Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау



1. Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау.
2. Жоғары мектептегі ұйымдастыру технологиялары.
3. Жоғары мектептегі бақылау технологиялары.
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының Конституңиясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі таңда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру мекемелерінде тегін орта білім алуға конституңиялық құқығын қамтамасыз етуге мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру проңесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарын интеградиялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатңиялауға жоғару оқу орындарын оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.
1. Ахметкәрімов Қ. "Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой". Қазақстан Мұғалімі — 2003 ж
2. Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.І., Әбілқасымова А,Е, Рахымбек X. М. Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы.-Алматы: "Білім" баспасы, 1998.
3. Абылкасымова А.Е., Рахимбек Х.М. О стратегии развития высшего образования в РК. //Вестник высшей школы Казахстана.-1998.5с. 18-27.
4. Әліпбаева Л. Білім жүйесін ақпараттандыру./Егемен Қазақстан/ 1998 ж.-9 сәуір.
5. Абылкасымова А.Е. Развитие педагогической науки в области методики обучения. В кн.: Теор. методологические основы модернизации системы образования в РК.Алматы: Ғылым, 1998.
6. Әбілқасымова Ә.Е. Студенттердің танымдық іздемпаздығы қалыптастыру. Монография.-Алматы: Білім, 1994-1996.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического оброзования. М.1990г.
8. Абульханова-Славская К.А. Личности механизмы регуляңии деятельности. М.1982.
9. Абылкасымова А.Е., Садыков Т.С. Магистратура по педагогике в системе университетского образования. Алматы: АГУ, 1997.
10. Ш. Ахметов А.К. Некоторые проблемы развития высшего образования в Казахстане.-1998.-N5.
11. Ахметов А.К. Организаңия и проведение приема в высшее учебные заведения Республики Казахстан в 1998 г. // Вестник высшей школы Казахстана.-1998.-Н4.
12. Баймолдақызы С. Білім берудің жаңа жүйесі. /Заң газеті/ 1999 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау.
Жоғары мектептегі ұйымдастыру технологиялары.
Жоғары мектептегі бақылау технологиялары.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
(жоғары, арнаулы білім беру)
(ҚР-ның Білім туралы заңы негізінде 1999 жыл)
"Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет Қазақстан Республикасының
Конституңиясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту және білім алу үшін тиісті
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" (Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, 1999, маусым).
Бүгінгі таңда жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасындағы
барлық қазақтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы
деген ұзақ мерзімдік міндетін үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі
тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы: "Нені оқыту, қалай оқыту" күрделіленіп
барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып
ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз
ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға
бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми
жұмыстарға баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды,
білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек адам
баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады.
Орта білім беру саласында Үкімет азаматтардың мемлекеттік білім беру
мекемелерінде тегін орта білім алуға конституңиялық құқығын қамтамасыз
етуге мектеп жасындағы балаларды оқуға толық қамтуға, білім беру проңесінің
сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Жоғары білім беру саласында Үкіметтің қызметі ел дамуының стратегиялық
бағыттарында кадр құқығын сақтауға және дамытуға; ғылыми мекемелер мен
жоғары оқу орындарын интеградиялауға; басым бағыттар бойынша жоғары білікті
ғылыми кардрларды даярлауға және аттестатңиялауға жоғару оқу орындарын
оңтайландыруға, мамандарды даярлаудың сапасын көтеруге бағытталатын болады.

Орта білім беру жүйесінде блаларды мектепке дейін даярлаудың
енгізілуіне байланысты мектепке дейіпгі тәрбиенің педагогикалық
қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
жүйесін жетілдіру; бастауыш және орта кәсптік білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын, техникалық және арнаулы пәндер бойынша оқу,
оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі
шараларды жүзеге асыру.
Жоғары білім беру жүйесінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;
Ел азаматтарының кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары
мен несиелері жүйесі дамытылады;
Жоғары оқу орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық
бағынысына қарамастан, аттестаңиялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және
енгізеді;
Жоғары оқу орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;
Ғылым мен жоғары білімді кезең-кезеңімен интеграңиялау жүзеге
асырылады;
Білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылғы сенімді басқаруға
беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған
жағдайда жекешелендіру құқұғын беру жөнініде эксперимент басталды;
Білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу
құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару
жалғастырылады.
Орта білімнің екінші сатысы
Бұл сатыдағы оқу 15-16 жаста міндетті білім алуды аяқтаған соң
басталып, орта білімнің үш жылынан кейін аяқталады. Жалпы білім маңызды
бағыт болып табылады; бірінші сатыға қарағанда мамандануға көп көңіл
бөлінеді.
Үшініші білім деңгейі (жоғары білім). Бұл білім деңгейі екінші сатының
екінші деңгейінде немесе жаңа, төртінші деңгейде ұсынылатын бағдардамаларға
қарғанда мазмұны едәуір тереңдетілген деңгейдегі бағдарламаларды қамтиды.
Үшінші білім деңгейінің бағдарламалары төрт өлшем бойынша жіктеледі;
оқудың жалпы ұзақтығы; біліктілік түрі (университеттік дәреже немесе оған
теңестірілген дәреже, университеттік емес немесе оған теңестірілген);
ұлттық біліктілік құрылымындағы орны (аралық біліктілік, бірінші дәреже,
екінші дәреже, үшінші дәреже).
Білім деңгейін жіктеу мен білім түрлерін анықтаудағы өзгерістер Білім
туралы. Жоғары білім туралы заңдарды қоса алғанда, нормативтік актілерді
халықаралық практикаға сәйкестендіру үшін оларға аздаған түзетулер енгізуді
қажет етеді.

"ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ" ҮЛГІСІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
Танып білетін және қолданылып жүрген субьектіні қоса қамтитын ғылыми
ұтымдылықтың классикалық емес посткласикалық түрлерінің басым болуы.
1. Оқытудың мазмұнын пәнаралық ұйымдастыру; табиғаттың, қоғамның заңдарын
адам мен техниканы, адам мен оны түлетуші іс-әрекеті тұрғысынан
интеграңиялық меңгеру.
2. Адам-қоғам-табиғат қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелік ойлау,
дүниетаным мәдениетін қалыптастыру.
3.Оқытудың мазмұны мен әдістерін шығармашылық іс-
әрекет методологиясын меңгеруге бағдарлау, тіпті оқытушы білмейтін нәрсені
жасайтын инноваңиялық қабілетін қалыптастыру..
4. Профессионалды факторлары ретіңдегі, оның ішінде ғылыми-техникалық блок
пәндерін меңгеру барысында, әсіресе жобалық оқу жұмыстары барысында
адамгершілікті, руханилықты, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру және
дамыту.
Жоғары білімнің ескі және жаңа улгілерін зерттеуді оларға
барынша тән белгілерді салыстыру арқылы жүргізген жөн: демеуші және
инноваңиялық білім арасында олардың сабақтастығын қамтамасыз ететін өзіндік
өткендері болады. Білім жүйесінің бір моделінің элементтері екіншісін
элеметтеріне үйлесе енеді. Мұның үстіне, олардың әрқайсысының ерекше ғылыми
және ағартушылық мұраттары, әлеуметтік мақсаттары мен құндылықтары,
дүние көріністері бар.
Сонымен, жаңа инноваңиялық білім жүйесі адамға дүние туралы білім, бұл
дүниені түлету методологиясын да беруге міндетті.
Инноваңиялық білім жүйесінің концепциясы синтезделген моделдерге суйенуге
тиіс, мұндай моделдер оны өзгерту тұрғысынан қарағанда қоршаған дүниені
танып-білу идеяларына құрылады. Инноваңиялық білім жұйесі білімді
гуманизаңиялау және гуманитарландыру проблемаларын шешуді талап етеді.
Жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттары мыналар:
1. Адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту;
2. Оқушьшардың бойында шешімдердің көп өлшемділігіне, басқаша ойлауға,
тезімділікке және өзінің іс-әрекеттері үшін адамгершілік жауаптылыққа
негізделген көзқарасты қалыптастыру.
3. Пәнаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың бойында жинақталған ұғым
жүйелерін, дүние дамуының біртұтас көрінісін қалыптастыру.
4. Оқыту барысында оқытылатын контигенттің интеллектуалдық іс-әрекетінің
үйлесімділігін, жүйелілігін қамтамасыз ету. Дүние жүзі елдерінде жоғары
білімді реформалау қашан да өте баяу және қиындықпен өткен, көбіне қойған
мақсаттар орындалмаған. Дүние жүзі аймақтарындағы жоғарғы білімнің жағдайы
мен оның даму тенденңиясын тарихи жәңе салыстырмалы перспективада
қарастырған жөн, өйткені жоғары білімнің осы заманғы жүйелерінде олар пайда
болып, дамыған әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлардың ұлттық
ерекшеліктер мен дәстурлердің таңбалары
сақталған.
Жоғарғы білімнің мәні, бір жағынан алғанда, жоғары оқу орындарының
басты мақсаттары ретінде ғылыми ақиқатты іздеуге, автономияға және
академиялық еркіндікке, қалыптасқан дәтүрлерге ұмтылуы болса, екінші
жағынан алғанда, өмір сүру мақсатында қоғамның жаңа жағдайлары мен
мұқтаждықтарына бейімделу қажеттігі болды.
Жоғарғы оқу орындарының мүмкіндіктерін өздігінен өзгертуге есептелген
реформалар әдетте сыртқы күштерге көнумен аяқталып, жоғары білім жүйесін
түбегейлі өзгерту әрекеттері қашан да академиялық жұртшылықтың әсіресе
оқытушылар құрамының қарсылығына тап болғанын тарих көрсетеді. Бірак,
әлемнің жоғары мектептері академиялық нормалар мен қалыптасқан дәстурлерді
үнемі берік сақтап, сонымен бірге жаңа идеялардың түрткісі және жаңа ғылыми
білімді өңдірушілер болған.
Жоғары білімді университеттік формада дамыту орта ғасырларда
басталған. Үйымдастырылған жоғары оқу орындары серпінді дамып, жаңа
жағдайларға бейімделуге тырысты. Олар өрлеу және құлдырау кезеңдерін
бастарынан өткеріп, өздерінің аса өміршендігін дәлелдеді, мысалы, 1530 жылы
жұмыс істеген 62 университет бүгін де жұмыс істеуде.
Білім беру саясаты педагогикалық зерттеудің нысанасы ретінде білім
беру саясаты — білім беру жүйесін ұйымдастырудағы және білім беру ісін
жүзеге асырудағы мемлекеттік өкімет органдарының әрекеті. Білім беру
саясатына талдау жасамай, ешқандай салыстырмалы педагогикалық зерттеу
жүргізуге болмайды, Білім беру саясаты заң шығаруды, қаржы саясатын, білім
беруді басқаруды және жоспарлауды қамтиды. Білім беру саясаты белгілі
принциптермен сипаттарады және халқаралық тәжірибеде қабылданған өлшемдерге
сай талданады.
Білім беру саясаты мең білім беру жүйесін роеформалау білім беру
саясатының қайшылықтары мен заңдылықтары негізінде өте терең байланысқан.
Осылардың бәрі білім беру саясаты саласындағы ғылыми-педагогакалық білімдер
жүйесін игеруге бағытталған модульдің аргоритімін құрастырады.
Білім беру саясатын зерттеудің өзектілігі
ЮНЕСКО-ның бағалауынша, XIX және XX ғасырлар арасында дүние жүзінде
халық ағарту қызметкерлері алдымен педагогикалық және мәдениет саласындағы
міндеттерді шешумен шұғылданады. Білім берудің экономикалық қызметі көріне
қоймайды. Өйткені, өткен ғасырда дамыған елдердің өзінде көбінесе дене
еңбегі басым болды. Білім беру жеке адамдарадың қолында болды және білім
таңдаулы адамдарға берілді. Өткен ғасырдың аяғында ғана Америкада алғашқы
тегін оқытатын орта мектептер пайда болды.
Алайда, Адам Смиттен бастап экономистер білім беру ісімен шұғылданды,
ол салаға қаржы бөлудің пайдалы екенін түсінді. Кейінірек білім берудің,
саясаттанудың, экономиканың, басқару мен әлеуметтанудың дамуына байланысты
білім мен кәсіптік дайындық беру мәселелеріне көзқарас өзгерді.
Егер өткен ғасырдағы өнеркәсіптік төңкеріс сауатсыздықты жоюды және
кең көлемде бастауыш білім беруді талап етсе, қазіргі ғылыми-техникалық
төңкеріс жаппай орта білім беру жүйесін құруды күн тәртібіне қойды. Сонымен
бірге ортадан жоғары білім беруге жастарды кеңірек талап етті. Соңдықтан
білім беру мен мамандарды қайта даярлаудың деңгейін көтеру мәселесі
ондірісті жаңарту мен жаңа технологияны қүру жоспарының маңызды құрамды
бөлігіне айналып отыр.
...Мемлекеттің өзі ірі кәсіпкер ретінде аса зор өнеркәсіп кешеңдеріне,
экономиканың ірі салаларына ие болып отыр.
Бұл жағдайда мемлекеттік өкімет жұмыс күшін даярлаудың неғұрлым тйімді
жүйесін құруға және оны үздіксіз қызмет етуіне ынталы. Сондықтан ол жалпы
және кәсіптік білім берудің дамуын талап етеді.
...Қазір қандайда болмасын елдің жалпы дамуының негізгі көрсеткіші ол
елдің білім бреу жүйесінің тиімділігі болып саналады. Оған елдің техникалық-
экоңомикалық мүмкіндігі, әлеуметтік ортасы, ғылымы және мәдениеті кіреді.
Сонымен бірге білім берудің дамуының келешегі сайлау науканыңда үлкен орын
алады. Бұл мәселе үнемі парламентте қаралады, саяси партиялар мен қоғамдық
ұйымдардың бағдарламалық құжаттарынан орын алады.
...Білім берудің жайы, оның даму келешегі осы саладағы мемлекеттік
және қоғамдық саясатқа байланысты. Білім беру саясатының нәтижесі, мақсаты,
артықшылығы және әдістері ірі тенденциялардан (демократияландыру,
интернациаландыру білім беруді біріктіру, қаржы бөлуді көбейту және оны
басқаруды жетілдіру) және сонымен бірге ұлттық және жергілікті ерекшеліктен
көрінеді.
Білім беру саясатының методологиясы
Әр мемлекеттің білім беру саясатының методологиялық негізі — заң
ғылымы, құқық, экономикалық теория және басқару теориясы. Ғылыми білімнің
осы салалары білім беру саясатын ұйымдастырудың негізін және тәсілдер
жүйесін белгілейді, білім беру жүйесін реформалауды жаңа ғылыми идеялармен
қамтамасыз етеді.

БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Педагогикалық талдау арқылы әр елде, аймақта және дүниежүзінде білім
беру саясатының жалпы негізгі принңиптерін анықтау міндеті алға қойылған.
Практикалық бағыттылық принципі — оқыту мен тәрбиелеудің өмірімен,
тәжірибемен, қоғамдық пайдалы өнімді еңбекпен байланысы.
Демократияландыру приципі — Әлеуметтік саясаттың дүние жүзінің көп
елдеріндегі негізгі принципінің бірі білім беруді демократияландыру деп
жарияланған. Бірақ, бұл ұғымның мазмұны өзгермей тұрмайды. Бұрынырақ
мемлекеттік өкіметтер білім беруді демократияландыруды көбінесе құқықтық
жағынан қарастырып, толық орта және жоғары білімге жастарды көбірек тартуды
оның басты көрсеткіші деп есептеп келеді. Қазір демократияландыру кең
ауқымда түсініледі. Білім беру жөніндегі жаңа заңдар және педагогикалық
құжаттар білім берудің әр түрлі барлық сатыларының қатаң сабақтастығы
орнатылуын, оқуға мүмкіндік болуын көздейді. Оқу орындарының барлық
түрлерінде оқу сапасын көтерудің, білім берудің мазмұнын өмірімен
байланыстырудың оқушыларды жоғары азаматтық, моральдық және эстетикалық
мұраттарға тәрбиелеудің аса маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл міндеттерді
орындау ең дамыған елдердің өзінде де толық жүзеге асырылмай жатыр. Барлық
елдерде шешілмеген мәселелер орны алуда.
Мемлекеттік принцип — білім беру жүйесінде мемлекеттік мақсат пен
міндеттер бірінші орында болуы қажет. Мемлекеттік оқу орындарында міндетті
тегін білім беру, студенттер мен оқушыларға степендия беру және жеңілдіктер
берілуі керек.
Еркін таңдау принципі — оқушылардың қай тілде, қай оқу орнында
(мемлекеттік, жеке меншік) оқуына ерік беру. Оқулық, оқу нысаны мен әр
түрлі болуы ескеріледі
Сабақтастық приңипі - оқу орындарының барлық түрінде оқуға, оқудың
төменгі басқышынан жоғарғы басқышына өтуге еркіндік болуы.
Қоғамда орнын табуға көмектесу принципі — оқу мен тәрбиелеудің
бірлігі, оқу-тәрбие мекемелері мен отбасы, қоғамдық ұйымдар мен еңбек
ұжымдарының балалар мен жастарды тәрбиелеуде ынтымақтасу.
Білім беруде қоғамдасу принципі — кең мағынада алғанда, білім беруде
дүниежүзілік қоғамдасу, оның мысалы Батыс Еуропа елдеріндегі қоғамдастық
және ЮНЕСКО ұйымдастырған білім берудің аймақтық 4 бағдарламасы: Латын
Америкасы, Кариб бассейіндегі елдер, Африқа, Азия және араб елдеріне
арналған. Тар мағынада алғанда, білім өсуіне, дербес жаңа ғылыми пәндердің
пайда бодуына байланысты біріккен курстарды (пәндерді) оқытуды енгізу
Белсенділік принңипі — білім беру процесінде оқушының
белсенділігінің мәні. Оқыту мең тәрбиелеуде алған білімнің,
білік және дағдырлардың сапалы болуы, оқушының білімді
болуы, өмірдегі шығармашылық қызметі оның оқудағы
белсенділігіне байланысты.
Білімді берудің икемділік принципі — оқу орыңдарының білім беру
түрінің оқу жоспары мен бағдарламалардың әр түрлі болуын, білім берудің
қажеттігінің бәрін өтеуге мүмкүндік болуын талап етеді.
Білім берудің тез өзгеру принципі — "Халықтың әр тобының талабы мен
қызығуына қарай оқудың түрін, мерзімін тез өзгерту".
Үздіксіз принципі — білім беру жүйесінің бірлігі, білім беру
басқыштарының өзара байланысты, әр сатыда оқуға еркіндік болуы, соның
нәтижесінде қашанда оқуды әр сатыда, әр бағытта жалғастыруға еркіндік
болуы.
Білім беруді гуманизациялау принципі —"оқудың мазмұны, түрі мен
әдістері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, рухани баюына бағытталу қажет".
Ғылыми принцип - "білім берудің ғылыми сипаты, оның ғылым, техника,
мәдениетінің жаңа табыстарына сай үнемі жетілуі".

XXI ҒАСЫР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ: ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ
МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМНІҢ
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан – 2030 стратегиясында анықтап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Қазіргі кезеңдегі жалпы орта білім беретін мектепте сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
12 жылдық білім беру жүйесі
Педагогикалық технологияның міндеті мен рөлі
Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы
Пәндер