Ғажайып флора әлемін шарлаңыз


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғажайып флора әлемін шарлаңыз

Адамзат о баста-ақ табиғаттың әсем гүлдерді тек көз қуанышы үшін ғана сыйламағанын білген. Денсаулығы мықтылардың көңіліне нұр сеуіп, сұлулық әлемінің құдіреттілігіне бас идірсе, сырқат жанның жанын сергітіп, науқастан арылуына септігін тигізетін сан-алуан гүлдердің қасиетіне әлі де болса терең бойлай алмай жүрміз.

Көне замандарда-ақ қазақ халқы науқастың төсегінің айналасына жын-шайтанды қуып, өзінің жұпар иісімен адамның ағзасына қуат беретін дала гүлдері мен емдік шөптерді іліп қоятын болған. Шөпші-емшілер бір шоқ дала наурызкөгін жинап әкеліп, сырқтат адамға Ұлы далаға тағы да көктемнің келгенін, көп ұзамай, күн жылынып, оның да сауығып кететінін білдіріп отырған деседі. Көк мұз, ақ қарды жарып шыққан көктемнің алғашқы қарлығашы адамдар ойына алапат қуат береді деп есептелген. Сондықтан, жақындарыңызға, туған-туыс, дос-жарандарыңызға гүл шоғын жиі сыйлаңыздар!

Түймедақ

Жұмсақ та нәзік иісті осынау гүл балалық шақтың ескерткішіндей көрінеді. Кішкене қыздар оны теріп алып, өріп бастарына киетін гүлтәж жасайды. Майда аппақ гүлдің ортасындағы түймедей сары дақ бейне бір күн секілді қыздарды керемет сұлу етіп көрсетеді. Жасыл шалғын ішінде гүлтәж киген балалық шақ зу етіп өте шығады. Ал түймедақ гүлі болса, жыл сайын жер-ана төсіне қайта шығып, адамзатқа өзінің балғын да нәзік жұпарын сыйлай береді. Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді. Алыста қалған балалық шақтың керемет суретін бастан қайта өткеру үшін түймедақ өсетін шалғынды алқапқа жиі барыңыз.

Хош иісті қазоты (герань)

«Ауыл гүлі» деген атау алған оны қалалықтар соңғы жылдарға дейін онша менсініңкіремей қарап келгені жасырын емес. Қазотыны әсіресе Ресейдің деревняларында тұратындар көп өсірген. Аппақ шілтермен көмкерілген терезелер алдында шоқтай қып-қызыл немесе аппақ гүлдерімен қысы-жазы көздің жауын алып тұратын қазоты шынында да бап таңдамайтын, тек суарып тұрсаң болғаны, өзінің өткір иісін аямайды. Тек соңғы кездері ғана гүл саудасы күшейіп, Голландиядан оның неше түрлі будан сорттары (оларда пеларгония деп аталады) нарықта қаптаған кездерден бері ғана назар аударыла басталды. Бүгінде қазоты гүлдері қалалықтардың балкондарында да қаптап өсіп тұр.
Ол алуан түсті гүлдерімен ғана емес, небір ауруларға емдік қасиеті бар екендігімен де өзін мойындата бастады. Қазоты тұрған жерде күйе көбелегі жүрмейді, гайморит қозған кезде немесе құлақ шаншығанда оның жапырағын алақаныңызбен уқалап, өткір иісін иіскесеңіз, оң ықпал береді. Тамақ баспасы мен мұрын бітелген кездері де асқынуды жеңілдетіп, тынысты ашады. Өйткені оның өткір иісі ағзадағы бактериялар мен вирустық инфекцияларға тосқауыл жасайды.

Кәдімгі жалбыз

Жалбыздың хош иісі қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымының дұрысталуына сеп екен. Шаршағанды басып, адам бойына құлшыныс сыйлайды. Сонымен бірге, тамырлардың қысылуына байланысты болатын бастың ауырғанын сылып тастайды, стенокардия қысымын жеңілдетеді. Бауыр мен көкбауырға байланысты оң жақ бүйірдің ауыруы мен жүрек айнуды тоқтатады.

Емдік гүлшетен (розмарин)

Емдік гүлшетеннің иісі бронхит, өкпенің қабынуы секілді тыныс жолдары ауруларына таптырмайтын ем. Демікпенің күшеюіне жол бермейді.

Гүлдердің түстері

Тек иіс ғана емес, гүлдердің түстері де адам көңіл күйін көтеруге өзінше ықпал жасайды. Әртүрлі түстер адам ағзасында әртүрлі гормондардың бөлініп шығуына әсер етіп, жақсы көңіл күй сыйлайтынын ұмытпаңыздар. Бұл енді әркімнің қандай түсті ұнататынына тікелей байланысты болады екен. Өзіңіз сүйетін түсті гүлдің бір шоғын жатын бөлмеңізге үнемі қойып қоюды ұмытпаңыз.

Қызыл гүлдер

Қызыл түстісі басым гүл шоғы өте күшті энергетика бөліп шығарып, ағзаның жалпы тонусын көтеріп, адреналин, норадреналин секілді гормондарды бөліп шығаруына көмектеседі. Классикалық қызыл раушан гүлдерінің психикалық және физикалық белсенділікті күшейтіп, шаршағандықты басады, жүрек ауруына бірде бір емдік қасиеті бар. Иммунитеттің төмендігінен болатын тыныс жолдары ауруының жиі қайталануынан сақтайды.

Сары гүлдер

Ашық-сары түс (қызғалдақ, орхидея, күнбағыс, т. б. ) көңіл күйді жақсартып, ми жұмыстарына жақсы әсер етеді. Ойды айқындап, иммундық жүйені күшейтеді. Депрессияны жеңуге көмектеседі.

Жасыл түс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барсакелмес қорығы туралы
Египет мемлекеті және туризм
Табиғи қорықтар
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар
Экологиялық туризм
Delphi бағдарламасын қолданып мәліметтер қорын құру
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Биогеография туралы түсінік
Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz