Жас өспірімдік психология


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жас өспірімдік психология
  2. Дене күшінің дамуы
  3. Дамудың әлеуметтік жағдайы
  4. Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері

ЖАС ӨСПІРІМДІК ПСИХОЛОГИЯ

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударадь. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларыньң қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14, 5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Қөптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизмі бір жастағы адамдарды (еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығына көмек, рыцарьлық сословиедегі паждар мен атқосшының міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделіленуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шақы шектері біршама тиянақсыз болады.

Балаң жас өспірімдік (14, 5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Дене күшінің дамуы . Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дін арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай) . Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Қөп тараған тусініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдай-лардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.

Дамудың әлеуметтік жағдайы . Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс-әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық түрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкер-шілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмысты істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық таңдау тұралы және т. б. ойлайды. Алай- жас әспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағыларды емес, 20 жастағыларды да көбінесе ересек деп санамайды. Жағдайдың (бір тұрғыдан ересек деп танитын, екінші тұрғыдан танымайтын) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардың психологнясында өзінше ұрынылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.

Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері . Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызметінің құрылымын кіші жастарда-ғыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары класс оқушысының мамамдық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары кластарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шенберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) . Бірақ, арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан, зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық көмек көрсету
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Баланың жастық кезеңдегі зерттеудегі ойлар
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері
Жас өспірімдік шақ
Жас өспірімдік-әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz