Оқыту процесіне сипаттама


Оқыту процесіне сипаттама .
Мектептегі оқыту- мұғалім мен оқушының бірлікте атқаратын қызметі, ол оқушының мұғалімнің басшылығымен саналы және тұрақты білім алуына, шеберлік пен дағдыларды игеруіне бағытталған.
Сырттан оқушы студенттер педагогика оқулығынан білім, шеберлік, дағдыдегенде нені түсіну қажеттігін және бұл ұғымдардың өзара байланысы неде екенін ұғып алулары керек.
Оқыту- екі жақты процесс. Бұл процеске бір жағынан, оқытатын, сабақ беретін мұғалім; екінші жағынан, оқитын оқушылар қатысады. Оқыту үшін мұғалімнің оқытқаны ғана жеткіліксіз, сонымен бірге, оқушылардың оқығаны да қажет. Мұғалімнің басшылық, ұйымдастырушылық рөлі, оқушылардың белсенділігі, саналылығы және өздігінен жұмыс істей алумен дұрыс ұштастырылуға тиіс. Бұл қағиданы сырттан оқушы студент жақсы ұғынуы керек. Өйткені айтылып отырған талап оқыту, сабақ өткізу әдістерін т. б. дұрыс таңдап алып, қолдануға жәрдемдеседі.
Оқытуды таныту мен шатастыруға болмайды. Таным туралы сөз болғанда, ғылыми танымды, оқымыстының дүниені тануын айтамыз. Объективті дүниенің біздің санамыздағы сәулесі таным болады.
Көзбен көру- бұл сезімдік таным, сезімммүшелерінің қатынасуымен тану ( көру, есту, иіскеу, ұстап қарау, дәмін білу) . Танудың бастапқы кезеңі- біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, елестетулеріміз.
Шығарылған ережелерді заңдармен т. б. адамдар практикада тексерді. Практика шындықтың белгісі.
Объективті дүниені тану процесі осылайша болады.
Оқушы да дүниені таниды. Осы мағынада алғанда, таым мен оқытудың арасында ұқсастық бар. Оқуғатанымның өзгеше бір формасы ретінде қарау керек.
Алайда оқымыстының дүниені тануы мен оқушының тануы арасында елеулі айырмашылық бар. Оқымысты танымның ғылыми методын игерген, ақыл-ойы, денесі дамып жетілген адам болғандықтан осы күнге дейін белгісіз нәрсені, жаңаны таниды. Ол жаңа заңдар мен заңдылықтарды ашады. Оқушы болса, өсіп келе жатқан организм, ол мұғалімнің басшылығымен ғылым бұрын ашқан, даяр ьілімдерді игереді. Және де оқушыға ол білім дидактикалық жолмен түсіндіріледі. Оқыту процесінде адамның дүниені тануының негізгі заңдылықтары сақталады.
Оқытудың мынадай кезеңдері болады :
- қабылдау;
- ақылға тоқу;
- естс сақтау;
- аталған білімін практикада қолдану.
Көрсетілген буындардың әрқайсысы өзара тығыз байланысты, бірі мен бірі сабақтасып жатады.
Сырттан оқушы студент өзінің практикалық жұмысында мыналарға қарай басшылық ететінін ойластырып алуы тиіс:
- Оқушылардың оқу материалдарын қабылдауы. Мына ұғымдарды айырып алуы керек: тікелей және екінші нәрсе арқылы қабылдау, экскурсиялар, көрнекі құралдарды қолдану, мұғалімнің өз сөзі, оқулықты балалардың өмір тәжірибесін т. б. пайдалану ;
- Оқушылардың оқу материалын ақылға тоқуы. Мұғалім оқушыларды нақтыдан абстркатыға қалай апарады, олардың ақыл- ой қабілетін қалай дамытады ; олардың ұғымдарын қалай қалыптастырады, қабілеттері мен ой- пікірін қалай дамытады ; оқушылардың біліміндегі формализммен қалай күреседі ;
3) Оқушылардың оқу материалын есте сақтауы . Практикалық жұмысында кіші мектеп жасындағы ( негізінен механикалық ес) оқушылардың есте қалдыру ( логикалық ес ) оқушылардың есте қалдыру ережелерін қалай есепке алады; механикалық және логикалық есті бір-бірмен қалай ұштастырады: мұғалім оқушылардың есін қалай дамытады; оқушылардың білімдері мен шеберліктерін қалай пысықтайды . « Түсіну -ойда сақтаудың негізі» дейтін қағиданы қалай түсіну керек, оқушылардың оқу материалын есте сақтауы үшін ынта мен эмоция қандай рөл атқарады, оқу жұмысында еңбек пен демалыстың алмасуының маңызы;
4) Алған білімді практикада қолдана білу. Ғылым атаулының басталар кезеңі- практика екенін ұғыну керек . Практика- ақиқаттың белгісі. Практика - теорияның қолданылатын жері. Мысал үшін оқушылардың ботаникадан білімін алайық . Осы білімдері оқушылардың оқу-тәжірибе участогіндегі практикалық жұмысына көмегін тигізеді. Білім практикамен тексеріледі. Сонымен бірге, оқушылардың практикалық қызметі оларда білім қажеттігін, білімін тереңдетіп, кеңейтудің қажеттігін тудырады.
Білімді практикада қолдану бұл- мектептің өмірімен байланысты болады. Ғылым өндірістің, техниканың теориялық негізі болып табылады.
Практикаға байланысты осы негізгі әселелерді анықтап алғаннан кейін, сырттан оқушы студент мына мәселелерді айқындауға тиісті : теорияны практикамен байланыстыру ісінде оқушылардың шеберханаларда, мектеп жанындағы участоктегі жұмысшының, олардың қоғамдық пайдалы жұмысқа, өнімді еңбекке қатынасуының қандай мәні бар.
Педогогика оқулықтарында оқыту процесінің мәнін қарастырғанда, тек ақыл-ой еңбегі ғана сөз болып қояды. Оқушыларды дене еңбегіне де үйрету керек қой. Дене еңбегіне үйретудің мынадай кезеңдері бар.
- Оқушыларға белгілі бір еңбектің түрін түсіндіру;
- Мұғалімнің жұмысты орындау тәсілдерін көрсету;
- Мұғалімнің басшылығымен оқушыларды жұмыстың белгілі бір түрін орындауға жаттықтыру;
- Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі;
- Орындалған жұмысты талдап, баға беру.
Дидактиканың принциптері
Кейбір студенттер принцип пен әдіс деген ұғымдарды шатастырады. Мысалы, көрнекілік принципі туралы айтатын жерде, көрнекі әдісі туралы айтады. Сондықтан бұл тақырыпты оқығанда ең алдымен оқыту принциптері немесе дидактикалық принциптер дегеніміз- бұл бастапқы, басшылыққа алатын қағидалар, рнда оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру мен әдістеріне қоцылатын негізгі талаптар қарастырылғанын ұғыну керек.
Дидактиканың принциптерін оқып үйренген неге көңіл аудару қажет? Ол үшін: 1) Дидактиканың принциптерін білу процесінің заңдылықтарынан туатындығын; 2) Дидактикалық принциптерді сақтағанда оқушылардың жас ерекшелігін есепке алуды; 3) Дидактикалық принциптерді сақтау, « Білім туралы» Заңды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс екенін ұғып алу қажет.
- Көрнекілік принципі
- Саналық принципі
- Жүйелік принципі
- Түсініктілік принципі
- Беріктік принципі
Көрнекілік принципі
Объективті шындықты білу түйсіну мен қабылдаудан басталады зат сезім мүшелерінің неғұрлым көбісінің қатысуымен қабылданған болса, ол туралы солғұрлым толығырақ және нақтырақ түсінік пайда болады. Көрнекілік принципинің психологиялық мәні осында.
Сөз арқылы ( 2-сигнал жүйесі) оқушылар оқу материалын ақылға тоқиды, қорытынды шығарады, жинақтайды, бірақ, 2-сигналдық жүйе, 1-сигналдық жүйе арқылы және сонымен байланыста ғана мағынаға ие болады. 1- және 2-сигналдық жүйенің өзара байланысы осында көрінеді. Нәрсені көрсету сөзбен, түсіндірумен, әңгімемен қатар жүргізіледі.
Сырттан оқушы студент көрнекі құралдарының қандай түрлері болатынын және олар оқу жұмысында қалай пайдаланылатынын оқулықтан біліп алу тиіс. Мұнан басқа көрнекі құралдарды пайдаланудағы өз жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ өз жолдастарының жұмыс тәжірибесін талдап шығу керек.
Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.
Оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттерін, мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
- Оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты.
- Оқыту формалары, оларды ұйымдастрып, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.
- Оқыту әдістері олардың мақсаттары мен анықталады. Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құраса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принципін атауға болады.
- Оқыту процесінің мақсаттылық принципі;
- Оқытудың ғылымилық принципі;
- Түсініктілік принципі;
- Жүйелілік және бірізділік принціпі;
- Көрнекілік принципі;
- Педогогикалық процестің бағыттылық принципі.
... жалғасыКөрнекілік принципі
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принйіп негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К. Д. Ушинский көрнекілік жайында ілімді дамыта келіп, көрнекілік- балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың, пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарды сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижлі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, Электрон теориясын сабақта кинофилмді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді.
Сонымен көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теотиялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көрнекілік түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz