Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы жайында



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының негіздері ... ... ... ... ... .
1.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының нысандары ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасы Ата Заңы Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, ол ат абсолютті деп танылған, олардан ешкім айыра алмайды.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Конституцияның 13-бабына сай:
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қарауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң қөмегін алуға құқығы бар.Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Сот қорғауының негізі-азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен субъективтік құқықтарын қорғау болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу заңдары негізінде азаматтық құқықты қорғау сотпен, төрелік сотпен, шаруашылық сотпен немесе екі жақтың келісімімен болған сотпен іске асырылады. Арнайы заңды актілермен қаралған оқиғаларда азаматтық құқықтар әкімшілік тәртіпте қорғалады.
Бұзылған субъективті құқықты және заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығы – кең, демократиялық, конститутциялық құқық, онда әділ сотқа жетуге мүмкіндік туады. Конститутцияда барлық адам заң мен сот алдында тең деп бекітілген. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,тіліне,дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды. Сонымен қатар, әр адам негізгі заң конституция мен заңды сақтау керек , басқа адамдардың құқығын және бостандығын сыйлау, заңмен орнатылған басқада міндеттерді атқару керек деп бекітілген.
1. Қазақстан Республикасы Конститутциясы. 30 тамыз 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексі.
3. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы. 9 тамыз 2002 ж.
4. Шакарян М.С. «Гражданский процесс» Москва юридическое литература. 1993 г.
5. Треушкиков М. «Арбитражный процесс» Москва Издательство ВЕК 1994 г.
6. http://portal.vkgu.kz
7. www.inform.kz
8. zan.zanmedia.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының негіздері
... ... ... ... ... .
1.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының
нысандары ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Ата Заңы Конституцияға сәйкес адам
құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.Адам
құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, ол ат абсолютті
деп танылған, олардан ешкім айыра алмайды.Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Конституцияның
13-бабына сай:
1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің
құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда заңға
қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қарауға хақылы.
2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
құқығы бар.
3. Әркімнің білікті заң қөмегін алуға құқығы бар.Заңда көзделген
реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Сот қорғауының негізі-азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделері
мен субъективтік құқықтарын қорғау болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу заңдары негізінде азаматтық құқықты
қорғау сотпен, төрелік сотпен, шаруашылық сотпен немесе екі
жақтың келісімімен болған сотпен іске асырылады. Арнайы заңды
актілермен қаралған оқиғаларда азаматтық құқықтар әкімшілік
тәртіпте қорғалады.
Бұзылған субъективті құқықты және заңды мүддені
қорғау үшін сотқа жүгіну құқығы – кең, демократиялық,
конститутциялық құқық, онда әділ сотқа жетуге мүмкіндік туады.
Конститутцияда барлық адам заң мен сот алдында тең деп
бекітілген. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына,тіліне,дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімге
ешқандай кемсітуге болмайды. Сонымен қатар, әр адам негізгі заң
конституция мен заңды сақтау керек , басқа адамдардың құқығын
және бостандығын сыйлау, заңмен орнатылған басқада
міндеттерді атқару керек деп бекітілген.
Құқық пен бостандықтың іске асырылуы азаматтардың өздерінің
міндеттерін атқаруымен тығыз байланысты.
Барлық заңдарда, әсіресе соңғы жылдарда қабылданғандарында
сотқа шағым беру құқығы қаралады.
3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүддесін және
субъективті құқығын қорғау сот қызметі әділ сот, азаматтық
және қылмыстық істерге рұқсат алады және қарау бағытында
іске асырылады, сонымен қатар қажет жағдайда заңмен
қарастырылған мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Әділсот
Конститутцияға және заңға толық сәйкестігімен іске асырылады.
Заңды тәртіпте орнатылып, таңдалған соттан басқа ешкім соттың
құзіретіне жататын істерді шешуге құқығы жоқ.
Конституцияда бекітілгендей әділ сот толық заңға
сәйкестендіріліп сотпен жүзеге асырылады. Белгіленген заңды тәртіпке сәйкес
соттың құзыреттілігіне қатысты істі шешуге тек соттан басқа ешкімнің құқығы
жоқ. Қоғамдық қатынастарды жаңаландыру жағдайында құқықтық
мемлекет құру, қоғамды саяси – эканомикалық бағдарламаларды
дамытуды іске асыруда ең айрықша рөлді азаматтық істердің әділ
соты иемденген. Сотпен қаралған және әрі қарай қарауға қайта
қабылданған заңдар, негізінде азаматтық істерді құрайды.
Осы істерді қарау және шешу азаматтар мен заңды тұлғалардың
маңызды бөлігінің субъективті құқығын және заңды мүддесін
қорғайды.

1.Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы

Азаматтық істегі прокурордың мақсатымен оның жүзеге асыру әдістері мен
нысандары 2002 ж 9 тамызда шыққан ҚР Прокуратурасы заңының 5 бабында
көрсетілген.
Азаматтық істердің прокуратураның жағдайы сот жағдайынан айрылады
(ерекшеленеді), прокурор іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды. Азаматтық
іс жүргізу кодексінің 44 бабында белгіленген, қатысушы тұлғалар құрамына
кіреді. Бірақ процессуолдық прокурордық жағдайы іске қатысушы басқалардан
өзгеше. Прокурордың азаматтық процессте мемлекеттің немесе қоғамның
мүдделерін және азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау
мақсатында іске қатысып, басқа іске қатысушы тұлғалардан ерекшеленеді.
Сол себепте АІЖК 44 бабымен іске қатысушы прокурорга берілген
құқықтарынан басқа, ол АІЖК 55 бабында көрсетілген, басқа тұлғаларға
берілмеген бір қатар құқық уәкілеттілігімен жүктелген.
Прокурор сот ісіндегі кез келген материалдармен танысуға және іске
қатыспаған жағдайда да іс бойынша наразылық келтіруге құқылы.
Прокурор АІЖК 55 бабына сәйкес іске өз еркімен және сот шақыруымен
процесстың кез келген сотысына және кез келген іске қатысуы мүмкін.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге немесе осы іске прокурордың қатысу
қажеттілігін сот таныған жағдайда міндетті. Прокурордың іске міндетті
түрде қатысуы АІЖК 55 бабының ІІ тармағында көрсетілген. Басқа жағдайларда
прокуор іске өз еркімен немесе сот мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерін
және азаматтардың құқықтарымен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
қажеті деп тапқан жағдайда іске қатысады.
Прокурор тек бірінші сатыдағы соттың шешімімен ғана емес, опеляциялық
соттың шешімімен іске қатысуға тартылады. Практикада прокурорлар бірінші
кезенде қылмыспен келтірілген материалдық шығын қайтару ісіне еңбек, тұрғын
үй істеріне және балалардың мүдделерін қорғауға қатысты істерге қатысады.
Алайда, прокурор жеке істерге қатысып қана қоймай сонымен қатар басқада
азаматтық іс жүргізу істері қатысады. Мемлекетпен іс жүргізу істері
қатысады. Мемлекетпен азаматтардың мүдделерін қорғауда прокурор,
мемлекеттік және қоғамдық мағынадағы күрделі істерді айыра білу, қабылетпен
не білу керек және де қала немес аудандардағы істерге міндетті түрде қатысу
керектігін істің күрделігіне қарай ажырата білу шарт. Прокурордың процеске
қатысу барысында процессуалдық құқықтық ауқымдылығына қарай оның
міндеттеріне мыналар кіреді. Істің қандай сатысында ол процеске арыласады,
сондай-ақ істің формасына байланысты.прокурор және субъектілердің азаматтық
құқықтық қатынастардың құқығы мен мендеттері, алдын-ала шешіліп қойған және
де бұл шеңбердегі ешкім аттап кете алмайды. Азаматтық құқытағы барлық
субъектілер өздерінің құқықтиарын саптық процессуалдық іске асырады, себебі
сот биліктің бір тармағы болып табылады.
Басқа тұлғаларға қарағанда прокурор ҚР Конституциясына қаралғандай
құқық қорғау органының лауазымды тұлғасы. Прокурор Конституциялық функцияда
қолдану актілердің дәлме-дәл қолданылуын ҚР заңдарының аясында бақылаушы
бірден бір лауазым иесі. Сондықтан да бұл бақылау функциясында прокурордың
қызметі және осы әдісті жүзеге асыру барысында әрекеттері шектелген. Бұл
ретте прокурор іске қатысушы тұлғалардың тек құқытарын қолданады.
Прокурорлық бақылау Конституциялық заңда және азаматтық іс жүргізу заңында
көздеген . сотқа берілген прокурордың арызы жалпы қадағалау құзыретінің
нәтижесі болып табылады.
ҚР Прокурор туралы заңында заң актілеріне сәйкес келмейтін іс
әрекеттер кездескен жағдайда прокурор, мемлекеттің қоғамның және
азаматтардың мүдделерін қорғау үшін сотқа шағым түскенде наразылық
білдірді. Сондай-ақ прокурор сотқа түскен шағым бойынша іске кіріспе бұрын
оның қаншалықты зыңының бұрылғанын заң бұзылған жағдайында наразылық
білдіреді. Жалпы бақылау жүргізіледі және сотқа арыз беріледі.
Континетті органдар мен қарастырушылар, прокурорға байланысты.
Дегенімен көрсетілген альтернатива прокурордың сотқа істі тапсырмас бұрын,
оның қаншалықты заңға сәйкес келмейтіндігін тексеру қажет етпейді деген сөз
емес. Прокурор заң бұзылған жағдайда сотқа арыз беруі тиіс, сондай-ақ
азаматтардың және заңдар тұлғаларадың заңмен қорғалатын мүдделерін басқа
әдістермен қорғай алмаған жағдайда. Құқық қороғау функциясы мемлекеттік
функциялардың бірі болып табылады. Мемлекет қабылданған заңдардың орындалуы
мен құқытық тәртіптің сақталуына тікелей қарағанайды. Сондықтанда
прокурордың арызы қашанда мемлекет пен қоғамның мүдделеріне бағытталған ҚР
Прокуротура туралы заңында және Азаматтық іс-жүргізу кодексінде
прокурордың сотқа қатысуының екі формасы көрсетілген:
1. Істі қозғау
2. Басқа тұлғалардың басқаруымен аталған іске қатысу.
Прокурордың сотқа қатысуы осы екі форманың бірінде заң негізінде шешіледі,
әрбір жеке істің ерешелігіне қарай. Прокурордың бірінші сатыдағы сотқа
қатысуы көп жағдайда аудандық прокурорлармен жүзеге асырылады. Өйткені
азаматтық құқықтық таластар сотта қаралыстырылады. Сондықтан аудандық
прокуратураның халықтық сотта азаматтық істерді қарастыру жасы үлкен роль
ойнайды. Бірінші сатыдағы соттық іске прокурордың қатысуымен бірінші
формасы кез-келген процесске қатысуы болып табылады. Басқа тұлғалардың
бастауымен және прокурордың іс бойынша шешім шығару мақсатында.
Бірінші сатыдағы сотта істі қарауда бастау, прокурордың сотқа шағым
беруімен жүзеге асырылады. Прокурор кез-келген азаматтық істі қозғай алады.
Прокурор өзіне қойылған міндеттерді былайша орындайды: азаматтық іс жүргізу
кодекісінің 55-бабына сәйкес процессуалады іс әрекеті мен заңда көрсетілген
барлық міндеттер прокурордың іске қатысу формасына қарамастан жалпы шешім
қабылдай алады және сот қарастырылған кезде туындайтын сұрақтар немесе
басқа да азаматтар бастауымен қозғалуына қарамастан. Сонымен қатар істі
қозғаған прокурорды процесуалдық қызметі бірнеше ерекшеліктермен
айқындалады. Азаматтық іс жүргізу кодекісінің 153 бабына сәйкес шағымданушы
тұлғаның құқығы болмасы прокурордың арызы қабылданбауы мүмкін. Прокурор
сотқа шағымдану барысында барлық тәртіпті сақтаудың жорлын қарастыру керек,
егер заңда бекітілмеген болса. Осылайша прокурор соттық шағындарғажауап
бермейді. Прокурордың өтініші заңға сүйену керек, шағымда бермесбұрын
прокурор нақты фактілер мен дәлелді материалдар жинап, оны жан-жақты
қарастыру керек. алайда, қылмыстық істерге қарағанда азаматтық істе
прокурор куәгерлерден жауап алу және басқа де әрекеттерге баруға құқығы
жоқ. Өйткені бұл құқытар соттың міндетіне кіреді. Прокурордың арызы басқада
прокурордың процестегі іс-әрекет сияқты тексерілген материалдарға негізделу
керек. прокурордың арызы бойынша қозғалған іске прокурордың өзі қатысуға
міндетті.
Дегенмен, прокурор шағым берерде ұстанған позициясын өзгертуге
құқылы, ол тек заңға бағынады, сондықтан іс жүргізу барысында прокурор
алғашқы ұсынған арызын заңға сәйкес емес деп тапса ол одан толығымен
немесе біртіндеп бас тартуға құқылы. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48
бабының үшінші тармағандағы айтылған: Басқа тұлғалардың құқықтарын
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа
жүгінуге заң бойынша құқығы бар адамдардың өтініші бойынша мүдделері
қозғалып іс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды
және ол адам сотқа талап қоюшы ретінде қатысады. Өйткені прокурордың
берген талап арызы бойынша шығарылған шешім талапкер үшін өте маңызды.
Прокурордың істен бас тартуы талапкерді істі ары қарай жалғастыру құқын
айырмайды. Прокурор бас тарыққаннан кейін іс тоқатылады. Егер талапкер де
істен бас тартса талапкердің талабы сол істің жүргізілуі барысында
қарастырылуы керек, себебі талапкер іске қатысады. Прокурор берген арызы
бойынша бұл іске түсінік береді, Жарыс сөздер бірінші бастайды. Ол өзінің
талаптары мен наразылықтарына сүйене отырып дәлелдеу керек. Егер талапкер
жүргізіліп отырған іске қатысатын болса ол арыз берген прокурордан кейін
сөйлейді. Арыз беріп және іске түсініктеме беріп отырған прокурорға екі
жақта сұрақ беруге құқылы. Тартысты құқықтық қатынастардың субъектісі
болмағандықтан ол әкімдік дәрежедегі келісімдерді қабылдай алмайды.
Прокурордың арыздан бас тартуы процессуалдық құқықтың актісі болып
табылады. Осыған сүйене отырып прокурорға қарсы шағын беруге болмайды.
Жауапкер тек талапкерге қарсы арыз бере алады. Сондықтан прокурор іс
жүргізу барысында талапкердің рөлін атқара алады, бірақ тек процессуалдық
мағынада. Басқа тұлғалардың жарыс сөзінен кейін прокурор жалпы іс бойынша
шешім қабылдайды, істің кімнің қозғағанына қарамастан прокурор істі
қорытындылаудан бас тарта алмайды. Прокурордың екінші сатыдағы іс жүргізу
барысына қатысуы да екі формада көрсетілген:
а) екінші сатыдағы сотта істі қорғау.
б) шағымданушы жақтар немесе басқа тұлғалардың қатысуымен қозғалған
іс.
Екінші сатыдағы іс прокурордың жеке наразылығы немесе опеляция бойынша
қорғайды. Прокурор бірінші сатыдағы соттың шешімі заңға сәйкес келмеген
немесе заңсыз болса, наразылық білдіруге тиіс, істің формасына немесе бұл
іске қатысып-қатыспағанына қарамастан. Сот арызды қолдаған жағдайда да
прокурор наразылық білдіре алады, егер ол заңсыз жүргізілді деп тапса,
азаматтық іс жүргізу кодексінің 213 бабында іс бойынша тарап болып
табылмайтын және осы кодекстің 55 бабының 2 бөлігінде көзделген тәртіппен
процеске қатысушы прокурор сот жарыс сөздерінен кейін жалпы істің мәні
бойынша қорытынды береді деп айтылған. Сондай-ақ прокуротура заңды күшіне
енген шешімді бақылауды, және анықтамалармен қаулыларды қайта қарастыра
алады. Соттың қадағалау ретінде прокурорлардың наразылық білдіруі арқылы іс
қозғалады. Қадағалау тәртібі бойынша істі қараудың екінші формасы,
қызметтік тұлғалар арқылы қозғайды. Прокурордың қадағалау сатысына
қатысудың тағы бір ерекшелігі қарастырылған наразылыққа соттық қадағалау
органдармен прокурор шешім бере алады. Егер наразылық прокуратураның
қызметтік тұлғалармен келтірілген болса, онда прокурор бірінші болып
сөйлеп, оны тек қолдайды.
Прокурор соттық шешімдердің кейбір жағдайларына байланысты қайта
қараудың жаңа туындаған кейбір мәселелеріне байланысты істі қайта қозғай
алады, сонымен бірге іске қарамастан заңды күшіне енген анықтамалармен
қаулылар да. Басқа атқарушылардың бастауымен қозғалған іске прокурор кірісе
алады. Істің барысында прокуратура істің заңдылығын және өз уақытында
соттың шешімін атқаруды қадағалауға тиіс. Прокурордың шағымы бойынша
шығарылған шешіміне ерекше көңіл аудару керек, әсіресе мемлекетке және
қоғамдық ұйымдарға келтірілген материалдық шығындар және жұмысқа қайта алу,
балаларға алимент өндіріп алу, сондай-ақ мемлекетке пайда келтіретін мүлік
бойынша шешілген істің заңдылығын. Бірақ прокурордың қызметіне барлық сот
қызметкерлердің ісін қадағалау кірмейді. Прокурор талапкерлердің шағымы мен
ғана немесе өзінің бастауы мен ғана қадағалайды. Сот шешім сатыларына
қатысып екі түрге бөлінеді:
а) Прокурор заңды жолмен өндіріп алуды істі сотта қозғай алады.
б) Прокурор сот орындаушысына наразылық келтіре алады.
Прокуратураның міндеттерінің бірі азаматтық істердің маңызды
категориялардың жүйелі түрде жинақтап соттық тәжірибеде қарастыру. Егер заң
бұзушылықтар фактілер табылатын болса, соттың жұмысында, мемлекеттік
мекемелерде, кәсіпорындарда, кооперативтерде, жекеменшік ұйымдарда, және
осы аталған ұйымдарды заң бұзушылық орын алып жатса, прокуратура
қызметкерлері шара қолданып, алдын алады.
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы құқықтық мемлекеттің
міндетіне сәйкес келуі керек: қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайту,
азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау, құқықтарды құрметтеу,
тұлғалардың арнамысын қорғау. Құқықтық мемлекет құру азаматтық іске
прокуратураның белсенді ат салысуын, қызметін жақсартуды талап етеді. Бұны
тек азаматтық істерді алдын алуды қарастырумен ғана қол жеткізуге болады.
Біріншіден, бірінші сатыдағы сотта іске қатысу немесе опеляциялық
наразылық келтіреу үшін, сондай-ақ заңды күшіне енген шешімдерді тоқтату
арықыл қол жеткізеді.

1.1 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуының негіздері
Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан
Республикасының прокуратура туралы" Заңына сәйкес прокуратура органдарының
алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі кез келген заң бұзушылықты дер
кезінде анықтап, оны жоюға шара қолдану болып табылады. Кез келген құқықтық
мемлекеттегі тәрізді Қазақстан Республикасында да сот және прокуратура
органдарының алдына қойылған мақсат - азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету болып
табылады.
Халықтың соттарға деген биік сенімін жоғалтпау үшін істерді қараған
кезде, қара қылды қақ жаратындай әділдік болуы шарт. Ал, прокуратура болса
ҚР "Қазаңстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңына сәйкес сот
процесі барысында мемлекет мүддесін білдіріп, ақиқатты анықтауға ат
салысатын мемлекеттік орган.
Прокуратураның қызметкері - прокурор, іске қатысушы тұлғалар құрамына
енгізілген (ҚР АІЖК-нің, 5-та-рауы, 44-бабы).
Прокурор процеске өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша (ҚР
АІЖК-нің 55-бабы) іс жүргізудің кез келген сатысында және кез келген іс
бойынша қатыса алады.
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы келесі жағдайларда
міндетті:
- мұның өзі заңмен көзделгенде;
- осы іске қатысу қажеттілігін сот танығанда (ҚР АІЖК-і 52-бабының 2
бөлігі).
Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге міндетті қатысуы ҚР АІЖК-нің
287, 299, 317-4, 350, 398-баптарында көзделген. Прокурор іс бойынша бірінші
сатыдағы соттың, апелляциялық, қадағалау және жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша істерді қайта қарау сатыларындағы соттардың бастамасы бойынша
қатыса алады.
Прокурордың процеске кіру тәртібі және оның іс жүргізу құқықтары мен
міндеттерінің көлемі процестің қай сатысында кіргеніне және іске қатысу
нысанына байланысты.
ҚР прокуратурасы туралы заңы және ҚР АІЖК-і азаматтық процеске
прокурордың қатысуының екі нысанын белгілейді:
1 - сотқа арыз, талап арыз беру арқылы процеске қатысуы;
2- іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы.
1) Прокурордың сотқа талап қою арқылы қатысуы.
ҚР АІЖК-нің 55-бабы 3-бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқыңтарын,
бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап
қоюға құқылы. Прокурордың талап қоюдағы міндеттерінің негізгі мақсаты - заң
бүзушылықты жоюға сот тәртібімен уақтылы және тиімді шара қолдану, кұқық
бүзушылықтын, алдын алу, азаматтардың құқықтарын, бостандьқтарын және заңды
мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделерді қорғау.
Прокурордың талаптары - заң бұзушылыққа қарсы күресті тиімді де
маңызды құралдарының бірі.
Егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, онда мүдделі
адамның өтінішімен ғана прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және
заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоя алады. Ал әрекеті қабілетсіз
азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне
қарамастан талап қоя алады.
ҚР Бас прокурорының 1999 жылғы 15 шілдедегі №60 "Әлеуметтік және
экономикалық салалардағы заңдардың қолдануына прокурорлық қадағалау
ұйымдастыру итты бұйрығына сәйкес, адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары бұзылғандығы анықталып, ал олардың денсаулығЫна немесе жасы
ұлғайғандығына байланысты өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта
қорғау мүмкіндіктері жоқ болса немесе бірнеше азаматтық құқықтары мен
бостандықтары бұзылып жатса, прокурор олардың мүддесін талап ету және арыз
беру арқылы сотта қорғай алады.
Басқа жағдайларда, прокурор әрбір азаматтың өз құқығы мен бостандығын
сот арқылы қорғауға конституциялың құқығы бар екендігін түсіндіреді.
Прокурордың талап қоюына лауазымды тұлғалардың, жеке азаматтардың құқыққа
қарсы әрекетінің немесе қылмыс жасауының нәтижесінде келтірілген мүліктік
залал немесе басқа да зиян негіз болып табылады. Талап арыз прокурор
мүддесін қорғайтын адам мен жауапкер арасында туындаған мүліктік-құқықтық
қатынас мазмұнына байланысты болады.
Прокурордың талабы тексеруден өткен, дәлелденген материалдарға
негізделуі қажет. Сонда ғана талаптың негізі болып табылатын айғақтардың
мөлшерін анықтау, талап ету, сонымен қатар, жауапкерге (жауапкерлерге)
прокурордың талабын дәлелдейтін және олардың талапқа қарсы қарсылығын
теріске шығаратын қажетті айғақтық материалдарды талдау төңірегінде талап
етудің жүйелі жұмысы қалыптасады. Осы саладағы прокурордың жұмысы тек
талаптың негізіндегі фактілер құрамын дұрыс анықтаса ғана нәтижелі болмаң.
Прокурор талапты дайындау барысында ол бағалауға жататын болса, талап
қоюдың бағасын міндетті түрде белгілейді (ҚР АІЖК-і 150-бабының 2-бөлігі, 6-
тармағы). Талаптың бағасы ҚР АІЖК-нің 102-бабына сәйкес белгіленеді.
Қандай сотқа арыздануды шешу үшін прокурор ҚР АІЖК-тің 27, 28, 31, 32,
35-баптарын басшылыққа алуы қажет.
ҚР АІЖК-нің 150-бабы 2-бөлігіне сәйкес прокурор талап арызда азаматтық
істердің қаралуы тиісті соттың атауын, талап қоюшы прокурордың аты-жөнін,
мүддесі қорғалатын адамның аты-жөнін көрсетеді.
Прокурор талап арызда жауапкерге қоятын талаптарын дәлелдейтін
жағдайларды, сонымен қатар талаптың негізі болып табылатын айғақтарды толық
келтіреді. Бұл талап арыздың ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі,
заңды жөне дәлелді түрде сауатты баяндалған себептер мен айғақтар таластың
дұрыс және жан-жақты шешілуіне көп көмегін тигізеді. Арызда прокурор қандай
жағдайлардың лауазымды тұлғалар мен азаматтардың түсініктемелері арқылы,
жазбаша және заттай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура органдарына қатысты мәселелер
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Прокуратура органдарының тарихы
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Прокуратура органдарының құрылымы
Алдын ала тергеу органдары
Азаматтық іс жүргізу тараптары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Пәндер