Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде


1. 1. Әлеуметтік педагогика - ғылым ретінде.
‘‘Әлеуметтік педагогика’’ деген түсінік педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген. Бұл ұғымның бірі - философиядан, екіншісі- психологиядан алынып, олардың бірігуі ғылымдағы дифференция және интеграция үрдістері негізіінде туындаған.
Ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми ойлар туындап, қоғамның талабы өзгереді, мәселелерді шешу мақсатында оның тармақтары топтастырылып, не болмаса жіктеліп, көбеіп, бір ғана мәселені бірнеше ғылым жан-жақтан эерттей бастайды. Мысалы, педагогика мен философияның негізінде ‘‘Білім философиясы’’, психология мен педагогиканың негізінде ‘‘Педагогикалық психология’’ пайда болды. Ал әлеуметтану мен педагогикадан ‘‘Әлеуметтік педагогика’’ деген жаңа ғылым саласы дүниеге келді.
‘‘Әлеумет’’сөзі қазақ тілі сөздігінде ‘‘адамдар қауымы’’ деп түсіндірілсе, яғни ‘‘социология’’ латынша ‘‘socialis’’- ‘‘қоғамдық’’, ‘‘жалпы’’ деген мағынаны береді. Ол бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын, олардың қарым-қатынас формаларын, оның салдарын зерттейтін ғылым. Белгілі бір қоғамдағы балалар оқу-тәрбие үрдісінде бірге білім алып, қоғамдық іс-шаралрға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, ‘‘әлеуметтену’’ үрдісіне қатысады.
Әлеуметтік педагогиканың пәні- әлеуметтік қоғамда орын алып, қалыптасуы және дамуыныңпедагогикалық-философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған, ауытқуға ұшыраған тұстарын қалпына келтіру.
Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының нысаны- қоғамның мүшесі ретіндегі адамның тұлғалық және қоғамдық сипаттары.
Педагогика - гректің ‘‘peidagogo’’, яғни ‘‘баланы жетелеу’’ деген сөзі. Ертедегі құл иелену дәуірінде баланы бағып-қғып, серуенге алып шығып, оқуға жетелеп апаратын адамды ‘‘педагог’’ деген. Мектеп пайда болған кезден бастап ондағы мұғлімді ‘‘педагог’’ деп атаған. Ол кейін келе оз алдына ғылым саласының атауына айналды. Бұл сөз- жс буынды оқыту, тәрбиелеудің теориясымен практикасын зерделеп, оның даму тенденциялары барысындағы. Жаңалықтарды қарастыра келіп, осы істі ұйымдастырудың жолдарын қоғамдық ғылымдармен астарластыра отырып, ғылым саласы ретінде зерделеп, ұсыныстар мен нұсқалар беретін ғылымның атаулары болып қабылданған.
Әлеуметтік педагогика жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларға ұшыраған бөлігіне арналғандықтан бірнеше ғылым салаларын біріктіреді және солармен тығыз байланыста адамныың басынатүскен күйзелісті шешу жолдарын қарастырады. Айталық, әлеуметтану философияның құрамдас бөлігі ретіндеадамдар қауымының арасындағы қарым-қтынас ерекшелігі мен ондағы тұлғаның орнын диалектика заңдылықтары тұрғысынан қарастырса, психология- оның ішкі жан-дүниесі, психикасының шығу тегін, медицина- дене сырқаттарын, физиология-дене кемістіктерін зерттеп, емдейді. Педагогика осылардыңбарлығын біріктіріп әлеуметтік педагогика саласында зерттейді, оларды реттеп, қалпына келтіру жолдарын қарастырады. . Олардың өзара байланысын мынадай сипатта көруге болады(1-сурет) .
Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы .
Келтірілген 1-суреттен көріп отырғанымыздай, әлеуметтік педагогика жалпы педагогикамен байланысты. Себебі, оның құрамына тәрбиелеу мен оқытудың жалпы ұстанымдары, санаттары мен әдістер мен тәсілдері т. б. кіреді және олар елеулі орын алады. Философиямен байланыстылығы- әлеуметтену арқылы және оны әдістемелік тұрғыдан, құбылыстар мен заттар, адамның ойлау жүйесі, қоршаған ортаныңжәне қоғамның әсері т. б. әлеуметтік педагогикның да басты мәселелері, сондықтан философиялық қағидалардың да қатысы бар. Ал медицина, әлеуметтік медицина халық арасында кең тараған ауру-сырқаттарды танып-білу және емдеумен шұғылданады; ал экономика болса, адамдардың экономикалық ахуалы және оған көмек беру мәселелерін қарастырады; демография жалпы адам санының өсуіне оның әлеуметтік ахуалының ықпалы секілді тұстарын қарастырады,
Демек, әлеуметтік педагогика- баланы, жастар мен қарттарды, ересек адамдарды әлеуметтендіру заңдылықтарын зерттейтін ілім ретінде оны жан-жақты қарастырды. Әлеуметтік педагогиканыңзерттеу нысанына байланысты өз ішінде де салаларғабөлінеді. Бірақ, ол көбінесе қарастыратын ныснының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгешелігіне байланысты. Мысалы, қарттармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық жымыс, мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ссекілді көптеген бөлімдер мен тарауларға бөлінеді.
Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жануарлар мен өзгерістердің ықпалықатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы-бала. Сондықтан біз бұл жерде басты обьект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз. Сонымен әлеуметтікпедагогика- баланың, оқушының, студенттің білім, тәлім-тәрбие тұстарын алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді. Жалпы айтқанда, дұрыс тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болып қалптасуына отбасы, білім, мәдениет, дін т. б. тигізетін әсерін танып-білетін ілім деуге болады.
Әйтседе, әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, практикалық іс-шаралары, құралдарымен әдіс-тәсілдері және технологиясы бар. Қандай ғылыми теория болмасын, ол практикағасүйеніп дамиды және жұмыс практикасынан оның теориялық анықтамалары қалыптасады. Әлеуметтік педагогимканың ғылыми-теориялық және әлеуметтік-педагогикалық іс-шаралары бар. Олар әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерге тиесілі. Оның жүргізетін іс-шаралары бір немесе бірнеше балаға, балалар психологиясына қоғамның тигізген әсерін білу, көмектесу, кедергілерді жою, күйзелістен шығу жолдарын қарастырады.
Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде жалпы және кәсіптікбілім беру мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл пән кең қанат жайып, өз орнын тапқан жоқ. Оның қажет екені күн сйын дәлелденуде, әсіресе, 1990 жылдары Кеңес Одағы тараған соң белгілі бір көмектіқажет ететін ересек адамдар, балалар мен жаста, қарттардың т. б. саны көбейіп, олармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыыс жүргізетін арнайы білім алған қызметкерлердің жоқтығы, оларды даярлау керек екендігін анық байқатты.
Әлеуметтік педагогика ұғымы алғаш рет XIX ғ. Ортасында неміс пегагогы Адольф Дистерверг тарапынан ұсынылға, бірақ ресми түрде бұл ұғым XX ғ. бас кезінде ғана қолданысқа ие болған.
Әр ғылымның өзінің зерттейтін пәніне байланысты ұғымы бар. Педагогика ғылымы секілді әлеуметтік педагогика да адам туралы. Ол ізгілікті ғылымдармен байланыста дамып, жеке өзіне ғанатән ‘‘әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет’’, ‘‘әлеуметтік білім беру’’ және ‘‘әлеуметтік тәрбие’’ сияқтысалалардан тұрады.
1. 2. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, қызметі бар.
Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде болашақ мамандар мен педагогтардаң алдына мынадай мақсаттарды қояды:
1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалықбілімді меңгеру;
2. Әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
3. қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоябілуге баулу;
4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.
5. Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету.
6. Адамдармен қарым-қатынас орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса ірі ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету;
Қысқасы, баланы адамгершілікке, ізгілікке, қамқор болуға үйрету және жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуға ынтасын ояту мақсатын көздейді. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда әлеуметтік педагогиканың атқаратын қызметтерінің өзіндік орны бар. Енді соларға назар аударайық:
- қалпына келтіру жәнетәрбиелеуді жүзеге асыру;
- әлеуметтік-құқықтық мәлімет пен білім беру;
- әлеуметтік қатарға қосу(реабилитациялау) ;
Тәрбиелеу қызметі- баланы өзі өмір сүрген ортаға араластыу, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсене араласу.
Әлеуметтік құқықтық қызметі- балаға мемлекеттік қамқорлық көрсетіп, оның құқығын сақтау, мүддесін қорғау.
Әлеуметтік қатарға қосу тәртібі- күйзеліске ұшыраған, туа біткен, не болмаса тосын жағдайлардан мүгедек болып қалған, не созылмалы ауруларға ұшыраған, ақыл-есі кем, не дамымай қалған кемтар балаларға көмек беру, күтпеген жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады.
1. 3. Әлеуметтік педагогиканы зерттеу.
Кез келген білім саласының ғылымилығы- оның зерттелуі, теориялық ұғымдарымен түсініктерінің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формалары, заңдылықтары менанықтамаларының нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу теориялықбілімдерді жасау- ғалымдардың және басқа да зерттеуші-қызметкерлердің танып-білу іс-әрекетінен тұрады.
Оның екі түрі бар: тәжірибелік(практикалық) және теориялық. Тәжірибелік зерттеужұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол-мұғалімдердің, әлеуметтік дақызметкерлердің тәжірибелік жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдержалпы педагогтарт. б. жүргізе алады.
Ғылыми зерттеудің бұл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзарабайланысты. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану ңәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибелік жұмыста білім-ғылымның жетістіктері қолданылып, зерттеуді одан әрі нәтижелі ұйымдастыруғанегіз бола алады.
Әлеуметтік педагогика XX ғасырдың 80 жылдары пайда болып, практикаға ене бастаған. Бұл ілім біздің елімізде әлі жас болғандықтан, толық, зан-жақты зерттеліп, қорытындылар жасалған жоқ. Алайда, оның алғашқы қарлығаштары да бар. Мысалы, Г. Уманов, Л. Керімовтың ‘‘Қиқар бала’’ мәселесі,
К. Қ. Құнантаеваның әйелдерге білім беру мен тәрбиелеу, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, Р. Халитованың әлеуметтік педагогтарды даярлау мәселесі, Ж. Жаңазарованың отбасымен әлеуметтік жұмыс туралы жекелеген еңбектері бар. Қазіргі кезде жалпы әлеуметтік мәселелерді белсенді қатысып жүрген ресейлік бірқатар ғалымдарды атауға болады: В. Г. Бочарова, В. Мудрик, Я. Олиференко, . Н. Филонов т. б. осы ғылымның қазіргі заман талаптарына сай дамуына үлес қосты.
Ғылыми негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын нықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мұқтаж адамдардың, жетім-жесір, қарт, қараусыз қалғандар мен үй-күйсіз қалғандарғаназар аударып, олардың өмір сүруіне жағдайжасаудың, куйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.
Қазіргі кезде алдына қойылатын талап- теориялық және рпактикалқ жұмыстармен кеңінен танысып, әлеуметтік ортада тиімді жұмысістеу болып табылады. Бұл үшін әрине, әлеуметтік-ппедагогикалық зерттеулер қажет.
Әлеуметтік педагогиканы зерттеу жұмыстарының тиімділігі мен табыстылығы- оны танып білуде қолоданған теориялық көздері, ой-пікірлері, әдістері мен тәсілдері, технологиясын т. б. қолдануына байланысты.
Осыған орай Звягинский мынадай бес негізгі теориялық көздерді белгілейді:
1. Қоғамның әлеуметтік тапсырмасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірлердің сәйкестігі;
2. Адам туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешінді түрде қолданылуы(мысалы, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, психатрия т. б. ) ;
Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;
4. Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ықпал ету әлеуметтігі;
Әлеуметтік сферада жұмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуметі- әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік психолог т. б. жұмыс нәтижелерінің тоғысуы.
Міне, осы зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор.
Әдіс - бір істі жүзеге асырудың жолы, тәсілі. Педагогика ғылымында (метод-гректің ‘‘methodos’’) алға қойған мақсатқа қол жеткізу, мәселелерді шешу тәсілдері, құралдары мен түрлерін қамтиды. Олар жалпы ғылыми әдістер, эмпирикалық- байқау, диагностикалау, эксперимент т. б. ; теориялық- дерексіз (абстракциялы) моделдер түзу және бұлардан басқа талдау, жіктеу, жалпылау, топтастыру, салыстыру, жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға қорытындылар шығару т. б. болып бөлінеді.
Осындай жалпы ғылыми әдістерден басқа да тәсілдер мен әдістер бар. Әлеуметтік педагогика салыстырмалы жас ғылымдардың бірі болғандықтан және бірқатар ғылым салаларының басын біріктіргендіктен, оның зерттеу әдістері де оған жақын ғылымдардан алдымен педагогикадан, әлеуметтік психологиядан, әлеуметтану, психатрия, физиология т. б. алынған.
Екінші бір аса маңызды әдіс- байқау. Ол белгіленген мақсатқа сәйкес жүргізіледі: жеке бір баланы не балалар тобын тікелей зерттеу не фотосурет, кинотаспаға жазуды қолдану, табиғи ахуалды өзгертіп және сол жағдайда байқау. Мұндай байқауларды зерттеудің мақсаты мен міндеті, болжамына қарай құпия(балаларға білдірмей) жүргізуге де болады. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір құқықтық нормалардан шығып кетуге де болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz