Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі


Зейнетақы - бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған қорға зейнетақы жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақыны зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дурыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің дұрыс жұмыс оған ай сайынғы жарналарының уақытында төленілуіне өздері мүдделі. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп арастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне кеп әсер етеді, олар:
1. Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.
2. Демографиялық - халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.
Әрбір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әртүрлі инструменттер, тәсілдер мен әдіаерді пайдаланады. Бірақ, осы шаралардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған халықты әлеуметтік қорғау осы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе, бір экономикалық жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дұрыс ұйымдастыру мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау - әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесін қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні - халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы - адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау.
Қазіргі кездегі әлемдік практикада әр түрлі мемлекеттерде олардың экономикалық жағдайына, демографиялық барысына, тарихи алғышарттарына және басқа да факторларына сүйеніп, зейнетақымен қамтамасыз етудің көптеген жүйелері бар. Осындай жүйелердің бірі - еткен ғасырдың соңында Бисмәрк енгізген «ынтымақтастық» жүйесі. Бұл жүйе тек бұрынғы КСРО мен Орта және Шығыс Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар экономикасы деңгейде дамыған елдерде де пайдаланылды.
«Ынтымақтастық» жүйесі мынадай принципке негізделген: ең алдымен, осы жылы жұмысшыларға бөлінетін қаржы зейнетақы болып осы жылы төленуі керек. Бұл принцип бойынша мемлекеттік зейнетақылық бағдарламалар жасалынады. Экономисттер мен әлеуметанушылардың айтуы бойынша болашақта «ынтымақтастық» жүйесі тіркелген зейнет-керлерді зейнетақымен толық қамтамасыздандыру мәселесін шеше алмайтын болады, өйткені, дамығән елдерде және ауыспалы шақтағы мемлекеттерде зейнеткерлер саны күрт өсуде. Егер бұл мемлекеттер болашақта да «ынтымақтастық» жүйесіне сүйенетін болса, онда ол зейнеткерлер санының өсуін қадағалай алмай қалады. Оған қоса, бүкіл хәлыққа қатысты ересек адамдар, яғни қарттардың үлесінің өсуі ретінде бұл жүйе мемлекеттік бюджетке қымбат түседі. Саяси факторды да атап өткеніміз жөн, әр түрлі себептерге байланысты болатын (сайлау, халықтың қарсылық акциялары және т. б. ) саяси қысым болғанда, мемлекет ешқандай экономикалық негізсіз-ақ, тек қана саяси сәхнадан ұпай жинауға талпынып, зейнетақыны көбейтеді. Шын мәнінде ол әлеуметтік мұқтаждықты шешпейді.
«Ынтымақтастық» жүйесі еңбек стажын және бір мезгілдегі пайда мөлшерін есепке алып, ал жұмысшының барлық еңбек жолында жинаған пайда мөлшерін са-намай, экономика дамуына әр зейнеткердің қосқан үлесін ескермейді. Бұл жағдай зейнеткерлердің еңбек стажы бірдей болса да, олардың бәрлық зейнетақысы бір деңгейде болмайтындығын көрсетеді. Алайда, бір жұмысшы өзінің кәсібімен бүкіл еңбек жолында экономикаға елеулі үлес қосса, келесі жұмысшы тек зейнетақы белгілеу жылдәрында ғана үлкен табыс табады. «Ынтымақтастық» зейнетақы жүйесінде зейнетақы тәғайындау үшін жүмысшының экономикаға келтірген пайдасына берген бағасы ішінара қажетін таба алмайды. Бұл жүйе, сонымен қатар, ұлттық пайданың көлемін елеулі түрде азайтуы мүмкін, экономикалық дағдәрыстарға себеп болады, өйткені жұмысшылардың еңбекақысынан бөлінетін қордың көлемінің азаюы зейнетақының уақытылы төленбеуіне әкеліп тірейді, содан соң еңбекақыдан бөлінетін қордың мөлшерінің өсуі көлеңкелі экономиканың өріс алуына әсерін тигізеді.
«Жинақтаушы зейнетақы» жүйесінде жұмысшы өзі еңбекақысынан және ерікті жарна төлеу аркылы арнайы қор жинәйды. Жумысшы зейнеткерлікке шығысымен бұл қорды жинақтаушы зейнетақы қорынан ала алады немесе сақтандыру компаниясынан аннуитетке аудару арқылы өмірлік зейнетақысын қамтамасыз ете алады. Мұндай зейнетақылық бағдарламалар еңбек жолында жеке жинақ жане сақтандыру полисін (аннуитет) жасайды. Бұл принцип көптеген жеке зейнетақы бағдарламаларының негізінде жатыр.
«Жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бірнеше түрлері бар:
1) Алдын-ала төленетін жарналар жүйесі: бұл жүйедегі жеке жұмысшының зейнетақысы өзінің еңбекақысынан бөлініп жиналған қордың мөлшеріне байланысты болады. Зейнетақы активтерінен түсетін пайда нормасының тұрақсыздығымен байланысты қауіп және қорға енген жарналардың кунсыздануымен байланысты қауіп болашақ зейнеткердің қорына енеді.
2) Алдын-ала белгіленген төлем жүйесі: бұл жүйе компаниялар мен салалар деңгейінде құрылған, жеке зейнетақы, ең алдымен өндіріс немесе берілген салалардағы еңбек стажына байланысты және зейнеткерлікке шығар алдында тапқан еңбекақысының мөлшеріне қарай белгіленеді. Бұл бағдарламадағы жұмысшы зейнеткерлікке шықаннан кейін төлемнің мөлшерін және төлену мерзімін анықтайды. Бұл жүйедегі қор зейнетақы активтеріне түсетін пайда нормасының тұрақсыздығымен байланысты қауіптің бір бөлігін өз мойнына алады.
3) Жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының бағдарламаларына төмендегі факторлар жатады:
а) олар мемлекеттік зейнетақылық бағдарламалардың орнына зейнетақы төлеміне қажетті бюджет шығынының азаюына әсер етеді, бірақ мемлекеттік зейнетақы бағдарламаларының жекеменшікке ауысу барысында бір мезгілде бюджеттің шығынына көбейеді.
б) жинақтаушы зейнетақылық қор бағдарламалары елдің жинақ деңгейін өсіреді, бурын мемлекеттің деңгейін есіретін, яғни халықтың зейнетақысының немесе зейнетақымен қамсыздандырудың дамуына жол ашатын экономикалық жоғары көрсеткіштер болады.
в) жеке зейнетақы бағдарламалары нарық капиталының дамуына және жекеменшіктендіру процесінің ілгері жылжуына мүмкіндік береді;
г) бұл бағдарламалар мемлекетті саяси қысымнан қорғайды, өйткені, жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақы қор төлемінің өсуі болашақта қазіргі уақыттағы еңбекақыдан бөлінетін төлем мөлшерінің өсуімен байланысты болады. Ұрпақтар ынтымақтастығы жүйесіне сәйкес тіркелген зейнеткерлерге зейнетақыны көбейту қәжеттілігі төңірегінде туындайтын талас пен шарттар жұмысшылардың еңбекақысынан бөлінетін төлемін бекітумен байланысты салаға көшеді.
Жинақтаушы зейнетақы қоржүйесі арқылы пайда болатын негізгі проблемалар төмендегідей:
1) жинақтың жалпы сомасынан емес, қор қызметіне әсер ететін әр түрлі факторлар есебімен алғанда өзінің қордағы жинағы жайлы тұтынушылардың жеткіліксіз хабардар болуы (нарықтағы жағдай, қорға түсетін пайда, құнсыздану есебінен бөлінетін жинақ мөлшерінің жалпы құны) .
2) құнсызданудың салдары және бюджетке жеке зейнетақы бағдарламалырының әсері, жинақ пен экономика есімінің деңгейі.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі зейнетақы төлемін индексикациялау жинақтаушы зейнетақы бағдарламаларына қиындық туғызады. Жалпылай алғанда, жеке сектордыңактивтері жоқ. Батыстағы жеке зейнетақы бағдарламалары құнсыздану мәселесіне ұшырады. Көптеген елдерде «ынтымақтастық» жүйесінде құнсыздануға байланысты қиындықтар туындайды. Дегенмен, бұл жүйедегі ең басты мәселе -құнсыздану емес, зейнетақының мөлшерін кез-келген уақытта көбейтуге болады, мұндағы ең басты мәселе уәделі зейнетақы төлемін көбейтуге берілген артықуаде мен қазіргі уақыттағы бюджеттік дефицит құнсыздану елеулі болған сайын (энергетикалық дағдарыс) оған «жинақтаушы зейнетақы» бағдарламалары да қарсы тұра алмайды. Жоғарыда айтылғандай, «жинақтаушы зейнетақы» жүйесі мемлекеттік бюджетке қатты әсер етеді. Егер «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің бағытында елеулі қозғалыс болса, бюджеттік шығын күрт еседі, мұның себебі ұрпақтар ынтымақтастығы жүйесіндегі жұмысшылардың тіркелген жарналары зейнеткерлердің зейнетақысы ретінде төленеді, сондықтан да «жинақтаушы зейнетақы» жүйесінің ауысымында пайда болуы мүмкін жүйе жұмысшылардың зейнетақы қорын құрай алмайды. Бұл тіркелген зейнеткерлерге зейнетақысын қамтамасыз етумен қатар, жұмысшылардың өздерінің жеке қорын құруға көмек беретін қосымша жарналар төлеуді қажет етеді. Қазіргі жұмысшы қауымын саяси түрде еңбекақысынан екі бірдей мөлшерде жарна төлеуге бағындыру мүмкін еместігінен (жалпы және өз қорына), қайта құрудың алғашқы жылдарында мыңдаған бюджеттік трансферттер қажет. Мемлекет аз мөлшердегі зейнетақы немесе құнсыздану мен басқа да қауіптерге кепілдік беретін болғандықтан, бюджеттік шығын деңгейі қандай жағдайда да төмен болмайды.
«Ынтымақтастық» және жинақтаушы зейнетақы жүйелері бір ғана мәселені шешеді, яғни жұмысшылар мен зейнеткерлер арасында ұлттық пайданы бөлісу мәселесін шешеді. Мемлекеттік «ынтымақтастық» жүйесі улкен шығын шығара отырып, көпшілікке мүлдем аз зейнетақы төлейді. Ал, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі құнсыздану зейнетақы бөлігінің қаржы са-ласын жоққа шығарып, зейнетақы қорының капиталын төмендетеді. Бул мәселеге Латын Америкасының кей-бір елдері тап болған.
1. 2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері
Зейнетақымен қамсыздандырудың қазақстандық моделі ашық және түсінікті болуы үшін, оны басқа елдердегі жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып та-былады.
Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы - бул ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды қурамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мүндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланыс-ты әр мемлекетте өзгеше болғанымен, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтәмасыз ету.
Дамыған мемлекеттердің көбінде әдеуметтік және зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар 1 :
1. Мемлекетгік зейнетақы жуйесі (әлеуметтік сақтандыру шеңберінде) ;
2. Зейнетақы қорлары;
3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы уйымдары.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру
1 Четыркин Е. М. «Пенсионные фонды: зарубежный опьгт для оте-чественных предприятий, актуальные расчеты», Мэскеу, 1993 ж.
45-бет.
жуйесі елдің барлық халқына немесе тек мемлекепік жумыскерлерге, қарулы күштерге, ал кейде теміржол қызметкерлеріне қызмет көрсетеді. Көптеген елдерде жасына, жүмыс қабілетін жоғалтуына байланысты халықтың басым бөлігін зейнетақымен қамсыздандыру компанияләрдың, фирмалардың, кәсіпорындардың, халықаралык, уйымдардың зейнетақы к, орларына жүктелген. Мундай қорларды «жеке меншік» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметтерінің бір турі ретінде жеке және топтык. зейнетақыны сақтандырумен айналысады.
Бір елдегі жеке меншік зейнетәқы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму деңгейі, мемле-кеттік зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің халық мұқтаждығына қаншалықты жауап беретіндігімен ті-келей байланысты. Жеке меншік зейнетақы қорлары иегізінен АҚШ-та кең тараған, керісіншне, мемлекеттік жүйе жақсы дамыған елдерде аз кездеседі, мысалы, Ікандинавия мен Австрияда.
Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру «уйелерін реформалау тек қана дамушы ел-церге ғана емес, тіпті жоғары дамыған елдерге де і; ажет. Өндірісі дамыған елдерде зейнетақымен с, амтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекет-"ік бағдарламалар жалак, ы деңгейіне байланысты злеуметтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы өлемімен қаржыландырылады.
Дамыған елдердегі зейнетақы төлеміне белінетін қаржының мөлшері орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнім улесінің 10 пайызын қүрайды. Өндірістік дамыған қамтамасыздандырудың бағдарламаларын мемлекет-тік бағдарламалар толықтырады, олар көбінесе ал- ^ дын-ала төленетін жарналардың жүйесіне негізделеді. I (К, осымша№1) ---'
Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне не-гізделген реформалар Латвияда, Польшада, Венг-рияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекетінде жүріп жатыр. Ең алғашқылардың бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.
Латын Америкасының ескі зейнетақы жүйелерінің мынандай ортақ сипаттамалары болған:
► Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етті;
► Жүйелердіңпринципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялык, орна-ласуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады (Перу, Чили, Уругвай, т. б. ) ;
► Мемлекеттік реттеу көптеген ведомстволар мен субжуйелер арқылы жузеге асты. Олардың әрқайсысына арнал-ған зандар болды және өздерінің басқармасы, қаржыландыру жүйесі мен қамсыздандыру бағдарламалары болды. Нәтижесінде зейнетақы жүйесін мемлекеттік басқару пирамида тәріздес болып, оныңтаңдаулы, бай топтар үшін арнайы субжуйелері мен халықтың көпшілігі ушін кедей субжүйелері болды;
► Сексенінші жылдардағы экономикалық дағдарыс нәтижесінде жумыссыздық пен ресми емес еңбек нарығыныңөсуі;
► Активті және пассивті еңбек етушілердің қатынасының курт азаюы (жумыскерлер/зейнет-керлер), нашар демографиялық жағдай;
► Сәлық түсімдері азайып, үкіметтің әлеуметтік мін-деттемелері кебейді;
► Зейнетақы төмен болды;
► Төленген жарналар мен зейнетақының сәйкес бол-мауы;
► Әкімшілік басқарудың әлсіздігі мен қабілетсіздігі, бюрократизмнің өсуі, қызмет керсетудің сапасыздығы;
► Әлеуметтік жүйенің қаржылық перспективасының болмауы.
Осізі және басқа да факторлардың нәтижесінде Ла-тын Америкасының көп елдерінде әлеуметтік жүйе мен . Мысалы, 1982жылы Уругвайда* елдің барлық табысының 81 %-на дейін жетті. Жалпы тапшылықтың 79 % зейнетақы бағдарламасына тиесілі болды. Инфляцияға байланысты зейнетақы автоматты түрде қайта есептелінбегендіктен төмендеді. Зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі үнемі өсіп отырды. Жеке % (Чилиде) және 65% (Уругвайда) қурады.
Жоғарыда айтылғанның барлығының нәтижесінде Латын Америкасы елдерінде зейнетақы реформа-сы жүргізіле бастады. Кейбір елдер толығымен жеке жинақтау мен капиталдандыру тәртібіне кешсе (Чили, Мексика), біраз елдерде жеке жинақтау жүйесімен бірге мемлекеттік тарату жүйелері де сақталынды, яғни аралас (Аргентина, Уругвай), қатар емір сүруші (Ко-лумбия, Перу), бірін-бірі толықтырушы жуйелер (Бра-зилия, Эквадор) . (Қосымша № 2)
Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШ долларын қүрайды. Негізгі улесі Бразилия мен Чилиге келеді:
Бразилия - 60, 29% Чили - 23, 26%
Аргентина - 8, 61 % Мексика - 4, 33 % Колумбия - 1, 58% Перу - 1, 3 % Уругвай - 0, 28 % Боливия - 0, 25 % Коста-Рика - 0, 05% Сальвадор - 0, 04% Зейнетақы реформасы барлық елдерде бір уақыттс басталған жоқ. Бүл елдер бірінің тәжірибесін бірі ес-кере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқь болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға беі бүрды. Сондықтан да, олар ерекше сипапамаларға ие, мемлекеттің қатысуы да әр түрлі және көрсеткіштері де өзгеше (кесте №2) .
Зейнетақы қорларының қызметін сипаттайтын не-гізгі көрсеткіштердің бірі елдің барлық қорларының зейнетақы активтерінің сомасының жалпы ұлттық өнімге қатынасы болып табылады. Келесі кестеде бүл керсеткіштің езгеру динамикасы мен 2015 жылға дейінгі перспективасы берілген (кесте №3) .
Инвестициялық саясат зейнетақы қорларының к, ызметінде өте маңызды мәселе болып табыла-ды. Қазақстандык, зейнетақы активтерін басқаратын уйымдардың және зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің үрейлі жәғдайын ескерсек, Латын Америкасындағы қорлар зейнетақы активтерін қайда және қандай мөлшерде инвестициялайтынын талдау өте қажет. Бул елдерде қорлар жинақталған активтерді мемлекепік қунды қағаздарға, мерзімді депозиттерге, бондарға, ипотекалық вексельдерге, акцияларға, сондай-ақ, шетелге инвестициялауға мүмкіндіктері бар. Мемлекет тарапынан заңды түрде белгіленген инвестициялаудың нормативтері, яғни шектеулері аймақтағы барлық елдерде бірдей емес. Мысалға Боливияда зейнетақы активтері 100 пайыз мемлекеттік құнды қағаздарға салынуы тиіс. Әрине, мемлекеттік қүнды қағаздар бойынша табыс аз бол-са да, олардың мемлекеттік кепілдемесі болады. Сондықтан да, бул елдердің кебінде мемлекеттік қунды қағаздарға деген сураныс та, норматив те жоғары. Чили мен Бразилияда ипотекалық вексельдерге көп көңіл белу арқьілы, түрғын үй мәселесін жақсы ше-шуде. Перудің зейнетақы кррлары керісінше акциялар мен бондарға, сәйкесінше 34, 9% және 37, 6% салып, мемлекеттік қунды қағаздар мен ипотекалық век-сельдерге тек 0, 4%-дан инвестициялаған. (Қосымша № 3) . Қорыта айтқанда, Латын Америкасындағы зейнетақы реформасы нәтижесінде, сол елдерде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың және жумыс орындарының жаңа қайнар көздері пайда болды. Олар капитал нарығының дамуына, халық жинақтарының кебеюіне, жуыыссыздык, тың азаюы-на және жалпы экономиканың нақты секторының өсуіне игі әсер етті. Бул салымшылардың қартайғанда бүкіл еңбек өміріне сәйкес әділетті зейнетақы алуына мүмкндік жасайды.
Тутынушы өз салымының қунсызданбауына көзі жететіндей (қунсыздану қаупі төмен) және аздаған қүнсыздану сияқты ерекшеліктерін есепке алып, дамыған елдердің жекеменшік зейнетақылық бағдарламаларын жалпылай және бүтіндей сипат-тайтын төрт негізгі белгілерін көрсетуге болады:
1. Халықтың жекеменшік зейнетак. ы бағдарлама-ларына өзбетімен қатысуы (жеке адам мемлекеттік зейнетақы бағдарламасының шегінде к. алып, же-кеменшік бағдарламаларға кірмеуге де мүмкіндігі бар) .
2. Жекеменшік зейнетақы бағдарламалары мем-лекеттік зейнетақының тек бір бөлігін ғана игеріп, кемекші рөлді атқарады.
3. Жекеменшік зейнетақы бағдарламасы екі фактор-мен ғана шектеледі: тутынушының жеке тандауының шегі болады (жарнаның белгілі бір пайызынан артық емес) ; зейнетақы компанияларының қызметін тұтынушылардың сенімін қорғау мақсатымен мем-лекет қадағалайды.
4. Барлық. жекеменшік зейнетақы бағдарламалары маңызды салық жеңілдіктері арқылы жәрдем бе-реді. Қунсыздану қаупі болған жағдайда мемлекет тутынушылардың жекеменшік зейнетақы қорындағы жинақтарымен сәйкесетін индексті мемлекеттік об-лигациялар шығарады.
Европалык, экономикалық одақтың кейбір ел-церіндегі 65 жастан үлкендердің 15 жастан 64 жасқа цейінгі халықтық үлесі мен мемлекеттің зейнетақымен к, амсыздандыруға жумсайтын шығынының ЖІӨ-дегі улесі келесі кестеде көрсетілген (кесте №4) .
Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесі
Енді Қазақстан сияқты экономиканы қәйта жаңартуға, социализмнен қалған жүйеге әлеуметтік
жағдай жасауға межбур Шығыс Европа елдерінің зейнетақы жүйесіне тоқталайық.
Шығыс Еуропа елдерінің ішінде Польша, Вен-грия, Чехия, Словакия елдерінің зейнетақы жүйелері ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бул елдердің зейнетақы реформасының басты ерекшелігі -. тенденциясына ушыраған, сонымен бірге «әлеуметтік бағыну пропорциясы» деп аталатын өсім бар: еңбекке жарамсыз халықтың (зейнеткерлер, мүгедектер, бала-лар) еңбекке жарамдыларға қатынасы. Шығыс Еуропа едцерінің зейнетақы жүйесі қартайғанда міндетті тұрде төленетін елеулі құн, орташа зейнетақының орташа еңбекақыларға байланысты жоғ-ары пайызы мен зей-неткерлікке уақытылы шықпау қиындығын көрсетеді. Бул жүйелердің айырмашылығы - қай мемлекеттің бул мәселелерді қалай шешетіндігінде.
Келесі кесгеде Шығыс Еуропа елдерінің зейнетақы жүйесіне сипаттама берілген. Бул кестені талдай келе мынандай қорытынды жасауға болады: Шығыс Европаға зейнетақы реформасының қажеттілігі жыл-дан-жылға өсіп отырғандығын байқаймыз (кесте №5) .
Сөз болып отырған терт ел зейнеткерлерді қоғам тарәпынан қамтамасыздандыру мәселесін шеше ал-мауда, оләрдың бәрінің алдында еңбекке жарамсыз халықтың үлесінің есу проблемасы тур. Сондык, тан да, зейнеткерлерді зейнетақымен қаматамасыз ету мемле-кеттік бюджет үшін өте қымбатқа тусіп отыр.
Бул елдердің үкіметі «мемлекеттік зейнетак, ы» жуйесі күндердің күнінде жаңа демографиялық және экономикалық қурылымға сәйкес қызмет істеуін тоқтатады, сондықтан жинақ қорларына негізделген «жинақтаушы зейнетақы» моделі өмірге ауадай қажет деп отыр. Алайда, тек Венгрия мен Чехия ғана осы бағытта елеулі күш көрсетті.
Венгрия 1994 жылы зейнетақы реформасы үшін заң шығару саласын к, урды. Қазіргі кезде бул елде еңбекке жарамды халықтың 5 пайызын иемденген және өз активтерімен ЖІӨ-нің бірнеше пайызын жинаған 18-ге жуық қор жумыс ісгейді. К, орлардың әлі дурыс дамымағандығы өздерінің қол жетерлік пайдасынан тыс инвестициялық табыс бағдарламасын тиімді пай-даланбайды. Салымшылардың саны да көп емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz