Діннің әлеуметтік мәні


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

ХХ студенттердің ғылыми практикалық конференциясы

«Заң» факультеті

«Әлеуметтану және саясаттану»

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Діннің әлеуметтік мәні»

Ғылыми жетекшісі: Қаныбекова Қ.

соц., ғ., к., аға оқытушы

Орындаушы: Мамирайм Ж.

Түркістан - 2011

Қосымша 1

Ғылыми жұмыстың аннотациясы

Атауы: « Діннің әлеуметтік мәні»

ЖОО: А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жұмыстың аяқталған жылы: 2011ж.

Жұмыстың көлемі: 40 бет

Қосымшалар саны: 5

Таблицалар саны: - 1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 21

Ғылыми жұмысқа мінездеме:

Ғылыми жұмыстың мақсаты: « Діннің әлеуметтік мәні»

Жүргізілген ғылыми-зерттеу әдістері: теориялық, сауалнама, қосымша.

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы.

Автордың қолы: М. Жансая

Анықтама

Автор

1. Мамирайм

2. Жансая

3. Улукбекқызы

4. 1курс

5. Ы. Алтынсарин №35

Жетекшісі

1. Қаныбекова

2. Қарлығаш

3. Жұмабекқызы

4. СОЦ. ғ., к., аға оқытушы

5. Комунизм Б. Момышұлы №36

Жетекшісі

Қаныбекова Қарлығаш Жұмабекқызы

Автор

Мамирайм Жансая Улукбекқызы

Мамирайым Жансаяның «Діннің әлеуметтік мәні» атты дайындаған ғылыми жұмысына ғылыми жетекшісінің

ПІКІРІ

Жансаяның негізге алып ізденген тақырыбы өте өзекті. Себебі бүгінгі қазақстандықтардың дінге қызығушылығы, бір Жаратушыға деген сенімдері күрт өскен. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағытта Жансая ғылыми жұмысын табысты жүргізді деген ойдамын.

Ғылыми жұмысының мазмұны қазіргі Қазақстан қоғамының демократиялық жолмен алға ілгерілеуінде діни ұйымдардың, соның ішінде, әсіресе, исламдық және провославиелік конфессиялардың ізгілік, қайырымдылық, имандылық тұрғысында атқарып жатқан игі істерін, ұлтаралық татулық пен келісімді үйлестірудегі қызметтерін саралап, нақтылы фактілік материалдармен қамтыған.

Сонымен қатар, ғылыми жұмыста мысалға келтірілген нақтылы шешімдердің нақты - социологиялық зерттеу мәліметтерінің молдығы зерттеу мақсатын жан - жақты ашып, нақтылы көрсетіп берген. Атап айтатын болсам, сұралған респонденттердің діни санасының деңгейін, белгілі бір дінді тұтынушылардың этностық, жас, әлеуметтік - демографиялық, білім, кәсіби және қоныстық ерекшеліктерін, белгілі бір бір діни бірлестіктің (сектаның) өз қатарына басқа діни нанымдарды тұтынушыларды тарту мүмкіндіктерін, жас өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа діннің белгілі бір түрінің ықпалдығы қандайлығын анықтауға тырысқан. Ислам діні бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының шамамен төрттен бірі ұстанып, биік бағалап, аялап, қастерлеп отырған соңғы иләһи дін. Оның адам баласын үнемі тазалыққа, адалдыққа шақыратыны, Алла тағала мен Пайғамбарымызға және дүниедегі бүкіл жаратылыстарға опалы болуға үндейтіні анық. Сан ғасырдан бері тып-тыныш, бейбіт өмірді насихаттап келген асыл дінімізді соңғы жылдарда лаңкестік, экстремистік секілді небір жағымсыз ұғымдармен байланыстыратын пікірлердің пайда болуы жүрегімізге ауыр тиетіні рас. Негізінде, Ислам еш уақытта адамдарды бүлікке, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке немесе біреудің жазықсыз қанын төгуге шақырған емес. Керісінше, ол өзгенің ақысына қылдай қиянат жасамауға үйрететін үлкен тәрбие қайнары деуге әбден болады.

Жалпы жұмыс жақсы жазылған, Жансая өз ғылыми жұмысын жан-жақты зерттеуге тырысқан. Жұмыстың жазылу стилі де жүйелі.

Ғылыми жетекшісі

соц. ғ. к., аға оқытушы Қаныбекова Қ. Ж

Мамирайм Жансаяның «Діннің әлеуметтік мәні» атты дайындаған ғылыми жұмысына оппоненттің

ПІКІРІ

Мамирайм Жансая өте маңызды, өзекті және қазіргі Қазақстан қоғамның болашағына пайдалы тақырыпқа арналған ғылыми жұмысын ұсынып отыр. Қазақстан қоғамының зайырлық, әлеуметтік-экономикалық, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғысынан діни сананың рөлін анықтау, діни сананың қалыптасу жолдарын, діни наным - сенімдердің демократиялық, мәдени-рухани тұрғыдан қалыптасу ерекшеліктерін жүйелі түрде талдай білген.

Жұмыстың бірінші бөлімі діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың әлеуметтанулық түсіндірмелерін талдауға арналған. Атап айтқанда, бөлімшеде социология ғылымы классиктері еңбектерінің мәні мазмұндалған. Одан әрі бөлімшеде осы замаңғы батыстық, ресейлік социологтардың діни сенім бостандықтары, діни бірлестіктердің қызметі туралы ой-пікірлерін талдаған. Жақсы. Бұл жұмыстың мазмұнының дұрыс құрылуын қамтамасыз етеді.

Екінші бөлімшесінде діннің жүйелік құрылымдық жүйесі талданады.

Діннің жүйелік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үш түрлі элементтен, атап айтқанда, діни санадан, діни мінәжаттардан және діни ұйымдардан құралады.

Діни сана - діннің негізгі элементтерінің бірі. Діни сана екі деңгейлік құбылыстан құралады. Біріншісі - психологиялық деңгей, яғни діни психология, екіншісі - парасаттылық, ақыл-ойлық деңгей, яғни діни идеология.

Діни психология - адамдардың белгілі бір діни сезімдерінің, көңіл күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы.

Діни идеология дегеніміз - белгілі бір жүйемен тәртіптелген діни ой-сана, ұғым-түсініктер жиынтығы. .

Діни сенім - өте күрделі рухани феномен, өз бойына жоғары интеллектуалдықты, шабытты, рухтанушылықты жинақтайды.

Ең жоғарғы деңгейдегі діни сенім екі нысанда көрінеді. Біріншісі - ғибадат ету көріністері, екіншісі - имандылық. Имандылық - барлық діндерде бар қасиет. Себебі ол өз мазмұнына бүкіл болмыстың жаратылу себебін, даму заңдылықтарын ұғынып-түсінуді жинақтайды, адамдарды жоғары адамгершілік қасиеттерді меңгеруге ұмтылдырады. Қорыта айтатын болсам Жансаяның ғылыми жұмысы көңілге қонарлықтай.

Түркістан қаласы

Ғ. Мұратбаев атындағы

№5 орта мектеп директоры: А. Момбеков

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АДАМ МЕН ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ . . . 5

1. 1 Діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың социологиялық түсіндірмелері . . . 5

1. 2 Дін туралы Конт, Спенсер, Дюркгейм және т. б. ойшылдардың пікірлері . . . 17

2 ДІННІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . 18

2. 1 Діннің құрылымдық жүйесі, әлеуметтік белгілері, көріну нысандары . . . 18

2. 2 Қазақстандағы діни ахуал: жай - күйі . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . 34

ҚОСЫМШАЛАР . . 36

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Ғылыми жұмыс қазіргі уақыттағы діннің әлеуметтік мәнінің негізгі факторлары мен жолдарына талдау жасауға арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті. Қоғамның әлеуметтік және рухани салаларында болып жатқан өзгерістер, ең алдымен адамның санасына айтарлықтай ықпал етіп отырғаны бесенеден белгілі.

Өйткені, біріншіден, қалың жұртшылықтың бұрыннан жүректеріне ұялап, сенімдеріне айналған дәстүрлі ислам дінінің сунинттік, христиан дінінің православиелік бағыттарымен қатар, бүгінгі күні республика аумағында Қазақстан халқы үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» конфессиялар қаптап жүр. Сондықтан егемендікке қол жеткізгелі бері берік сақталып келе жатқан дінаралық татулық пен түсіністікті бұзып алмау үшін көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін халқтары арасындағы дінаралық төзімділікті сақтау өте маңызды.

Екіншіден, дін - бүгінгі таңда рухани жаңғыртудың өзегі ретінде өте маңызды әлеуметтік институт. Ол қоғамдағы әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін саяси күштермен ықпалдаса отырып, қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.

Бүгінгі Қазақстан - көп ұлтты және көп дінді мемлекет дейміз. Сондықтан мемлекет үшін дінаралық және этносаралық келісімді сақтау, қоғамда діндер аралық диалог және өзара түсіністік ахуалын жасау - еліміздегі азаматтық татулық сақтау мен нығайтудың маңызды негізі, бірегей тетігі болып табылады.

Дін бүгінгі таңда рухани жаңғыруға үлкен септігін тигізіп отырған процес. Ол қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіріп қазіргі қоғамдық дамудың барысына кәдімгідей әсер етіп келеді.

Сондықтан, діннің мәртебесі, яғни оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, сондай-ақ, бір жағынан қоғамның, онда жүріп жатқан үрдістердің дінге тигізіп отырған ықпалы, екінші жағынан, діннің қоғамның дамуына тигізіп келе жатқан кері әсері туралы ғылыми тұрғыдан негізделген пайымдаулар керек-ақ. Сонымен қатар, әр түрлі конфессиялардың ішіндегі діни үрдістерді, оларды тұтынушы жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың ұстанып отырған әлеуметтік бағдарларын бағамдаулар да өте актуалды, өз шешімін күтіп отырған проблемалар қатарында саналады.

Зерттеу пәні - Діннің әлеуметтік мәнінің қоғамда қалыптасу жолдарының ең тиімдісін саралау. Діни наным - сенімдердің демократиялық, мәдени-рухани тұрғыдан қалыптасу жолдарын және ерекшеліктерін талдау.

Зерттеудің мақсаты - қазіргі Қазақстан қоғамының зайырлық, әлеуметтік-экономикалық, демократиялық, мәдени, рухани және адамгершілік тұрғысынан діннің рөлін анықтау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу келесі зерттеудің төмендегі міндеттерін шешуді қарастырады:

  • әлеуметтік-философиялық ойлар тарихындағы діннің қалыптасуының негізгі факторлары мен жолдарына, теориялық көзқарастар эволюциясына концептуалды талдау жасау;
  • социологиялық парадигмалар аясында діннің, діни сананың қазіргі Қазақстан қоғамындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы маңыздылығын жалпылау;
  • діннің әлеуметтік мәні мен мазмұнын ашу, тұлғаның қалыптасуындағы олардың орны мен рөлін анықтау;
  • Оңтүстік Қазақстан түрғындарының бойында діни сананың іске асуының тетіктері мен ерекшеліктерін анықтау және негізгі бағыттарын зерттеу;
  • күдік тудыратын діни секталар мен топтардың әрекеттерінің алдын алу, діни санаға қатысты үгіт - насихаттың ұйымдастырылуын жетілдіру, тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау, социологиялық парадигмалар аясында діннің әлеуметтік институт ретіндегі мәні жан-жақты негізделіп, нақтыланды;
  • Оңтүстік Қазақстан халқының бүгінгі таңдағы діншілдік деңгейі бағамдалды;

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен,

4 бөлімшеден құралған қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І. АДАМ МЕН ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ ДІННІҢ ОРНЫ

1. 1 Діннің мәнін, оның адам мен қоғам өміріндегі орнын анықтаудың социологиялық түсіндірмелері

Бүгінгі таңда дінді әлеуметтік институт әрі қоғамдық жүйенің белді тұғырлық ұстыны ретінде социологиялық тұрғыдан талдау айрықша маңызға ие. Діннің қоғамда алатын орнын социологиялық тұрғыдан зерделеуді алғашқылардың бірі болып бастаған француз социологы О. Конт болды.

О. Конт тарихи дамудың «үш сатысы» заңын қалыптастыра келіп, ақыл-ой дамуының теологиялық, метафизикалық, позитивтік сатылары қоғамның даму кезеңдерімен сәйкес келетінін негіздеді. Бірінші саты - «діни немесе теологиялық жағдай», онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субьективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі - философиялық, «метафизикалық жағдай», онда абстракция, дөрекі дерексіздік шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш заң «сана жағдайының» әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, сонымен бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде «екінші теологиялық синтез» керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың біріңғай ортақ «ұлы тірі жан» культі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде «позитивті дінді» жасады. Жаңа қоғамның рухани негізі ретінде екінші теологиялық синтез керектігін баса айтты. Қоғам өміріндегі діннің алатын орны мен рөлін асыра мадақтады.

О. Конттың зерттеулері бойынша теологиялық тәртіптің соңғы тарихи формасы - орта ғасырлардағы «католиктік және феодалдық режим». Ол уақытта діни сенімдер біріктіруші күш болған, яғни әлеуметтік қоғамның негізін құраған. О. Конттың ойы бойынша келешекте ғылым дінге өз үстемдігін жүргізеді. Бірақ ол кезде әлеуметтік байланыстар үзіліп, ыдырайды. Осылайша діннің рөлі төмендеп, позитивті кезең басталғанда «позитивті дін» қоғамды біріктіруші күшке айналады. О. Конттың іліміне сүйене отырып мынаны анықтауға болады:

  1. Дін қоғамның құрамдас (бөлінбес) бөлігі болып есептеледі. Бұл идея кейіннен секуляризациялыққа негіз етіп алынды (Секуляризация дегеніміз қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан арылуы, шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке алынуы) .
  2. О. Конттың ілімі бойынша әрбір кезеңге белгілі бір әлеуметтік құрылымдар тән. Теологиялық үстемдікті қоғамда дінбасылары мен әскерилер қамтамасыз етеді, ал метафизикалық кезеңде жетекші рөлді ғалымдар атқарады. О. Конттың тұжырымдамасы бойынша позитивті (жағымды) дін - ірі әлеуметтік организм.

О. Конт дінді екіжақты қарастырады: қоғамдық және жеке бастық.
О. Конттың түсіндіруінше қоғамдық дінде құдайдың орнына адамға табыну орын алады. Дін адамзат келешегі үшін қызмет етеді. Дін өзіне адамзаттық барлық әрекеттерді біріктіреді, яғни адамның іс-әрекетін, ойларын, саяси қимылын негіздейді, мәдениеті мен философиясына ықпал етеді.

Социология позитивтік бағыт арқылы өзін мойындатады. О. Конт дінді әлеуметтік тұрғыдан ұғынып-түсінуге қол жеткізді [1, 15-175 бб. ] .

Діннің мәнін негіздеуге Г. Спенсер де айтарлықтай үлес қосты. Ол
О. Конттың тұжырымдамаларын одан ары қарай дамытты. Г. Спенсердің дін туралы көзқарастарының қалыптасуына Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы әсерін тигізді. Г. Спенсер қоғамды биологиялық организм деп қарастырып, оның жеке бөліктерін (тіркеу, өкімет, білім беру) осы организмнің элементтері деп есептеді.

Оның түсінігінше қоғам қарапайым жағдайдағы элементтер сияқты дамиды. Құрылымдағы өзгерістер қашанда ішкі өзгерістер арқылы жүзеге асады, барлық бөлшектер бір мақсат үшін қызмет етеді, яғни әлеуметтік интеграцияның негізін құрайды. Әлеуметтік дамудың негізгі заңы өмірге бейімделгендердің өмір сүру заңы, табиғи таңдау қызметін экономикалық бәсеке атқарады.

Г. Спенсер революцияға қашан да қарсы болып, оны организмдегі ауру деп есептеді. Оның ойынша, эволюция ғана қоғамды да, әрбір адамды да бақытты ете алады [2, 39-40 бб. ] .

Г. Спенсер қоғамды екі түрге бөліп қарастырады: әскери және өнеркәсіпті. Әскери қызмет қоғамда мақсатқа жету үшін міндетті түрдегі қызмет болса, өнеркәсіп қоғамда ерікті қызмет атқарады. Дін әскери қоғамды қолдайды. Өнеркәсіпті қоғамды қолдамайды.

Г. Спенсердің ойынша дін:

1. отбасылық қатынастарды нығайтады;

2. адамдардың тәртібін бақылау мен басқару негізін бекітіп береді;

3. ұлтаралық бірлікті нығайтады (соның ішінде діни бірлікті де) ;

4. жеке меншікті қолдайды [3, 272-287 бб. ] .

Г. Спенсер дінді «бірлікке», «интеграцияға» жету құралы деп есептеді, қоғамда әрқашанда «қандай да бір дінге» орын бар деп ойлады [4, 13 б] .

Социолог ғалымдар діннің қоғамдағы орны мен рөлін зерттегенде тек «Құдай бар ма, әлде жоқ па?», «Болашақты алдын ала негіздеуге бола ма?», «Өлгеннен кейінгі өмір қандай?» деген сияқты сұрақтарға жауап іздемейді, керісінше діни, этикалық құндылықтардың адамдардың, әлеуметтік топтардың ой-санасына, іс-қимылдарына тигізетін ықпалды әсерін зерттейді.

Социология ғылымы дінді отбасы, білім беру сияқты әлеуметтік-мәдени құбылыстар қатарында қарастырады. Социологтар дін қалай пайда болды және кімдерге қалай қызмет көрсетеді, әртүрлі дін өкілдері арасындағы қарым-қатынастар қандай деңгейде, олардың араларында не себептен қақтығыстар болады? деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді.

Социолог ғалымдар үшін дін - әлеуметтік-мәдени құбылыс, жеке адамдардың немесе әлеуметтік тұрғыдан топтың ой-санасының немесе іс-қимылдарының жиынтығы [5, 414-429 бб. ] .

Э. Дюркгейм өзінің социологиялық зерттеулерінде қоғамның ынтымақтастығын дамытуды ұсынады. Ол діннің пайда болуы мен дамуын қарастыра келіп, оның қоғамдағы орны мен қызметін талдайды.

Функционалдық парадигмасы бойынша дін:

  1. діни нанымдар мен әрекеттер жүйесіне жатады.
  2. дін адамдардың рухани көзқарастар жүйесі.

Дін өмір мен өлім туралы көп ойланатын жеке тұлға үшін пайда болып, дамымайды, керісінше, ол қоғамдық жиынтық, діни нанымдар мен құндылықтар түрінде өмір сүреді. Э. Дюркгейм О. Конттан кейін қоғамды ынтымақтастық өрісі деп қарастырады. Оның түсіндіруінше ынтымақтастық екіжақты қарастырылады: а) механикалық тұрғыдан және б) органикалық тұрғыдан.

Механикалық ынтымақтастық дамымаған, көне қоғамдық құбылыстарға тән құбылыс, ондағы адамдардың іс-қимылы, әрекеттері. Бұл қоғам

Э. Дюркгеймнің пікірінше тез арада діншілденеді. Діни сезім мен сенім адамдар арасында күшейе түсіп, қарқынды дамиды.

Органикалық ынтымақтастық адамдардың арасындағы еңбек бөлінісіне, экономикалық қатынастарға негізделген. Ынтымақтастық жағдаятында адамдар қоғамда еркін өмір сүреді.

Э. Дюркгеймнің концепциясы бойынша дін діни нанымдар мен құндылықтар жүйесінен құралады, ол қоғамның барлық мүшелеріне тиесілі. Дін қоғам мүшелерінің ынтымақтастығын арттырады, интегративті қызмет атқарады. Э. Дюркгейм діни салт-жораларға жете көңіл бөлді. Ол адам өміріне азық-түлік қандай қажет болса, салт-жоралар да сондай қажет болады деп есептеді. Салт-жоралар адамдардың бірігіп әрекет етуінен туындайды, ол әлеуметтік топтың өмір сүруін нығайтады, олардың бірлігін арттырады. «Механикалық ынтымақтастық» о бастан салт-жоралармен тығыз байланысты. Ұжымдық топ салт-жоралық қозу кейпіне енгенде күштің қайнар көзіне жақындай түседі, қашан да жеке адамдардан жоғары тұрады. Бұл діни өмірдің қарапайым түрі, діни салт-жоралар мен діни нанымдардың символы.

Діннің әлеуметтік өмір сүру формаларының күрделенуі «органикалық ынтымақтастыққа» алып келеді. Бұл кезде коллективтік (ұжымдық) өріс таралып, діннің әлеуметтік қызметтік императиві өзгереді. Десек те, діни нанымдар мен салт-жоралар діннің «әлеуметтік ядросын» өзгертпейді. Қоғамдағы экономикалық қалыпты сақтай алмаған «ескі құдайлар» өліп, олардың орнын қоғамды біріктіретін «жаңа құдайлар» басады. Австралиялық аборигендердің өмірін зерттеген Э. Дюркгейм дін қоғамда адамгершілік бірлікті сақтайды деген шешімге келді. Діннің әлеуметтік мәні қоғам бір сәтте діннің авторы және обьектісі бола алатынынан көрінеді. Ол дінді дүниеге алып келеді, бір сәтте құдай да, табынушы да бола алады.

Э. Дюркгейм дінді кез-келген қоғамның құрылымдық элементі деп есептеді [6, 35-69 бб. ] .

1. 2 Дін туралы Конт, Спенсер, Дюркгейм және т. б. ойшылдардың пікірлері.

Дін әлеуметтік сезімдерді оятады, ұжымдық әрекеттерге үндейді.
Э. Дюркгеймнің О. Конттан айырмашылығы ол дінде шындық элементтері бар деп есептеді.

Дін біздің оған қызығушылығымызды діни наным-сенімдер екендігіне ғана қарап оятпайды, ол сонымен бірге терең әлеуметтік мәні бар қызмет те атқарады.

Э. Дюркгеймнің түсінігінше, дін құқық, адамгершілік сияқты өте ықпалды әлеуметтік күш, ол қоғамда «мотор» қызметін атқарады, адамдардың арман-мұраттарының қалыптасуына әсер етеді [7, 47 б. ] .

Э. Дюркгейм дінді теңестіру (ұқсастыру) белгілерінсіз зерттеуге болмайды деп есептеді. Ол дінді де қоғамдағы басқа да құбылыстар сияқты жеке зерттеу обьектісі ретінде бөліп қарау керек деп есептеді. Э. Дюркгеймше діннің мазмұнын әлеуметтік шындық (ақиқат болмыс) құрайды. Шындықтың негізінде әлеуметтік фактілер жатыр. Жеке адамға немесе әлеуметтік топқа әсер ететін іс-әрекеттер әлеуметтік фактіге жатады. Оған, сондай-ақ, заңдарды, дәстүрлерді, діни нанымдарды, ақша системасын, т. б. жатқызуға болады.

Әлеуметтік өмірге зияндықты анықтау үшін Э. Дюркгейм әлеуметтік зерттеу жүргізу керек, оның ішінде бақылау, салыстыру әдістерін пайдалану керек деп есептеді.

Э. Дюркгеймнің пікірінше, дінді «қасиетті заттар» және соларға қатысты «салт-жоралар» құрайды. Ол өзінің «Діни өмірдің қарапайым нысаны» деген жұмысында: «дін - діни наным мен тәжірибеден құралады» деп тұжырым жасады [7, 9-10 бб. ] .

Р. Белланың түсіндіруінше, дін - символикалық формалар мен әрекеттер жиынтығы, ол адамды соңғы өмір сүру шегіне алып барады, ол адамның танымдық қабілетін қалыптастырады. Мәселені басқаша шешудің жолдары болмаған кезде діннің өрісі кеңейеді. Дін - әлеуметтік өмірдің рухани деңгейі.

Р. Белланың пікірінше, дін айрықша құрметке ие адамдарға билік жүргізуге ерік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Діннің мәні
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Теориялық дінтану
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Дін және мәдениет, қоғам
Діннің мәні, түрлері
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Діннің қоғамдағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz