Сақтандыру ісін ұйымдастыру



Жоспар

Кіріспе

1 тарау. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың теариялық аспектілері
1.1. Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәні
1.2. Сақтандыру ісінің рыноктық экономикадағы ролі
1.3. Сақтандыру ісінің халықаралық тәжірибесі

2 тарау. «Лондон.Алматы» сақтандыру компаниясының Қазақстан экономикасындағы орны және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау
2.1. Сақтандыру рыногы дамуының негізгі бағыттары
2.2. «Лондон.Алматы» сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау

3 тарау. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің даму перспективалары
3.1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін дамыту проблемалары
3.2. Сақтандыру қызметі рыногының даму перспективалары

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру рыногын бағалай отырып, бірнеше келіспеушіліктерді атауға болады. Бір жағынан, бұ сектор қызықтырарлық өсуді көрсетеді, екінші жағынан, көлемі бойынша банктік сектордан айтарлықтай қалып отыр. Дегенмен, әлем бойынша сақтандыру компаниялары банктерді құратын ең ірі инвесторлар ғана емес, экономиканың индикаторы да болып табылады. Егер тұрақтылық болмай, сақтандыру компанияларының акциялары төмендесе, онда саудаға да, көлікке де, банктерге де ол әсерін тигізеді.
Қазақстанның сақтандыру рыногы қолданыстағы мемлекеттік сақтандырудың (Госстрах) монопольді жүйесі негізінде құрылған, 90-шы жылдары ол ірі қайтақұруларға тап болды. Отандық сақтандыру рыногы өз дамуында әр қадам сайын табиғи емес монополияны басып, альтернативті компанияларға жол берді. Қазіргі уақыттан бастап республиканың сақтандыру алаңында тоқауыл қойыған шараларға жол берілмейтін анық бәсекелестік бар деп үлкен болмаса да сеніммен айтуымызға болады. Тек шетелдерде қолданылған жаңа сақтандыру түрлері ендіріліп жатыр, сақтандырушылардың жауапкершілігі өсуде.
Рыноктық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Меншік иесіне мүліктің жойылуы мен табыс жоғалуынан, адамды өмірдің барлық жағдайынан сақтай отырып, сақтандыру қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес бағыттың тиімді салаларына ірі инвестициялар көзі болып табылады.
Көптеген шаруашылық субьектілердің өндірісіне зиян келтіретін және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үлкен территориялардағы ірі табиғи немесе техногенді апаттар болған жағдайларда тиісті зиян шегудің орнын сақтандыру компаниялары арқылы өтеу, макроэкономикалық жағдайға оң әсер береді.
Қазақстан үшін өндірістік және өндірістік емес бағыттар табиғи немесе техногенді апаттарға сезімталдық деңгейі жоғары, яғни сақтандырудың потенциалды рөлі жоғары. Дегенмен, жеткілікті сақтандыру резервтерінің болмауы стихиялық апат, авариялар мен техногенді катастрофалар болған жағдайда, ішкі өнімді тұтыну, жинау және орнын толтыруға қайта бөлу пропорцияларының жоспарын бұзады. Пайда болған тура және жанама зиянның орнын толтыруға инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туады. Сондықтан рыноктық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылық кешенінің қаржылық жақсартудың тиімді жолдарын іздеу шарттарында, сақтандыру елдің тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық міндеттерді шешуден тыс қалмауы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы үздіксіз дамуда, бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сақтандыру сыйақыларының көлемі, капитализация деңгейі мен басқа да көрсеткіштер өсуде. Сонымен қатар, сақтандыру рыногының даму жолында елеулі мәселелер жатыр. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңде ҚР-ның сақтандыру ісінің дамуының жағдайы мен перспективаларын тану. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелері қарастыру керек:
1) Сақтандыру рыногының мәнін, құрылымын және қатысушыларын анықтау;
2) Шетелдік сақтандыру рыногының даму тәжірибелерін қарастыру, мысал ретінде АҚШ, Франция, Германия, Үндістан, Қытай және Жапония;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы дамуының тиімді бағыттары мен жағдайын талдау;
4) «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын мысал ретінде ала отырып, Қазақстан Республикасының сақтандыру бизнесінің дамуын зерттеу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Нормативтік-құқықтық база
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
2) 18 желтоқсан 2000 ж. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы № 126-II (16 мамыр 2003 жылдың №416-II өзгертулері және толықтырулармен)
3) Қазақстан Республикасы қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, 2005 жылғы 1 қарашадағы қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы №31 баспасөз-релизі 4)
2. монографиялық әдебиеттер:
5) Адамбекова А.А., Корнилова Л.П. «Финансы и кредит в вопросах и ответах» - Алматы: «Колизей»ЖШС, 2005
6) Батыргожин Н. Итоги государственной программы развития страхования в Республике Казахстан на 2000-2002 гг. //РЦБК.№2(82), февраль 2003г.
7) Воблый К.Т. «Основы экономии страхования». – М.: АНКИЛ, 1995.
8) Галагуза Н.Ф., Ларичев В.Д., «Преступления в страховании: предотвращение, выявление, расследование (отечественной и зарубежный опыт)».- М.: 2000
9) Гвозденко А.А. «Финансово-экономические методы страхования».- Финансы и статистика, 1998
10) Гинзбург А.И. «Страхование».- М.: Питер,2003
11) Жуйриков К., Назарчук И., Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт». – А.: ОФ «Бис», 2000
12) Кныкова А.У. «Потребность в лицензированных актуариях будет повышаться»//РЦБК. №4(84), апрель 2003
13) Курмангалиева А.Ш. «Проблемы интеграции страховых компаний Казахстана в мировой рынок страхования»//РЦБК. №2(82), февраль 2003
14) Лер О.Э. «Страхование в транзитной экономике».- А.: Гылым,1998
15) Маянлаева Г.И. «Организация страхового дела в РК».- А.: 2000
16) «Основы страховой деятельности» - М.; БЕК, 2001
17) Орланюк-Малицкая Л.А. «Страховое дело».- М.: ACADEMIA, 2003
18) Турбина К.Е. «Теория и практика страхования».- М.: Анкил, 2003
19) Федорова Т.А. «Страхование». 2-ое издание, переработанное и дополненное.- М.: Экономист, 2003
20) Хохлов Н.В. «Управление риском».- М.: Юнити-Дана,2001
21) Шамалов В. «Рынок ценных бумаг».- А.:НКФ «Персонал управления», 2002
22) Шахав В.В. «Страхование».- М.: Юнити, 2000
23) Шихов А.К. «Страхование».- М.: Юнити, 2000
24) Юрченко Л.А. «Финансовый менеджмент страховщика».- М.: Юнити,2001
3. Мерзімдік басылымдар:
25) «Казахстанская правда» 23.12.2000ж. №328-329
26) «Панорама»20.02.2004ж. №7(573)
27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені
28) «Страховое ревю».- М.: «Вестник ВВС», 7(111), 2003
29) «Лондон-Алматы» СК буклеті
4. Интернет-көздері:
30) www.afn.kz
31) www.laic.kz
32) www.dynasty.kz
33) www.kommesk-omer.kz
34) www.nsk.kz
35) www.interfax.kz

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 тарау. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың теариялық аспектілері
1. Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәні
2. Сақтандыру ісінің рыноктық экономикадағы ролі
3. Сақтандыру ісінің халықаралық тәжірибесі

2 тарау. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының Қазақстан
экономикасындағы орны және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау
2.1. Сақтандыру рыногы дамуының негізгі бағыттары
2.2. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның
қаржылық көрсеткіштеріне талдау

3 тарау. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің даму перспективалары
3.1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін дамыту проблемалары
3.2. Сақтандыру қызметі рыногының даму перспективалары

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстанның сақтандыру рыногын бағалай отырып, бірнеше
келіспеушіліктерді атауға болады. Бір жағынан, бұ сектор қызықтырарлық
өсуді көрсетеді, екінші жағынан, көлемі бойынша банктік сектордан
айтарлықтай қалып отыр. Дегенмен, әлем бойынша сақтандыру компаниялары
банктерді құратын ең ірі инвесторлар ғана емес, экономиканың индикаторы да
болып табылады. Егер тұрақтылық болмай, сақтандыру компанияларының
акциялары төмендесе, онда саудаға да, көлікке де, банктерге де ол әсерін
тигізеді.
Қазақстанның сақтандыру рыногы қолданыстағы мемлекеттік
сақтандырудың (Госстрах) монопольді жүйесі негізінде құрылған, 90-шы
жылдары ол ірі қайтақұруларға тап болды. Отандық сақтандыру рыногы өз
дамуында әр қадам сайын табиғи емес монополияны басып, альтернативті
компанияларға жол берді. Қазіргі уақыттан бастап республиканың сақтандыру
алаңында тоқауыл қойыған шараларға жол берілмейтін анық бәсекелестік бар
деп үлкен болмаса да сеніммен айтуымызға болады. Тек шетелдерде қолданылған
жаңа сақтандыру түрлері ендіріліп жатыр, сақтандырушылардың жауапкершілігі
өсуде.
Рыноктық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың
стратегиялық секторы болып табылады. Меншік иесіне мүліктің жойылуы мен
табыс жоғалуынан, адамды өмірдің барлық жағдайынан сақтай отырып,
сақтандыру қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес
бағыттың тиімді салаларына ірі инвестициялар көзі болып табылады.
Көптеген шаруашылық субьектілердің өндірісіне зиян келтіретін және
адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үлкен территориялардағы ірі
табиғи немесе техногенді апаттар болған жағдайларда тиісті зиян шегудің
орнын сақтандыру компаниялары арқылы өтеу, макроэкономикалық жағдайға оң
әсер береді.
Қазақстан үшін өндірістік және өндірістік емес бағыттар табиғи немесе
техногенді апаттарға сезімталдық деңгейі жоғары, яғни сақтандырудың
потенциалды рөлі жоғары. Дегенмен, жеткілікті сақтандыру резервтерінің
болмауы стихиялық апат, авариялар мен техногенді катастрофалар болған
жағдайда, ішкі өнімді тұтыну, жинау және орнын толтыруға қайта бөлу
пропорцияларының жоспарын бұзады. Пайда болған тура және жанама зиянның
орнын толтыруға инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туады.
Сондықтан рыноктық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылық
кешенінің қаржылық жақсартудың тиімді жолдарын іздеу шарттарында,
сақтандыру елдің тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық міндеттерді
шешуден тыс қалмауы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы үздіксіз
дамуда, бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сақтандыру сыйақыларының
көлемі, капитализация деңгейі мен басқа да көрсеткіштер өсуде. Сонымен
қатар, сақтандыру рыногының даму жолында елеулі мәселелер жатыр. Бұл
дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңде ҚР-ның сақтандыру ісінің
дамуының жағдайы мен перспективаларын тану. Бұл мақсатқа жету үшін келесі
мәселелері қарастыру керек:
1) Сақтандыру рыногының мәнін, құрылымын және қатысушыларын анықтау;
2) Шетелдік сақтандыру рыногының даму тәжірибелерін қарастыру, мысал
ретінде АҚШ, Франция, Германия, Үндістан, Қытай және Жапония;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы дамуының тиімді
бағыттары мен жағдайын талдау;
4) Лондон-Алматы сақтандыру компаниясын мысал ретінде ала отырып,
Қазақстан Республикасының сақтандыру бизнесінің дамуын зерттеу.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық негізі болып: сақтандыру ісіне
қатысты ҚР-ның Үкіметінің Жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңдары,
монографиялық және оқу әдебиеттері, мерзімдік басылымдар мәліметтері,
Интернет көздері, сонымен қатар, Лондон-Алматы СК құжаттары табылады.

І тарау. Сақтандыру ісін ұйымдастырудағы теориялық негіздер
1.2. Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәні
Сақтандыру рыногы – қайта сақтандыру компаниялары қанағаттандыратын
сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру қызметіне сұранысын құратын
сақтандырушылар (заңды және жеке тұлғалар) қызмет ететін экономикалық
кеңістік. Сақтандырушыдан сақтандырылушыға қызметерді өткізетін сақтандыру
делдалдары (сақтандыру брокері мен агенті), актуарий, өкілетті аудиторлық
ұйыдар (өкілетті аудиторлар), бірін-бірі сақтандыру ұйымдары, сақтандыру
инфрақұрылымының ұйымдары, сақтандыру рыногының қаржылық тұрақтылығы,
сақтандыру операциялары бойынша шығын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
(21,????)
Экономиканың жалпы теориясында және сақтандыруда сақтандыру рыногы
мен сақтандыру шаруашылығы отандық сақтандыру ғылымы үшін жаңа ұғымдар.
Дегенмен де, сақтандыру рыногы ұғымы өндіріспен, қайта бөлумен, сатумен
және сақтандыру қызметін пайдаланушылармен байланысты сақтандыру саласында
қоғамдық қатынастар жүйесін сипаттайтын сақтандыру шаруашылығы жалпы
ұғымның бөлімі. Халықаралық шаруашылық масштабында халықаралық сақтандыру
шаруашылығы термині қолданылуы мүмкін. Бұл түсінікте сақтандыру
шаруашылығы мекемелермен, ұйымдастырушылық құрылғымен, қызметпен,
сақтандыру ұйымдарын басқарумен, сонымен қатар, сақтандыру компаниялар,
экономикалық қатынаста сақтандыруды қолдану шартын анықтау мен
алғышартарда, сақтандыру бойынша сақтандыру рыногының басқа да
қатысушыларының қызметін мемлекеттік бақылау.
Шетел әдебиетінде сақтандыру экономикасы мен халықаралық сақтандыру
экономикасы түсініктері бөлек.
Қазіргі кездегі ғылым тұжырымы бойынша сақтандыру рыногы сатып
алушылар – сақтандырылатындар сұрынысы мен сатушылар – сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз ету бойынша сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі
мен ұсынысының қатынасын басқаратын экономикалық кеңістік немесе жүйе
ретінде көруге болады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс екі негізгі факторлармен анықталады: жеке
алынған азамат пен шаруашылық субьектінің тәуекел менеджментінің элементі
ретінде сақтандыруда қажеттілік, сонымен қатар, сақтандыру қызметін алу
жолымен сақтандыруға сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,
сақтандырушылардың сатып алынатын мүмкіндіктері.
Тәуекел қоғамдық өндіріске тән болашақ қауіп экономикалық қатынастар
дамуымен сақтандыру қызметтеріне сұраныстың өсуін анықтайды. Әлеуметтік
сақтандыру мен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынылатын
сақтандыру қорғанысын бір мезгілде қысқарту, сонымен қатар, сақтандыру
қызметтеріне сұраныстың өсуіне себеп болады.
Дамыған және дамушы сақтандыру рыногының мәселесі сақтандырылушылар
жағынан қажетті сатып алу мүмкіндігінің болмауы. Бұл мәселені шешу бір
жағынан шаруашылық қызмет субьектілерінің қаржылық жағдайы мен халықтың
сақтып алу мүмкіндігі өсуінен болса, екінші жағынан сақтандыру қызметтерін
сатып алу мүмкіндігін кеңейту мемлекеттің макроэкономикалық масштабында
ұлттық деңгейде мемлекетпен жүргізілетін белгілі бір шаралар есебінен де
жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мүліктік сақтнадыруға шығыстар, жұмыс, қызмет
пен тауарды өткізуден және өндіруден алынған табыстан алынатын шығынға
қосуды кеңейту кәсіпорындар мен ұйымдарға сақтандыру қызметтерін сатып алу
бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді. Және сақтандыру қызметтеріне сұраныс
өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру және басқа да әлеуметтік
сақтандыру түрлеріне келісімшарт бойынша сақтандыру сыйақыларына шығындар
азаматтар табысының салық базасынан алуға рұқсатпен ынталандырылуы мүмкін.
Сақтандыру қызметтеріне сұраныс субьективті сипатта, яғни сақтандыру
қорғанысын қамтамасыз етуде қажеттілікті түсіну тұтынушының ондай қызметтің
болуында, оның тұтынушылық сапасында, тиімділігінде, құнында және т.б.
хабарсыз болуынан сақтандыру қызметін сатып алу түрінде жүзеге асырылуы
мүмкін. Бұл жағдай сақтандырушылардан сақтандыру тәуекелін жабуда жасырын
қажеттіліктерді ашуға бағытталған маркетингтік шараларды жүргізуді қажет
етеді.
Сақтандыру қызметінің тұжырымы болашақ сақтандырылушыларды
сақтандыруда қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қаржылық
тұрақты және іскер сақтандыру ұйымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.
Сақтандыру қызметі рыногы құралуының негізгі факторы инвесторлардың
сақтандыру компанияларын құруға қызығушылығы, сақтандыру тарифтерін
есептеуге қажетті статистикалық және ақпараттық базаның болуы мен
сақтандыру тәуекелін бағалау мүмкіндігі, сақтандыру компанияларына
инвестициялар қайтарымдылығы мен пайдалылығына кепілдік, сонымен қатар,
сақтандыру компанияларында іскер менеджерлер мен сақтандыру қызметі
андеррайтингі саласында мамандардың болуы.
Тауар, жұмыс пен қызметтің кез-келген түрлерінің рыногы сияқты
сақтандыру рыногы да сақтандыру қызметіне бағалардың өсуі мен түсуінде
экономикалық заңды толқулар цикліне ұшырайды.
Сақтандыру рыногында экономикалық циклдар ерекшелігі келесі
факторлармен анықталады:
• Табысты жылдары артық капиталды сақтандыруға тарту және сақтандыру
қызметіне бағаның түсуі;
• Сақтандыруға сұраныстың төмендеуіне әсер ететін теріс жаңалықтарды
төмендетуге болатын тиімді шаралардың өсуі;
• Табысты жылдары теріс жағдайлар нәтижесінде бос қалуды қатысты
төмендету;
• Сақтандыру және қайта сақтандыру қорғанысы құнын ұстауға алып
келетін стихиялық апаттар немесе адам қызметі нәтижесінде болған
катастрофалық шығындардың болуы.
Табыссыз жылдары бос қалдыратын шығындар болғаннан кейін сақтандыруға
баға тез көтеріледі.
Басқа рынок сияқты сақтандыру рыногының құрылымын сипаттайды:
• Сатушылар – сақтандыру қызметін ұсынуға мамандандырылған
сақтандырушылар;
• Сатып алушылар – сақтанушылар – заңға немесе келісімшартқа
негізделген мүліктік сақтандыру мүддесі бар заңды және жеке
тұлғалар;
• Делдалдар – сатып алушы мен сатушының өзара талабы мен тиісті
сақтандыру қызметімен қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлғалар
– сақтандыру брокерлері мен сақтандыру агенттері (17, ??).
Осы негізгі тұлғалардан басқа сақтандыру рыногында обьективті түрде
бар және сақтандыру мүддесін жүзеге асыруда әрекет жасайтын, рынокта
сақтандыру қызметтерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен
ұйымдар жүйесі ретінде қарастыруға болатын, сақтандыру рыногының біртұтас
инфрақұрылымын құрайтын, сақтандыруды жүргізуде қатысатын немесе
қызығушылығы бар әртүрлі құрылымдар, ұйымдар мен субьектілер.
Сақтандырушылар сақтандырылушылармен сақтандыру келісімшартын жасасқан
заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Сақтандыратын – сақтандырушылармен қатар сақтандыру заңды
қатынасындағы, өзіне тәуекелді алатын субьектілердің бірі. Сақтандыратын
түсінігі өзіне сақтандыру ұйымын рыноктың шаруашылық субьектісі ретінде
жалпылайды. Сақтандыратын сақтандыру қызметін жүргізетін және оны жүзеге
асыруға лицензиясы бар кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды
тұлға (сақтандыру ұйымдары) болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының кең тараған ұйымдастырушылық-құқықтық формасы
акционерлік қоғам, бірін-бірі сақтандыру қоғамдары, ал халықаралық
тәжірибеде – акционерлік қоғамдар мен коммерциялық емес ұйым формасындағы
өзін-өзі сақтандыру қоғамдары. Сақтандыру рыногы құрылымын толығырақ келесі
түрмен сипаттауға болады:
1. Мемлекеттік сақтандыру бақылау Органы;
2. Акционерлік сақтандыру компаниялары;
3. Мамандандырылған қайта сақтандыру компаниялары;
4. Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары;
5. Экспорттық несиелердің мемлекеттік сақтандырушысы;
6. Сақтандыру делдалдары (брокерлер мен агенттер);
7. Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушылар (аджастерлер мен
сюрвейерлер);
8. Актуарий;
9. Өкілетті аудиторлық ұйымдар (өкілетті аудиторлар);
10. Сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет атқаратын басқа да
заңды және жеке тұлғалар.
Сақтандыру рыногының құрылымын сақтандыру бақылауының мемлекеттік
Органы басқарады, оның міндетін әр мемлекетте әртүрлі органдар орындайды,
яғни мемлекеттің Орталық Банкі, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын бақылау
мен қадағалау бойынша Агенттік (Қазақстан Республикасында), немесе Қаржы
Министрлігінің сақтандыруды бақылау Департаменті (Ресей Федерациясында).
Мемдекеттік сақтандыру бақылау Органының негізгі міндеттеріне
келесілер жатады:
• Сақтандырушыларға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру;
• Сақтандырушылар мен сақтандырушылар одағының біріңғай Мемлекеттік
реестірін, сонымен қатар сақтандыру брокерлерінің реестірін
жүргізу;
• Сақтандыру қызметі есептілігі мен сақтандыру операциялары есебінің
көрсеткіштері мен формаларын, сақтандыру резервтерін құру мен
орналастыру ережелерін құру;
• Сақтандыру мен қайта сақтандыруды ұйымдастыру және жүргізуде
қатысатын барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті сәйкес
мемлекеттің заңына сай сақтандыру қызметінің сұрақтары бойынша
нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындау;
• Сақтандыру қызметінің тәжірибесін жалпылау, даму бойынша ұсынысты
белгіленген тәртіппен жасау және көрсету, сақтандыру туралы белгілі-
бір мемлекеттің заңын жетілдіру.
Сақтандыру компаниялары меншік формасына, ұйымдастырушылық-құқықтық
формасына және ішкі құрылымына байланыссыз қызметінің мақсаты сақтандыру
операцияларын орындау болып табылатын, шаруашылық құрылым. Олар құру
тәртібі мен қызметі арнайы заңмен бақыланатын заңды тұлғалар.
Сақтандыру компанияларының қызмет саласы тек сақтандыру болып
табылады, яғни сақтандыру келісімшартына отырумен, сақтандыру сыйақыларын
алу және жинаумен, бұл негізде сақтандыру резервтерін құрумен, сақтандыру
өтемін төлеуді жүзеге асырумен және сақтандыру жағдайында келісімшартта
белгіленген сақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты процесс. Оларға
өндірістік, саудалық-делдалдық және банктік қызмет етуге тиім салынады.
Клиенттер алдында сақтандыру компанияларының міндетін орындау кепілі
мөлшері сақтандыру қызметінің бағытына байланысты заңмен бекітілген
жарғылық капиталы болып табылады. Ішкі құрылымы мен басқару органы
сақтандыру компаниясының жарғысымен белгіленеді.
Сақтандыру компаниялары бірнеше белгілері бойынша сыныпталады:
• Меншік формасына байланысты (мемлекеттік, жеке, біліккен, өзара);
• Капитал мөлшеріне байланысты (ірі, орта, ұсақ);
• Қызмет территориясына байланысты (аудандық, ұлттық, халықаралық);
• Сақтандыру қызметінің бағытына байланысты (мамандандырылған,
әмбебап) және т.б. байланысты
Әмбебап сақтандыру компаниялар сақтандыру қызметінің әртүрлі түрлері
бойынша операциялар жүргізеді.
Ерекше орынды кэптивті сақтандыру компаниялары алады (мысалы
Ұлыбританияда), оларды бір немесе бірнеше заңды тұлға (негізінен
корпорациялар мен қаржылық-өндірістік топтар) сол корпорацияның немесе
құрамына кіретін шаруашылық бірліктің мүліктік мүддесін сақтандыру қорғауын
қамтамасыз ету мақсатында құрады. Мұндай сақтандыру компанияларын құру
себебі басқа сақтандыру компанияларында тиісті сақтандыру өтемін табу
мүмкіндігінің жоқтығы, рыноктық сақтандырумен салыстырғанда төмен
тарифтерді қолдану. Сонымен қатар, сақтандыру сыйақылары ретінде кэптивті
сақтандыру компанияларына төленетін корпорацияның құралдары құрылтайшының
бақылауында қалады. Және де мұндай компанияларды оффшорлы аймақтарда
құрылтайшылар саны мен жарғылық капитал мөлшеріне байланысты төмен талаппен
және салық салу жеңілдігімен құру корпорацияның сақтандыруға шығындарын
төмендетуге мүмкіндік береді.
Сақтандыру компаниялары өз қызметін бәсекелестік ұсынылатын қызмет
көлемі мен сапасын, бағасы мен жүктелетін сақтандыру міндетін орындау
сенімділігін салыстыру жағдайында жүзеге асырады. Сақтандыру компаниясының
ішкі ұйымдастырушылық және функционалдық құралуы әртүрлі. Атап өтетіні,
қазіргі рынок жағдайында ең ірі және ірі сақтандыру компанияларда операция
көлемі мен сақтандыру капиталының араласуы, сонымен қатар, рыноктың салалық
және территориялық қайта бөлінуі байқалады.
Маманданған қайта сақтандыру компаниялары – бұл тәуекелді түзету және
бөлудің кең таралған амалы ретінде тек қайта сақтандырумен айналысатын
компания. Қайта сақтандыруда сақтандырушы сақтандыру келісімшартына басқа
сақтандырушымен отырады, ол тәуекел бөлігін келесі сақтандырушыға береді,
ал өз кезегінде оны ары қарай беруіне болады.
Ортақ сақтандыру мен қайта сақтандырудың формаларының бірі пул болып
табылады. Бұл келесім негізінде қызмет ететін, барлық қатысушыларымен қол
қойылған, сақтандыру мен қайта сақтандырудың жеке түрлері немесе сақтандыру
обьектілері бойынша алдын-ала қарастырылған, сақтандырушылар мен қайта
сақтандырушылардың ерікті бірігуі. Пул мүшелері келісім шегінде келісілген
тәуекелді сақтандыруға және басқа қатысушылармен отырылған келісімшарттар
бойынша жауапкершіліктің тиісті үлесін алуға міндетті.
Құралу кезінде біріншілердің бірі және танымалы Швейцариялық
авиациялық пул болып табылады. Пул формасындағы бірлестіктер теңіз
сақтандыруында кең қолданылады. Ұлттық, ауданаралық және халықаралық пулдар
қайта сақтандыруда істейді. Мұндай пулдар Германияда (авиациялық пул,
атомдық тәуекел бойынша пул), Францияда (қоршаған ортаның ластануы тәуекелі
бойынша пул), Финляндияда, Үндістанда бар. Ресейдің Ядролық пул құрамында
20-дан аса компаниядан тұрады, оның құрамында Әскери сақтандыру компаниясы,
Ингосстах, ИнтерроСогласие, МАКС, Өндірістік сақтандыру компаниясы, РОСНО,
Спасские ворота, Энергогарант. Пул қызметінің мақсаты атомдық энергия
қолданатын обьектілермен жұмыс істейтін ұйымдардың азаматтық
жауапкершілігін сақтандыру.
Сонымен қатар, кәсіпорынды сақтандыру пулы болады – қаупі жоғары,
апаттар көзінен.
Сақтандырушының сақтандыру қоры әртүрлі экономикалық және құқықтық
табиғаты бар екі ұйымдастырушылық формасы болады – бұл өзін-өзі сақтандыру
қоғамдары мен коммерциялық сақтандырушының сақтандыру қоры.
Өзін-өзі сақтандыру – сақтандырудың идеологиялық таза формасы – бұл
сақтандыру қатысушылары арасындағы бір-бірімен тәуекел алмасу, олардың
мақсаты табыс табу.
Өзін-өзі сақтандыру – бұл сақтандыру қоры ұйымының коммерциялық
емес формасы, ол қоғам мүшелерінің мүліктік мүддесіне сақтандыру қорғанысын
қамтамасыз етуді ұсыну.
Өзін-өзі сақтандырудың қағидасы сақтандыру оқиғасы болған жағдайда
шығын сомасын қоғамның барлық мүшелеріне бөлуден тұрады. Заңды тұрғыда әр
клиент өзін-өзі сақтандыруда акционер болып табылады. Капитал иеленуіне
құқық беретін құжат сақтандыру полисі.
Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары келесідей бөлінеді:
• Географиялық ауқымы бойынша – аймақтық, ұлттық, халықаралық;
• Мамандануы бойынша – мамандандырылған және көп профильді;
• Операция көлемі бойынша – Франция мен Голландиядағы өрт тәуекелін
өзін-өзі сақтандырудың ұсақ компаниялардан АҚШ пен Жапониядағы өзін-
өзі сақтандырудың ірі қоғамдарына дейін.
Өзін-өзі сақтандыру формасының артықшылығы сақтандырудың халықаралық
тәжірибесінде өзін-өзі сақтандыру қоғамдары кең таралуы алдын-ала
анықталған. Әлемдегі он ірі сақтандыру компаниясының алтауы өзін-өзі
сақтандыру қоғамы болып табылады. Бес ірі ұлттық сақтандыру рыногында
(Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония) 1997 жылы барлық әлемдік
сақтандыру операциясының 75% келген, өзін-өзі сақтандыру операциялары
бойынша сыйақылар үлесі барлық сақтандыру сыйақыларының шамамен 42% құрады.

Special Report: World Business (Wall Street Journal 1998 жылдың 28
қыркүйегінен) жарыққы шыққан мәліметтері бойынша 1997 жылы 6 трлн. доллар
активі болған, яғни әлемдік сақтандыру рыногының шамамен жартысын құрайтын,
50 ірі сақтандырушы ішінен өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып жиынтық активі
2,6 трлн. долларды құрайтын 21 компания болып табылады. Азияның тоғыз ірі
сақтандырушы компанияларының сегізі өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып
табылады және оның барлығы – Жапондық. 23 ірі солтүстік америкалық
сақтандырушының 11 өзін-өзі сақтандыру қоғамы, және 12 акционерлік қоғам.
Еуропаның он жеті компанияның біреуі, актив көлемі 50 млрд. доллар құрайтын
өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып табылады.
Жалпы әлемдік сақтандыру сыйақыларының көлемі 75% үлесі бес елге
тиесілі: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және Ұлыбритания. Бір-біріне
қатынас бойынша қызмет түріне байланысты олар әртүрлі позицияларда тұрса
да, әлемдік масштабта бірінші бес қатарды өмірді сақтандыру бойынша, және
өмірді сақтандырудан басқа түрлері бойынша алғашқы бес қатарда. Жиынтығында
бұл мемлекеттер үлесіне өмірді сақтандыру бойынша сыйақылардың 77%-ы және
өмірді сақтандырудан басқа түрлер бойынша сыйақылардың 73%-ы келеді.
Осылайша, әлемдік масштабта өзін-өзі сақтандыру қоғамдары рыногының үлесін
анықтауға болады.
Мемлекеттер бойынша өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесінің елеулі
тербелісіне қарамастан, әр ұлттық рынокта олардың үлесі маңызды. Үш ірі
Еуропалық өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесі Францияда 17%
Ұлыбританияда 25% аралығында. АҚШ-та ол шамамен 33, ал Жапонияда –75%.
Бізде Қазақстан Республикасында өзін-өзі сақтандыру қоғамдары жоқ.
2004 жылдан бастап Қазақстанда экспарттық несиелер мен инвестицияларды
сақтандыру бойынша Мемлекеттік корпорация қызмет атқарады, оның міндеттері:
- тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен тауарлар мен
қызметтер экспортын ынталандыру;
- тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен шетелге
инвестицияларды ынталандыру;
- сыртқы экономикалық қызмет ететін кәсіпорындарға сақтандыру
қызметіне байланысты арнайы кеіес берушілік, маркетингтік және
ақпараттық қызметтер көрсету.
Шетелде экспарттық несиелерді сақтандыру бойынша компанияларға
келесілерді жатқызуға болады:
- Ұлыбритания: Экспорттық несиелерге кепілдік беру Ұлттық
Депортаменті;
- Франция: Сыртқы сауданы сақтандыру Мемлекеттік Компаниясы (КОФАСЕ);
- Германия: федеральді Үкімет агенті ретінде қызмет ететін Ойлер
Гермес кредит иншуранс Компаниясы;
- Жапония: сыртқы сауда мен өндіріс Министрлігі;
- Малайзия: Malaysia Export Credit Insurance Behad (MESIB) 97%-ы
Мемлекеттік Компания;
- Қытай: Мемлекеттік China Export & Credit Insurance Corporation
(Sinosure), Hong Kong Export Credit Insurance Corporation;
- Оңтүстік Корея: Мемлекеттік Korea Export Insurance Corporation
(KEIC);
- Польша: Export Credit Insurance Corporation (KUKE).
Сақтандыру рыногы инфрақұрылымының құрылуында сақтандыру өнімдерінің
өтуін қамтамасыз ететін, сақтандыру делдалдары ерекше роль атқарады. Олар
сақтандыру рыногында сақтандыру агенті және сақтандыру брокері ретінде
танымал.
Сақтандыру агенті – сақтандырушының атынан және ұсынылған міндеттерге
сәйкес оның бұйрықтарын орындайтын, мысалы, сақтандыру келісімшарттарына
отыру және олар бойынша сақтандыру төлемдерін қабылдайтын заңды немесе жеке
тұлға.
Сақтандыру брокері – сақтандыру мен қайта сақтандыру сұрақтарына кеңес
беру және сақтандыру келісімшарттарына отыру бойынша қызметті өз атынан
және сақтандырушы айтуымен немесе қайта сақтандыру келісімшарттарын өз
атынан және цедент атынан орындайтын заңды тұлға. (2, ???)
Ол кез-келген сақтандыру компаниясында сақтандыру тәуекелін өз бетінше
орналастырады, және ол үшін белгіленген сыйақы алады – брокерлік комиссия
(brokerage-брокеридж). (17, ???)
Цедент (қайта сақтандырушы) – қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайта
сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру
ұйымы.
Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушыларға сюрвейер-эксперттер немесе
сақтандырылған мүлікті қарау бойынша агент, және аджастер (диспашер) –
кеме, фрахт және жүк арасында жалпы апат бойынша шығынды бөлу бойынша
диспаш-есепті құру бойынша мамандар.
Сонымен қатар, сақтандыру рыногының субьектілері андеррайтерлер –
сақтандыру бизнесі саласындағы сақтандыру ұйымы басқармасынан сақтандыру
тәуекелін қабылдауға, тарифті мөлшерлеме мен сол тәуекелді сақтандыру
келісімшарты ережелерін анықтауға өкілетті білікті маман. Сақтандыру
рыногының субьектілері, сонымен қатар, аудиторлық компаниялар (өкілетті
аудиторлар) – акционерлік компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін
тексеруге қажетті өкілдігі бар заңды (жеке) тұлға.
Сақтандыру сақтандырушылардың әртүрлі категориялары мен сақтандыру
обьектілерін қамтиды, сақтандыру жауапкершілігі көлемі мен сақтандыру
шарттарының ережелері бойынша ерекшеленеді, заң шегінде және ерікті түрде
болуы мүмкін. Сақтандыру қатынасының әртүрлілігін дұрыс түсіну, біріне бірі
байланысты бір жүйеге келтіру үшін сақтандыруды сыныптау керек.
Сыныпталу – бір немесе бірнеше жалпы сипаты бойынша буындарға
біріктірілген бірнегізді заттар, обьектілер мен құбылыстардың иерархиялық
бағындырылған жүйесі (формасы, мақсаты, мазмұны, т.б.).
Сақтандырудың сыныпталуы келесілер үшін маңызды:
- сақтандыру резервтерінің құралуында;
- рынок құрылымының құралуында;
- дұрыс статистиканың құралуында.
Үш негізгі саласы – жеке, мүліктік сақтандыру және азаматтық
жауапкершілікті сақтандыру.
Жеке сақтандыру обьектісіне алам өмірі, денсаулығы, жұмыс қабілеттігі
жатады, оған кіретіндер:
- өмірді сақтандыру;
- жазатайым жағдайлардан сақтандыру.
Мүліктік сақтандырудың қорғау обьектісі ретінде мүліктің әртүрлі
түрлері болады, оған кіретіндер:
- жалға алынған көлік құралдарын сақтандыру;
- әуе көлігі құралданын сақтандыру;
- су көлігі құралданын сақтандыру;
- жүкті сақтандыру;
- қаржылық тәуекелді сақтандыру;
- мүліктің басқа түрлерін сақтандыру.
Жауапкершілікті сақтандыру – обьектісі сақтанушының қандай да бір іс
әрекеті кетірілген зиянның үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігі болып
табылады.
Оның келесі түрлері бар:
1) Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
2) Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
3) Теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
4) Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
5) Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
6) Жоғары қауіп көзі – кәсіпорындарының азаматтық жауапкершілігін
сақтандыру;
7) Келісімшарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
8) Іскерлік жауапкершілігін сақтандыру;
9) Міндетті орындамау жауапкершілігін сақтандыру;
10) Қайта сақтандыру.
Сақтандыру саласы кәсіпкерлік қызметтің барлық салалар тиімділігін
көтеруге ықпал ететін инфрақұрылым. Бұл Қазақстанда сақтандырудың барлық
түрлерін дамыту маңыздылығын анықтайды. Менің ойымша, біздің елімізде
сақтандыруды дамыту сақтандыру рыногын ұйымдастыру және сақтандырушылар
қызметін заңмен бақылау бойынша көп жылдық тәжірибесі бар өндірістік
дамыған елдердің тәжірибесін оқып және таразылап қолдануға негізделуі
керек.

4. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру рыногының жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы Заңының 10
бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының қатысушылары:
1. Қаржы рыногын қадағалау және бақылау Агенттігі;
2. Акционерлік сақтандыру компаниялары;
3. Сақтандыру брокері;
4. Сақтандыру агенті;
5. Сақтандырушы (сақтандырылған, пайда алушы);
6. Актуарий;
7. Өкілетті аудиторлық ұйым (өкілетті аудитор);
8. Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік
корпорация;
9. Апат комиссарлары;
10. Сақтандыру төлемдеріне кепіл беру қоры.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандық сақтандыру
рыногында қызмет етеді:
- 36 сақтандыру ұйымы;
- ҚҰБ лицензиясы бар 8 сақтандыру брокері:
1. АОН Қазақстан сақтандыру брокері ЖШС;
2. Алуа сақтандыру брокерлік компаниясы ЖШС;
3. Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС;
4. ESO RISQ Kazakhstan сақтандыру брокері ЖШС;
5. Хис Ламберт Алатау Лимитед сақтандыру брокері ЖШС;
6. UIB Kazakhstan сақтандыру брокерлік компаниясы ЖШС;
7. КАЗИНТЕРПОЛИС сақтандыру брокері ЖШС;
8. СНГ Риск Консалтинг Компаний (сақтандыру брокері) ЖШС;
- 2 шетел сақтандыру ұйымдарының өкілдері:
1. Қазақстан Республикасында Ингосстрах ОСАО Өкілдігі;
2. Росно Ресей халықтық сақтандыру қоғамы ААҚ Қазақстан-Росно
өкілдігі;
- 28 лицензияланған актуарий;
- сақтандыру ұйымына аудит жүргізуге құқы бар 34 аудиторлық ұйым.
2000 жылдың 27 қарашада 2000-2002 жылдарға Қазақстан Республикасында
сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасының Президентінің жарғысы шықты. Бағдарламаның басты мақсаты –
мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субьектілердің мүддесін қорғаудың
құралы бола алатын сақтандыру қызметінің тұрақты қызмет ететін ұлттық
рыногын құру.
2002 жылдың аяғында өмірді сақтандыру саласында 5-10 сақтандыру ұйымы
(нақты жағдайда оның тек біреуі ғана), жалпы сақтандыру түрлері саласында
–15-20 сақтандыру ұйымы (нақты 32), сонымен қатар 2-3 арнайы қайта
сақтандыру ұйымдары құрылады (ондай ұйымдар жоқ) деп болжанған. 2005 жылы 1
мамырына сақтандыру қызметін жүзеге асыруға 36 сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымы (оның ішінде 2 өмірді сақтандыру бойынша, 29 көлік
құралдары иелерінің азаматық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
бойынша лицензиясы бар) лицензияланған, сонымен қатар сақтандыру қызметіне
аудит жүргізуге құқ беретін 8 сақтандыру брокері, 27 актуарий, 34
аудиторлық ұйым және 69 аудитор лицензияланған.
2005 жылдың 1 қарашасында 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, оның ішінде 3-уі
өмірді сақтандыру бойынша, 29-ы көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті
сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ сақтандыру қызметін көрсету рыногында
12 сақтандыру брокері, 30 актуарий, 36 аудиторлық ұйым және сақтандыру
қызметіне аудитті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 70 аудитор
сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
2005 жылдың 9 айында сақтандыу ұйымдарының жиынтық активтері 1 қазанда
63,2 млрд. теңгені құрай отырып, 43,3%-ке өсті. Жиынтық есеп айырысу меншік
капиталы 31,0 млрд. теңге болды, бұл жыл басының осыған ұқсас көрсеткішінен
46,4%-ға көп. Сақтандыру резервтерінің сомасы 30,9 млрд. теңге болды.
2005 жылдың 1 қазанына сақтандыру сыйақыларының көлемі 48,1 млрд.
теңге мөлшерінде болды және бұл өткен жылдың дәл осы көрсеткішінен 17,3
млрд. теңгеге немесе 56,2%-ке жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйақыларының көлемі 9,6 млрд. теңгені (6,3 млрд.
теңгеге немесе 2,9 есе көп), ерікті жеке сақтандыру бойынша – 5,9 млрд.
теңгені құрады (2,7 млрд. теңгеге немесе 84,4% -ке көп) және еріктік
мүліктік сақтандыру бойынша – 32,5 млрд. теңгені құрады (8,2 млрд. теңгеге
немесе 33,7% көп).
Сонымен қатар, 2004 жылдың 1 қазанындағы дәл осындай көрсеткіштермен
салыстырғанда өмірді сақтандыру саласы бойынша жиналған сақтандыру
сыйақаларының көлемі 2,2 есеге немесе 0,96 млрд. теңгеге өсті, ал жиынтық
сақтандыру сыйақыларындағы өмірді сақтандыру үлесі 2004 жылғы 1 қазандағы
1,4%-ға қарама-қарсы 2,0% болды.
1 қазандағы жағдай бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйақыларының сомасы 17,1 млрд. теңге болды, оның ішінде резидент еместерді
қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының жалпы сомасының 27,1%-ы берілді
(01.10.2004.ж-ға резидент еместерді қайта сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйақыларының үлесі 44,1% немесе 13,6 млрд. теңге болды).
2005 жылғы тоғыз ай ішінде сақтандыру төлемдерінің көлемі 6,74 млрд.
теңге болды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,13 млрд.
теңгеге (46,3% ) жоғары болды. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша
сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,31 млрд. теңгені (0,28 млрд. теңгеге
(13,8%) көп), ерікті жеке сақтандыру бойынша - 1,21 млрд. теңгені (0,31
млрд. теңгеге (34,4 %) көп) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 3.23
млрд. теңгені (1,55 млрд. теңгеге (92,3%) көп) құрады.
1 қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттарының жалпы
саны 2 121 756 шарт болды, олардың 58,8%-ы міндетті сақтандыру түрлері
бойынша жасалды. Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің
жалпы көлемі (сақтандыру сомасы) 11 941,1 млрд. теңге болды.
2005 жылғы қазанда Агенттік сақтандыру рыногының қызметін реттейтін
заңдарды бұзуын жою мақсатында сақтандыру ұйымдарының адресіне 1 ұйғарым-
хат жіберді.
Қазіргі кезде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне 31
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.
2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 8 сақтандыру компаниясы
мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.
2005 жылдың қазанында Агенттік Басқармасы сақтандыру заңдарын одан әрі
жетілдіру мәселелері бойынша мынадай қаулыларды қабылдады: Сақтандыру
сыныбы (түрі) бойынша, не жалпы алғанда барлық сақтандыру портфелі бойынша
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін және олардың ұйғарымды
мәнін айқындауды сипаттайтын коэффициенттерді есептеу әдістемесі жөніндегі
ұсынымдарды мақұлдау туралы және Қазақстан Республикасының резидент емес
қайта сақтандыру ұйымына арналған рейтингті айқындау талаптары мен ең төмен
рейтинг және рейтинг агенттіктерінің тізбесін беру туралы.
Қазіргі кезде сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия 37
сақтандыру ұйымында бар. Бұл рынок қатысушыларының саны тұрақталғанын
көрсетеді. Егер бірнеше жыл бұрын рыноктың қысқаруы шамамен 90-нан 33-ке
дейін болса, онда соңғы жылдары бұл сан үш рет қана өзгерді: 2003 жылдың
басында –33 компания, сол жылдың аяғында – 32, 2005 жылдың басында –36,
және қазір –37.

  компания үлесі % сыйақылар, мың. тг
1 Евразия 11% 14 022 654
2 АМСГ 10% 13 147 027
3 Казахистрах 9% 11 519 294
4 БТА Страхование 9% 11 442 571
5 Альянс Полис 7% 8 979 900
6 Аманат Иншуранс 7% 8 285 414
7 Лондон-Алматы 6% 7 396 566
8 Виктория 6% 7 209 919
9 Казкоммерц-Полис 5% 6 147 572
10 АТФ Полис 4% 5 368 654
  өзге 26% 32 910 965
  БАРЛЫҒЫ 100% 126 430 536

2 тарау. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының Қазақстан
экономикасындағы ролі және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау
2.1. Сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның қаржылық
көрсеткіштеріне талдау

Лондон-Алматы Сақтандыру компаниясы Біріккен кәсіпорын Акционерлік
қоғамы 1997 жылы 20 қарашада құрылған. Компания заңды тұлғаларды
сақтандыруға бағытталған.
Лондон-Алматы СК АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
пруденциалды нормативтерді орындауы туралы куәландыратын, 2006 жылдың 31
қаңтарында берілген мемлекеттік лицензия негізінде қызмет атқарады.
Лондон-Алматы Сақтандыру компаниясы Бизнесменнің сақтандыру
компаниясы міндетіне сай болу үшін, әр клиентке ерекше және жеке қызмет
көрсетудің жоғары деңгейімен бірге жүретін сақтандыру қорғанышымен
қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниясының саясаты ең алдымен сақтандыруды жабудың
сенімділігіне бағытталған. Лондон-Алматы Сақтандыру компаниясы барлық
келісімшарттарды халықаралық қайта сақтандыру рыногында орналастырады.
Меншікті сақтандыру портфелін қорғау мақсатында компания катастрофалық
шығындарды өтейтін 40 миллион доллар лимитімен CAT XOL бағдарламасын сатып
алды. Басқаша айтқанда, компания портфелі катастрофалық шығындар жағдайында
тәуекелдің барлық түрінен сақтандырылған. Компанияда CAT XOL
бағдарламасының болуы катастрофалық оқиғалар болған жағдайда да клиенттерге
сақтандыру өтемінің 100% төленетінін кепілдендіреді.
Компания клиентерінің мүліктіктік тәуекелінің портфелі ТМД
территориясындағы ең үлкен лимитпен Облигаторлы келісімшарт бойынша қайта
сақтандырылады. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясында қайта
сақтандырудың облигаторлы келісімшарттың көшбасшысы, халықаралық қайта
сақтандыру рыногының ірі және атақты қатысушысы Swiss Re компаниясы болып
табылады. Бұл тағы Лондон-Алматы сақтандыру компаниясынан сақтандыру
өтемдерінің толық өтелуіне сенімді артырады.
Компанияда Disaster Recovery Plan жасалынған және енгізілген, бұл
катастрофалық апат жағдайында клиенттердің мүдделерін толық қорғауға
арналған ерекше механизм. Алматы қаласында апат болған жағдайда, ең қысқа
мерзімде іс жүргізудің толық көлемі Астана қаласындағы резервті офис
есебімен жалғаса береді.

Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы Қазақстан сақтандыру рыногының
тұрақты дамып келе жатқан қатысушысы. Компания мақсаттары мен олардың
орындалуы компанияға деген сенімділікті арттырады (2-кесте).
Кесте-2. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының мақсаттары мен
міндеттері, (млн. теңге)
Мақсаттары Орындалуы
Фактісі %
Сату көлемі, мың
теңге 1 130 000 000 1 272 725 213 113%
Лондон-Алматы СК
рынок үлесі 2.8% кем емес 3.18%
Позициялану Лидерлік ондық Рынокта тоғызыншы
құрамына ену орын
Таза пайда 14 311 -21 892 -153%
Болашақ табыс 119 910 126 644 106%
ROE 4.77% -
Инвестициялық
портфель
табыстылығы 8% 4.43% 55%

( Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының 2006 жылға жылдық есебінен
Кестеде көрсетілгендей Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы 2006
жылдың 1-желтоқсанында Қазақстанның он ең үздік компаниялары тізімінде
тоғызыншы орынға ие болды. Сату көлемі жоспарды артық орындалып – 113%-ға
өсті. Рынок үлесі жоспарланған 2.8%-дан асып 3.18%-ға жетті. Болашақ табыс
106%-ға орындалды және инвестициялық портфель 55%-ға орындалған.
Лондон-Алматы СК сақтандыру сыныптарының тізімі:
1. Міндетті сақтандыру түрлері:
• Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
• Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтірумен байланысты обьектілер
иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру;
• Міндетті экологиялық сақтандыру;
• Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру түрлері:
• Жеке және заңды тұлғалардың, өндірістегі үзілісті қоса, жылжымайтын
мүлікті сақтандыру;
• Медициналық сақтандыру;
• Опасыз жағдайлары мен аурудан сақтандыру;
• Авто көлікті сақтандыру;
• Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
• Авто көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Теміржол көліктерін сақтандыру;
• Жүкті сақтандыру;
• Теміржол көлік иерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Әуе көліктерін сақтандыру;
• Әуе көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Су көліктерін сақтандыру;
• Су көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
• Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
2007 жылдың қарашасында Лондон-Алматы сақтандыру компаниясына 10
жыл толады. Осы қысқа мерзімде Лондон-Алматы СК келесі жетістіктерге
жетті:
• Лондон-Алматы СК 2006 жылдың 1-желтоқсанында Қазақстан
Республикасының он ең үздік сақтандыру компанияларының құрамына
кірді.
• Лондон-Алматы СК БҰҰ инициативасымен құрылған Глобал Компакт
корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік бойынша
келісімшартына қосылған Қазақстандық бірінші компания.
• Қазақстанның Қаржыгерлер Ассоциацияның мүшесі.
• Америкалық Сауда Палатасының (American Chamber of Commerce)
қатысушысы.
• Сақтандыру төлемдерінне кепілдік беру Қорының қатысушысы.
• Хабаровск қаласының Клуб Андеррайтеров коммерциялық емес
бірлестіктің мүшесі болып табылады.
Лондон-Алматы СК ірі клиенттері
Біздің клиенттеріміз – бұл біздің компанияның негізгі құндылығы. Бізге
сенетін ұйымдар саны үздіксіз өсуде. Бүгінгі күнде олардың негізгі және
ірілері болып:
- Tengizchevroil АҚ
- Союзтранслинк ЖШС
- Инкай ОК АҚ
- HOTEL ASTANA АҚ
- Арлан Плюс ЖШС
- Айт Отель АҚ КТПС
- Консорциум Идил Аксу ЖШС
- Sinoil ЖШС
- КазИнвестБанк АҚ
- Достық Мұнай Бейс ЖШС
- Шелл Қазақстан Девелопмент фил-л
- Армад Сауда үйі
- Enka Insaat Ve San. АҚ
- Big Sky Energy Corporation Kazakhstan
- ABS Консосциум
- Самал Пропертис
- KazTransCom АҚ
- ҚазАэроНавигация РГП
- Сименс ЖШС
- Транстелеком ЖШС
- GREEN HOUSE DISTIBUTION ЖШС
- АвтоЛадаСервис ЖШС
- Ахсель, құрылыс компаниясы АҚ
- KUAT Корпорациясы АҚ.

Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының стратегиясы Ірі және орта
бизнес саласында компания үлесін ұлғайту болып табылады.
Лондон-Алматы сақтандыру компаниясы Қазақстан сақтандыру рыногында
капиталы үлесі мен активтері бойынша алғашқы ондықтағы орындарға ие.
• Жарғылық капиталы – 1 500 000 000 теңге – 3 орын (сақтандыру компаниялары
бойынша)
• Меншікті капитал - 4 018 724 000 теңге – 6 орын
• Жиналған сақтандыру сыйақылары - 6 996 221 000 теңге – 7 орын
• Активтері - 6 856 265 000 теңге – 7 орын
Кесте-2. Меншікті капитал

Көрсеткіштер 2005 жыл 2004 жыл
Жарғылық капитал 1 500 000 295 450
Резервтер 4 379 2 134
Бөлінбеген табыс(жиналған дефицит) 37 411 (39 796)
Меншікті капитал, барлығы 1 541 790 257 788
Міндеттемелер мен меншікті капитал, барлығы 3 014 105 954 145

( Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының 2006 жылға жылдық есебінен
Компанияның инвестициялық қызметінен түсетін табыстары мен шығындар 3-
кестеде келтірілген.
Кесте-3. Инвестициялық қызметтен табыс пен шығындар

(мың теңге)
Инвестициялық және басқа да қызметтен табысшығын,15 112
барлығы
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі 18 858
(купондисконт) табыс
Бағалы қағаздарды сатусатып алудан табыс (шығын) -760
(нетто)
Сауда мен сатуға арналған бағалы қағаздар құны -4 764
өзгергеннен табыс (шығын)
Орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі 2 972
табыс
Өзге -1 194

( Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының 2006 жылға жылдық есебінен
Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының инвестициялық қызметтен
түсетін жалпы табыс 15 112 мың теңге. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түріндегі табыс 18 858 мың теңге болса, оларды сатып алудан табыс 760 мың
теңгеге кеміген. Сауда мен сатуға арналған бағалы қағаздар құны өзгергеннен
табыс 4 764 мың теңгеге кеміді.
Компанияның меншікті капитал үлесі 4-кестелерде келтірілген.
Кесте-4. Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының үш жылдық қорытындылары
(2003-2005 ж.ж.), (мың теңге)
Негізгі көрсеткіштер 01.01.03 01.01.04 (+) (-) 01.01.05
Жарияланған капитал, оның 200 000 200 000 100 000 300 000
ішінде
Төленбеген капитал -4 550 -4 550
Өткен жылдардағы төленбеген9 057 13 277 13 277
капитал
Ағымдағы кезеңдегі -14 934 -21 891-21 891
төленбеген капитал
Қайта бағалаудың -154 -358 -358
қорытындылары
Барлығы меншікті капитал 224 145 213 277 100 000 -26 441286 478

( Лондон-Алматы сақтандыру компаниясының 2006 жылға жылдық есебінен

Кесте-6. Қорытындылар

Бөлімі Қозғалысы Мүмкіндіктер
Операциялық Жалпы жоспарды орындау 113% Жүйелі төлемдер үлесін ұлғайту
қызмет Жүйелік төлемдер бойынша
жоспарды орындау 76%
Экономика жәнеРезервтерді ұлғайту 576% Инвестициялық портфель
қаржы Активтерді ұлғайту 122% табыстылығын көтеру. Есепті
Потенциалды табыс-орындалу автоматизациялау. Халықаралық
106% стандарттар бойынша аудит
жүргізу
Рынок Жиналған сақтандыру Лидерлер тізімінде тіркеу.
сыйақылары бойынша 28-ші
орыннан 9-шы орынға өту
Жүйелік даму Компанияның бизнес-процестеріКомпанияның бизнес-процестерін
жасалып енгіздірілген, жаңашылдандыру, кадрлар
мамандар штаты жасақталған ауысымдылығы қысқарту
IT 1С бухгалтерия (7 версия) Мәліметтер есебін
енгізу және қолдану автоматтандыру негізін енгізу

Бухгалтерлік баланс

Активтер 2005жылдың 31 желтоқсанына

Прим. 2005 жыл 2004 жыл
Ақша және оның эквиваленттері 4 121.573 12.760
Табыс пен шығыс туралы есепке қосылған 5 1.232.683 333.059
әділ құны бойынша қаржылық активтер
РЕПО 6 461.503 70.514
Несие мекемесіндегі құралдар 7 151.607 78.268
Сақтандыру мен қайта сақтандыру бойынша8 92.701 57.022
дебиторлық қарыз
Алынбаған сақтандыру сыйақылары, қайта 9 871.634 361.115
сақтандырушының үлесі
Сақтандыру шығыстары мен жөндеу 10,16 40.438 8.226
табыстары бойынша резервтер, қайта
сақтандырушының үлесі
Негізгі құралдар 23.548 15.635
Салық активтері 12 9.284 4.151
Өзге активтер 9.130 13.395
Активтер барлығы 3.014.105 954.145

Міндеттемелер

Сақтандыру және қайта сақтандыру 11 231.245 70.358
бойынша кредиторлық қарыз
Алынбаған сақтандыру сыйақылары 9 1.098.768 554.921
Сақтандыру шығыстары мен жөндеу 10,16 99.186 54.566
табыстары бойынша резервтер, қайта
сақтандырушының үлесі
Салық активтері 11 5.948 -
өзге міндеттемелер 37.168 6.512
Міндеттемелер барлығы 1.472.315 696.357

Табыстар мен шығыстар туралы есеп
2005 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға
Прим.2005 жыл 2004 жыл
Аударылған сақтандыру сыйақылары, жалпы 15 2.949.7631.272.725
сомасы
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру 15 (2.526.19(907.816)
сыйақылары 7)
Қайта сақтандыруға берілген минус артында 423.566 364.909
сақтандыру сыйақылары
Жиналмаған сақтандыру сыйақыларының 9,15 (33.328) (167.160)
резервінде өзгерістер, нетто
Қайта сақтандыруды шығарып тастағандағы 390.238 197.749
жиналған сақтандыру сыйақылары
Ауыстырылған шығындар, жалпы сома (165.150)(121.220)
Ауыстырылған шығындар, қайта сақтандыру 46.735 16.451
бойынша
Аударылған шығындар, қайта сақтандыруды 10,16118.415 (104.769)
шығарып тастағанда
Сақтандыру бойынша комиссиялық шығыстар 123.790 (107.177)
Қайта сақтандыру бойынша комиссиялық 78.458 65.940
табыстар
Комиссиялық шығыстар (нетто) 45.332 (41.237)
Еңбек ақы мен персоналға шығыстар 17 85.605 (39.378)
Инвестициялық табыс 18 88.382 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Сақтандырудың экономикалық мәні, арналымы
Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері
Сақтандыру курсына кіріспе
Сақтандыру компанияларын қайта ұйымдастыру және олардың банкроттығы және Қазақстанда сақтандыру ісінің тиімділігіне олардың әсері
Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі
Банктік тәуекел
Мүліктік сақтандыру түрлері
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Қаржылық сақтандыру ұйымының дамуы
Пәндер