Әлеуметтік басқару жайында



7. Әлеуметтік басқару ғылымы білімнің жеке саласы ретінде.
8. Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны.
9. Әлеуметтік басқарудың заңдары, принциптері мен әдістері.
10. Басқарудың басты қызметі . мақсатқа бағытталу, оның міндеттері.
11. Стратегиялық мақсатқа бағытталу . дағдарысқа қарсы басқару ресурсы
12. Әлеуметтік басқарудағы нормативтік реттеудің мәні.
13. Әлеуметтік сала басқару объекті және әлеуметтік даму ретінде.
14. Әлеуметтік саланың негізгі компоненттері.
15. Әлеуметтік даму түсінігі.
16. Басқарудың әлеуметтік дамудағы мүмкіндіктері мен қажеттілігі.
17. Жүйенің мәні мен мазмұны және құрылымдық элементтері.
18. Әлеуметтік басқару проблемаларын зерттеу тәсілдері.
19. Ұйымның анықтамасы, мақсаты және құрылымы.
20. Ұйымның құрылымын сипаттайтын негізгі параметрлер.
21. Басқарушылық типтегі лидер бойындағы қасиеттің кәсіби сапасы.
22. Басқарушылық шешім қабылдау себептері.
23. Басқарушылық шешім қабылдау классификациясы.
24. Әлеуметтік саясат
25. Қоғамдық жүйедегі басты саясаттың тұрақтандырылуы: басқарушылық жүзеге асырылу механизмі
Әлеуметтік басқару – көптеген ғылымдарды оқып-меңгеретін пән: әлеуметтік, экономикалық, саяси, заңды, бірақ бұдан әлеуметтік басқару ғылымы бұлардың бірде-біреуінің іс жүзінде қолданылатын бөлік болып табылады. Әлеуметтік басқару ғылымының басты мақсаты қоғамдағы мүшелердің өмір сапасын жоғарлатуға қол жеткізу үшін оның барлық салаларының тұтас іс-әрекеттері жүйесіндегі қоршаған әлемді оқып-меңгеру. Ол әлеуметтік әсер етудің жалпы заңдарын, принциптерін, сондай-ақ әлеуметтік басқару жүйесінің өзін құрайтын заңдар мен принциптерді зерттейді.
Әлеуметтік басқару жүйесі өзіне әлеуметтік басқаруды, басқару әдістері мен есептік техника құралдарын, сондай-ақ басқару объектілері мен субъектілері арасындағы байланысты жүзеге асыруға көмектесетін әртүрлі ақпараттар көлемін қамтамасыз ететін мамандардың әртүрлі жақтарын қамтиды. Егер объекті мен субъекті арасындағы байланыс бұзылатын болса, онда бұл басқаруда күйзеліске әкеп соқтырады. Сондықтан да әлеуметтік басқарудың ең маңызды міндеті осы қатынастардың тұрақтылығын ұстап тұру болып табылады.
Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны.
Әлеуметтік басқару белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін әлеуметтік процестерге әсер ететін процесс ретінде, сондай-ақ адамдар іс-әрекет саласы ретінде қарастырылады. Басқарудың қорытынды түсінігі – ықпал ету болып табылады. Әлеуметтік жүйеде ол басқару субъектісінің басқару объектісіне жаңадан жақсы ауыстыру мақсатында ықпал етуді білдіреді. Осы себепті басқарудың негізгі элементі болып мақсатқа бағытталушылық болып табылады.
Мақсатқа бағытталушылыққа тікелей байланыста іс-әрекетті ынталандыру мен мотивация жүйесі болып табылады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік басқару

Әлеуметтік басқару ғылымы білімнің жеке саласы ретінде.
Әлеуметтік басқару – көптеген ғылымдарды оқып-меңгеретін пән:
әлеуметтік, экономикалық, саяси, заңды, бірақ бұдан әлеуметтік басқару
ғылымы бұлардың бірде-біреуінің іс жүзінде қолданылатын бөлік болып
табылады. Әлеуметтік басқару ғылымының басты мақсаты қоғамдағы мүшелердің
өмір сапасын жоғарлатуға қол жеткізу үшін оның барлық салаларының тұтас іс-
әрекеттері жүйесіндегі қоршаған әлемді оқып-меңгеру. Ол әлеуметтік әсер
етудің жалпы заңдарын, принциптерін, сондай-ақ әлеуметтік басқару жүйесінің
өзін құрайтын заңдар мен принциптерді зерттейді.
Әлеуметтік басқару жүйесі өзіне әлеуметтік басқаруды, басқару
әдістері мен есептік техника құралдарын, сондай-ақ басқару объектілері мен
субъектілері арасындағы байланысты жүзеге асыруға көмектесетін әртүрлі
ақпараттар көлемін қамтамасыз ететін мамандардың әртүрлі жақтарын қамтиды.
Егер объекті мен субъекті арасындағы байланыс бұзылатын болса, онда бұл
басқаруда күйзеліске әкеп соқтырады. Сондықтан да әлеуметтік басқарудың ең
маңызды міндеті осы қатынастардың тұрақтылығын ұстап тұру болып табылады.
Әлеуметтік басқарудың мәні мен мазмұны.
Әлеуметтік басқару белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін
әлеуметтік процестерге әсер ететін процесс ретінде, сондай-ақ адамдар іс-
әрекет саласы ретінде қарастырылады. Басқарудың қорытынды түсінігі – ықпал
ету болып табылады. Әлеуметтік жүйеде ол басқару субъектісінің басқару
объектісіне жаңадан жақсы ауыстыру мақсатында ықпал етуді білдіреді. Осы
себепті басқарудың негізгі элементі болып мақсатқа бағытталушылық болып
табылады.
Мақсатқа бағытталушылыққа тікелей байланыста іс-әрекетті
ынталандыру мен мотивация жүйесі болып табылады.
Қазіргі әлеуметтік басқаруға туа біткен шығармашылық адамдарды қамту
қажет, олар өз интеллектілігі мен шығармашылық потенциалының арқасында
қоғамдағы азаматтардың өмір сапасын жоғарлату сияқты ең басты мақсаттарды
орындау үшін жағдай туғызуға қабілетті. Сол себепті басқаруда ең бастысы
тек алға қойған мақсаттарға жету ғана емес, сондай-ақ тұтастай қандай да
бір күрделі әлеуметтік жүйені ұстап қалу мен оны өзін-өзі дамытуға талпыну
болып табылады.
Әлеуметтік басқарудың заңдары, принциптері мен әдістері.
Басқару ғылымдарының заңдарына басқару ғылымын оқып-меңгеретін
қоғамдық, өте маңызды және міндетті байланыстар жатады. Олар объективті
сипатқа ие және адамдардың еркіне тәуелді емес, керісінше олардың еркіне,
сана-сезімі мен ниеттеріне тәуелді.
1. Міндетті (қажетті) заңдардың әртүрлілігі, яғни басқарушы жүйе басқару
объектісіне қарағанда біршама әртүрлі болу қажет
2. Мамандандырылған заңдарды басқару. Бұл заң басқару қызметтерін
әлеуметтік басқару жүйесінде әртүрлі дәрежелер мен бағыттарға бөлуді
қамтиды.
3. Интеграция заңдарын басқару. Мұнда әртүрлі мамандандырылған іс-
әрекеттердің бір ғана басқару процесіндегі басқарудың әртүрлі дәрежелері
мен бағыттарының бірігуі болады.
4. Уақытты үнемдеу заңы. Бұл заң аз уақытты жоғалту есебінен алға қойылған
мақсатқа жету үшін бақсару тиімділігін сипаттайды.
5. Әлеуметтік мақсаттардың приоритеттік (бір нәрсені ең алғаш ойлап
шығару, ашу) заңдары. Қоғамды дамытудың мақсаты және олардың тепе-теңдігі
мен дамуын бірқалыпта ұстап тұру ондағы мүшелердің өмір сүру сапасын үнемі
жоғарлату болып табылады. Сол себепті қалған барлық мақсаттар осы
мақсаттарға тәуелді болып қалуы қажет.
6. Басқарудағы субъектілік пен интеллектуалдықтардың өсу заңдары. Басқару
процесінде пайда болатын адамдар арасындағы басқарушылық қатынастар
адамдардың сана-сезімдері арқылы өтеді, сондай-ақ өндіріс пен қоғамдағы
объективті өзгерістерден тәуелді адамдармен құрылып, жетілдіріледі.
7. Жүйенің басты мақсаттарының басым (үстем) болу заңдары. Бұл заң
әлеуметтік басқару үшін басым болып табылады. Әлеуметтік жүйеден құрылатын
жүйе ішіндегі жүйелер біртұтастықты құрастырып, тұтас организмді құрайды.
Бұл жүйелерді қолдау тек басым да басты мақсаттардың бар болуымен маңызды.
8. Доктриналық (ілім,ғылыми теория және жүйе) заңдар. Доктрина әлеуметтік –
бұл маңызды технологиялырдың әртүрлілігі. Ол қандай да бір ұлттардың
әлеуметтік қызығушылықтарының негізгі приоритеттерін бөледі, оларды жүзеге
асыру механизмдерін ұстап қалады және әлеуметтік саясаттың белгілі
стратегиялық мақсаттары, азаматтардың қызығушылықтарымен қалыптасқан
белгілі әлеуметтік бағыттарды өзгерту үшін негізге алу болып табылады.
9. Әрбір құраламдардың өздігінше активті даму заңдары. Қазіргі әлеуметтік
дамудағы үлкен мағна басқару қызметтерін өзін-өзі басқаратын ұлттық
органдарға бере алады.
Әлеуметтік басқарудың принциптері.
Басқару заңдарын білу негізінде басқарушылық қызметтердің принциптері
қалыптасады. Олар басқару жүйесін құруға, сондай-ақ алға қойған мақсаттарға
жету үшін қажеттіліктерді таңдауға көмек береді. Әлеуметтік басқарудың
негізгі принциптеріне келесі принциптер жатады:
1. шешім қабылдаудағы басшылық және оларды талқылаудағы алқалық;
2. әлеуметтік жүйенің тұтастығын қолдау үшін басқарудың барлық әдістерінің
біріге әсер етуі;
3. салалық және аймақтық басқаруды байланыстыру;
4. стратегиялық мақсаттарға жетудегі приоритеттілік;
5. ғылыми әлеуметтік басқару;
6. әлеуметтік басқаруды болжамдау;
7. еңбекті мотивациялау (ынталандыру);
8. әлеуметтік басқару нәтижелеріне жауапкершілік;
9. кадрларды рационалды іріктеу, дайындау, орналастыру және пайдалану;
10. басқару тиімділігі және үнемділігі;
11. жүйелілік (жүйе сияқты әртүрлі звенолардан құрылатын басқарудың
объектісін немесе субъектісін қарастыру);
12. иерархиялылық (элементтерге бөлуді талап ететін көп дәрежелі жүйелерді
қарастыру, бұдан әрбір баспалдақ өзінен бір саты төмен баспалдақты
басқарады және уақыт өте келе жоғары дәрежеге қатысы бойынша басқару
объектісі болып табылады);
13. кері байланыстың міндеттілігі (басқарушы жүйенің басқарылатын жүйеге
фактылық жағдайларды аталғандармен салыстыру жоламен әсер ету нәтижесі
туралы ақпараттарды алу);
14. бағдарламалық-мақсаттық мақсатты қамтамасыз етілуі;
15. басқарудағы адамгершілік пен құлықтылық;
16. шешім қабылдаудағы жариялылық (құпияның болмауы).
Принциптердің жиынтығы әлеуметтік басқарудың даму нәтижесінде
өзгеріске ұшырай алады, бірақ басқарудың негізгі принциптері толығымен жоқ
болып кетуі мүмкін емес.
Әлеуметтік басқарудың әдістері.
Басқарудың заңдары мен принциптерінің жүзеге асырылуы бақсарудың
әртүрлі әдістерін қолданудың арқасында болады.
Басқару әдістері алға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін
басқару объектісіне әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Әдетте басқару тәжірибесінде бір-бірін толықтыра түсетін әдістер
жиынтығы қолданылады. Басқарудың мынандай келесі түрлері бар:
1. Әлеуметтік және психологиялық. Олар адамдардың әлеуметтік активтілігін
жоғарлату мақсатында қолданылады. Әлеуметтік әдістер өзіне мыналарды
қамтиды:
• әлеуметтік нормалау әдістері;
• әлеуметтік саяси әдістер;
• әлеуметтік реттеу әдістері;
• моралды ынталандыру әдісі;
• әлеуметтік-психологиялық әдістер;
• психологиялық әдістер.
2. Экономикалық әдістер. Олар экономикалық заңдар мен нарықтық экономика
категорияларын қолданумен басқарудың экономикалық мақсаттарына жетумен
байланысты. Мұнда экономикалық ынталандыру әдістерін қамтуға болады.
3. Ұйымдық-әкімшілік әдістер. Бұл әдістердің негізін үкімет, тәртіп,
жауапкершілік құрайды. Бұл әдістің мынандай түрлері бар: нұсқау, ереже,
ұсыныстар, бақылау. Бұл әдістің басты міндеті басқару объектілері іс-
әрекеттерінің үйлесуі.
4. Өзін-өзі басқару әдісі. Өзін-өзі басқару адамға басқару объектісімен
басқару субъектісіне айналуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі басқару барлық
басқарушылық процестердің тиімділігін арттырады, ол жұмысшылардың
қызығушылықтары мен олардың шығармашылық іс-әрекеттерін қамтуға
негізделген. Мұнда адамдар мотивациясының жиынтық әдістері кіреді:
• жұмысшыларды мотивациялыу;
• жұмысты мотивтендіру;
• ұйымдық қызметтерді мотивтендіру.
Басқарудың әлеуметтік жүйелерін, сондай-ақ басқарудың ғылыми
әдістерін бөледі. Бұл әдіске жататындар: үлгілеу, болжамдау, бағдарлау,
эксперименттік баға, ақпараттық таехнологиялар.

Басқарудағы мақсатқа бағытталушылық

Басқарудың басты қызметі – мақсатқа бағытталу, оның міндеттері.
Әлеуметтік басқару процесінде алға қойған мақсаттарының нәтижесіне
қол жеткізу үшін белгілі мақсат қойылады. Басқарудың негізгі ең басты
қызметі – бұл мақсатқа бағытталушылық. Мақсаттар өз ерекшеліктеріне қарай
әртүрлі. Әлеуметтік басқарудың әрбір сатысында өз мақсаттары бар, бірақ
олардың барлығы қоғамның ең басты мақсаттарына тәуелді. Бұдан біз мақсатқа
бағытталушылыққа әлеуметтік басқарудың негізгі жүйелік тәсілі болып
табылады – бұд қоғамның барлық қызметі. Мақсаттар уақытша қамту бойынша
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қамту дәрежесі
бойынша глобальды, мемлекет аралық, мемлекеттік және т.б.
Мақсат қою тәсілдері.
Мақсат қою тәсілдері әртүрлі болады. Мақсат қою тәсілі жоспарда оның
тиімділігімен жүзеге асырылады. Мұнда мақсат істегі жағдайдың жақсаруын
жүзеге асыруды анықтайды, сондай-ық кемшіліктерді жояды. Мұндай мақсаттар
басқарудың күнделікті тәжірибелерінде қолданылады. Мақсат қоюдың 2 тәсілі
бар:
1. Оптималды тәсіл
2. Адаптациялық тәсіл
А) Оптималды тәсіл
Оптималды тәсілде мақсат жүйе жағдайларынан, оның мүмкіндіктері
мен ресурстарынан шығады және бірнеше сапалы жағдайларға көшудегі оның
жетілдірілуі жоспарланады. Ресурстар мұнда тек тиімді қолданылып қана
қоймайды, сондай-ақ міндетті шаралар бойынша жаңалары енгізіледі. Бұл
тәсілде мақсат жүйелердің жағдайын жетілдіру моделі ретінде қабылданатын
моделдеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс ресурстарға тиімді шығындар міндетін
қою, алға қойған мақсаттарға жетуде ресурстардың міндеті минималды сапасын
жұмсау немесе шектеулі ресурстардағы біршама нәтижелерді алған жағдайларда
тиімді болып табылады.
Б) Адаптациялық тәсіл
Бұл жағдайда қойылатын мақсат жүйе жағдайының болашағын анықтайды,
сондықтан да болашақта бұл жүйелердің дамуы мен жүзеге асырылуы қойылған
мақсаттарды қамтып көрсетуге бағыттайды. Егер мақсат білімнің
жетіспеушілігінен анықталмаған болса, онда мақсаттардың бірнеше варианттары
мен олардың жүзеге асырылу жолдарына сәйкес пайдаланылады.
Бұл аталған мақсаттар белгілі талаптарға сәйкес келуі қажет.
Бәрінен де бұрын – бұл нақтылылық. Мақсат тиісті қойылған мақсаттарға жету
үшін елеулі нәтижелерді өзіне қамтууы қажет. Мақсат іске асатындай
болуы қажет, яғни ол ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ оның
жүзеге асырылуы үшін дұрыс тактика мен тиімді басқару жолдары таңдалуы
қажет.
Қойылған мақсаттардың нәтижесіне жетуде мақсатқа бағытталу әдістері.
Мақсат қою өзіне қойылған мақсаттардың нәтижесіне жетудегі іс-
әрекеттердің әртүрлі әдістерін қамтиды.
Қойылған мақсаттар тексерілген, үйлестірілген, дәл қазіргі
жағдайлармен келісілген, объективті жағдайларға сай келуі қажет.
Мақсат қоюдың ең бір дамыған әдісі ағаш мақсатын құру болып
табылады. ағаш мақсатын құру жалпыдан жекеге өтуге болады. Ағаш
мақсатын қалыптастыруда келесідей ережелер қолданылады:
• Алға қойылған мақсаттардың нәтижесіне жету үшін міндетті мақсаттарды
қалыптастыру;
• Күтілетін нәтижелерді суреттеуді қамтитын негізгі мақсаттарды белгілеу;
• Негізгі мақсаттардың мазмұны иерархиялық құрылымды білдіру қажет. Әрбір
қол жеткізген мақсат жоғары тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін құрал
болып табылады.
• Әрбір дәреженің ішкі мақсаты бір-бірінен тәуелді болмайды;
• Мақсаттың тармақталуы белгілі бір дәрежеге жеткен жағдайда тоқтатылады.

Стратегиялық мақсатқа бағытталу – дағдарысқа қарсы басқару ресурсы

Комплекстік мақсатты бағдарламалар мен объектілер мақсатқа
бағытталудың ұйымдық формасы ретінде анықталады, ал стратегиялық басқару –
мақсатқа бағытталудың маңызды формасы ретінде анықталады.
Стратегиялық басқару өзіне басты мақсатты, перспективті негізді
қамти отырып басқарудың ең бір тиімдісі болып табылады.
Стратегияны жүзеге асыру 2 этапқа бөліп қарастырылады:
Жоспарлау
Стратегиялық басқару
Жоспарлау.
Бұл этапта бірнеше стратегиялар таңдалады. Жоспарлау өзіне болжау,
зерттеу, альтернативаларды таңдау элементтерін қамтиды. Жоспарлау кезінде
бәрінен де бұрын мүмкіндіктердің ішкі және сыртқы орталары меңгеріледі.
Кәсіпорынның стратегиялық жоспары жасалады. ӨЗ негізінде ло келесі
стратегияларды қолданады:
• маркетинг стратегиясы
• қаржы стратегиясы
• өндіріс стратегиясы
• әлеуметтану стратегиясы
• ұйымдық өзгерістер стратегиясы
• экологиялық стратегия
Жоспардың өзі мынандай бөліктерден тұрады:
• кәсіпорынның мақсаты мен міндеттері
• кәсіпорынның ағымдағы іс-әрекеттері мен ұзақ мерзімді міндеттері
• кәсіпорын стратегиясы
• қызметтік стратегиялар
• біршама маңызды жобалар
• сыртқы операцияларды суреттеу
• қаржы салу және ресурстық бөлістірулер
• белгісіздіктерді жоспарлау
Барлық стратегиялық жоспрлар әртүрлі және көптеген факторларға тәуелді.

Стратегиялық басқару.
Стратегиялық шешімдер басқарудың барлық дәрежелерімен өте тығыз
байланысты. Стратегиялық басқарудың ең басты мақсаты мемлекет тарапынан
азаматтардың сапалы өмірін жақсарту. Әрбір стратегиялық бағыттарда ең басты
мақсаттармен, сондай-ақ ол мақсаттарға жетудегі әдістер мен тәсілдердің
арақатыстығын белгілейтін мақсаттар мен міндеттер қойылады. Мұнда сондай-ақ
күтілетін нәтижелердің көмегімен болжау әдісін қамтуға болады.
Дағдарысқа қарсы даму стратегиясы жағдайында шаруашылық өмірді
ұйымның корпоративтік әдісі қолданылады. Бұл әдіс өзіне орталық үкімет пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы біркелкі қатынастарды,
ресурстарды, қаржылар мен жеке меншіктерді мақсатқа сәйкес қолдануларды
қамтиды.
Күйзелісті жеңіп шығу үшін әрбір ұйым дағдарысқа қарсы стратегияны
иеленуі қажет.

Қоғамдық іс-әрекеттерді басқарудағы нормативтік реттеу мен моделдеу
(үлгілеу)

Әлеуметтік басқарудағы нормативтік реттеудің мәні.
Нормативтік реттеу рухани-өнегелік пен идеологиялық реттеу
негізінде пайда болады. Мол себепті мәдениеттің қоғамдағы әртүрлі формалары
мен әртүрлі идеяларының болуы нормалармен анықталады. Мұнда басты орынды
қоғам өмірінің әртүрлі ережелерін бекіту көмегімен әлеуметтік нормалар орын
алады.
Әлеуметтік нормалар өзінің іске асырылуын ерекше бұйрықтардан
(жарлықтардан) көреді: заңды нормалар, ереже, дағдылар, әдет-ғұрыптар.
Нормативтер әлеуметтік жүйедегі баланстық қатынастар үшін қажет. Ол
өзінің кескінін (бейнесін) болжауда, есептеуде, әлеуметтік бағдарламаларда
көре түседі. Әлеуметтік норматив нормативтік мәдени басқарудың негізі болып
табылады және әлеуметтік басқару процесінде шешім қабылдауға әсерін
тигізеді.
Әлеуметтік нормативтердің жіктелуі.
Әлеуметтік нормативтердің жіктелуі:
1. Адамның тіршілік әрекеттегі дәрежесі бойынша жіктелуі. Мұнда еңбек,
күнделікті өмір, мәдениет, әлеуметтік-саяси өмір, жеке аралық қатынастар
кіреді. Бұл дәрежеде халықтың 1 мың адамына толтырылған материалды
ресурстарымен анықтауға болады. Осы тәсілдің арқасында ұйымда әлеуметтік
процестің қандай дәрежеде дамып жатқанын анықтауға болады.
2.Қалалық және ауылдық жерлердің талаптары бойынша жіктелуі. Бұл тәсіл
архитектуралық-жоспарланатын шешімдермен байланысты.
3. Адам – адам жүйесіндегі норманың жіктелуі. Мұнда, мысалы, халықтың 1
мың адамының әртүрлі кәсіптегі өкілдердің саны есепке алынады.
Әлеуметтік басқарудағы жүйелік тәсіл мен моделдеу.
Әлеуметтік басқаруда жүйелік тәсіл мен моделдеу үлкен мағнаға ие.
Модель – бұл эталаон, стандарт, ұйымдастыру, ұдайы өндірілетін
имитациялануды құру, функция, қандай да бір ұйымдастырудың іс-әрекеті;
қандай да бір іске асырылатын фрагменттердің образы,аналогы, схемасы.
Моделдеу әртүрлі түрлерді қолдана алады:
1. Пәндік моделдеу. Мұнда әртүрлі моделдер құрылады, оригиналдың (түп
нұсқа) әртүрлі қасиеттері бейнеленеді.
2. Басқарушылық моделдеу. Бұл жағдайда аналогтардың әртүрлі процестері,
көріністері мен объектілерінің маңызды қасиеттері зерттеледі.
3. Әлеуметтік моделдеу – ол әлеуметтік басқару іс-әрекеттерін меңгеруде
басты бағдарламалардың бірі болып табылады.
4. Имитациялық моделдеу. Әлеуметтік басқаруда әлеуметтік процестің дамуын
қайталайтын имитациялық моделдеу шығады. Оның бірнеше түрлері ерекшеленеді:
1) ойындық модель. Мұнда адамдар әртүрлі ойындық ролдерді атқарады
2) машиналық моделдер
3) адам-машиналық моделдер.
Әлеуметтік сала басқару объекті және әлеуметтік даму ретінде.

Әлеуметтік сала түсінігі.
Әлеуметтік сала түсінігінің мазмұны қандай да бір ғылыми категория
сияқты көп жоспарлы. Әдебиетте әлеуметтік сала анықтамасына бірнеше
тәсілдерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден оны үлкен әлеуметтік топтар
жиынтығы ретінде түсіндіреді: топтар, ұлттар, елдер т.б. Әлеуметтік сала
жөніндегі мұндай түсінік қоғамдық өмірдің түпкі дәрежесін қамтып көрсетеді.
Мұндай түсініктемедегі әлеуметтік сала түсінігі негізінен қоғамның
әлеуметтік құрылымдары түсінігімен сәйкес келеді. Бірақ мұндай жағдайда
әлеуметтік сала функционалдық белгілерін жоғалтады және олардың ішіндегі ең
маңыздысы – қоғамның ұдайы өндірісін қамтамасыз ету. Екінші көзқарасты
негізінен экономистер қамтып көрсетеді. Әлеуметтік сала категориясын
ғылыми талдауда белсенді қолдануда, олар әлеуметтік саланы өндірістік емес
сала мен қызмет салалары және азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін
қанағаттандыру процесінде іске қосылатын іс-шаралардағы халық шаруашылығы
салаларының жиынтығы ретінде түсіндіреді, соның ішінде жұмысшылардың осы
қажеттіліктерге қоғамдарға бөлінген құралдардың ішіне өздеріне сәйкес
табыстарды алады.
Әлеуметтік сала қоғамның басқа да өмір сүру саласының бір бөлігі
болып табылады және де қоғамның жеке бір жүйесі болып табылмайды. Мұндай
тәсіл біздің көзқарасымыз бойынша заңсыз, сол себепті тек әлеуметтік сала
қоғамның басқа өмір сүру салаларымен апйырмашылығы халықтың әлеуметтік
ұдайы өндіру қызметін орындайды.
Әлеуметтік сала әлеуметтік процестің үздіксіз ұдайы өндіру
субъектілеріндегі қоғамның объективті қажеттіліктерінен шыққан қоғамның
тұтастай үнемі өзгеріп отыруын білдіреді. Бұл адамдардың өз өмірлерін ұдайы
өндіру, қоғамның әлеуметтік қызметтерін жүзеге асыру кеңістігі бойынша
адамның жасаған іс-әрекеттерінің тұрақты облысы. Осыдан келіп онда
мемлекеттің әлеуметтік саясат мағнасы табылады, адамдардың әлеуметтік және
азаматтық құқықтары жүзеге асырылады.
Әлеуметтік сала ерекше, күрделі ұйымдастырылған, тұтас
тәртіптілікті, өз кезегінде біртұтас сапалылықты белгілеу, сондай-ақ
көпфункционалдық қабілеттіліктерімен, қажеттіліктерімен, көптүрлі
қызығушылықтарымен көпмағналылығын білдіреді. Функционалдау процестері мен
әлеуметтік саланың дамуы әділ заңдылықтарды қамтамасыз етеді және
әлеуметтік басқарудың белгілі принциптеріне негізделген.
Әлеуметтік саланың негізгі компоненттері.
Әлеуметтік саланың құрылымын қарастыру барысында оның негізгі
компоненттеріне, яғни біздің көзқарасымыз бойынша қандай объектілер мен
процестерді әлеуметтік салаға, ал қалғанын қандай сыртқы ортаға жатқызуға
болады, алдымен осы мәселелерді қарастырып аламыз.
Әлеуметтік сала қатаң кеңістікті және уақытша шеңберді білдірмейді.
Ол қоғамның басқа салаларымен: материалды-өндірістік, саяси, мәдени-рухани
және табиғи тәртіптілік жүйелермен өзара тығыз байланысты. Әлеуметтік сала
жалпы әлеуметтік қоғамдағы адамдардың әрбір іс-әрекеттерін білдірсе, ал
басқа жағынан әлеуметтік саланың даму жағдайы басқа салалармен жүзеге
асырылады, сол себепті оларда материалды, рухани игіліктер мен құндылықтар
өндіріледі, қоғамды саяси басқарудың қызметтері жүзеге асырылады. Сондықтан
да әлеуметтік сала ұдайы өндіріс пен қоғам дамуының барлық алдыңғы
жағдайларын жинауда басқа салалармен жабылып отырады. Бұл мағнады қоғамның
барлық басқа сфераларын қоршаған орта ретінде қарастыруға болады. Оларға
қатысты әлеуметтік сала әлеуметтік қатынастар мен процестердің, олардың
тиісті тепе-теңділік тұрақтылығын нығайту менұстап тұру факторы ретінде
көрінеді. Бұл барлық қоғамдық жүйелердің тұтас сақталу жағдайын білдіреді.
Әлеуметтік саланың компоненттері күрделіліктің әртүрлі дәрежелерін
қамтиды, бір-бірімен қатынасы иерархиялық тәуелділікте болып отырады және
тұтас жүйе ретінде әлеуметтік саладан өндірістік болып табылады. Оның
ерекшілігі, пайда болуы және бар болуы әлеуметтік саланың басты қызметтерін
қамтамасыз етеді. Қызметтері деп отырғанымыз – адамдарды еті тірі
субъектілер мен әлеуметтік институттардың құрылымын қайта құру, әлеуметтік
субъектілер ресурстарын өмірмен қамтамасыз ету ретінде әлеуметтік ұдайы
өндіру қызметі.
Әлеуметтік саланың әрбір компоненттерін өздігінен түсіну мүмкін
емес. Оның қызметі адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру іс-
әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік саланың әрбір компоненті өз мақсатына бағытталған
сипаттағы белгілі қызметті орындайды. Керісінше компонент жүйеден шығып
қалып керек болмай қалады. Қызметтер тұтас құрылымдардың элементтерін
қамтамасыз етеді және ішкі ұйымдардың әлеуметтік саласына тән шеңберінде
материалданады.
Әлеуметтік саланың негізгі компоненттері мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік субъекті қажеттіліктері;
2) әлеуметтік инфрақұрылым;
3) адамдар.
Әлеуметтік саланы басқару.
Басқару – әлеуметтік саланың міндетті түрде ішінара өзіне тән
қасиеті. Бұл қасиет жалпы сипатқа ие және адам – бұл әлеуметтік көрініс. Ол
барлық уақытта да белгілі қоғамдық жүйеге, топқа, әлеуметтік топқа жатады,
яғни оған белгілі этикалық, құқықтық және басқа да талаптарды талап етеді.
Әлеуметтік салада регулятивті әсер ету механизмдерінің екі типі
қызмет етеді: ішкі себептермен пайда болған және саналы.
Әлеуметтік саланың ішкі себептермен пайда болған механизмі
факторлардың күрделі және қарама-қайшы жиынтықтарында, халықтың: ұдайы
өндіру процесінде олардың соқтығысып отыратын жағдайларын тәртіпке салмау
іс-әрекеттерінде пайда болады. Бұл әрекеттер өзіне жалпы қарқын сияқты
ықтималдықты, стохастикалықты, сипатты (мысалы, демографиялық туу процесі,
өлім-жітім, неке қию т.б.) қолдануға жол ашады.
Әлеуметтік саланы басқарудың саналы факторлары адамдардың әлеуметтік
іс-әрекеттерінің мақсаттарына бағытталумен байланысты. Ол маманданған
қоғамдық инатитуттармен (басқару субъектілері) – әлеуметтік салаға белгілі
нәтижелердегі мақсаттарға қол жеткізумен саналы әсер етуді қамтамасыз
ететін органдармен және ұйымдар жүйесімен жүзеге асырылады. Федералды
дәрежеде бұл әлеуметтік көріністегі министрлік (денсаулық сақтау, білім
беру, әлеуметтік қорғау еңбек т.б.), аймақтық дәрежеде – басқару органдары,
жергілікте – қалалық және аудандық комитеттер, бөлімдер, департаменттер,
әртүрлі мекемелер мен жергілікті органдардағы әлеуметтік көмек көрсету
қызметтері. Әлеуметтік процестерге қоғамның барлық дәрежелері саяси,
қоғамдық және діни ұйымдарға өз әсерін тигізеді.
Әлеуметтік даму түсінігі.
Әлеуметтік саладағы өзгерістер қоғамның тіршілік етуінің басқа
салаларының өзгеруімен тығыз байланыста болып отырады. Өзара байланыстың
бұл қарқыны, олардың себеп-салдарлы тәуелділігі әртүрлі және күрделі ғана
емес, сондай-ақ белгілі бір дәрежеде өзара қамтамасыз етіледі және
реттеледі.
Әлеуметтік саланың экономикалық жағдайлармен детермикалануы қоғам
өміріне әсер ететін әртүрлі факторлардың өзара тәуелді болуының күрделі
жүйелері арқылы пайда болады. Мысалы, материалды салалардың дамуы басқа
салалардың, әсіресе саяси дамулармен қайшы келмейді. Бұл байланыстар, өз
кезегінде қоғамның әлеуметтік құрылымдары, табиғи-географиялық және т.б.
факторлардың ерекшеліктерімен көрінеді. Әрі басқа мемлекеттің осы қоғамға
ішінара әсер етуі туралы ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік даму ыакторларын мынандай ыакторларға бөліп
қарастырамыз:
• экономикалық – бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежелерімен
және әрбір нақты аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымдардың даму
ерекшеліктерімен, кәсіпорындарға бөлістірілген қатынастардың жеке
типтерімен және сипаттарымен байланысты;
• саяси – бұл әлеуметтік салалардың потенциалын жоғарлатуда әлеуметтік
саясаттың мәні мен әсер етуін сипаттайды, халықтың әлеуметтік ұдайы
өндіріс облысында құқықтық кепілдерді, сондай-ақ олардың дамуына
әлеуметтік саяси жағдайларда әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетуді жүзеге
асырады;
• құқықтық – бұл халықтың құқықтық дәрежесін, әлеуметтік қатынастарын
реттеу облысында заңды нормалар мен құқықтық қатынастарын қамтамасыз
етеді;
• мәдени – бұл қоғамның әлеуметтік қатынасқа аймақтық ерекшеліктерін,
қоғамдағы діни нормалар мен салт-дәстүрлердің өнегелі және мәдени-рухани
құндылықтары жүйелеріне әсер етуді анықтайды;
• табиғи-климаттық – халықтың өмір сүру ортасындағы ерекшеліктеріне,
аймақтағы экологиялық жағдайлар мен халықтың өмір сүру стандарттарына
әсер етеді;
• әлеуметтік-демографиялық – бұл халықтың әлеуметтік топтар бойынша санын
және олардың тууы жөніндегі және өлім, миграция, жұмысбастылық, кәсіби-
квалификациялық құрылымындағы орташа мөлшерлі құрамын қамтиды;
• ұлттық-этникалық – бұл қоғам мен аймақтағы ұлттық менталитеттің салттары
мен дәстүрлеріне қызығушылық танытатын әлеуметтік процестерге әсер етуін
анықтайды;
• әлеуметтік-психологиялық – бұл халықтың әлеуметтік қатынастарда пайда
болатын ерекшеліктерін білдіреді (халықтың көңілі, алаңдауы, күтуі).
Басқарудың әлеуметтік дамудағы мүмкіндіктері мен қажеттілігі.
Халықтың әлеуметтік ұдайы өндіру тиімділігі бірнеше факторлармен
қымтамасыз етіледі. Олардың ішінде ең маңызды роль басқару облысындағы
әлеуметтік процестердің, әсіресе аймақтық дәрежелерге ұйымдық шаралардың іс-
әрекеттері жатады. Нақты басқарушылық шешімдер әлеуметтік салалардың
компенсаторлық мүмкіндіктері төмендейді немесе жоғарылайды, халықтың
қазіргі дәрежеге сай сұраныстары толық ескеріліп отырады. Басқарудың
әлеуметтік ұдайы өндіру тиімділігінің жоғарылауындағы қажеттілік
халықтармен еленеді (сезіну) және үкіметпен мойындалады.
Әлеуметтік басқару білімінің ұйымдық қалыптасуы мен олардың арасындағы
басқарушылық жиынтығы ретінде білінеді, олардың жүзеге асырылуы жеке
тұлғалар, әлеуметтік топтар мен қоғамдар, саяси, экономикалық және қоғамның
басқа да институттары арасында басқарушылық ықпалдардың таратылуына
мүмкіндік береді. Ол қоғам жағдайларының барлық объектілері мен процестерін
қамтиды. Мұндай жағдайлар адамдардың тіршілік әрекеттері үшін әлеуметтік
жүйе ретінде дамуы үшін мәнге ие. Әлеуметтік басқару индивидуалды, топтық
және қоғамдық қызығушылықтар арасындағы қарама-қарсы өзара іс-әрекеттерді
тәртіпке салып отырады. Бұл дегеніміз адамдардың қызығушылықтарын,
қызметтерін, олардың еңбекақысы мен интенсивтілігіндегі жағдайлар мен
рольдерін анықтайтын әлеуметтік қатынастарды реттеу. Әлеуметтік басқару
қоғамдық қатынастарға әсер етеді және бәрінен де бұрын көптүрлі
қызығушылықтардың (территориялық, ұлттық, ұжымдық, индивидуалдық т.б.)
келісімін қамтамасыз ететін өндіріс құралдарына, заттарына сәйкес
қатынастарды үйлестіру, жалпы көрсетілген мақсаттардың нәтижесіне қол
жеткізудегі әлеуметтік іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Басқару объекті ретіндегі әлеуметтік саланың ерекшелігі – ол
әлеуметтік ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Ол ең басты (глобалды)
детерминанттар ретінде анықтайтын нағыз жартылай ықтималдық процесс. Ол бір
уақытта өзін-өзі ұйымдастыратын, ұйымдастыратын, жартылай детермикалық, көп
субъектілі, көп дәрежелі болып табылады.

Әлеуметтік басқару жүйесі

Жүйенің мәні мен мазмұны және құрылымдық элементтері.
Жүйе – бұл өзара байланыстарда болатын әртүрлі элементтердің өзара
іс-әрекеті және
біртұтастықты білдіреді.
Әлеуметтік жүйе – бұл адамдармен құрылған жүйе. Жүйелер қарапайым
және күрделі болады. Күрделі жүйелер көпмақсатты міндеттерді шешу үшін
қажет.
Барлық әлеуметтік жүйелерді 2 жүйеге бөлуге болады: басқарушы және
басқарылатын.
1. Басқарушы жүйелер мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер процесін қамтамасыз
етеді және басқарудың ұйымдық құрылымын құрады.
2. Басқарылатын жүйе материалды және рухани игіліктерді құру процесін
қамтамасыз етеді.
Басқарушы және басқарылатын жүйелерде бір-бірімен өзара тығыз
байланысты төменгі дәрежедегі жүйелердің элементтерін бөлуге болады.:
1) техникалық жүйе
2) технологиялық жүйе
3) ұйымдық жүйе
4) экономикалық жүйе
5) әлеуметтік жүйе.
Әлеуметтік басқару проблемаларын зерттеу тәсілдері.
А) Субъектіні басқару
Әлеуметтік басқару проблемаларын зерттеу үшін бірнеше тәсілдер бөліп
қарастырылады:
1. Нақтылы – тарихи. Ол әртүрлі факторлардың әсерінде болатын әлеуметтік
қатынастардың даму динамикасындағы әлеуметтік басқаруды зерттеуге мүмкіндік
береді.
2. Комплекстік тәсіл. Мұнда әлеуметтік басқару қатынасын зерттеу әртүрлі
тәсілдердің өзара байланыстарынан өтеді (құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық).
3. Аспектілік тәсіл. Бұл тәсілді қолдану жағдайында әлеуметтік басқару
қатынасының тек бір ғана жағы қарастырылады. Ол қандай да бір әлеуметтік
ғылымды зерттейді (философия, психология, әлеуметтану және т.б.).
4. Жүйелік тәсіл. Мұнда басқарушы және басқарылатын жүйелер жалпы
мақсаттардан өтетін тұтас құрылым ретінде қарастырылады. Осы негізде оның
қасиеті мен байланысы бөлінеді.
Әлеуметтік басқарудың, әлеуметтік басқару жүйесін құру негізі болып
басқару субъектісі мен басқару объектісінің өзара іс-әрекеттері болып
табылады.
Басқару субъектілері дегенде белгілі нәтижелерге жету мақсатында
басқарылатын жүйе элементтеріне мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерді
қамтамасыз ететін элементтер түсіндіріледі.
Б) Объектіні басқару
Басқару объектілеріне әлеуметтік қатынас, әлеуметтік
процесс,әлеуметтік ұйымдар, ресурстар мен адам сияқты элементтер жатады.
Әлеуметтік басқарудың басты объектісі – қоғамдық процестер болып
табылады. Қоғамдық процестерге келесі жіктеулерді беруге болады:
• қоғамдық өмір формалары бойынша (экономикалық, әлеуметтік, саяси т.б.);
• әртүрлі аномалиялар (эпидемия, жер сілкінісі т.б.) бойынша болатын
қоғамдық құрам;
• қоғамдық сұрақтарға адамдардың белсенді қатысу дәрежесі бойынша;
• қоғамдық байланыстардың даму бағыттары бойынша (конструктивті,
деструктивті);
• әлеуметтік жағдайлардың мазмұн, сипаты бойынша;
• қоғамның ұйымдағы дәрежесі бойынша (жеке, ішкі топтық т.б.).
Басқару объектісінің тағы компоненті ресурстар болып табылады. Ол белгілі
бір жағдайларда қолданылатын запастарды, көздерді, құралдарды білдіреді.
Әлеуметтік ресурстарды мынандай ресуртарға бөлуге болады: мотивациялық,
интеллектуалды, ақпараттық, коммуникативті, әлеуметтік-психологиялық,
салыстырмалы, демографиялық, әлеуметтік-экологиялық, қызметтік,
инновациялық, стратегиялық, кадрлық, ұйымдық, басқарушылық, ғылыми.

Ұйымдық қатынастар мен ұйымдық іс-әрекеттер

Ұйымның анықтамасы, мақсаты және құрылымы.
Ұйым анықтамасы.
Қазіргі уақытта басқару жүйесінде ұйымдық қатынастар үлкен мәнге ие.
Ұйым терминінің өзі бірнеше мағнаны білдіреді:
• ұйым дегенде күрделі ұйымдық құрылымдарды (мемлекеттік үй, қоғамдық
институт, кәсіпорын) қамтитын объект, жүйе түсіндіріледі;
• ұйым дегенде қандай да бір пән, көрініс (ішкі форма, құрылым, жүйелер
құрылымы) жиынтықтарының рет-ретімен тәртіпке салынған жағдайлары
түсіндіріледі;
• ұйым – бұл орган мен адамның (ұйымдық жұмыс) тәртіптік немесе жүйелер
жағдайын құратын қызмет.
Ұйым түсінігі күнделікті тәжірибеде жиі қолданылады, себебі бұл
түсінікке ең маңызды мазмұндар кіреді. А.И.Пригожин ұйымға ең маңызды
таралған 3 терминдерді атап көрсетеді:
1. Ұйым жаңа нормаларды өңдеу, тұрақты байланыстарды тәртіпке салу,
әлеуметтік топтардағы жеке мүшелердің күш салуын үйлестіру бойынша біршама
іс-әрекеттерді білдіреді. Мұндай іс-әрекеттер ұйымдастыру сөзімен
сипатталады.
2. Ұйым қандай да бір объектінің атрибуты деп түсіндіріледі, оның қасиеті
тәртіптік құрылымды қолдану. Бұл дегеніміз, әлеуметтік объект бірнеше ішкі
құрылысты иеленеді және белгілі образбен байланысты бөліктерден тұрады.
Әдетте ұйым термині бұл мағнада ұйымдық және ұйымдық емес құрылымдарды
айыра білу үшін қолданылады. Егер қандай да бір топта тұрақты әлеуметтік
рөлдер (яғни, әрқайсысы өз жұмысына қатысты жалпы істі орындайды),
адамдардың тәртібін реттейтін ереже, сондай-ақ қоршаған топтармен тәртіптік
байланыстар болатын болса, онда қандай да бір топ ұйымдасқан түрде болады.
3. Ұйым дегенде белгілі бір қоғамдық қызметтерді орындайтын
институтционалдық сипаттағы өнерлі құрылған әлеуметтік топ түсіндіріледі.
Ұйымның мақсаты.
Ұйымның мақсаттары түрі және мазмұны бойынша әртүрлі. Жеке тұлғалық
ұйымдағы біріккеніс-әрекеті өзара байланысты ұйымдық мақсаттардың 3 түрімен
түсіндіріледі:
1. Міндет мақсаты – біршама жоғары дәрежедегі ұйымдарға қатысты тапсырылған
жалпы іс-әрекеттердің дайындалған бағасы. Бұл міндет ұйымның тұтас болуын
анықтайды.
2. Бейімделу мақсаты – ұйым арқылы жүзеге асатын мүшелердің мақсат
жиынтығы. Оған ұйымның әрбір мүшесінің жеке мақсаттарына қова ұйымның
жалпылық мақсаттары да кіреді. Біріккен іс-әрекеттердің маңызды
моменттерінің бірі – міндет мақсаты мен бейімделу мақсатының бірігуі болып
табылады. Егер олар ажырап кетсе, онда мақсат-міндетінің орындалуына деген
мотивация жойылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйым персоналын басқаруды жоспарлау
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
Қызметшілерді басқару
Еңбек құқығы қатынастары
Еңбек құқығының әдісі
Психология мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Еңбек құқығы туралы
Өндірістік ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы
Мектепішілік бақылау жүйесі
Кадрлық қызмет
Пәндер