АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы - сұрақнама


Сұрақнама :“ АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы ”
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың ата-аналарына арналған сұрақнама нұсқасы .
Нұсқау: “ келесі ой пікірлерді мұқият оқып таныса отырып, ойыңызға сәйкес деген келісу деңгейіңізді 5 ұпайлық жүйемен белгілеңіз. Жауап іс қағазында әр баланың пікірін бөлек бағалаңыз.
5 - күмәнсіз, иә ( аса қатты келісуді білдіреді)
4 - жалпы келісемін
3 - иә немесе жоқ
2 - иә жауабына қарағанда жоқ
- жоқ (тіптен келіспеу белгісі) ”
- Егер мен одан бір нәрсені талап етсем, мақсатыма міндетті түрде жетемін.
- Мен оны нашар қылықтары үшін үнемі жазалаймын.
- әдетте қай киімін киетінін өзі шешеді.
- Менің баламды қараусыз қалдыруға болады.
- Ұлым (қызым) өзінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін маған айтады.
- Мен оны өмірде ешнәрсеге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын.
- Мен оның бойынан жақсы қасиеттерінен гөрі кемшіліктерін жиі байқаймын.
- Үй тірлігін біз жиі бірігіп орындаймыз.
- Мен баламның ден саулығы үшін жиі мазасызданамын.
- Мен қойған талаптарымды соңына дейін қадағаламайтынымды сеземін.
- Біздің отбасымызда үнемі қақтығыс болып тұрады.
- Мен оған қандай тәрбие берсем, ол да өз балаларына сондай қарағанын қалаймын.
- Ол менің өтінішімді бірнеше рет қайталатқызып барып орындайды.
- Мен оған сирек ренжимін.
- Мен оның барлық әрекеті мен қылықтарын бақылап отырамын.
- Ол үшін ең бастысы - мені тыңдауу деп санаймын.
- Егер ол бақытсыздыққа ұшыраса, ең алдымен ол менімен бөліседі.
- Мен оның қызығушылығын қолдамаймын.
- Мен оны өзім қалағандай, ақылды, қабілетті деп санамаймын.
- Дұрыс жасамағанымды мойындап, оның алдынан кешірім сұрай аламын.
- Менің балама қорқынышты жағдай болып қалады деп жиі ойлаймын.
- Менің оған деген қатынасымда, мінез құлқымды түсіну қиын.
- Отбасының басқа мүшелері кедергі келтірмегенде, менің баламның тәрбиесі анағұрлым жақсы болар еді.
- Маған біздің арамыздағы қарым-қатынас ұнайды.
- Оның достарының отбасына қарағанда, оның үйде орындайтын міндеттері көп.
- Мен оған кейде қол көтеремін.
- Егер ол қаламаса да, менің айтқанымды жасауға тура келеді.
- Мен оған не қажет екенін жақсы білемін.
- Мен балама үнем і аяушылық білдіремін.
- Мен оны түсінетін сияқтымын.
- Мен оның көп қасиетін өзгерткім келеді.
- Отбасында шешім қабылдағанда оның пікірі үнемі ескеріледі.
- Мен мазасыз әкемін (анамын) деп өзімді санаймын.
- Менің мінез құлқым ол үшін үнемі күтпеген жағдай туғызады.
- Мен баламды жазатағанда менің жолдасым (әйелім, анам, т. б. ) аса қаталдығымды жазғырады.
- Мен ұлымды (қызымды) дұрыс тәрбиелеудемін деп ойлаймын.
- Мен оған көп талап қоямын.
- Менің мінезім жұмсақ.
- Мен оған үйдің ауласында жалғыз қыдыруына рұқсат беремін.
- Мен оны өмірдегі қиындықтар мен жазымдардан сақтауға ұмтыламын.
- Менің кемшіліктерім мен әлсіздіктерімді байқағанын қаламаймын.
- Маған оның мінезі ұнайды.
- Мен оны ұсақ-түекке бола сынға аламын.
- Мен оны бар ынтаммен тыңдаймын.
- Менің парызым - оны әртүрлі қауіптен сақтау деп санаймын.
- Менің жіберген қателіктерімді ол жасаса мен оны жазаламаймын.
- Отбасының басқа мүшелеріне баланы еріксіз қарсы қоятын кездерім болады.
- Мен онымен күнделікті қарым-қатынастан шаршаймын.
- Маған ол қаламаған істі еріксіз жасатуға тура келеді.
- Өзгелер бұл қылығы үшін жазалайды, ал мен оны кешіремін.
- Мен ол туралы бәрін білгім келеді: не туралы ойлайтыны, достарымен қандай қатынаста, т. б.
- Ол үйде ьос уақытында немен айналысатынын өзі таңдайды.
- Мен оған ең жақын адаммын деп ойлаймын.
- Мен оған әр уақытта көңілімнің толмағанын айтамын.
- Мен оның мінез құлқын қолдаймын.
- Ол ойлап тапқан іске атсалысамын.
- Оның болашағын біз әрқалай елестетеміз.
- Бір нәрсе үшін мен жазғыратын да мақтайтын да кезім болады.
59. Мен оған бірнәрсе айтсам жолдасым (әйелім, апасы, т. б. ) әдейі, керісінше басқаша айтатын кездері де болады.
60. Оның менімен үнемі дәл қазіргідегідей қатынаста болғанын қалаймын.
ТІРКЕУ ҚАҒАЗЫ.
Ф. А. Ә. жасы білімі
Баланың аты-жөні жасы
Нәтижені өңдеу мен талдау.
Сұрақнаманың үш түрі де келтірілген кесте бойынша өңделеді. Әр шкаладағы ұпайдың жалпы саны есептеледі мұнда кері және тура мәндес пікірлерді ескеру қажет. Кері пікірлер ұпайларға келесі үлгімен беріледі.
Жауаптар 1 2 3 4 5
Ұпайлар 5 4 3 2 1
Іс қағаз кілтінде кері сұрақтар жұлдызшамен берілген. Үшінші және бесінші шкалалар 10 пікірден тұратындықтан арифмитикалық ұпай саны бұл шкалаларда екіге бөлінеді. Сомасы баға тіркеу іс қағазының соңғы бағанына қойылады. Жауап беру іс қағазының кейрбір жолы бір шкалаға жатады. Мысалы: бірінші шкалаға 1, 13, 25, 37, 49 пікірлер қараса, 10 шалаға: 12, 24, 36, 48, 60; 3 шкалаға: 3, 4, 15, 16, 27, 28, 39, 40, 51, 52, т. б.
Кіші мектеп оқушылары мен ата-аналарына арналған сұрақнаманың кілті.
1. талап қоймау-талап қоя білу
- жұмсақтық-қаталдық
- дербестік-бақылау
- эмоционалды ара-қашықтық-жақындық
- қабылдамау-қабылдау
- әріптестіктің болмауы- болуы
- бала үшін қобалжу
- салдарлы-салдарсыздық
- отбасындағы тәрбие конфронтациясы
- баламен (ата-анамен) қарым-қатынаста қанағаттану.
Сұрақнама :“ АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы”
Жеткіншектердің ата - анасына арналған нұсқасы.
Нұсқау: “ келесі ой пікірлерді мұқият оқып шығып, ойыңызға сәйкес келісу деңгейіңізді 5 ұпайлық жүйемен белгілеңіз. Жауап іс қағазында әр баланың пікірін бөлек бағалаңыз.
5 - күмәнсіз, иә ( аса қатты келісуді білдіреді)
4 - жалпы келісемін
3 - иә немесе жоқ
2 - иә жауабына қарағанда жоқ
1 - жоқ (тіптен келіспеу)
- Егер мен баладан бір нәрсені талап етсем, мақсатыма міндетті түрде жетемін.
- Мен оны нашар қылықтары үшін үнемі жазалаймын.
- Ол маған қайда баратынын және қашан келетінін сирек айтады.
- Мен оны толығымен дербес адам деп санаймын.
- Ұлым (қызым) өзінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін маған айтады.
- Мен оны өмірде ешнәрсеге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын.
- Мен оның бойынан жақсы қасиеттерінен гөрі кемшіліктерін жиі байқаймын.
- Мен оған маңызды, қиын істерді жиі тапсырамын.
- Бізге ортақ келісімге келу қиын.
- Бұрын тиым салынған нәрсеге рұқсат беретін кездерім болады.
- Ұлым (қызым) менің көзқарасымды үнемі ескереді.
- Мен оған қандай тәрбие берсем, ол да өз балаларына сондай қарағанын қалаймын.
- Мен не өтінсем де ол бірден орындайды.
- Мен оған сирек ренжимін.
- Мен оның барлық әрекеті мен қылықтарын бақылап отырамын.
- Ол үшін ең бастысы - мені тыңдауу деп санаймын.
- Егер ол бақытсыздыққа ұшыраса, ең алдымен ол менімен бөліседі.
- Мен оның қызығушылығын қолдамаймын.
- Мен оны өзім қалағандай, ақылды, қабілетті деп санамаймын.
- Дұрыс жасамағанымды мойындап, оның алдынан кешірім сұрай аламын.
- Мен оның айтқанына жиі көнемін.
- Менің оған деген қарым- қатынасым арқылы, мінез құлқымды түсіну қиын.
- Мен ол үшін беделді адаммын деп ойлаймын.
- Маған біздің арамыздағы қарым-қатынас ұнайды.
- Оның достарының отбасына қарағанда, оның үйде орындайтын міндеттері көп.
- Мен оған кейде қол көтеремін.
- Егер ол қаламаса да, менің айтқанымды жасауға тура келеді.
- Мен оған не қажет екенін жақсы білемін.
- Мен балама үнем і аяушылық білдіремін.
- Мен оны түсінетін сияқтымын.
- Мен оның көп қасиетін өзгерткім келеді.
- Отбасында шешім қабылдағанда оның пікірі үнемі ескеріледі.
- Мен оның ұсыныстары мен ойлары мен үнемі келісемін.
- Менің мінез құлқым ол үшін үнемі күтпеген жағдай туғызады.
- Ол үшін мен үнемі үлгі боламын.
- Мен ұлымды (қызымды) дұрыс тәрбиелеудемін деп ойлаймын.
- Мен оған көп талап қоямын.
- Менің мінезім жұмсақ.
- Мен оған келгісі келген уақытта келуіне рұқсат етемін.
- Мен оны өмірдегі қиындықтар мен жазымдардан сақтауға ұмтыламын.
- Менің кемшіліктерім мен әлсіздіктерімді байқағанын қаламаймын.
- Маған оның мінезі ұнайды.
- Мен оны ұсақ-түйекке бола сынға аламын.
- Мен оны бар ынтаммен тыңдаймын.
- Мен онымен көптеген мәселемен келіспеймін.
- Менің жіберген қателіктерімді ол жасаса мен оны жазаламаймын.
- Ол менің көптеген көзқарастарымды қолдайды.
- Мен онымен жалған күнделікті қарым-қатынастан шаршаймын.
- Маған ол қаламаған істі еріксіз жасатуға тура келеді.
- Өзгелер бұл қылығы үшін жазалайды, ол мен оны кешіремін.
- Мен ол туралы бәрін білгім келеді: не туралы ойлайтынын, достарымен қандай қатынаста, т. б.
- Ол кіммен дос боларын менімен ақылдсапайды.
- Мен оған ең жақын адаммын деп ойлаймын.
- Мен оған әр уақытта көңілімнің толмағанын айтамын.
- Мен оның мінез құлқын қолдаймын.
- Ол ойлап тапқан іске атсалысамын.
- Оның болашағы туралы біз әрқалай елестетеміз.
- Бір нәрсе үшін мен жазғыратын да мақтайтын да кезім болады.
- Ол маған ұқсағысы келеді деп ойлаймын.
- Оның менімен үнемі дәл қазіргідегідей қатынаста болғанын қалаймын.
Жеткіншктер мен олардың ата-анасына арналған сұрақнама кілті.
- жұмсақтық-қаталдық
- дербестік-бақылау
- эмоционалды ара-қашықтық-жақындық
- қабылдамау-қабылдау
- талап қоймау-талап қоя білу
- әріптестіктің болмауы-әріптестіктің болуы
- келіспеушілік-келісім
- салдарлы-салдарсыздық
- ата-ана беделі
- баламен (ата-анамен) қарым-қатынаста қанағаттану.
« Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақнамасы.
Әдістеменің авторы Э. Г. Эйдемеллер және В. Юстицкис (2000)
Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көз-қарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау. «Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір мүшесі үшін, қалған мүшесі бейсанада қобалжиды, бірақ өздері саналы түсінбей, оны қабылдамайды.
Әдістеменің мазмұны : Отбасы мүшелері жеке отырып сұрақнаманы толтырады. Нұсқау: «Сіздерге ұсынылып отырған сұрақнама мазмұны отбасындағы, үйдегі көңіл-күйді білдіреді. Сұрақтар нөмірленген және оған қоса әдістеме іс-қағазы да нөмірленген ». Сұрақнаманы оқи отырып егер, сол сөзбен келіссеңіз онда сол нөмірді дөңгелетіңіз, келіспесеңіз онда нөмірді сызып тастаңыз, кейбір сұраққа жауап беруге қиналсаңыз онда сұрақ (?) белгісін қойып отырыңыз. Қиналатын сұрақтар үшеуден көп болмауы қажет. Есте ұстаңыздар, бұл сұрақнама үйдегі көңіл-күйді білдіреді. Сұрақнамада «дұрыс»және «дұрыс емес» жауап болмайды, бұл тек сіздің «сезіміңіз» .
Сұрақнама мәтіні
- Білемін маған отбасы мүшелері жиі риза емес, көңілдері толмайды.
- Сеземін, қалай істесем де бәрі-бір менің айтқанымдай болмайды.
- Мен көп нәрсені орындауға үлгермей жүрмін.
- Отбасында болатын келеңсіз жағдайға, неге екенін білмеймін барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.
- Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін.
- Отбасында мен көп күйгелектенемін.
- Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.
- Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.
9. Үйде болған кезімде, барлық уақытта мен бір нәрсені уайымдаймын .
10. Отбасы мүшелерінен жиі дағдарыс көз-қарасын сезінемін.
11. Үйге келе жатқанда, мен жоқ кезде қандай жағдай болды екен деп қорқамын.
12. Үйде жүргенде мен бәрін істеп үлгеруім керек, деп сезінемін
13. Үйде көп жағдайда өзімді артық (бөтен) сезінемін.
14. Үйде сондай күрделі жағдай, қимылға келуге менде ешқандай күш болмайды.
15. Үйде көп жағдайда мен, өзімді ұстап тоқтатып отыруым қажет.
16. Егер де мен жоқ болып кетсем, онда мені ешкім іздемейтін сияқты.
17. Үйге келе жатқанда, орындайтын жұмысымды жоспарлап келемін, ал үйге кіргеннен кейін тіпті басқа жұмысқа ауысып кетемін.
18. Отбасылық жағдайымды ойласам болды, мен қобалжи бастаймын.
19. Отбасы мүшелері, кейбір кездері мен үшін ұялатын сияқты.
20. Көп уақытта барлық тірлікті жақсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.
21. Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, мен оны жасырын ұстап көрсеткім келмейді.
Сұрақнама іс-қағазы
А. Ж. А
- 4 7 10 13 16 19 В/5
2 5 8 11 14 17 20 Т/5
3 6 9 12 15 18 21 Н/5
С= /14
Нәтижені өңдеу
Келіскен жауаптарға 1-ұпай беріледі. Үш шкаланың ұпайы бөлек есептеледі.
Суб шкала В- кінәлау (отбасы мүшелерінің кінәсі ) Индивид отбасында болып жатқан жағдайға қарсы келіп, тепе-тең деңгейде өзіне жауапкершілікті сезінбейді және алмайды, . Шкалаға келесі сұрақтар жатады. :1, 4, 7, 10, 13, 16, 19. Бес сұрақта келіссе отбасын кінәлауы анықталады.
Суб шкала Т қобалжу (отбасы мүшелерінің қобалжуы ) сыналушының жеке күш жұмсауынан отбасындағы жағдай өзгермейді. Оған : 2, 5, 8, 11, 17, 20. Бес сұрақта келіссе отбасы қобалжуы анықталады.
Суб шкала Н-қысым (отбасындағы қысым ) . Индивидке отбасындағы міндетті орындау көп куш түсіреді.
Ол сұрақтар:3, 6, 9, 12, 15, 18, 21. Бес сұрақта келіссе отбасы қысымы анықталады. Соңынан бәрін бірге ( кінәлау, қобалжу, қысым ) қарастырып отбасында қай шкаланың басым екенін анықтауға мүмкіндік береді.
«Отбасылық социограмма» телімелі тесті
Мақсаты : Жағдайды « қазір ос жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді. Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады .
Эдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы беріледі, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.
Нәтижесін шығару белгілері :
- Шеңбер ішіне енген отбасы мүшелері.
- Дөңгелектің көлемі .
- Дөңгелектердің бір-біріне қалай орналасуы. .
- Ара қашықтығы.
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім -кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз . Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады.
Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.
5круг нарисовать пожалуйста
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы . Faces-3
( Авторлары : Олсон, Портнер, Лави ; бейімдеген М. Перре)
Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.
Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл -күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.
Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері стестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі
. Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.
«Дөңгелек моделі»отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады:төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу
Нұсқау:. Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады. Сұрақнаманы жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.
- Ешқашанда
- Сирек
- Оқтын-оқтын
- Жиі
- Барлық уақытта
Бұл әдістеме екі рет қолданылады : біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.
Вариант «А»-шынай өміріңізді бағалап жазуыңызды өтінемін.
Вариант «В»-идеалды өмірін жазуын сұрану.
Аты жөні
Жасы
Зерттеу уақыты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz