Іс жүргізу актісін даярлаудың жалпы ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
1. 1 Айыпталушы ретінде жауапқа тарту ұғымы мен негіздемелері
1. 2 Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамды анықтау
1. 3 Қылмыстық жауапкершілікті болдырмайтын және одан босататын мән-жайларды анықтау
1. 4 Айыптауды өзгерту және толықтыру
- Айыптау қорытындысын түзу
2. 1 Айып тағу ұғымы мен ережесі
2. 2 Айыптау қорытындысының маңызы мен мазмұны
2. 3 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу
2. 4 Айыптау қорытындысына тіркемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ҚІЖК-нің 6-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі - адамды заңсыз және дәлелсіз айыптаудан қорғау. Осыған байланысты айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту (ҚІЖК-нің 206-бабы) және айып тағу (ҚІЖК-нің 208-бабы) тәртібіне арналған іс жүргізу нормалары, сондай-ақ оларды іске асырудағы тергеуші қызметі аса маңыздылыққа ие болады.
Тағылған айыптың мазмұны қылмыстық іс бойынша ары қарай іс жүргізудің көлемін едәуір анықтайды; тағылған айыптың формулировкасы кейін айыптау қорытындысында баяндалады (ҚІЖК-нің 207-бабы), ал сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және оған айып тағылғанда ғана өткізіледі (ҚІЖК-нің 302-бабы) . Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тартудың заңдылығы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының арақатынасын дұрыс анықтауға тікелей байланысты. Қандай әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіпті екендігін қарастыра отырып, қылмыстық заң әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыс құрамына сәйкес келетін адамды ғана қылмыстық жауапқа тартуға жол береді. Қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық жауапкершілікке тартудың негіздемесін, айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайларды анықтаудың құралдары мен тәсілдерін, сондай-ақ айып тағу тәртібін белгілейді. Сондықтан да айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңының осы актіні жүзеге асырумен байланысты міндеттеулерінің әрқайсысы дәл және мүлтіксіз орындалған жағдайда ғана занды деп танылуы мүмкін.
Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту қылмыстық іс жүргізу заңының талаптары толық сақталып, анықталған нақты мәліметтер болып, олардың жиынтығы жауапкершілікке тартылатын адамның қылмыс жасағандығы туралы тұжырымдауға және қылмыстық заң нормаларына сәйкес саралауға мәлімет жеткілікті болғанда ғана дәлелді болады. Бірақ қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіздеменің бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешу үшін қылмыстық заң нормасында көрсетілген мән-жайларды анықтау, яғни дәлелдеу керек. Бұл дәлелдеу ҚІЖК-де келтірілген ережелер бойынша жүргізіледі. Сонымен заң талаптарын орындау айып тағудың дәлелді болуына қол жеткізудің міндетті шарты болып табылады.
Осыдан қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы мен дәлелділігінің өзара тығыз байланысты екендігін айқын көруге болады.
ҚІЖК-де өзара байланысты екі іс жүргізу әрекеті көзделген: белгілі бір адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығару және оған айып тағу. Адам айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы шыққан кезден бастап іс жүргізудегі айыпталушы болып табылады және тиісті құқықтар алады (КДЖК-нің 69-бабы) . Бірақ айыпталушы қорғану құқығын сол қаулының мазмұнымен танысқаннан кейін ғана жүзеге асыра алады. Іс жүргізу заңы, барлық жағдайларда да, құқықтар беруді олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жағдайлармен байланыстыратындықган, айып тағу өзіндік жеке маңыз алады. Сондықтан да, заң әдебиетінде және практикада айьшталушы ретінде жауапкершілікке тарту көбіне айып тағу деп аталады, осы әрекетті біз де солай атағанды жөн көрдік.
«Қылмыстық процесс теориясында айыптау екі негізгі маңызда қаралады: 1) заң уәкілеттік берген органдар мен адамдардың іс жүргізу қызметі, ол қызметтің мақсаты - қылмыстық жауапкершілікке тартылатын адамның кінәлі екендігіне дәлелдеме табу; 2) айыптау тезисінің мазмұны (айыптаудың баяндалуы) .
Бұл жерде басты назар нақты адамға айып тағудың заңдылығы мен дәлелділігіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларға, сондай-ақ бұл аса маңызды іс жүргізу актісін жүзеге асыру тактикасына аударылады.
Сот практикасы көрсетіп отырғандай, алдын ала
тергеудің тиімділігі көбіне айыптау қорытындысын жасау
сапасына да байланысты.Бұл іс жүргізу құжатында тергеуші жасалған қылмыстың мән-жайларын зерттеу, айыпты адамдарды анықтау, олардың кім екендігін тану жөніндегі өз жұмысының негізгі қорытындыларың баяндайды. Бірақ, айыптау қорытындысы - әзірше мемлекеттік билік өкілінің белгілі бір фактілерге және оған қатысы барлардың іс-әрекеттеріне берген бағасы бар кұжат қана. Сондықтан да ҚІЖК-нің 345-бабында айыпталушыға тағылған айыпты сот мәжілісінде міндетті түрде ашық жариялау көзделген.
Айыптау қорытындысын құрастыру қабілеттілікті қажет ететін қиын процесс. Соңғы жылдары тергеушілер, әсіресе ішкі істер органдарының тергеушілері бұл іс жүргізу құжатын даярлауда ерекше қиындық көруде. Себебі Қазақстанның ІІМ жүйесіндегі алдын ала тергеу органдарының көптеген қызметкерлері, бұрынғы анықтау органының қызметкерлері, ал олар күрделі де көп сатылы қылмыстық істердің тергеуіне қатысқанымен, оның тек алғашқы кезеңінің ғана жұмысына қатысқандар. Олар өз тәжірибелеріндегі олқылықты басқалардың тәжірибелерімен толықтыра алмайды, себебі мұндай істер бойынша айыптау қорытындысын жасаудың практикалық мәселелері заң әдебиетінде жан-жақты көрініс таппаған.
Осыған байланысты бұл дипломдық жұмыста көрсетілген іс жүргізу актісін даярлаудың жалпы ерекшеліктері қаралады.
Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде "айыпталушы ретінде жауапқа тарту" термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
"Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, "айып тағу", "айыпталушы ретінде жауапқа тарту", "қылмыстық жауаптылық" және "қылмыстық жауаптылыққа тарту", сондай-ақ "қылмыстық ізге түсу" секілді сапа жағынан әр түрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді" деп А. М. Ларин дұрыс айтқан [4, 142 б. ] .
Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптау - бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.
Айыптаудың мәні мынада:
- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам - кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Тергеуші мен прокурордың айыпталушының қылмыс жасауға кінәлылығы туралы қорытындылары олардың ішкі сенімдері екенін атап көрсету керек. Ол ешқандай жағдайда да ҚІЖК-нің 11-бабының 2-бөлігінде баянды етілген соттың үкімінсіз және заңға сәйкес келмесе, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды деген қағидаға қайшы келмейді. Кінәсіздығының анықтығы (презумпция невиновности) тергеушіге айыптауды тұжырымдауға, айыпталушыны әшкерелеуге, оның кінәлілығын дәлелдеуге мүлде тыйым салмайды. Ол сонымен қатар, соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпталушылың кінәсі анықталғанға дейін оған қылмыскер ретінде қарауға тыйым салады. Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы мынада: - адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы дәлелденген қаулыда тергеп тексерілетін іс бойынша анықталған мән-жайлар нақтыланады; адам оны жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатын осы қылмыстың нақты жіктемесі айқындалады;
- қылмыс жасағаны әшкереленетін айыпталушының қылмыстық кодекстің бабында көзделген жауаптылық шеқарасы анықталады;
- айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары жүйесін тудырады, адам өзінің не үшін айыпталатынын біледі және заңда берілген құқықтарын пайдаланып өзінің мүдделерін мақсатты түрде қорғай алады; тергеуші мен прокурор айыпталушыны қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның жеке басы мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті; қылмыстық істегі айыпталушының мәртебесі тергеушіге айыпталушыны әшкерелеу жөніндегі бұдан былайғы тергеп тексеруді неғұрлым тиімді және мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені айыпталушыға әр түрлі мәжбүрлеу және бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін, ал айыпталушыдан алынған жауаптар дәлелдемелердің дербес түрі болып табылады; ең ақырында, қаулыдағы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тұжырымдама айыптау қорытындысында жаңғыртылады да, одан соң оны сотқа беру ауқымы мен сотта қарау шегі анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы сезікті адамға бұлтартпау шараларын қолданудан басқа жағдайларда адамды айыпталушы ретінде қашан жауапқа тартуға болатынын анықтамаған, мұнда 10 тәуліктен кешіктірмей айыптау тағылуы немесе бұлтартпау шарасын жою туралы мәселе шешілуі тиіс (ҚІЖК-нің 142-бабы) .
ҚІЖК-нің 206-бабының негізінде белгіленген негіздерде және тәртіпте ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болады [2, 42 б. ] .
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі, яғни тергеушінің адамды жасаған нақты қылмысы үшін жауапқа тарту қажеттігі туралы дәлелдемелердің жиынтығына негізделген сенімі тергеушіге адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға құқық беретін негіз болып табылады.
Алайда дәлелдемелердің жеткіліктілігі адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде жасалған қылмыс туралы толық және жан-жақты мағлұматтар жиналып болды деген сөз емес, өйткені алдын ала тергеу аяқталған жоқ және дәлелдемелерді жинау жалғасуда, тергеушінің белгілі бір айыпталушы осы қылмысты жасады деген қорытындысы түпкілікті емес. Тергеп тексеру процесінде барысында айыптау өзгертілуі, толықтырылуы немесе, қысқартылуы мүмкін.
Егер тергеушінің қолында қылмысты кімнің, қашан жасағаны және қандай қылмыс жасалғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтін қылмыс жасаудың әдістері мен тетіктері жөніндегі мағлұматтары ғана болса, онда адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болмайды.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу жолымен алынған мағлұматтар ҚР "Жедел іздестіру қызметі туралы" Заңының талаптары сақталғанда ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тексеру үшін негіз бола алады [3, 12 б. ] .
Тергеуші айыпталушыны айып тағылған күн туралы хабардар етуге және осымен бір мезгілде оның қорғаушы шақыру немесе тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуін өтіну құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті.
КІЖК-нің ережелеріне сәйкес адамға айыптау тағылған кезде, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның заңды өкілі немесе оның тапсыруымен яки келісімімен басқа адамдар шақырып қоймаса, қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші оның келуін қамтамасыз ету шараларын қолданады.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуды қылмыстық іс қозғалған нақты адамға қатысты қылмыстық ізге түсудің басталуы деп есептеу қажет. ҚІЖК-нің 7-бабының 13-тармағылың мәтіні де осыған дәлел болады - "қылмыстық ізге түсу (айыптау) " - бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, оның қылмыс жасаудағы кінәлылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық ізге түсудің анықтамасылан қылмыс жасаған адам осы әркеттің орталық буыны болып табылады, демек, істе нақты адамның - айыпталушының пайда болуы қылмыстық ізге түсу әрекетінің басталуы деген қорытыңды жасауға болады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі дұрыс шешім қабылдау тұрғысынан қарағанда қылмыстық іс жүргізу ғылымы ұғымдарының теориясындағы барынша күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде осы ұтымды анықтауда ғалымдар оған редакциялық жағынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы жағынан да өзара айырмашылығы бар түсінік беруде.
А. Новиков, О. Новикова, А. Рустамовтың редакциялауымен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері "нақты адамның іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамы бар екенін көрсететін жеткілікті дәлелдемелер" ретінде анықталады [3, 122 б. ] .
"Тергеп тексерілетін қылмысты, - деп жазады М. К. Самалдыков. Яғни, қылмыстық әрекет жасады деп кінә тағылған нақ сол адамның жасағаны туралы қорытынды жасау үшін қажет болатын дәлелдемелердің жиынтығы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады".
С. Б. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықта айыпталушы ретінде жауапқа тартуды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, "дәлелдемелер жеткілікті болатын реттерде қылмыс жасады деген айыптау тағылуы мүмкін. Кеңестік қылмыстық процесс теориясында дәлелдемелер ("іс жүзіндегі деректер") бұл үшін негіз болып табылады деген пікір үстем болып келді. Алайда аталған бапты мұқият таңдау шын мәнінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі мән-жайлардың дәлелденгендігі осындай негіз болып табылатынын көрсетеді . . . [6, 52 б. ] ".
Қарастырылып отырған мәселеде А. С. Кобликовтың редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанады. Онда былай деп көрсетілген: "Алдын ала тергеудің барысында жиналған және тексерілген жеткілікті дәлелдемелер арқылы қылмыс оқиғаларының және осы қылмысты жасады деген адамның кінәлілығының дәлелденгендігі айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады [6, 53 б. ] ".
Біздінше, айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің кез келген анықтамасында осындай шешім қабылдауға жеткілікті дәлелдемелердің болуы керектігін көрсететін нұсқау жазылуы тиіс.
Бұл, біріншіден, ҚІЖК-нде берілген мынадай тұжырымдамаға (206-бап) сай келеді: "Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады".
Екіншіден, қылмыс оқиғаларының және адамның кінәлілығылын дәлелденгендігі (немесе тағылатын айыптаудың мазмұның құрайтын мән-жайлардың дәлелденгендігі, бұлардың екеуі де бір мағынаны білдіреді) түрінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің анықтамасы іс жүзінде оны айыптау үкімін шығарудың негізімен бірдей деп тануды білдіреді.
ҚІЖК-нің 375-бабының 3-бөлігінде бұл жөнінде былай деп айтылған: "Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс емес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсы соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады". Заң адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздеріне қатысты мұндай талап қоймайтынын атап көрсету қажет [2, 82 б. ] .
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып бұл ұғымды қарастыру адамның кінәлілығын шүбәсыз анықтау айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің болатыны туралы мәселе бойынша айқындаманы талдауды талап етеді.
Мәселен, И. В. Решетникованың редакциялаумен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде қылмысты тұтастай алғанда ақиқат секілді оның кінәлылығы анықталуы тиіс деген тұжырымдама қорғалады. Онда, атап айтқанда, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы барлық мән-жайларды тергеушінің күмәнсыз анықтап, олар ақиқат болуға тиістігі айтылған. Қаулының өзі бұл мән-жайларды дұрыс бейнелеп көрсетуге тиіс. Қаулыңа қылмыстың нақты құрамы және оны жасаған адам туралы ақиқат қорытындылар болуы тиіс. Заң айыптау қорытындысы мен айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы айыптаудың бүтіндей бара-бар талаптарын басшылыққа алады. Алайда егер айыптау қорытындысында тұжырымдалған айыптауда ақиқат қорытындылар болса, онда аталған қаулыда да нақ осындай қорытындылар болуға тиіс [7, 87 б. ] .
Сондықтан айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін тергеушіге қылмыстың болғаны туралы және оны айыпталушының жасағаны туралы өзінің қорытыңдысын тек ықтималдықпен растайтын мағлұматтарды анықтау жеткілікті деп әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлермен келісуге болмайды. Келтірілген қағидалардың авторлары айтқан пікірді құкықтың дамуындағы кеңестік кезеңнің бірқатар іс жүргізуші ғалымдары қолдады.
Мәселен, А. М. Ларин былай деп жазады: "Айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатын кездегі кінәлылығы туралы тергеушінің қорытындысы түпкілікті, анық емес, керісінше алдын ала, проблемалық ықтимал маңызын, яғни болжамдардың біреуін білдіреді [4, 64 б. ] ".
М. С. Строговичтің пікірінше, "айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде бұл адамның кінәлылығы дәлелденген деп есептеле алмайды және тергеушіден оны кінәлынының орнына емес, қылмыс жасаған айыпталушының орнына қою үшін жиналған дәлелдемелердің жеткіліктілігіне сенімділік талап етіледі [4, 62 б. ] ".
Егер заң адамды айыпталушы деп жауапқа тарту үшін қажетті жағдай ретінде осы адамның кінәлылығының дәлелденгендігін және бұған тергеушінің көзі жеткендігін белгілеген болса, бұл бұдан былайғы тергеудің айыптау жағына бейімделіп, айыпталушының кінәлылығынан басқа болжамдарды зерттеусіз қалдыруға әкеп соққан болар еді.
С. Б. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанып, қылмыстық жауапқа тарту үшін жеткілікті болатын негіздерді анықтауда дәлелдеуге жататын мән-жайлар да, сондай-ақ олардың дәлелденгендік дәрежесі де ескеріледі деп көрсетеді.
Біз нақ осы қағида қолдауға тұрарлық деп ойлаймыз. Заң ақиқатты анықтауды және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың шүбәсыз дәлелденуін талап етпейді.
ҚІЖК-нің 278-бабына сәйкес айыптау қорытындысының соңғы бөлімінде тағылатын айыптау тұжырымдамасы баяндалуы тиіс деген қағида тергеушінің қолында адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде де міндетті түрде айыптау қорытындысын жасау кезіндегідей дәлелдеме материалдары болуға тиіс деген сөз емес. Мұнда заң дәлелдеу процесі айыптау тағылғаннан кейін де жалғаса береді дегенді негізге алады. Мұның үстіне, ол қылмыс оқиғасын да, дәлелдеу тақырыбына кіретін айыпталушының кінәлылығын да қоса алғанда, барлық мән-жайларды зерттеуді қамтиды. Атап айтқанда, айыпталушы қылмыстық іс бойынша объективті тергеп тексеруге бөгет жасайды деп ойлауға негіз болған кезде оған бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін көздеген ҚІЖК-нің 139-бабы да осыны көрсетеді. Демек, заң істе адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік беретін дәлелдемелердің болғанына қарамастан, ақиқатты елі де анықтауға тұра келетінін негізге алады. Заң айып тағуды өзгерту мен толықтыру қажеттігін (ҚІЖК-нің 210-бабы), сондай-ақ айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуі себеттті істің қысқартылуын (ҚІЖК-нің 269-бабының 2-бөлігі) туғызатын жаңа дәлелдемелер алу мүмкіндігін ескереді.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені жалпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Қылмыстың жасалу мән-жайларын анықтауға жәрдемдесетін дәлелдемелерді жинау мен бағалау тергеп тексеру кезеңдерінің мақсаты болып табылады да, осыдан кейін адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін бұлтартпайтын дәлелдемелер оны дер кезінде қорғану құқығымен қамтамасыз ететін тиісті іс жүргізу жағдайына қою қажеттігіне байланысты бұл мән-жайлардың осы кезеңде мүмкін болатын дәлелдеу дәрежесі шектеледі. Сондықтан осы кезге таман жиналған дәлелдемелердің жиынтығы жеткілікті бола алмайды. Ол айыпталушылардың берген айғақтарын ескере отырып, кейінгі тергеп тексерудің барысында толықтырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz