Ислам дінінің әлемге таралуы



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Исламның әлемге таралуы
2. Ислам дінінің қысқаша тарихы
3. Ислам діні туралы түсінік
4. Исламның тоқырауға ұшырауы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп танып, қабылдаған Қарахан мемлекетінің қағаны Қарахан (Сатұқ-Боғра, исламша аты Кемал) болды. Бұл әлгінде айтылған Әбдірахым баптың немересі Әулие Ата еді.
Дегенмен ислам діні әлі де болса қазақ халқының бойына терендеп сіңе алмай, ескі наным-сеніммен астарласып, қатарласып жүрді. Халықтың рухы, діні ислам деп айтылғанымен, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы онша өзгеріске ұшыраған жоқ. Бұл жөнінде Ш.Уөлиханов: «Діни жетекшісі — молдасыз, сауатсыз халық арасында мұсылман діні ойдағыдай тамыр жая алмады. Ислам дінінің әуезді дыбысы мен түсініксіз сөздер тізбегінің астарында шамандық салт-сана қалып қойды. Сондықтан да діни атаулардың аттары, терминдер ғана өзгерді, ал негізгі шамандық туралы түсінік баяғы қалпында қалды» (Ш.Уалиханов. Таңд. шығ., Алматы, 1985 жыл, 170 бет).
Халықтың көбі осы айтқандай көкірегі таза, бірақ діни оқуы жоқ қалпында қалып келді. Дін негізінен мектеп-медреселер арқылы таратылатыны белгілі. Ал, көшіп жүрген қазақ үшін бір жерде отырып қалу әрі тиімсіз, әрі бір есептен қорлық сияқты болатын. Отырықшы елді кедей, жатақ деп төмен санайтын көшпенділік өрлік те жоқ емес. Шарттары ауыр мұсылманшылық талаптарын бұлжытпай орындап отыру қарапайым шаруаға оңай емес еді.
1.Қазақстан тарихы— Алматы: 2006. — 232 бет.
2. "ИМАН" журналы.
3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005
4. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
ЖШС, 2010
5. Құран, қазакша мағынасы және түсінігі, ауд. Алтай Х.
6. Ислам энциклопедиясы, Алматы, 1995
7. Сейiтбеков С., Нысанбаев С. Ислам Әдебi. Шымкент, 2003

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Исламның әлемге таралуы
2. Ислам дінінің қысқаша тарихы
3. Ислам діні туралы түсінік
4. Исламның тоқырауға ұшырауы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп танып, қабылдаған Қарахан
мемлекетінің қағаны Қарахан (Сатұқ-Боғра, исламша аты Кемал) болды. Бұл
әлгінде айтылған Әбдірахым баптың немересі Әулие Ата еді.
Дегенмен ислам діні әлі де болса қазақ халқының бойына терендеп сіңе
алмай, ескі наным-сеніммен астарласып, қатарласып жүрді. Халықтың рухы,
діні ислам деп айтылғанымен, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы онша өзгеріске
ұшыраған жоқ. Бұл жөнінде Ш.Уөлиханов: Діни жетекшісі — молдасыз, сауатсыз
халық арасында мұсылман діні ойдағыдай тамыр жая алмады. Ислам дінінің
әуезді дыбысы мен түсініксіз сөздер тізбегінің астарында шамандық салт-сана
қалып қойды. Сондықтан да діни атаулардың аттары, терминдер ғана өзгерді,
ал негізгі шамандық туралы түсінік баяғы қалпында қалды (Ш.Уалиханов.
Таңд. шығ., Алматы, 1985 жыл, 170 бет).
Халықтың көбі осы айтқандай көкірегі таза, бірақ діни оқуы жоқ
қалпында қалып келді. Дін негізінен мектеп-медреселер арқылы таратылатыны
белгілі. Ал, көшіп жүрген қазақ үшін бір жерде отырып қалу әрі тиімсіз, әрі
бір есептен қорлық сияқты болатын. Отырықшы елді кедей, жатақ деп төмен
санайтын көшпенділік өрлік те жоқ емес. Шарттары ауыр мұсылманшылық
талаптарын бұлжытпай орындап отыру қарапайым шаруаға оңай емес еді.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді
байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша,
рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар
болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Діни
тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың
жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның
рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды
болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым.
Исламның әлемге таралуы
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де
өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен
ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу
дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне,
әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік
ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.
Қазір көптеген елдегі ғалымдардың болжам-пайымдары бойынша келер XXI
ғасыр партиялардың идеялары тозып, бірыңғай діндер ғасыры, сол діндердің
адам жанына ықпал ету үшін күрес ғасыры болуы мүмкін делінуде.
Араб дін жазбаларында сиректеу айтылатын Исқақ есімі ұлтымыздың өте
көнеден келе жатқан жыр дастандарында әрдайым құрметпен айтылады. Ұлы әулие
пайғамбар ұрпағы деп Ысқақ бапты дала халқы рухани тазалықтың пірі тұтуы да
содан.
Ислам қоғамының мүшелерi ағайындар болып табылады. Адамдардың нәсiл,
тiл, әлеуметтiк мәртебе, шыққан тегi жағынан үстемдiгi болмайды, барлық
адамдар тең дәрежелi, үстемдiк тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада
(2198), яғни Аллаһтың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып,
кәмiл мұмин болуда. Ислам дiнi қоғамдық өмірді – жамағатты, яғни адамдардың
ұйымдасып, бiрлiкте болуын уағыздайды. Бұл бiрлiктелiк құр масса болып
бiрiгу емес, саналы һәм үйлесiмдi бiрлiктi бiлдiредi. Ислам дiнiнiң
қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге
асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бiрiн-бiрi әбден танып,
бiрiн-бiрi жақсы көрiп, бiрiне-бiрi көмек берiп ынтымақтастықта болады.
Олар бiр-бiрiнiң кем-кетiгiн түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты
көптеген ғибадаттар ылғи да көпшiлiктi, жамағатты талап етедi.
Ислам нанымы бойынша жәннет расұлдардың (пайғамбарлардың) дағуатына
мойынсұнып, Аллаһтан келген хақ дiндi ұстанып, iзгi iс iстеп, жақсылық
жасаған адамдарға сыйлықтары берiлетiн құтты мекен. Адам баласы Аллаһ
Тағалаға құлшылық ету және қайырлы амалдар iстеу үшiн жаратылған. Бұл оның
бұ дүниеге келу себебi. Жаратылыс заңдары да осыны дәлелдейдi. Әлемдегi
нәрселердiң барлығы да Аллаһтiкi және адамдардың пайдалануына берiлген.
Бұған шүкiршiлiк етiп, өзiне берiлген сансыз нығметтер мен iзгiлiктер үшiн
Жаратушыға мойынсұну, бағыну адамның парызы болып табылады.
Ислам дiнi барлық қатынастар мен iс-әрекеттерде орта жолды
уағыздайтын дiн. Әсiре сiлтеушiлiктi, әдден асуды, ысырапшылықты, шектен
шыққан азғындықты хоштамайды, дүниелiктi жексұрын санамайды. Құран
Кәрiмдегi көптеген аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен
қатар дүниеде де iзгi нығметтерге бөленетiнi бiлдiрiлген (2201, 7156,
16122, 1064). Сол себептi, ахиреттегi бақытқа ие болу үшiн дүниедегi
бақытты тәрк ету талап етiлмейдi. Мұның айқын нәтижесi ретiнде ислам
дінінде қоғамнан тыс өмiр сүретiн дiни тап, оқшау сынып қалыптаспаған.
Алайда, мұсылман халықтардың тарихында Құранның осы қағидасына қайшы
келетін және әсіре аскетизмді уағыздайтын діни-философиялық ағымдардың
(мысалы, суфизм – М.Б.) болғанын айта кеткен жөн...

Ислам дінінің қысқаша тарихы
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас
дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген
тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше
бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.
Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы
Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар
бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және
басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін
басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен
бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.
Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып
саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы
Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына
табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы
болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір
мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар
мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз. Меккенің
орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де
айналсуға қолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына,
қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда
керуендеріне қосылатын.
Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын
тездетіп6 тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Ны
қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді
уағыздайтын діни идеология керек болды.
Сол сияқты Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм
бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы
түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген
политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір
құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады.
Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де
қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске
шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен
көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше
анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ,
өткінші деп уағыздады.
Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен
қаналғандар арасында тарай алмады.
Бүгiнгi күнi ислам дiнi жершарының барлық құрлықтарында азды-көптi
таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде.
Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде
өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым
көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында.
Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз Ислам конференциясы
ұйымының толық мүшесi.
Өмiр мен өлiмдi жаратқан Аллаһ Тағала адамдарды сынау үшiн дүниедегi
мал-мүлiк пен қызықты нәрселерге бейiм етiп жаратқан. Жаратылған
нәрселердiң барлығы да осы дүниедегi өмiрдiң көркi, әшекейi iспеттi. Оларға
халал жолмен ие болуға тырысу және оларды пайдалану кiнә емес. Адамдағы жеп-
iшуге, киюнуге және өмiр сүруге деген қажеттiлiк бiтпейiнше дүниелiк
нығметтер мен қызықтарға деген бейiмдiлiк те таусылмақ емес. Ислам дiнi
адамның дүнияуи өмiрiне де тәртiптi, тепе-теңдiктi әкеледi. Жаратушысына
шүкiр етiп, құлшылық қарызын өтеуi.

Ислам діні туралы түсінік
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн
нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед
Абдұллаһұлы тарапынан жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк
дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың
бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең
алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға
жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың)
ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi
өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дәнінің әлемге таралуы
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Түркілердің Ислам дінін қабылдауы
Исламның әлемге таралуы
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Ислам дінінің түсу мақсаты
Ислам дiнi - бейбiтшiлiк пен келiсiм
Ислам дінінің түркілер арасына таралуы
Діндер тарихы лекциялар жинағы
Орталық Азияға ислам дінінің таралуы
Пәндер