Еңбек және еңбек ақы сипаты. Еңбек ақыны есептеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Еңбек ақыны есептеудің жалпы ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Еңбек ақының топтамалық және талдамалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Еңбек ақыдан ұсталатын және шегерілетін соммалар есебі ... ... ... ... ... ... ...14
2.ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі ... ... ... ... ... 15
2.2 Істелген жұмыс уақытының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.3 Орташа еңбек ақыны есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Қосымшы еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.5 Өнім өндіру есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қазіргі кездегі қоғамының әр-түрлі сатысында бухгалтерлік есепті қажет етіп келген қоғам дамуына сәйкес өндірістік және бизнестік қатынастарға байланысты ол әрқашан дамып отырған, қоғамда мүлікті сақтау, оған бақылау және тексеру жүргізу, сонымен бірге еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау сияқты міндеттерді бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы атқарылып келген.
Алайда, осылардың ішінен атап айтатынымыз және кез-келген кәсіпорындар мен мекемелердің өз шаруашылығын табысты түрде жүргізу барысында есеп жүйелерінің ішіндегі бухгалтерлік есептің орыны ерекше болып табылады.
Өйткені, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және белгілі-бір басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты, еңбек пен оған төленетін еңбек ақы және де басқа да өндіріс процестерін шын мәнінде нақты құжаттармен көрсетіп отырады.
Нақтылап айтқанда ол ай сайынғы бухгалтер толтыратын бухгалтерлік баланста және қаржылық шаруашылықтың нәтижесі ретінде жыл соңында жылдық қаржылық есеп беруде көрінеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында және субьектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шотының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары ережелерінің негізінде құралады. Бүкіл ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрамына айрықша ерекшелігіне есептік сәйкес келуін қамтамасыз етуі экономиканың барлық саласында кең етек жаюда.
Еңбек ақы-әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі бөлігі немесе еңбек үшін сый ақы.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірілген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі.
Еңбек ақы есептеу үшін толтырылатын алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі.
Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу және сый ақы есепте eқағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі.
Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбек ақы есептеледі.
Қарастырылып отырылған мәселенің көкейтестілігі-кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірілген өнімдері мен істеген жұмыстарына қарай берілетін немесе есептелетін еңбек және еңбек ақы есебі есебінің ұйымдастырылуын және оған талдау жасауына баға беру.
Курстық жұмысты жазудың мақсаты-шаруашылық кәсіпорындарындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің есептелетін еңбек және еңбек ақы есебін жүргізу тәртібімен жан жақты кеңінен танысу, белгілі бір қорытындылар жасау.
Курстық жұмыстың міндеті кез келген шаруашылық кәсіпорындарында- ғы соның ішінде олардың жарғылық капитал мөлшерінің түрлеріне қарамастан ашық акционерлік қоғамдар, жабық акционерлік қоғамдар, бірлестіктер, шаруа қожалықтары, қоғамдар, мемлекеттік ұйымдар және тағы басқа заңды тұлғаларда жұмыс атқаратын, қызмет жасайтын жұмысшылар мен қызметкерге есептелетін еңбек және еңбек ақы есебі және талдауды қарастыру.
1.Кеулімжаев Қ.К.,Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы,2003.
2.Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Буххгалтерский учет на предриятиях.-Алматы: Центраудит –Казахстан ,2002.-728с.
3.Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003. -655 бет.
4.Қазақстан Республикасы Президентінің 1998.28.01. № 3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5.Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік әдістемесі және әдістемелік ұсынымдары, - Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
6.Кеулімжаев Қ.К., Корреспонденция счетов. –Алматы: БИКО, 2000.
7.Абдиманапова А.А. Принципы бухгалтерского учета: принцип себестоимости.- 1999.
8.Друри К. Введение в управленческий и производственный учет.
-М.: Финансы и статистика, 1998.-535с.
9.Бухгалтерлік есеп стандарттары.-Алматы,Юрист 2003.-320с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Еңбек ақыны есептеудің жалпы ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Еңбек ақы түрлері мен жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Еңбек ақының топтамалық және талдамалық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 11
1.4 Еңбек ақыдан ұсталатын және шегерілетін соммалар есебі ... ... ... ... ... ... ...14
2.ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі ... ... ... ... ... 15
2.2 Істелген жұмыс уақытының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Орташа еңбек ақыны есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.4 Қосымшы еңбек ақы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.5 Өнім өндіру есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі қоғамының әр-түрлі сатысында бухгалтерлік есепті қажет етіп келген қоғам дамуына сәйкес өндірістік және бизнестік қатынастарға байланысты ол әрқашан дамып отырған, қоғамда мүлікті сақтау, оған бақылау және тексеру жүргізу, сонымен бірге еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау сияқты міндеттерді бухгалтерлік есеп жүйесі арқылы атқарылып келген.
Алайда, осылардың ішінен атап айтатынымыз және кез-келген кәсіпорындар мен мекемелердің өз шаруашылығын табысты түрде жүргізу барысында есеп жүйелерінің ішіндегі бухгалтерлік есептің орыны ерекше болып табылады.
Өйткені, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және белгілі-бір басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты, еңбек пен оған төленетін еңбек ақы және де басқа да өндіріс процестерін шын мәнінде нақты құжаттармен көрсетіп отырады.
Нақтылап айтқанда ол ай сайынғы бухгалтер толтыратын бухгалтерлік баланста және қаржылық шаруашылықтың нәтижесі ретінде жыл соңында жылдық қаржылық есеп беруде көрінеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттарында және субьектілердің қаржылық шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шотының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары ережелерінің негізінде құралады. Бүкіл ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрамына айрықша ерекшелігіне есептік сәйкес келуін қамтамасыз етуі экономиканың барлық саласында кең етек жаюда.
Еңбек ақы-әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін ұлттық табыстың ақша түріндегі бөлігі немесе еңбек үшін сый ақы.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірілген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі.
Еңбек ақы есептеу үшін толтырылатын алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі.
Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу және сый ақы есепте eқағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі.
Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбек ақы есептеледі.
Қарастырылып отырылған мәселенің көкейтестілігі-кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірілген өнімдері мен істеген жұмыстарына қарай берілетін немесе есептелетін еңбек және еңбек ақы есебі есебінің ұйымдастырылуын және оған талдау жасауына баға беру.
Курстық жұмысты жазудың мақсаты-шаруашылық кәсіпорындарындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің есептелетін еңбек және еңбек ақы есебін жүргізу тәртібімен жан жақты кеңінен танысу, белгілі бір қорытындылар жасау.
Курстық жұмыстың міндеті кез келген шаруашылық кәсіпорындарында- ғы соның ішінде олардың жарғылық капитал мөлшерінің түрлеріне қарамастан ашық акционерлік қоғамдар, жабық акционерлік қоғамдар, бірлестіктер, шаруа қожалықтары, қоғамдар, мемлекеттік ұйымдар және тағы басқа заңды тұлғаларда жұмыс атқаратын, қызмет жасайтын жұмысшылар мен қызметкерге есептелетін еңбек және еңбек ақы есебі және талдауды қарастыру.
1.ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ СИПАТЫ

Еңбек ақыны есептеудің жалпы ережесі

Өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбек ақы төлеу қай кәсіпорын болмасын күрделі мәселелердің бірі болып отыр.
Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек қарастырылады.
Еңбек пен еңбек ақы есебінің негізгі міндеттері:
1.Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау.
2.Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
3.Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
4.Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
5.Жұмысшылар мен қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
6.Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
7.Еңбек пен еңбек ақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
1.Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
2.Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
3.Еңбек пен еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
4.Еңбек пен еңбек ақыны есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім шартпен реттелуі мүмкін. Мұндай келісім шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 04.07.92 жылғы № 1514-XII шыққан Қазақстан Республикасының Ұжымдық келісім шарт туралы Заңымен анықталады.
Бұл келісім шарт жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген ең төменгі мөлшердегі еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелінуі мүмкін.
Одан басқа, ұжымдық келісім шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбек ақы төлеу жағдайларын, үй тұрмыстық және басқа да.
Олардың қатарына:
-тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және жәрдем ақы құқығын беретін жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-жұмыс уақытының жиынтық жалпы есебін жүргізетін өндірістер, цехтар, учаскелердің тізімі.
Қызметкерді бір бөлімнен екіншісіне ауыстырғанда Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрығы жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп толтырады.
Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысыс қол қояды. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке карточкаға, еңбек кітапшасына және өзге де құжаттарға белгілерін соғады.
Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орыны бойынша жуапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүліктік материалдық және басқадай бағалы заттар туралы белгілер қойылады.

Еңбек ақы түрлері мен жүйесі

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбек ақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытында, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.
Негізгі еңбек ақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
Мерзімді және кесімді еңбек ақы;
Сыйлықтар және сый ақылар;
Үстеме сыйлық ақылар.
Қосымша еңбек ақыға:
-еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген;
-жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген;
-қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады.
Бұндай төлемдер қатарына:
1.Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
2.Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3.Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін үзілістерге төленетін төлемдер.
4.Жас өспірімдердің қысмқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
5.Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
6.Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттардың құны.
7.Жоғары немес арнаулы оқу орындарында және өзге де мамндығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
8.Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мерам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбек ақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.
Мерзімді еңбек ақы жұмысшылар мен қызметкерлердің? жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбек ақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мерзімді еңбек ақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы төлеуге негізделген.
Мерзімді еңбек ақының түрлері:
1.Жай мерзімді;
2.Мерзімді сыйлықты;
Жай мерзімді жүйесі бойынша-жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.
____________
№ Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003. -55 бет.

Мерзімді сыйлықты:
-жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне;
-санына;
-сапасына;
-тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбек ақы-жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатында қолданылады.
Еңбек ақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбек ақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарстырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады.
Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтик жүйеде қаралады.
Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1.Тарифтік кесте;
2.Тарифтік еңбек ақы мөлшері;
3.Тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады.
Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы мөлшері мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі белгіленеді.
Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі.
Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі.
Тарифтік кестеде-жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің ара қатынасы айқындалады.
Тарифтік кестеде: тарифтік еңбек ақы(сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі.
Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы мөлшерімен осы қарастырылып отырған дәрежелі еңбектің ара қатынасының тарифтік коэффициентінен, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбек ақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбек ақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбек ақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбек ақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді.
Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбек ақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады.
Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдірісін(прцесін) жүргізу кезінде анықталады.

Еңбек ақының топтамалық және талдамалық есебі

Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әр қайсысына бір айға төленуге тиісті еңбек ақыныңжалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталынуға тиісті сомаларды алып тастау керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомаларын жинақтап қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі деп атайды.
Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады.
Еңбек ақы жөінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшылар мен қызметкерлер бойныша есептелген еңбек ақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады
Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбек ақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбек ақыны алып, қол қояды.
Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбек ақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалы есебі болып табылады, ал үшіншіден ол тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбек ақыларын төлейді.
Кейбір ұйымдарда есеп айырысу төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айрысу тізімдемесі ғана толырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімдемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.
Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбек ақылары мен жәрдем ақыларының соммасы және олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері көрсетіледі.
Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады. Бұл тізілімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін және депотенттелген еңбек ақы сомалары жазылады.
Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі 681-ші Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу деп аталатын топтамалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі.
Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерде көрсетіледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы есептегенде бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар.



Операциялар мазмұны

Дебет
Шоты

Кредит
шоты

1

Күрделі құрылыспен шұғылданатын

126

681

____________
І Кеулімжаев Қ.К., Әжірбаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы,2003,226ет

және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

2

Өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

811

681

3

Әкімшілік-басқармашылық қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

821

681

4

Негізгі өндірістегі жұмысшыларға қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

902

681

5

Қосалқы өндірістегі жұмысшыларға қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

922

681

6

Цехтың қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

932

681

7

Әлеуметтік салада қызмет көрсететін қызметкерлеріге есептелген еңбек төлемінің сомаларына еңбек ақы есептелінді

942

681

8

Ақау өнімдерді жөндеумен шұғылданатын
жұмысшыларға еңбек ақы есептелінді

952

681

9

Басшылықтағы тұлғалармен есеп айрысу үшін

821

682

10

Кәсіпорынның қызметкерлеріне есептелген еңбек ақыны тарату

902,
942

681

11

Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер

126,

685

1.4 Еңбек ақыдан ұсталатын және шегерілетін соммалар есебі

Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдарға мыналар жатқызылады:
-Жинақталатын зейнет ақы қорына аударылатын сомма;
-Белгіленген заңдарға сәйкес жеке табыс салығы;
-Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар(алимент, айып пұл, тағы басқалары);
-Несиеге сатып алған тауарларды, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгіленген соммалар;
-Әр түрлі жарналар(жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарғатағы басқаларға) төленетін төлемдер;
-Жеке сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару;
-Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы;
-Жеке меншік үй салуына банктен алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар;
-Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субьектісінің қарамағындағы, меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтер ақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субьектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер;
-Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
Бұлардан басқа жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақыларынан өздерінің жазбаша өтініші бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары, тағы да басқалары ұсталады.
2. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1.Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер келесі екі топқа бөлінеді:
1.Өнеркәсіптің өндірістік жұмысщшылар мен қызметкерлері.
2.Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына–Президент, Ректор, Директор, Меңгеруші және тағы басқалары жатады.
Мамандар қатарына-инженерлер және техникалық қызметтегі адымдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметтер қатарына–құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.
Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың аудиті
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Орташа жалақыны есептеу тәртібі
Жұмысшылардың еңбек төлемінің жылдық қорын жоспарлау
Еңбек төлемінің жүйесі
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы
Еңбекті төлеуді ұйымдастырудың функциялары, элементтері және қағидалары
Нарық жағдайында кәсіпорында еңбек ақыны төлеуді басқару
Еңбек ақы төлеудің есебі
Өндірстік экономикалық көрсеткішінің есебі
Пәндер