Балалар музыкалық аспаптарында ойнау


БАЛАЛАР МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫНДА ОЙНАУ
- Балалар аспаптарында ойнау - қызмет түрі
Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар
Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті есіп отырған казіргі жардайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, творчестволық қабілетін жетілдіру мақсатында семьяда да, бала бақшада да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі коллективтік орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.
Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуеңді іріктеуді «музыкалық жаңғырықта» ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т. б. үйренеді.
Бұлардан басқа, кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық-сенсорлық қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекелеген элементтерімен таныстыруына көмектеседі.
Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, келемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
Әндірісте және дүкендерде қазіргі кезде бірқатар музыкалық ойыншықтар мен аспаптар шығарылып жүр. Оларды қалай пайдалану керектігін білу үшін оның құрылысымен, дыбысталуымен және ойнау тәсілдерімен таныс болу керек.
«Музыкалық ойыншықтар», «балалардың музыкалық аспаптары» деген атаулар жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық ойындарда қолданылады. Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады.
Балалардың музыкалық аспаптары көбінесе кәдімгі аспаптардың кішкентай көшірмесі болып табылады. Әрине, олар кәдімгі музыкалық аспаптар сияқты аталып, сыртқы көрінісі мен дыбыстауы жағынан ұқсас болғанымен, мейлінше қарапайым болғандықтан кәдімгі музыкалық аспап дыбысын толық бере алмайды.
Музыкалық аспаптардың түрлері
Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады.
Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян және т. б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды кұбылтура мүмкіндік береді. Балалар кебінесе өздерін «музыкалық жетекші» дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, балалайкашы болады, таныс әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі, сөз жоқ баланың музыкалық-есту түйсігін, творчестволық қиялын жетілдіреді.
Дыбыс шығаратындар . 1. Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық ойыншық-аспаптар - сылдырауықтар, бубендер, барабандар, кастаньеттер, треугольниктер.
2. Бір ғана биік дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар - сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады.
3. Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, музыкалық шкатулкалар, музыкалық жәшіктер; оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат алады.
4. Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық-аспаптар: металлофон, пианино, рояльдар, кларнеттер, флейталар, саксафондар, баяндар, гармоникалар, ауыз гармониялары, колокольчиктер, цитралар, домбралар, балалайка лар және т. б. Бұл музыкалық ойыншық-аспаптар бұрынғылардан әлдеқайда өзгеше. Оларды, әсіресе хроматикалық дыбыстарықатар орналасқан аспаптарда ойнай отырып, әр түрлі әуендерді салуға болады. Сондықтан біз оларды толығырақ қарастырамыз.
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар ойыншық-аспаптар.
Барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар: олар шекті, үрлемелі және соғып ойналатын болып бөлінеді. Мұндай классификацияны кейбір шарттылығына қарамастан, балалардың музыкалық аспаптарына пайдалануға да болады.
Шекті , яғни, цитралар, домбралар, балалайкалар және басқа аспаптар халықтық болып табылады. Бала саусақтарымен немесе медиатормен (пластмассадан жасалған жұқа пластинка) шегін қаққанда онан дыбыс шығады.
Үрлемелі, яғни, үрлемелі флейталар, саксафондар, кларнеттер, триолдар, «әуендер». Аспаптың трубкасына ауа үрлегенде, ал кейде демді ішке тартқан кезде дыбыс шығады.
Клавишті-тілді, яғни, баяндар, аккордеондар, гармоникалар. Клавиштерді басқан кезде дыбыс шырады.
Соқпалы-клавишті , яғни ойыншық рояль, пианино. Металл пластинкаларды балғамен соққанда клавиш басылып дыбыс шығады.
Соғып ойналатын, яғни, бубендер, кастаньеттер, треугольниктер, тарелкалар, барабандар, металлофондар, ксилофондар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таяқшамен соқкан кезде дыбыс шығарады.
Музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны қандай да бір жастағы топтарға арналған ойыншықтардың ассортиментін белгілейді. Мектепке дейінгі балғын және кіші топтағы балалармен жұмыс жүргізгенде бірінші кезекте погремушкалар, колокольчиктер, дудочкалар, әр түрлі органдар, кішкентай бубендер сияқты, яғни дыбысы жұмсақ та жай шығатын ойыншықтар қолданылады. Бұл жастағы балдырғандардың есту қабілетіне айрықша қарау қажеттігін есте ұстау керек.
Кейбір ойындарда безендіру үшін ойыншық қолданылады. Мәселен, балалар «ағаш атты» ойнай жүріп, оның мойнына қоңырауды іледі, биді «сүйемелдей отырып», бубенді қарады; - «поездың жүріп кетуі» сигналын бере отырып, треугольникті шылдырлатады және т. б.
Музыкалық-дидактикалық ойындарда музыкалық аспаптардың ролі арта түседі. Балаларға дауысты жоғарылығы, созылыңқылығы, тембрі, динамикасы бойынша айыру ұсынылады.
Жоғары дыбысты есту қабілетін жетілдіру үшін дыбыс жоғарылығы әр алуан болатын қоңырауларды пайдалануға болады, сонда балалар қандай қоңыраудың жоғары, қайсысының төмен «шырқайтынын» біледі немесе көлбеу қойылған металлофон «музыкалық баспалдақ» бола алады. Ұшына кішкентай қуыршақ-матрешка бекітілген балғамен «баспалдақ» сатыларын соғады, балалар қуыршақтың қайда «бара жатқанын» (жоғары, төмен немесе саты арқылы) анықтайды, яғни қатар орналасқан дыбыстардың бағытын, дыбыс арасындағы қашықтықты ажыратады.
Ырғақтық сезімді дамыту үшін соғып ойналатын барлық музыкалық аспаптарды немесе тек белгілі биіктіктегі дыбысы бар кез келген аспапты пайдаланған жақсы. Мәселен, балалар «Музыкалық жаңғырықта» ойнайды: бір бала өзінше ырғақ ойлап табады, ал басқа біреуі оны қайталайды. Тембрлік есту қабілетін жетілдіру үшін сан алуан топтардың (шекті, үрлемелі немесе соғып ойналатын) «өкілдерінің» дыбыстарын ғана салыстыру емес, сонымен қатар біртектес аспаптардың (бубенчик пен бубеннің, металлофон мен треугольниктің және т. б. ) дыбыстарының тембрі мен сипаты жағынан ұқсастығын көрсетіп отыруды балаларға ұсыну өте пайдалы. Бұл жаттығулар музыкалық жұмбақ түрінде жақсы өтеді.
Динамикалық есту қабілетін жетілдіру үшін ойын жағдайына («қызу-бәсең» типтегі ойын) қарай балалар дыбысты өздігінен күшейтіп, бәсеңдете алатын барлық музыкалық аспаптар қолданылады.
Оркестрді немесе ансамбльді құрастырған кезде белгілі пропорцияға сүйену қажет: онда мүмкіндігінше аспаптардың барлық топтарының (шекті, үрмелі, соғып ойналатын, соқпа- клавишті, клавишті-тілді) болғаны жөн. Дегенмен, олардың құрамында дыбысы-жұмсақ та ақырын шығатын музыкалық аспаптардың (цитра, металлофон) көбірек болғаны дұрыс, өйткені олар өзінің құрылымы жағынан дәл әрі ойнаура қолайлырақ. Соғып ойнала-тын, үрлемелі және аккордеон мен триолдардың аз, болғаны жақсы. Олардын, дыбыстары дара, ашық, қатты, сондықтан цитраның, металлофонның дауысын басып кетеді. Оған қоса аккордеон мен триолда ойнау қиынырақ.
Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: цитр- 6-8; металлофон-5-7; аккордеон-1-2; триол 2--3; кастаньет- 2-3; треугольник-2-3; барабандар, бубендер, тарелкалардан бір-бір аспаптан.
Оркестрде балаларды жетекшінің оң жағында төменгі дауыстағы, ал сол жағында жоғары дауыстағы аспаптар орналасатындай етіп отырғызады; соңғы ойналатын аспаптағы балалар соңғы жаққа, өздігінше отырғызылады.
Кұрамының әркелкілігі, (яғни барлық топтағы музыкалық аспаптар қамтылған), музыкалық аспаптар санының көптігі жағынан оркестр осындай болады. Алайда барлық топ әрдайым түгел қолданыла бермейді (мәселен, соғып ойналатын аспап болмайды) . Тек біртекті музыкалық аспаптардан ғана, мәселен, бірыңғай металлофоннан, тұратын оркестр құруға да болады. Ондай оркестрлік құрам фортепьяноның сүйемелдеуімен, сондай-ақ сүйемелдеусіз дыбыс шығара алады.
Оқытудың міндеттері. ӘР жастағы топтардың музыкалық аспаптар-мен танысуы әр түрлі формада өткізіледі. Егер ең кішкентайлар үшін негізінен музыкалық ойыншықтар пайдаланылса, ал ересек топтағы балалар түрлі музыкалық аспаптармен танысады да, содан кейін онда біртіндеп ойнау дағдысын игереді.
Дайындық тобындағы программада балалардың музыкалық аспабында ойнау «Сабақ» бөліміне енгізілген. Программа талабы мынаған негізделген: «Күрделі емес әуендерді жеке және ансамбльде ойнауды үйрену».
Осыған байланысты балалардың оку процесінде игерген білімі мен шеберлігінің ауқымын қарастырамыз.
Балалар мынаны білуге тиіс:
аспаптардың аттарын;
аспаптардың дыбыстау сипатын (мәселен, цитрдің дыбысы нәзік әрі жұмсақ, металлофонның дыбысы сыңғырлап, аккордеондікі ашық, тарелканікі қатты, анық, барабанның дыбысы даңғырлап шығады және т. б. ) ;
аспаптарды пайдалану және оларды сақтау ережелерін;
оларда ойнау тәсілдерін;
әр түрлі музыкалық аспаптардағы жоғары және төменгі дыбыстардың орналасуын;
нотаның аттарын (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) және олардың металлофон пластинкасындағы басқа музыкалық аспаптардың клавиштеріндегі орындарын;
Балалар мыналарды үйренуі керек:
әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін меңгере білуі; мәселен, балғамен металлофонда, ксилофонда, медиатрмен цитрде ойнаған кезде саусақтарды жеңіл қимылдата білуді;
триолда, кларнетте, сыбызрыда ойнағанда, дұрыс дем алуды, аккордеонда, баянда, пианинода ойнағанда саусақты қолайлы ор-наластыруды; тарелканың, треугольниктің дыбысын жаңғыртпауды, кастаньетті, маракасты сілки отырып, бубенде, барабанда ойнағанда қолды дұрыс ұстауды;
ансамбльде ортақ динамиканы, темпті сақтап ойнауды; музыканы орындауға дер кезінде кірісіп, дер кезінде аяқтауды;
қарапайым динамикалық реңктерді пайдалануды;
қарапайым ән, өлеңдерді дербес орындауды;
есту арқылы өзіне жақсы таныс әндерді, әзілдерді, считалочкаларды талғап алуды;
ырғақтық және әуендік әндерді жанынан шығарып, айтуды үйренуге тиіс.
2. Балаларға музыкалың аспаптарда ойнауды үйрету методикасы
Оқыту тәсілдері . Аспаптардың түрлі топтары ойнау тәсілдеріндегі әр алуан қиындықты игеруді талап етеді. Сондықтан да оркестрге қатысушыларға олардың өзіндік қабілеттерін ескере отырып тапсырмалар беру қажет.
Музыкалық аспапта ойнауды оқыту методикасында түрлі му-зыкалық тапсырмаларды орындауды жүйелендіру маңызды нәрсе. Бұл мәселеде әлі де болса қалыптасқан педагогикәлық дәстүр жоқ. Барлық орындаулардары сияқты, мұнда да пьесаны үйрену кезінде ойынның дұрыс тәсілін қолдану қажет. Коллективтік және жеке жұмыста: жалпылама сабақта және музыканы дербес орындағанда, мерекелерде өнер көрсеткенде және ойын-сауықтарда бір ізділік болраны жақсы.
Педагогтың шығармаларды мәнерлі орындауы (әр алуан музыкалық аспапта) дыбыс шығару тәсілдері мен әдістерін көрсетуі және түсіндірмесі тиянақты сынақтан өткен, дәстүрлі әдістер басқаша да толықтырыла алады. Балаларға музыкалық аспаптарды өздігінше «тексеру» ұсынылады, оларға онша күрделі емес творчестволық тапсырмалар беріледі және өз бетімен өткізетін сабақтарда өздігінше оқуына түрткі болады. Оқыту осы көрсетілген әдістерді үйлестіру жағдайында етсе, онда педагогтың да табысқа жетері сөзсіз.
Әрбір музыкалық аспап орындаудың алуан тәсілін қажет өткенімен іс жүзінде кейде көптеген музыкалық аспаптарда ойнауды үйретуге бір мезгілде кіріседі немесе бүкіл пьесаны бірден жаттап алады. Әйтпесе басқалары үйренгенше балаға күте тұруға тура келеді. Мұның өзі баланы жалықтырып, ынтасын азайтады.
Ал мына бір жолды дұрыс деп есептеуге болады. Мәселен цитрдің сыртқы түрімен, балаларды жалпы сабақта таныстырып, онда ойнаудың негізгі тәсілдерін көрсетуге болады, бірнеше сабақтың барысында екі-үш өлеңді жаттай отырып, музыкалық аспап бұдан кейін топқа беріледі. Ал, балалар ойнау кезінде өз инициативалары бойынша музыкалық аспаппен таныса береді де, тәрбиеші оларға көмек көрсетеді. Жалпы сабақта, сондай-ақ басқа музыкалық аспаптармен танысу да жүріп жатады. Мұның үстіне кей-кейде анағұрлым қабілетті балаларға музыкалық аспапты тексеру, онда ойнау әдісін табу ұсынылады, ал соңынан педагог түзету енгізеді. Балалар біртіндеп диатоникалық немесе хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық аспаптармен: металлофон, триол, аккордеон, цитрмен танысады. Соғып ойналатын аспаптарды балаларға олармен таныстыруда аз ғана уақыт кетеді: сабаққа бірден екі немесе үш музыкалық аспапты, мәселен, барабанды, бубенді және кастаньетті енгізуге болады. Өйткені оларда балалар тек ырғақты келтіре алады.
Үйрету методикасының ерекшеліктерін мына төмендегі міндеттер тұрғысынан қарастырып көрелік: ойнаудың техникалық тәсілдерін игеру; жеке музыкалық аспаптарда ойнауды игеруге арналған тапсырмалардың жүйелілігі; кейбір шығармаларды жаттап алу.
Техникалық тәсілдер
Ойнау тәсілдері әрбір музыкалық аспаптың техникалық тәсілдер құрылымына байланысты. Ең алдымен музыкалық аспапты дұрыс қойып, баланың ойнауына ыңғайлы ету қажет.
Металлофонды, цитрді биіктігі орындаушының тізесіне жаіқын тақтайға қою керек. Егер ол болмаса, музыкалық аспапты тізеге қоюға болады. Үрлемелі музыкалық аспаптарды да (ойнардан бүрын) тізеге қояды. Барабан мен бубенді бел деңгейінде ұстайды ал треугольник тақтаға ілінеді немесе бала оны сол қолында ұстап тұрады.
Дыбыстаудың дұрыс тәсілдерін үйрену ете маңызды нәрсе. Металлофонда ойнау кезінде балға бас бармақтан кейінгі саусактың ортаңғы бөлігінде тұруы, ал бас бармақ оны жоғары жағынан қысып тұруы. Соғу күші пластинканың ортасына тусуі, жеңіл болуы қажет. Саусақ бос тұруы тиіс. Егер бала балғаны алақанына қысып ұстап қатты соққан күйінде пластинкада кідіртіп қалса, онда дыбыс «күңгірт», ұнамсыз болып шығады.
Цитрде ойнау кезінде медиаторды бас бармақ пен суқ саусақтың арасына қысып ұстау керек. Дыбыс ішекті жеңіл де серпінді қағудан шығады. Бұл орайда қажетсіз ішекке тиіп кетпеуге тырысу керек.
Кастаньеттің дыбысы өте қатты шығады, сондықтан оны оң қолға алады да, сол алақ-анның қырымен ақырын соғады. Бұл кезде дауыс жаңғырықпай ырғақты естіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz