Баланы рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға қажетті құндылықтар


БАЛАНЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТҰРҒЫСЫНАН ДАМЫТУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
ХХІ ғасыр- өркениет дамуының кезеңі. Тәуелсіз еліміздің дамыған мемлекеттер қатарына қосылуы үшін ең әуелі халықтың білім деңгейін, оқыту мен тәрбиелеу сапасын бүгінгіден әлдеқайда биікке көтеру қажет екені сөзсіз. Өйткені білім- әрбір өркениетті елдің ең алдымен назар аударатын өзекті саласы. Егемен елдің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімі де, білікті, жан-жақты жетілген жоғары мәдениетті, парасат пайымы мол, саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.
Тәрбиедегі басты мәселе балалардың тұлға аралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен отбасы мүшелерімен қарым қатынас жасай білуі, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның құндылығын және дара ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі және өзіне сырт көзбен қарап, өзінің көңіл-күйін, атқарған іс-әрекетінің себебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.
Оқушы болашағы оның денсаулығына байланысты. Оқу, білім алу, үйрену немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Дені сау адам-қоғамның маңызды құндылығы. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әр түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. Оқушылардың дені сау болу үшін ұстаздар жақсы дәстүрлер мен әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі және оны іске асырудың жолдарын үйретуі әрі үйренуі қажет.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан --2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.
Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтердің алдында тұрған үлкен міндет.
Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, келер күннің айнасы-жастар денсаулығында, салауатты өмір салтында.
Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болу) қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы.
Денсаулық--әрбір адам бақытының негізгі компоненті.
Қоғам болашағы-әр адамның денсаулығына байланысты. Ендеше, біздің яғни, педагогтердің басты міндеті-әрбір жасөспірімнің өмір салтын салауаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, бағыттау, бағдарлау.
Бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі-ұлттың денсаулығы.
Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген білім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының жұмыстары денсаулықты сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілгенде ғана нәтижелі болады.
Бүгінгі таңдағы тамақтану мәдениетіне тоқталсақ:
Тамақтану мәдениеті дегеніміз-бірқалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде тамақтану қажеттігін білу. Адам тағамнан өзіне бір тәулікке жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Күнделікті пайдаланатын тағам құрамында ақуыз, көмірсу, май, дәрумендер, тұз, т. б белгілі бір мөлшерде болуы қажет екенін ескеруіміз керек. Қазіргі таңда жасөспірімдердің физикалық белсенділігінің де төмен болуы бізді толғандыратын мәселелердің бірі.
Баланың дұрыс тамақтанбай, физикалық белсенділігінің төмен болуының бір себебі-отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмен болуы. Сондықтан осындай балаларға біздің, яғни педагогтердің көмегі қажет. Олардың өмірге деген құлшынысын арттыра отырып, бойларына күш-жігер қалыптастыру міндетіміз.
Тиімді тамақтану өсіп келе жатқан буынның мектептегі табыстарына, жұмыс істеу қабілетіне, эмоциялық рухани жағдайына, көңіл-күйіне әсер етеді.
Жасөспірімдердің дұрыс тамақтанып, сол тағамға сәйкес дене қимылы, таза ауа, жалпы тазалық, шынығу сияқты факторлардың жүзеге асырылып отыруын, мектеп, ата-ана үнемі қадағалап отыруы қажет.
Сынып жетекшілері, денсаулық сақтау қызметкерлері осы мәселелер төңірегінде дәрістер, семинарлар, пікірталастар өткізіп отырғаны абзал.
Балалар тағамын ұйымдастыруға ғылыми тұрғыдан қарап, әлеуметтік-саяси мән беру-бүкіл халықтық іс.
Деннің сау болуы -ол өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, әрбір таңды, күнді асыға, ризашылық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі өзіңді-өзің сүю, құрметтеуден басталады. Кімде-кім өзінің өмірін темекі түтінімен, ішімдік уытымен уласа, ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта көңілсіз, беймәлім, күңгірт болып келеді.
Адам адам болғалы жақсылық пен жамандық, өмір мен өлім, өтірік пен шындық, талант пен жағымсыздық жарыса өмір сүріп келеді. Адамның құндылығы-ең сирек кездесетін жаратылысы арқылы анықталады, яғни өлшемсіз өмір. Ал, өмір-кез келген рахаттың аса қымбат бағасы. Олай болса, өмірдің босқа өтпеуі үшін адамның сапалы, салауатты түрде өмір сүруі қажет.
Осы қағидаларды оқу-тәрбие ісінде кең қолдану нәтижесінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын құндылықтар негізінде қалыптастыру жүйесі құрылады:
1. Ар-ұятты сақтау. «Жаным-арымның садағасы» дегендей, ар, сезім, ұят, тәртіп сақтау ережесін санасына қалыптастыру.
2. Оқушының өзін-өзі құрметтей білуі. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» дегендей, өхіне-өзі баға беру, өзін-өзі құрметтеу, өз өміріне, денсаулығына жаңаша көзқарасын қалыптастыру.
3. Өз құқығы мен тәртібін сақтау. Оқушы өмірдегі өзінің орнын мектептегі, қоғамдағы өз құқығын қорғай білу, қоғамдық тәртіпті сақтай біліп, жақсылыққа, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелену, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрену.
4. Әлеуметтік жағдайын өзгертуіне көңіл бөліп, тұрмысын түзеу. Өмір сүруге ұмтылу, өмір сүру әдіс-тәсілін, санасы мен дағдысын қалыптастыру.
5. Мінез-құлық мәдениетін қалыптастырып, жат қылықтар мен жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салу.
6. Рухани ойлау дәрежесін өсіру, оқушы өз бойына игі қасиеттерді қалыптастырып, әлемдік, ұлттық мәдениетке, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы жетуге талпыну.
7. Қоршаған ортаны танып-білуге, оны қорғауда, пайдалануда біртұтастық пен ұштастығын үйлесімділік дүниетанымы қажеттілігін анықтау.
8. Шығармашылық деңгейі өсіп, қабілетін арттыру үшін рухани қазына құндылығының деңгейін бағалау.
Өмірді мәңгі өткізуде ең маңызды бастау-құндылықтар болса, оның рухани-адамгершілік негізі-салауаттылық .
Осы қағиданы әрбір оқушының жадына, зердесіне сіңіре отырып, денсаулық сақтау құндылықтарын саналы ұғына білуге тәрбиелейміз.
Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениетін, экологиялық мәдениетін, еңбек ету мәдениетін, рухани және адамгершілік мәдениетін, экономикалық, құқықтық мәдениетін тәрбиелеу арқылы іске асады. Адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің маңызы түсіндіріледі.
Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа құндылық бағдар қалыптастыру-бала тәрбиесі үшін аса маңызды. Отанын, елін сүюге, қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, оларды рақымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу-қазіргі заман талабы. Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлау, қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз құқығын білу және оны қорғау, материалдық игіліктерге адамның ақыл-ойы, іс-әрекеті, жүрек жылуы сіңірілген еңбек нәтижесі деп, аяулы, адами көзбен қарап, оны ұқыптылықпен пайдалануға дағдыландыру осы құндылық арқылы жүзеге асады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz