Демография ғылымының пәні мен әдістері



1 ДЕМОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
2 ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
3 Халық, тұрғындар туралы білім жүйесі
4 Тұрғындар дамуының бас үрдістері және оларды талдау.
5 Тұрғындарды зерттеу барысындағы демографиялық
үрдістердің міндеті
6 Демографиялық өту теориясының негізгі жағдайлары
7 Тұрғындар туралы статистикалық ақпараттың жинақтау қағидалары мен негізгі талаптары
ХХ ғасырдың ортасына дейін демографиямен айналысатын арнайы мамандар болған жоқ, онымен статистер, биологтар, математиктер, социологтар, экономистер, тарихшылар т.б. мамандар өкілдері айналысты. ХІХ ғасырдаң аяғы мен ХХ ғасырларда демографиялық проблемалардың негізгісі – халықтың ұдайы өңдірісі болды. 1884 жылы демографиялық статистика саласындағы неміс ғалымы Р.Бек тұрғындардың ұдайы өңдірісінің нетто-коэффициентін қалыптастырды, 1920 жылы Р.Кучинский ұстазының коэффициентін жетілдірді. 1920 жылы американдық биолог Р.Пирл математика-биологиялық әдісімен халықтың ұдайы өңдіріс заңын шығарғысы келді. Басқа американдық ғалым А.Лотка 1907, 1911, 1925 жылдардағы зерттеулерінде тұрақты тұрғындардың математикалық теориясын қалыптастырды.
Р.Пирл, А.Лотка, Л.Дублин американдық демография ғылымында биологиялық бағыттың өкілдері болды. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың өкілдері болып У.Уилкокс, У.Томпсон, Ф.Лоример, М.Спигелмен т.б. Франциядағы белсенді демографтар: А.Ландри, М.Юбер, Л.Марш. ХХ ғасырдың ортасында А. Сови, Ж.Буржуа-Пиша, т.б. Ұлыбританияның демографтары: А.Карр-Саудерс, Д.Гласс. Германиядағы ғалымдар: Ф.Бургдерфер, А.Буркхардт, П.Момберт т.б. Италиядағы ойшылдар-К.Джинни, Л. Ливи, Ф.Саворньян, М.Болдрини.
1920-1930 жылдары демография саласында халықаралық ұйымдар алғашқы қадамын қалыптастырды. 1927, 1931, 1937 жылдары Халықаралық конгресстер өтті. 1928 жылы қазір де өз қызметін атқарып жатқан тұрғындардың ғылыми зерттеулер бойынша құрылған Халықаралық одағы (IUSSP).
1920 жылдардан бастап “тұрғындар проблемалары” деген түсінік пайда болды, демографиялық зерттеулерді басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстыруға ықпал жасалды. Бұл ықпалдың нәтижесі американдық ғалым У.Томпсонның “Population problems”, деген еңбегінде қарастырылды. 1920-1960 жылдар аралығындағы бұл кітап бірнеше рет қайта шығарылған, тұрғындарды зерттеу-проблемаларының жиынтығы ретінде қарастырылған. Зерттеулердің негізі болып демографиялық ғылым табылады, бірақ күрделі міндетті әлеуметтану, экономика, жағрафия, тарих, медицина ғылымдары атқарады.
Осының барлығы 1920-1940 жылдары бірнеше әлеуметтік- демографиялық концепцияларды қылыптастырды: “Тұрғындардың оптимимумы”, “Демографиялық жарылыс”, “Демографиялық ауысу”. Демография нақты ғылым ретінде қалыптасқанмен, 1950 жылдары демографиялық даму заңдылықтары шектеліп, тәжірибе талабына сәйкес келмеді.
Дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттерде 1950 жылдардан бастап-“демографиялық жарылыс”, ал өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде туу деңгейі төмендегені айқын. Бұл жаһандық қоғамда саяси-әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістердің нәтижесі. Қоғам дамуына әсер ететін факторларды біртұтас қараған дұрыс: демографиялық, экономикалық, әлеуметтік.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдың ортасына дейін демографиямен айналысатын арнайы мамандар болған
жоқ, онымен статистер, биологтар, математиктер, социологтар, экономистер,
тарихшылар т.б. мамандар өкілдері айналысты. ХІХ ғасырдаң аяғы мен ХХ
ғасырларда демографиялық проблемалардың негізгісі – халықтың ұдайы өңдірісі
болды. 1884 жылы демографиялық статистика саласындағы неміс ғалымы Р.Бек
тұрғындардың ұдайы өңдірісінің нетто-коэффициентін қалыптастырды, 1920 жылы
Р.Кучинский ұстазының коэффициентін жетілдірді. 1920 жылы американдық
биолог Р.Пирл математика-биологиялық әдісімен халықтың ұдайы өңдіріс заңын
шығарғысы келді. Басқа американдық ғалым А.Лотка 1907, 1911, 1925
жылдардағы зерттеулерінде тұрақты тұрғындардың математикалық теориясын
қалыптастырды.
Р.Пирл, А.Лотка, Л.Дублин американдық демография ғылымында биологиялық
бағыттың өкілдері болды. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың өкілдері болып
У.Уилкокс, У.Томпсон, Ф.Лоример, М.Спигелмен т.б. Франциядағы белсенді
демографтар: А.Ландри, М.Юбер, Л.Марш. ХХ ғасырдың ортасында А. Сови,
Ж.Буржуа-Пиша, т.б. Ұлыбританияның демографтары: А.Карр-Саудерс, Д.Гласс.
Германиядағы ғалымдар: Ф.Бургдерфер, А.Буркхардт, П.Момберт т.б. Италиядағы
ойшылдар-К.Джинни, Л. Ливи, Ф.Саворньян, М.Болдрини.
1920-1930 жылдары демография саласында халықаралық ұйымдар алғашқы
қадамын қалыптастырды. 1927, 1931, 1937 жылдары Халықаралық конгресстер
өтті. 1928 жылы қазір де өз қызметін атқарып жатқан тұрғындардың ғылыми
зерттеулер бойынша құрылған Халықаралық одағы (IUSSP).
1920 жылдардан бастап “тұрғындар проблемалары” деген түсінік пайда
болды, демографиялық зерттеулерді басқа қоғамдық құбылыстармен
байланыстыруға ықпал жасалды. Бұл ықпалдың нәтижесі американдық ғалым
У.Томпсонның “Population problems”, деген еңбегінде қарастырылды. 1920-1960
жылдар аралығындағы бұл кітап бірнеше рет қайта шығарылған, тұрғындарды
зерттеу-проблемаларының жиынтығы ретінде қарастырылған. Зерттеулердің
негізі болып демографиялық ғылым табылады, бірақ күрделі міндетті
әлеуметтану, экономика, жағрафия, тарих, медицина ғылымдары атқарады.
Осының барлығы 1920-1940 жылдары бірнеше әлеуметтік- демографиялық
концепцияларды қылыптастырды: “Тұрғындардың оптимимумы”, “Демографиялық
жарылыс”, “Демографиялық ауысу”. Демография нақты ғылым ретінде
қалыптасқанмен, 1950 жылдары демографиялық даму заңдылықтары шектеліп,
тәжірибе талабына сәйкес келмеді.
Дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттерде 1950 жылдардан бастап-
“демографиялық жарылыс”, ал өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде туу деңгейі
төмендегені айқын. Бұл жаһандық қоғамда саяси-әлеуметтік, экономикалық және
демографиялық өзгерістердің нәтижесі. Қоғам дамуына әсер ететін факторларды
біртұтас қараған дұрыс: демографиялық, экономикалық, әлеуметтік.
Қазіргі демография ғылымының даму нәтижесі болып 1970 жылдары БҰҰ
дайындаған фундаменталды еңбегі “Детерминанттар және демографиялық
үрдістерінің салдары” табылды (І,ІІ том).
Қазіргі демографияның жағдайын талдап, құрастырушылар келесі
моменттерді белгілейді:
1-демографиялық ақпараттың кеңею мен ұлғаюы. 1950 жылдардан бастап
жүргізілген барлық мемлекеттердегі халық санақтары тұрғындар туралы
ақпаратпен қамтылады.
2-демографиялық зерттеулердің санының тез арады өсуі, олардың мамандық
деңгейінің биіктігі (туу, урбанизацияның демографиялық проблемалары,
миграция проблемаларын зерттеу).
3-демографиялық талдау саласындағы белгілі жетістіктер (тұрғындарды
демографиялық-статистикалық зерттеулердің жаңа әдістері, алғашқы әдістерді
жетілдіруі)
Соңғы он жылдарда демографиялық ғылымының жағрафиясы толық өзгерді,
қазір демографиялық зерттеулер жер шарының барлық аймақтарында жүргізіледі,
тек еуропалық ғалымдар емес. Демографтардың халықаралық деңгейдегі
еңбектерін БҰҰ реттеп отырады.
Демография ғылымының пәні мен әдістері
Демография тұрғындарды зерттейтін ғылым. Халықты, тұрғындарды басқа
ғылымдар да зерттейді, бірақ әр ғылымның өзінің пәні, зерттейтін
құбылыстары бар. Демографиялық құбылыстар – тұрғындардың, белгілі бір
топтардың арасындағы дамуды, тұрғындар қозғалысын, өзгерістерді,
демографиялық процестерді белгілейтін құбылыстар (миграция нәтижесінде
болатын туудың төмендеуі, сәбилердің өлім-жітімнің төмендеуі, еңбекке
қабілетті ерлердің өлім-жітімнің тез өсуі, тұрғындар санының өсуі, оның жас-
жыныстық құрылымының өзгеруі). Қандай процестерді демографиялық деп
атаймыз? Демографиялық процестер – бұл адамдар өмірінде болып жатқан
тұрғындар буындардың ауысуына әсер ететін біркелкі құбылыстардың жүйелігі.
Негізгі демографиялық процестер – туу, өлім-жітім, некелік, некенің
тоқтауы. Бұл процестер демографиялық құбылыстардың сәйкестігіне қарай
тұрғындар немесе когорталардың азаю процестері деп демографияда қаралады.
Кейбір кезде демографиялық процестер деп тұрғындардың ұдайы өңдірісін
немесе бірнеше демографиялық құбылыстарды, тұрғындардың туу, өлім-жітім
нәтижесінде сандық өзгеруін айтады (мәліметтің қайнар көзі –
Народонаселение. Энциклопедический словарь. М., 1994.с. 365). Аталған
ұғымды белгілі Ресей демографы А.Г.Волков қалыптастырды. В.А. Борисов, В.М.
Медков, А.Б. Синельников сияқты ғалымдар миграциялық процестерді
демографиялық деп атамайды. Қазіргі уақытта тұрғындар миграция процесі
шетел мен отандық ғалымдар арасында негізгі демографиялық процестердің бірі
ретінде қарастырылады. Дүние жүзіндегі индустриалды мемлекеттердің
демографиялық дамуын белгілейтін процесс – деп қабылданады.
Демография – халықтың, тұрғындардың ұдайы өңдірісінің заңдылық-тары
туралы ғылым.
Халықтың, тұрғындардың ұдайы өңдірісі – тұрғындардың кезең бойынша
ұрпақтың алмасуы, миграция, туу, өлім-жітім арқылы тұрақты түрде жаңарып
отыруы. Ұдайы өңдірістің үш түрі кездеседі: тар, қарапайым және ұлғайған
түрде.
“Тар” мағынадағы ұдайы өңдіріс (миграция процесін есепке алмайды және
басқа әлеуметтік процестерді зерттемейді) және “кең” (аталған процестер
толық зерттеледі). Бұлар демография ғылымының негізгі пәні болып табылады.
Демограф-ғалымдардың арасында пікірталас осы тұрғындардың ұдайы өңдірісі
“тар” мен “қең” түрлері айналасында. “Тар” мағынадағы тұрғындардың ұдайы
өңдірісі (ТҰӨ) тұрғындардың әлеуметтік қозғалысын қарастырмайды,
тұрғындардың әлеуметтік өзгерістер жиынтығын, бұл ТҰӨ процесіне жанамалы
түрде әсер етеді. Миграциялық процестер, поселкалар арасындағы
территориялық қозғалыстар жиынтығы ТҰӨ процесіне тікелей әсер етпейді,
себебі миграция бұл жерде жұмыс күшінің қөзғалысы деп қарастырылады, бұл
таза экономикалық процесс ретінде қарастырылады. Тұрғындардың миграциясы
–демографиялық процесс ретіңде қайта көшіп келмеу немесе жер ауыстыру
процесі саналады. Тек осы мағынада миграция тұрғындардың саңдық
динамикасына, оның жас-жыныстық құрылымына, репродуктивтік ұстанымдарға
және ТҰӨ процесінің басқа жақтарына тікелей әсер етеді. Миграция процесін
"кең" мағынада пайдаланатын ойшылдардың пікірі дұрыс емес, демография
ғылымының пәніне әлеуметтік процестерді ендірді. Сонымен қатар, ТҰӨ,
демография ғылымының пәніне кең көзқарас ұтымды болып келеді, себебі
тұрғындарды біртұтас зерттейді.
1990 жылдардың басында Д.И.Валентей ТҰӨ туралы жинақталған білімді “
ТҰӨ туралы білім әлі де фрагментті, толық, біртұтас жүйелі түрде
қалыптасқан, пәңдік білім қазірше жоқ” – дейді. Шет мемлекеттердегі
демографияда бұл жағдай екі жақтық қөзқарасты қалыптастырды. Белгілі
француз ғалымы А. Сови екі томдық фундаментальды еңбегінде “Тұрғындардың
жалпы теориясы” (1977 жылы орыс тіліне аударылған) демография ғылымын үш
бөлімге жіктейді:
– техникалық бөлім – түрлі әдістер мен есептерді қамтиды.
– бейнелеу, жазу бөлімі – тұрғындар туралы қайнар қөздің жүйесін
қамтиды.
– теориялық бөлім – тұрғындар дамуының экономикалық, әлеуметтік
себептер мен салдарын зерттейді.
Бірінші екі бөлімді Сови “таза демография” деп атайды, ал үшіншісін
аздап математикаландырылған, бірақ тұрғындарды танып-білу тұрғысынан кең,
басқа ғылымдармен байланысты. Қаіргі демографияны тұрғындар статистикасымен
теңдестіреді, бұл анахронизм ретіңде қабылданады, ұтымсыз мағынада
пайдаланады.
Демография – бұл әлеуметтік статистиканың бөлімі, бұның пәні болып
тұрғындардың құрамы, динамикасы, басқа салалармен және өмірдің әлеуметтік
процестерімен байланысты, тұрғындардың белгілі бір территорияда орналасуы,
олардың саны. Барлық пікірталасқа қарамай, демография ғылымының пәні
нақтыланды: “Демография пәні тарихи қалыптасқан ғылым ретіңде, өзінің
белгілі әдістерімен тұрғындардың табиғи ұдайы өңдірісін, санын, құрылымын
(жастық, жыныстық, отбасылық т.б.) және тұрғындардың миграциясын, тұрғындар
дамуының өзгерістерін, олардың себептері мен салдарын, заңдылықтарын
зерттейді. Дүниежүзілік қауымдастықта осы пікір басымд болып келеді.
Демография пәні ерекшелігіне қарай:
– Демография – қоғамдық ғылым, тұрғындардың ұдайы өңдірісінің
заңдылықтар мен заңдарын зерттейтін, әлеуметтік қоғамды қалыптас-тыратын
ғылым.
– Демография табиғи-биологиялық, жаратылыстану ғылымы, себебі
тұрғындардың биологиялық даму заңдарын зерттейді.
– Демография жалпы теориялық ғылым, тұрғындардың жалпы заңдылықтарын
түсіңдіріп, жалпы теорияға негізделеді.
Сонымен, демографияны дербес ғылым ретіңде қарастыруға болады, бірақ
демографияны экономикалық немесе әлеуметтік ғылымдардың белгілі бөлек
ғылыми бағыт ретіңде қарастыруға болмайды, сонымен қатар тұрғындар туралы
білім жүйесіңде өзінің орны бар. Тұрғындар экономикасы тұрғындар дамуының
экономикалық даму заңдылықтарын, ТҰҚ процестеріне экономикалық
құбылыстардың әсерін зерттейді, бұл экономикалық ғылымның пәні болып
табылады немесе туу, отбасы, миграция социологиясы, басқа ғылыми
бағыттармен, әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты.

Демографиялық әдістер
Биік даму деңгейіне жеткен, кез-келген ғылым ретіңде демография
зерттеулердің түрлі ғылыми әдістерін кең пайдаланады:
- жалпы ғылымның негізгі әдістері (талдау және синтез, индукция және
дедукция, тарихи, болжам әдістері).
- ғылыми бағыттардың бөлек, дербес әдістері:
- 1. Статистикалық әдістер – “таза демография” пайда болған әдістер. Жалпы
демографиялық құбылыстардың заңдылықтарын талдайтын әдіс. Демография –
демографиялық құбылыстардың үлкен жиынтықтарын зерттейтін ғылым. Бұл
жағдай демография ғылымының үлкен сандар заңы деп аталады. Бұл заңның
демографиялық процестерінің өзгеруіне әсерін И.П. Зюсмильх (1707-1767)
туылғандар, өлгендер мен некеге тұрғандардың сандарындағы белгілі
тәртіптің барын көрсетті. Өзінің 1741 шыққан “Божественный порядок в
изменении рода человеческого” деген еңбегінде келесі сөздерді айтты:
“Бұл тәртіптің ерекшелігінің бірі, бұл аз сандық жағдайлардың
тәртіпсіздігіңде қалыптасқан (құпияланған), тек көп жағдайларының
санынан, көп жылдар ішіңде көп, аз мазмұнды орындарымен белгіленеді,
айқындалады”. Статистикалық әдістер арқылы тұрғындардың саны, оның түрлі
категориялары белгіленеді (тұрақты тұрғындар, нақты тұрғындар).
Статистикалық әдістер арқылы тұрғындарды жасына, жынысына, некелік,
отбасылық құрамына қарай бөлуге болады, миграциялық ағындарды, олардың
қарқынын белгілейді, пайда болған мәлімет коэффициенттер жүйесінде
пайдаланады.
- 2. Математикалық әдәстер статистикалық әдістерімен тығыз байланысты
(соңғы уақытта, осы екі әдісті біріктіріп жатыр), бұл әдістер терең
демографиялық талдау жасауына жағдай жасайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография пәніне кіріспе
Демография және әлеуметтану
Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде
Демографиялық күрт өсу
Жалпы экологияға кіріспе
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Географияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері
Этнос, этникалық қауымдастық
Пәндер