - дейді ол, - Әз Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпағы . . . Кейбір деректердің мәліметінше, ол Орманбет ханның да жақын туысы . . . " Сәкен өзінің 1932 жылы шыққан „Қазақ әдебиеті 11 кітабында Асан толғауларынан да үлгілер жариялаған.

Асан мен Жәнібек арасындағы қайшылықтарды танытатын бір сөздің жүрнағьш, С. Сейфуллин өзінің 1931 жылғы Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағьшда келтіреді. Өзінің көңілінен шықпаған Жәнібектің кейбір қылықтарын Асан ата батыл сынап отырған. Ел басшысы - ханға лайық істермен шұғылданудың орнына Жәнібектің той-думан, аңшылық саяттарьш қызықтап, бейқам жүр-генін бетіне басқан. Ешкімге зиянсыз аққудай құс төресін жыртқыш құладынға ілдірмек болған әрекетін жөнсіздік нышаны ретінде сынайды. Ол аққудай ару құсты орынсыз зәбірлеу панасыз ару жанды аяусыз қызықтаумен тең әділетсіздік деп танытады:

Көлге шекен төктірдің,

Шекерге аққу бөктірдің.

Аққу көлдің көркі еді,

Көлдегі сұлу ерке еді.

Аққу құс - ару, төре еді,

Ару мен қорды айырмай,

Құладынға қуды жем қылдың.

Мал үшін өзінің туған қарындасын да аямай, Қаныбеттей сұлуды өз теңіне бермей, Тастемірдей жетесіз бай үлына қосқанына наразылық білдіреді. Жырау ханның бүл сияқты әділетсіздігін бетіне басады. Бұрын бермек боп уәделескен Айсылдың ұлы Әмет деген ер жігітке бермей, малды аямай айдап берген байдың қор ұлына қосып, екі сөйлеп, әділет жолдан тайғанын ханға лайықсыз қылық деп сөгеді.

Бұл жолдардағы аққу - аяулы ару жас, құладын - озбыр күш өкілі боп көрінеді. Көлдегі аққу мен Қаныбет сұлу тағдырлас. Хан аққуды қалай жыртқышқа жемтік етсе, Қаныбет сұлуды да өз теңіне қоспай Тастемірдей қор адамға сатады. Бұл сияқты жолсыздықтарды Асан ұнатпайды.

Хан өтірік айтар ма?

Хан жарлығы қайтар ма?

Әз Жәнібектей хан ием,

Әуелгі сөзін ұмытып,

Айсылдың ер Әметі тұрғанда . . .

Тастемірдей байдың жаман ұлына

Қаныбеттей сұлуды қосар ма?!

Жоғарыда келтірілген аққу мен құладын құстар әрекетін жырау кейінгі шумақтағы Әметтей әдемі жігітке істеген қиянатына ұштастырады. Осының бәрі ханнан әділет қана күткен жыраудың, керісінше, қиянатшылық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
«Ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным»
Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары туралы
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары
Қазақ жыраулары мен билері
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz