Ислам фундаментализмі


ӘОЖ 297
У84
ИСЛАМ ФУНДАМЕНТАЛИЗМІ
Г. С. Өтепбергенова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
2001ж. 11-қыркүйектегі АҚШ-ғы оқиғаларға мұсылман экстремистерінің қатысты екендігі ресми түрде хабарлана салысымен, «ислам фундаментализмі» барлық бұқаралық ақпарат құралдырының басты тақырыбына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, тіптен кейбір саясаткерлердің жұртшылық алдындағы мәлімдеулерінде жаңа мағына жамылған - «исламдық қауіп-қатер» деп аталатын жаңа сөз жиі-жиі қайталанатын болды. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының мұндай реакциясы әрине түсінікті. Алайда осы қысқа уақыт ішінде ислам экстремизмі туралы көп жазылып, айтылғандығы соншалық, кейбір адамдарда мұсылман бұл - өзін-өзі жарушы, камикадзе, ал басқа барлық конфессиялардың ішінде Ислам - діни экстремизм идеяларын тасушы деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Міне дәл осы түсінік ілімнің өзін, бейбітшіл Исламды, осынау рухани ақыл-ой мен адамзат сенімінің ұлы ағымын нақтылы қорғаудың, түрлі ойлардан арашалаудың қажеттігіне әкеліп отыр.
Өзге діндерге деген төзімсіздік түрлерінің бір негізінде діни фундаментализм жатыр. Осы ретте «фундаментализм» деген ұғымның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, Христиандықтардың да, Иудаизмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі «фундаментализм» сөзінің төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған. / 1 / / 73-74 бб. /
Алғаш рет ХХ-ғасырдың 20-жылдарында кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты христиандық қауымдар өкілін фундаменталистер деп атай бастаған-ды. Өз кезегінде бұл топтар діни-өркениетті тұтастық пен әуелгі әулиелер канонын бұрмалау принциптері бойынша Христиан дінін өзінің бастау тегіне (фундаменталды, базалық) оралтуды белсенділікпен ұрандады. Фундаментализмді уағыздаушы христиандық қауымдар Киелі жазбаның барша канонын тақуалықпен сөзбе-сөз жорып, ізін қуалады. Сөйтіп Інжілдің мәңгілік мәтіндерінен діни-саяси принциптерді бөліп шығаруды көздеді. Сөз жоқ, Көне Өсиет, Құран және басқа да осы сияқты дерек көздерінің негізінде жатқан парасаттылық канондары әрбір сәт, әрбір тірлік барысында бізге толық үстемдік етіп отыруы керек. Алайда өкінішке қарай, діни фундаментализмді жақтаушылардың күнделікті өмірде діни принциптерді шашау шығармастан сақтау керек деген үзілді-кесілді талаптары әрине саяси плюрализм принциптерін қанағаттандырмайды. Бұған қоса өкініштісі, фундаменталистер деп аталатындар өздері ұстанатын бағдарларын мейлінше қаталдықпен, кейде мақсаттарына жету үшін ашық агрессиялық жолмен жүзеге асырады немесе жүзеге асырғылары келеді. Бұл ретте фундаменталистердің өз ниеттерін жүзеге асыру жолында таңдаған формалары мен әдістерін қолдау тіпті де мүмкін емес. Егер фундаментализмнің әрбір дінге тән екенін ескерсек, онда қоғамға қарсы құбылыс ретінде фундаментализмнің қатері, оның қандай конфессияға жататынына қарамастан, кез-келген қоғам үшін қауіпті екенін біз сезінуге тиістіміз. Бұл тұрғыдан келгенде, мұсылман фундаментализмінің қаупі туралы ғана айрықша сөз қозғап, ден қоюдың негізі жоқ. Оның үстіне бүгінгі дүниеде фундаменталистік ағым әлемнің барлық тарабында - АҚШ-та, Еуропада, Оңтүстік-Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында да төбе көрсетіп отырғанын ескеру керек. Дегенмен, Исламдағы фундаментализм туралы біраз қарастырып көрейік.
ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап исламда діннің алғашқы таза қалпына, ең алдымен Құранға қайта оралуды талап етуші ағым - фундаментализм күшейе түсті. Фундаменталистер сонымен бір мезгілде исламның жаңартушылары және дінді сақтаушылар. Олар Батыс технологиясын Батыстың мәдени ықпалынсыз және әлеуметтік нормаларынсыз енгізуді жөн көреді. Олардың негізгі мақсаты - Құран мен шариғатқа негізделген ислам мемлекетін, ислам қоғамын құру. / 2 /
Жалпы мұсылман әлемі ХІІІ-ғасырдан бастап исламның алғашқы таза қалпына оралуға қадамдар жасап келеді. Бүгінгі ислам фундаментализмі соңғы үш ғасыр ішіндегі мұсылман идеологиялық көтерілісінің үшінші толқыны болып табылады. / Бұл да сонда / Мұсылман идеологиялық көтерілісінің бірінші толқыны - отаршылдық экспансияға қарсы күресте мұсылмандардың бірігуін, батыстық мәдени идеологияға қарсы жауап қайтаруды, мұсылмандар арасындағы - сүнниттік (басты бағыт), шейіттік (Иран, Ирак, Ливан территорияларында), ваххабизм (Аравияда), исмаилизм (Ливаннан Үндістанға дейін), бабизм және бехаизм (Иран мен Орта Азияда) сияқты идеялық айырмашылықтарды жоюды талап еткен ХІХ-ғасырда пайда болған панисламизм еді. Панисламизмнің отаны - Осман империясы болды. Бүкіл мұсылмандарды біріктіруге алғаш қадам жасаған Қоқан ханы Құдияр (1845-1875жж) . Ол арабтар мен күрділердің Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан мұсылмандарымен бірігуі үшін күрескен. Алайда ХІХ-ғасырда панисламизмнің Батыс ықпалы алдында қарсы тұра алмауы, экономикалық-саяси күшінің кемдігі бұл қозғалысты жеңіліске әкелді. Бұған сол кездегі мұсылман әлемінің көшбасшысы - Осман империясының 1918ж. құлауы да және 1918-23жж. Кемаль революциясының нәтижесінде сұлтан-халифтік биліктік жойылуы да өз әсерін тигізді.
Алайда панисламизм жойылған жоқ. Панисламизмнің орнын 1920-50 жылдары мұсылман идеологиялық көтерілісінң екінші толқыны - национализм басты. Национализм ислам әлемінде үстем идеология ретінде екінші дүние жүзілік соғыстан кейін орнықты. Соғыстан кейінгі 15-20 жыл ішінде ислам әлемінің барлық елдері Батыстан тәуелсіздік алды. Алайда национализм де, онымен байланысты мұсылман социализмі де әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жеңіліске ұшырады. Саяси тәуелсіздік шаруашылық тәуелсіздікке әкелмеді. Себебі, мұсылман елдерінің көбі әлі де Батыс державаларына экономикалық тәуелді болды. Бұл қысым ислам әлеміне іштей әсер етіп, олардың Батысқа деген жағымсыз көзқарастарын күшейте түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz