6-7 жастағы оқушылардың ойлауын дамыту


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

6-7 жастағы оқушылардың ойлауын дамыту

Мектепке бейімделе алмаудың басты себебі - ойлаудың қалыптаспауы болып табылады.

Мен мысал ретінде өзімнің мектебіміздегі эксперименттік 2 сынып оқушыларының ойлау деңгейлерін анықтау үшін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне тоқталайын. Эксперименттік 2 сыныпта 18 оқушы бар. Олардың ойлауларының даму деңгейі төмендегідей болды:

Деңгей
Саны
Деңгей: Жоғары
Саны: 6
Деңгей: Орта
Саны: 7
Деңгей: Төмен
Саны: 15

Мұнда көрнекі-бейнелік ойлауларының даму деңгейі ғана жақсы нәтиже көрсетті. Ал сөздік-логикалық ойлау даму деңгейі бойынша 1 ғана оқушы жоғары деңгей көрсеткен, орта деңгейлерді жоғарылату қажет.

Тіпті көрнекі-әрекеттік ойлау дамуы бойынша 5 оқушы төмен деңгейден көрінді.

Дегенмен, дамуында тежелуі байқалған балаларды анықтап, дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы оларды қатарға қосу мүмкіндігі бар.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін мүғалім сабаққа көрнекі құралдарды көп пайдалануы қажет.

Көрнекі-әрекеттік ойлау мектепке дейінгі жаста ойын іс-әрекеті кезінде қалыптасады. Ол белгілі бір деңгейде үлкен адамнын ұйымдастыруымен, бақылауымен өтуі тиіс.

Егер баланың көрнекі-әрекеттік ойлауы дамымаған болса не істейміз?

Оны дамытудың ең тиімді тәсілі - заттық - құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс-әрекетінен көрініс табады.

Сондықтан, әр топта, әр сыныпта әр түрлі конструкторлар жинағы болған дұрыс.

Көрнекі-бейнелік ойлаудың дамуына келесідегідей тапсырмалар әсер етеді: жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. Бала алдымен құрастырылатын объектіні өзі ойластырып, соңынан оны өз бетімен жүзеге асыруы керек. Осы ойлау түрін дамытуға балаларды әр түрлі сюжеттік-рөлдік және режиссерлық ойындарды ойнатқызып қол жеткізуге болады, онда бала өзі сюжет ойлап тауып, оны өз бетімен іске асыруы қажет.

Ал сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынадай жаттығулар көмектеседі:

1) «Төртінші артық» әдісімен пайдалануға болады. Тапсырма мынадай: төрт заттың ішінен үшеуіне ұқсас белгісі жоқ артық бір затты қысқарту қажет. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.

Мысалы: Сағат, тарелка, кружка, кесе;

2) Әңгіменің жетіспейтін бөлігін құрастыру. Әңгіме құрастыру кезінде баланың логикалық ойлауымен қоса сөйлеуі дамиды, сөздік қоры байи түседі, қиялы жетіледі;

3) «Керісінше айту» ойыны да жақсы, онда ересек адам қандай да бір сөзді айтып баладан керісінше мағыналы сөз айтуын сұрайды.

Мысалы:

Толық - жіңішке Бос - толы

Қара - ақ Жеңіл - ауыр

Ыстық - суық Таза - кір

4) Логикалық жұмбақтар мен тапсырмаларды әр түрлі методикалық оқу құралдарынан алып қолданса да болады. Сондай-ақ, әр түрлі бас қатырғыштар, таяқша мен шиелерді пайдалана отырып орындайтын тапсырмалар жалпы ойлаудың дамуына ықпал етеді;

5) Ойлаудың талдау және жинақтау операцияларын дамыту үшін мынадай жаттығу жүргізуге болады:

Келесі 4 затты жалпылайтын сөз немесе сөз тіркесін ата:

1) алма, алмұрт, лимон, банан;

2) ит, сиыр, ешкі, қой;

3) қыс, жаз, күз, көктем, т. б.

Осы сияқты әр түрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, сабақ оқуы түрленеді, әрі оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі.

Оқушылардың ақыл-ойының дамуының қосымша көзі: әр түрлі өнер түрлері, бұқаралық ақпараттар құралы: баспа, телекөрсетілімдер, радио, т. б.

Олар баланың ақыл-ойын кеңейтеді және тереңдетеді, білімін кеңейтеді, эрудициясы мен жалпы мәдениетін жоғарылатады.

Жас балаларға арналған хабарды ғана көрсетіп басқа кино мен телекөрсетілімдерді шектеу дұрыс емес. Жас балаларға арналған хабарлардың берері аз.

Керісінше, ересектерге арналған хабарлар балалардың ақыл-ойы мен сана-сезіміне ерекше әсер ете отыра жақсы дамытады.

Олар балаларға сұрақ туғызып, оларды ойлауға, өз білімін кеңейтуге мәжбүр етіп, ақыл-ойын мейлінше жетілдіреді.

Ондай хабарларды бала көріп отырған кезде қасында көргендеріне түсінік беретін ересек адамның болғаны жөн.

Көп оқитын балалардың ұғымталдығы, ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болады. Бірақ балаға оңай оқылатын, суретімен ғана тартатын кітаптардың психикалық даму үшін берері аз.

Балаларды 6 жастан бастап байсалды, ересектер әдебиетін оқуға қызығушылығын қалыптастырып, дағдыландыру керек, қажетті мәліметтерді әр түрлі сөздіктерден іздеп табуға үйрете білу қажет.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау процестерін дамыту үшін осындай жұмыстарды ұйымдастыруымыз қажет.

Оқу бағдарламасын игеруде осы таным процестерінің жеткілікті дамымағанынан қиындықтар кездескен жағдайда, жаңағыдай әр таным процесін (есте сақтау, қабылдау, қиял, сөйлеу) дамытатындай жеке жұмыстарды көп жүргізуіміз қажет.

Дамыту жұмыстары мұғалім, психолог тарапынан бір жақты болмай, үйде ата-аналар тарапынан да қолға алынып, жан-жақты болса, соғұрлым нәтижелі болады.

Баланың логикалық ойлауын қалыптастыруға бағыттау оның оқу әрекетімен байланыста жүзеге асады. Сонымен қатар, білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушыны логикалық ойлай білуге бағыттауды көздейді. Әдетте, ол бала психикасы (таным, ерік-жігер сезім күштері) дамуымен тығыз байланыста.

Оқушыға нақты білімді хабарлау, ақыл-ой әрекетін ұйымдастыру, ақыл-ой қабілетінің дамуына қажетті шара болып табылады.

Ақыл-ой ой әрекеті үстінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды.

Жалпы, айтқанда ойлау дегеніміз не?

«Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде» ойлауға мынадай анықтама береді. Ойлау - сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың мида жалпы және жанама түрде ұғым арқылы бейнеленуі. Ал, П. Х. Гальперин: «Ойлау-сезім, қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы, дамытушы» ретінде қарастырады.

Басқа психикалық функциялармен салыстырғанда адамның ойы ерекше, белсенді процесс.

Ойдың белсенділігін мына төмендегі жағдайлармен байланысты:

1. Ой адамның айналасындағы дүниемен айналыспайынша, өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу;

2. Алға қойған мақсаттың қажетті әдіс жолдарын қарастыру. Алға мақсат қоюмен ғана тынбай, ал мақсатты қандай жолдармен жүзеге асыру мәселені шешуге болатындығын ерте бастан белгілеп отыру;

3. Мәселені шешу үшін ой-әрекетінін жоспарын сызу, оның жорамалын белгілеу;

4. Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап көру;

5. Адам ойдың дұрыс, я бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе, ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Ой адамның түйсігімен қабылданып, дұрыс мағлұмат бермесе, адамның ойы дұрыс болып шықпауы мүмкін.

Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушыларды шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.

Ал, өзіміз мектептегі педагогикалық практикада көргеніміздей, оқушыларға мұндай тапсырмалар беру жүйелі түрде қолданылмай жүргендігі байқалады. Ал, жинақтау, жүйелеу, нақтылау, абстракциялау деген операциялар оқулықта оқу тапсырмаларында аз берілген. Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі:

1. Затты-әрекеттік;

2. Көрнекі-бейнелі;

3. Сөзді-логикалы болып түрленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету
«Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді қолдану арқылы оқушылардың ойлауын дамыту жолдары мен әдістері»
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Логикалық ойлау қабілеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz