Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Батыс түрік қағанаты
2. Этникалық құрамы.
3. Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы.
4. Батыс түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қағанаттың алып жатқан аумағы. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жер анықтала бастады. Батыс қағандық Оңтүстік шығысында Iле, Шу өзендерінен бастап, Солтүстік батысында Еділ мен Кубан өзенінің төменгі жағына дейін, ал Солтүстік шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы аралығын алып жатты. Ал Оңтүстік батысында Тарым, Амудария өзендеріне дейінгі аймақты билеген ел болды. Ал дәлірек, қысқарта айтқанда, Алтай тауынан Тәңір (Тянь-Шань) тауына дейін, шығыста Баркөлден бастап,батыста Арал теңізі мен Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Орталық астанасы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы. Ал жазғы ордасы қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі Мыңбұлақта болған.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кең байтақ жерді алып жатқан түркі тілдес халықтар Батыс түрік қағандығының билігіне ешбір қарсылық жасамаған. Оның басты себебі, қағанаттың саяси және экономикалық билігі бірыңғай түрік билеушілерінің қолында болуында еді. Егер бұрын ұсақ ру-тайпалар ірі тайпалардан зәбір көріп отырса, енді олар бір ғана қожаларына бағынышты болады. Түркілер басқалардың салық жинауына тыйым салған.
Жоғарыда көрсетілген ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес жергілікті үйсін, қаңлы, дулат тайпаларымен қатар шығыстан келген түркеш, қарлұқ, теле, басымыл, қыпшақ, оғыз, шығыл, шымыр, нүшбе баға (жайма) т.б. тайпалар қағандықты құрған. Шығыстан келген тайпалар жергілікті тайпаларға араласып етене болып, сіңісіп кетті. Енді бұл тайпалар Батыс түрік қағанатының "он оқ халқы" болып аталады. Оның бесеуі-"бес арыс дулат" болса, бесеуі- "бес тайпалы нушеби" деген жаңа аттары мен тарих сахнасында белгілі болады. Бұл екі одақтың аты үстемдік еткен атақты дулат пен нүшеби тайпаларының аттарымен белгілі болған. Бұл тайпалар қағандықтың негізгі тірегі, үйсіндердің ата мекені, Жетісу жерімен Жоңғар ойпаты аралығында өмір сүрген. Тайпалар түрік тілдес болған. Ол туралы "Хан патшалығының ескі тарихы,түрік шежіресінде былай дейді". Батыс түрік қағанатының халқы ... жоғарыда көрсетілген тайпаларды айта келіп, олардың ғұрыптары түріктерге ұқсас.тек тілдерінде ғана аздаған айырмашылықтар бар. Ру тайпалардың өзара диалектілік айырмасы болғанымен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйлеген. Міне, осы "он оқ халқы" немесе "он оқ тайпалары" жоғарыда көрсетілген аймақтарда мекендеп, келешек қазақ халқының құрылуына ұйытқы болған. V-VIII ғасырлардағы қытай жазба деректерінде (Жұңго) дулат деген ат дулұ түрінде жазылған. Ал дулаттар ежелгі үйсін мемлекетінің бірлестігіне қатынасқа н тайпалардың бірі.Енді бұлар батыс түрік қағандығы кезінде үстемдік ететін орынға шығып, бұрынғы үйсін тайпалары дулат деп аталатын болған. Сондықтан осы кезден бастап дулаттар жазба деректерде жиі кездеседі. Алайда оларды Жуңго тарихшылары "дулу" деп жазса, ал парсылар "дуұлат" деп жазған (С.Аманжолов 1960). Қытай тілінің мамандары Н.Я.Бичурин мен Г.Е.Грум-Гржимайлоның жазуларына қарағанда, б.д.б. ІІ ғасырдағы Үйсін ұлысының тайпалар құрамында дулу тайпасы болған. Үйсіннің Күнбиі қартайған кезінде өзінің орнына үлкен ұлын өз орнына тағайындайды. Алайда ол көп ұзамай қаза болады. Ол өлерінде өзінің тұңғыш баласын орнына сайлауды әкесінен өтінеді. Әкесі оның орнына әрі батыр, әрі тапқыр баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай уәде береді.қарт күнби тақ үшін талас болып немересін Дал у мерт етіп қояр деп,екеуіне де елмен қоса он мыңнан аса атты әскерді еншіге беріП,немересін Ыстықкөл аймағына, ал Далуды Іле бойына билік жүргізулерін үйғарады. Міне осыдан Далудың еншісіне тиген Іле аймағындағы үйсіндер дулу, далұғ аталса, кейін дулат аталып кетеді. Бұлар Батыс түрік қағанаты кезінде бес арыс дулаттар атанып, олардың құрамына жұңгоның ескі тарихи кітаптарында бес тайпа елі мына тұрғыда берілген:
1. Қазақстан тарихы. І том, ІІ тарау. Алматы, 1996 ж. ІІ тарау.
2. Мыңжанұлы Н. қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993. 103-109 б.
3. Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.К., Т.Жұмағанбетов Археология Казахстана. Алматы, 1993, 158-162 б.
4. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. Алматы, "Ана тілі". 1995, 46-50 б.
5. Амажолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 1- кітап. (Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: “Білім”, 2002.
6. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы. “Білім”, 1994. 4-бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Батыс түрік қағанаты
2. Этникалық құрамы.
3. Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы.
4. Батыс түрік қағанатының әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қағанаттың алып жатқан аумағы. Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс
болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жер анықтала бастады. Батыс
қағандық Оңтүстік шығысында Iле, Шу өзендерінен бастап, Солтүстік батысында
Еділ мен Кубан өзенінің төменгі жағына дейін, ал Солтүстік шығысында Есіл
мен Ертіс өзендерінің жоғарғы аралығын алып жатты. Ал Оңтүстік батысында
Тарым, Амудария өзендеріне дейінгі аймақты билеген ел болды. Ал дәлірек,
қысқарта айтқанда, Алтай тауынан Тәңір (Тянь-Шань) тауына дейін, шығыста
Баркөлден бастап,батыста Арал теңізі мен Каспий теңізіне дейінгі аралықты
алып жатты. Орталық астанасы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы. Ал жазғы
ордасы қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі Мыңбұлақта болған.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген кең байтақ жерді алып жатқан түркі тілдес
халықтар Батыс түрік қағандығының билігіне ешбір қарсылық жасамаған. Оның
басты себебі, қағанаттың саяси және экономикалық билігі бірыңғай түрік
билеушілерінің қолында болуында еді. Егер бұрын ұсақ ру-тайпалар ірі
тайпалардан зәбір көріп отырса, енді олар бір ғана қожаларына бағынышты
болады. Түркілер басқалардың салық жинауына тыйым салған.

Этникалық құрамы.
Жоғарыда көрсетілген ұлан-байтақ территорияны мекендеген түрік тілдес
жергілікті үйсін, қаңлы, дулат тайпаларымен қатар шығыстан келген түркеш,
қарлұқ, теле, басымыл, қыпшақ, оғыз, шығыл, шымыр, нүшбе баға (жайма) т.б.
тайпалар қағандықты құрған. Шығыстан келген тайпалар жергілікті тайпаларға
араласып етене болып, сіңісіп кетті. Енді бұл тайпалар Батыс түрік
қағанатының "он оқ халқы" болып аталады. Оның бесеуі-"бес арыс дулат"
болса, бесеуі- "бес тайпалы нушеби" деген жаңа аттары мен тарих сахнасында
белгілі болады. Бұл екі одақтың аты үстемдік еткен атақты дулат пен нүшеби
тайпаларының аттарымен белгілі болған. Бұл тайпалар қағандықтың негізгі
тірегі, үйсіндердің ата мекені, Жетісу жерімен Жоңғар ойпаты аралығында
өмір сүрген. Тайпалар түрік тілдес болған. Ол туралы "Хан патшалығының ескі
тарихы,түрік шежіресінде былай дейді". Батыс түрік қағанатының халқы ...
жоғарыда көрсетілген тайпаларды айта келіп, олардың ғұрыптары түріктерге
ұқсас.тек тілдерінде ғана аздаған айырмашылықтар бар. Ру тайпалардың өзара
диалектілік айырмасы болғанымен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйлеген.
Міне, осы "он оқ халқы" немесе "он оқ тайпалары" жоғарыда көрсетілген
аймақтарда мекендеп, келешек қазақ халқының құрылуына ұйытқы болған. V-VIII
ғасырлардағы қытай жазба деректерінде (Жұңго) дулат деген ат дулұ түрінде
жазылған. Ал дулаттар ежелгі үйсін мемлекетінің бірлестігіне қатынасқа н
тайпалардың бірі.Енді бұлар батыс түрік қағандығы кезінде үстемдік ететін
орынға шығып, бұрынғы үйсін тайпалары дулат деп аталатын болған. Сондықтан
осы кезден бастап дулаттар жазба деректерде жиі кездеседі. Алайда оларды
Жуңго тарихшылары "дулу" деп жазса, ал парсылар "дуұлат" деп жазған
(С.Аманжолов 1960). Қытай тілінің мамандары Н.Я.Бичурин мен Г.Е.Грум-
Гржимайлоның жазуларына қарағанда, б.д.б. ІІ ғасырдағы Үйсін ұлысының
тайпалар құрамында дулу тайпасы болған. Үйсіннің Күнбиі қартайған кезінде
өзінің орнына үлкен ұлын өз орнына тағайындайды. Алайда ол көп ұзамай қаза
болады. Ол өлерінде өзінің тұңғыш баласын орнына сайлауды әкесінен өтінеді.
Әкесі оның орнына әрі батыр, әрі тапқыр баласы Далуды қойғысы келсе де,
көңілін қимай уәде береді.қарт күнби тақ үшін талас болып немересін Дал у
мерт етіп қояр деп,екеуіне де елмен қоса он мыңнан аса атты әскерді еншіге
беріП,немересін Ыстықкөл аймағына, ал Далуды Іле бойына билік жүргізулерін
үйғарады. Міне осыдан Далудың еншісіне тиген Іле аймағындағы үйсіндер дулу,
далұғ аталса, кейін дулат аталып кетеді. Бұлар Батыс түрік қағанаты кезінде
бес арыс дулаттар атанып, олардың құрамына жұңгоның ескі тарихи
кітаптарында бес тайпа елі мына тұрғыда берілген:
1. Түркеш-алаш- чор ұлысы
2. Қойлау-күлұә-чор ұлысы
3. Шимойын (шuмугін) лұu-чор ұлысы
4. Ысты-тон-чор ұлысы
5. Жөныс-шопан-чо ұлысы
Мұндағы Түркеш, Шимойын, Ысты, қойлау, Жаныс-тайпа аттары: алаш, күлуг,
лұи, тон, шопан - тайпа бастықтарының аттары; чор олардың лауазымдары.
Қазақ шежіресінде жаныс дулаттардың бір руы болып есептелсе. ал Ысты
Ұлы жүздің ішіндегі жеке бір тайпасы, ал Шимойын деп отырған тайпа
дулаттардың ішіндегі шымыр болуы әбден мүмкін. Сонда бұл тайпалардың б.д.б.
үйсіндер құрамында болғандығына ешбір дa болуы мүмкін емес. Жазба
деректерге қарағанда, бес арыс дулаттың ішіндегі ең күштісі және жерінің
кеңдігі жағынан ең үлкені - түркеш, тайпасы. Қазақ шежіресінде бұл тайпа
сары үйсін деп аталады. Бұл тайпа Таң патшалығы дәуірінде Іле өзені мен Шу
өзендерінің аралығындағы ұлан байтақ өңірді мекендеген. Ал "Таң патшалығы
тарихы". Жағрафия тарауында" түркештер екі аймаққа бөлініген бағынған.
Біріншісі: түркеш сұғамұқы ұлысы Лұңшұн-аймағына екіншісі: түркеш -алаш
ұлысы Жесан аймағына бағынған. Мұндағы "сұға", "мұқы","алаш" дегендер -
түрік тайпа көсемдері. Ол қазақ шежіресімен сәйкес келіп отырған: Жаныс
тайпасы Еренқабырғаның үстіртіндегі үлкен жұлдыз бен Кіші жұлдызды өріс
етіп, Инса аймағына қараған. Ысты тайпасы Іле өзенінің шығыс алқабы мен
қазіргі бүратапа өңірін мекендеген. Бұл тайпаның да мекендеген жері қазақ
шежіресіндегі айтылған жерге сай келеді. Қазірдің өзінде сол жерлерде
олардың ұрпақтары мекендеп отыр. Дулат тайпасының бірі шымыр (чуми) қазіргі
Құтыби, Манас өңірін мекендеген. Ал дулаттың ботпай тайпасы 648 жылдар
шамасында шимойын, ысты тайпаларымен бірге Батыс түрік қағанатына бағынған.
қазақ шежіресі бойынша үйсін-дулат ұлысынан тарайтын тайпалар. Бұлардың
ішіндегі койла, (ителі),шимойын қазіргі керейлер ішіндегі белді тайпалар.
Шыңғыс хадәуірінде де дулаттар көрсетілген аймақтарда мекендеп, Шағатай
ұлысы, одан кейін Моғал хандығы кезінде де басты билікті орындарда болған.
Батыс түрік қағандығының этникалық құрамында,оның оң қанаты болып
кірген бес тайпалы нүшбелер болды. Қытай деректерінде нүшбелерге мына бес
ұлыс кірген:
Азғыр (әскіл)-күл-еркін үлысы;
Қасо-күл-еркін ұлысы;
Барысқан (барсаған)-тон ашбар-еркін ұлысы;
Азғыр (әскіл)-нuжұқ - еркін ұлысы.
Мұндағы, азғыр,қасо, барысқан - тайпалардың аттары. Ал күл, тон, ашпар,
нижұқ, шопан дегендер тайпаларды билеген адам аттары,еркін олардың лауазымы
(мансабы). "Жұңго патшалығы тарихы, түрік шежіресіндегі жазуға қарағанда
Батыс түрік қағандығының нүшбе бес тайпасының ең күштісі азғырлар болған."
Он оқ елі сол және оң қанат болып екі иелікке бөлінгенде, азғырлардың өзі
екі ұлысқа бөлінген. Оның бір ұлысын Күл еркін,екінші ұлысын Нижұқ еркін
билеген. қағандықтың шығыс жағындағы қуатты тайпаның бірі қасо тайпасы
болған. Бұл тайпа құрлықтармен аралас тұрса, ал шүио, шымыр,бесене
тайпаларымен көрші тұрған. Ал кейіннен барып Батыс түрік қағанатының оң
қанатындағы нүшбелердің құрамына қосылған. Касс тайпасы да құрлықтармен
бірге шығыстан батысқа қоныс аударып келген. Бұл тайпада Шыбар Ахилаш қаған
кезінде екі ұлысқа бөлінген. Араб тарихшысы Әл-Ауф и қарлықтардың ішінде
"үш ұлыс қазақ" бар деп осы қосаларды айтқан тәрізді, және сол "Таң
патшалығының көне тарихы. Түрік шежіресінде батыс түрік қағандығына" Теле
(тірек) елдері болғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлұқ, шуио,
шымыр, обырлерге араласып, сіңісіп кеткендігін хабарлайды. Бұл хабарға
қарағанда қағандықтың қарамағындағы тайпалардың ішінде көптеген теле ру-
тайпаларының болғандығын көрсетеді.
Жұңго жылнамаларының түрік тарауында батыс түрік қағанатының этникалық
құрамына қағандықтың солтүстік батыс шекарасында Еділ бойы мен Кавказдың
шығыс бөлігінде, Каспий теңізінің төңірегінде "қала", "хаса", "аса"
тайпаларының да кіргендігі баяндалады. Бұл тайпалар Батыс түрік қағанаты
құлағаннан кейін Қазар қағандығы құрылғандығы туралы "Худуд әл-ғаламның
деректерінде хабарланады". Ал хазарлар арасында "қаза оғ", "бершілік" деген
екі ұлы қауым болған. Ал Кіші жүз ішінде "беріш"деген тайпа осы күнде өз
атауымен аталады. Әйгілі академик Ә.Х.Марғұлан,профессор М.Б.Ақынжановтар
хазар хандығының ішінде қазақ тайпалары болған дейді.

Батыс Түрік қағанатының саяси жағдайы
Қағанаттың саяси жағдайы. Алғашқы кезде қағандықты Тардуш (дато) хан
басқарған. Бұл уақытта Батыс түрік қағанатының өкімет билігі саяси басқару
жағынан күшейген кезі еді. Ал, Шығыс түрік қағанаты, керісінше, саяси
басқару жағынан әлсіреп, қытайлардың шабуылына ұшырап отырды. Шығыс
қағанатының мұндай күйге түсіп отырғанын білген Тардуш қаған оларды басып
алуды,екі қағандықты қайта қосуды да ойластырды. Ол өз ойын іске асыру үшін
Алтайдағы телелерге (теле тайпасы) шабуыл жасап, олардың жерін басып та
алған. Сөйтіп өзін Шығыс қағанаттың да қағаны деп жариялайды. Алайда
телелер қайтадан оған қарсы көтеріледі.
Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610618
ж.ж.) мен оның інісі Тон жабгу (618-630 ж.ж.) қағандардың билік құрған
мезгілі болды. Егер Шегу қаған қағанаттың (хандықтың) Шығыстағы шекарасын
Алтайға дейін жеткізіп бекітсе, ал Батыстағы шекарасын Тарым өзені мен
Памир тауына дейін жеткізген. Тон жабғу оңтүстігіндегі Тахористанды билеуді
баласы Тарду шадқа тапсырады. Оның орталығы қүндызда болған. Тон қаған
өзінің назарын батыстағы елдерді жаулап алуға да бөлген. Қаған Орта
Азиядағы басқару жүйесіне жаңа реформалар кіргізеді. Салық жинауға
жергілікті адамдардан салық жинаушыларды бекітіп, оларға "селиф" деген атақ
береді. Олардың үстінен бақылау жүргізетін өздерінің жасауылдарын
тағайындайды. Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырған. Кейбір атақты
қалаларды өз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін кейбір амалдар да
қолданған. Мәселен, Самарқанд сияқты үлкен қаланы бағынышты етіп өзінің
айтқанына көндіріп отыру үшін оның билеушісіне қызын әйелдікке беріп,
өзінің орынбасары деп жариялаған. Жалпы жергілікті билеушілерді орынбасарым
деп тағайындап отырған. Билік жүргізудің мұндай тәсілі қағандықтың саяси
және экономикалық жағынан өте тиімді болған.
Тон қаған өзінің батыстағы ықпалын нығайтуды және одан айырылып
қалмауды ешқашан есінен шығармаған. Әсіресе Иран мен Византия сияқты ірі
мемлекетердің арасындағы жағдайды бақылап отырған.Екі елдің арасындағы
келіспеушілік туа қалса, өзінің одақтасы Византияға көмектесуге дайын
тұрған. Тон жабғу өзінің Византиямен келісіміне берік болып, оны іске асыру
үшін император Ираклидің 627628 ж.ж. Кавказ бойына жасаған үшінші жарығына
қатынасқан. Ол Дербент, Тбилисиді алып, қолға көптеген олжа түсіреді.
Император оны Тбилисиде қарсы алып, оған өзінің тәжін кигізіп, қызы
Евдокияны беруге уәде берген. Бұл көмек Батыс түрік қағанатының халықаралық
жағдайдағы саяси беделін көтеріп, үстемдігін арттырады.
Алайда кең байтақ жерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Түрік қағанатының этникалық құрамы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түргеш қағанаты
Түркі қағандығы
Түрік қағанатының саяси тарихы
Түрік қағанаты туралы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Пәндер