Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3


І Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары.

1.1 Оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық.психологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2 Оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11


II Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың оқу. танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі.


2.1 Бастауыш сынып оқушылардың оқу.танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2.2 Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу.танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық қызығушылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық қызығушылығын дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі -оқу танымдық қызығушылық пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, ал жеке тұлғаның дамуына оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030».
2. «Білім туралы» Қ.Р заңы. 1999 ж, 7 маусым.
3. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы 2002ж
4. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.
5. Алтынсарин Ы.Таңдамалы педагогикалық мұралары.
6. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
7. Жарықбаев Қ. Психология Алматы 1998 ж
8. И. Гербарт Проблемы развиваюшего обучения. Просвешения 1986
9. Л. Выготский Проблемы развития психики. МГУ.1981 г
10. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
11. Бабаев С. «Жалпы психология.2004ж
12. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология «Мектеп» 1982
13. Давыдов В.В. Проблемы развиваюшего обучения. Просвешения 1986
14. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері» Алматы Қазақ университеті 1998
15. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ 1981
16. Ж. Қоянбаев Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізі. Алматы,1994ж
17. Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы 1998 ж
18. Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы 2005 ж
19. Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Алматы 1998 ж
20. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология» Қазақ университеті 1998 ж
21. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.
22. Ушинский К.Д. Таңдамалы педагогикалық шығармалары.
23. Бержанов Қ. С.Әміралиев Тәрбие мен оқытудың бірлігін нығайту себептері, Алматы, 1974ж
24. И.П. Волков Оқушының қызығушылық қабілетін қалыптастыру, Москва,1986ж
25. М. Жұмабаев Педагогика, Алматы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың
жолдары.

1.1 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-
психологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.2 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

II Тарау. Бастауыш сынып оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың әдістемесі.

2.1 Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту барысында
қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16

2.2 Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .31

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .33

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның
дүниеге келуі Қазақстанда педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына
кең жол ашып берді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан-2030
бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, 2005-
2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім
кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық
әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа
моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының
бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық қызығушылығы
жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана
егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына үлес қоса алады.
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы
және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі
болып табылады. Ендеше бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын
қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты
болып саналады.
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың,
мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып отыр.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке
бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір
жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық қызығушылығын дұрыс
және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты
алға қойылып отыр.
Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі
талаптарының бірі -оқу танымдық қызығушылық пен саналылық. Бұл талаптың
орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен
байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін
тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан
көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік
беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі -
білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде
дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін
өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және
психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте
күрделі және диалектикалық үрдісі, ал жеке тұлғаның дамуына оқушылардың оқу-
танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде
жетілдіру болып есептеледі.
Оқу-танымдық қызығушылық– оқушының оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-
ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Қызығушылық оқушының әрекеті
және пәнімен қосылғандағы дәрежесін анықтайды. Қызығушылықтың ең жоғарғы
көрінісі: оқушының алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана
білуінде.
Қызығушылыққа байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі
дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары
Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім
алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды
екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде
балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі
артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы
болды.
Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы.Алтынсаринның,
К.Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз.
Ы.Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-
әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын
берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтардың жұмысындағы ең шешуші нәрсе:
мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде.
К.Ушинский оқу-танымдық қызығушылық мәселесіне мән беріп, өз бетінше
жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы деп есептеді.
Ол мұғалімнің жұмысын ескере отырып, оқушының қызығушылығын дамыту
мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу.
көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
К.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына
философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі
өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер
жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді
іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға,
адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде оқушының оқу- танымдық қызығушылығын дамытудың тиімді
жолдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы. Т.Сабыров, М.Құдайқұлов,
А.Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С.Ұзақбаева,
Б.Мұқанова, А.Ильясова.О.Сыздықов, т.б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде
жазған еңбектері т. б .
Қазіргі кезде оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылығын дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып отыр, сондықтан да диплом жұмысымыздың тақырыбын
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру деп алуымызға себеп
болды.
Зерттеу нысаны: Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру
жолдарын дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп,
практикада қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселелерін қарастыру;
- Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктерін
анықтау;
- Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқыту барысында қалыптастыру
жолдарын пайдалану;
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық
негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық – психологиялық әдебиеттердің
мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.

І Тарау. Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1 Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық мәселелері.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім – таным
теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол -
білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік
қатынастарды қалыптастыру.
Оқу-танымдық қызығушылық - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-
ой әрекеті. Танымдық белсенділік танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық
уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық
белсенділіктің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық
қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтар
психологтардың, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан
бастау алады.
Көне замандағы дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар оқушылардың
өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі
мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика
дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді.
Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық
әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған.
Нәтижесінде ежелгі грек елінде тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар
Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтарі Плутарх, Пацит,
Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық қызығушылығы мен
ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол
шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін
-эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана
бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін,
қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық
сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық белсенділікті оқыту құралы
ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық қызығушылықты қалыптастыру - оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы
керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт
адамның алуан салалы қызығуларын алады.
Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе
қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу -
эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге
бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу -
оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың
екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында
қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың
арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы түрлі
қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін
қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы
деп анықтауға болады. Оқушының оқу-танымдық қызығуы танымдық саласына
қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық
белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.Выготский бұл жөнінде былай
деген: Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның
бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін
барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол
әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың оқу-танымдық
қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау
әрекетінің қалыптасуына тәуелді.
Танымдық белсенділік оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс
табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне
танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары
мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері
танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық
уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін
кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтар, ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы
айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді
және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Оқу-танымдық қызығушылық туралы анықтамаларға талдау жасай отырып
оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі
тән:
- Оқу- танымдық қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу -танымдық интелектуалдық сипаты;
- Оқу -танымдық қызығушылықтың реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық қызығушылығын қалыптастырудың тиімділігі мынадай
жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол
жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету, т.б.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы нәтижесінде жүзеге
асады, ал танымдықты қалыптастыру негізінде оқушыларда танымдық белсенділік
қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдык, белсенділігін дамытуды арнайы
ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыруда оқу
материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ
беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын
мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын
құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына
қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар оқудағы оқу-танымдық қызығушылықты қалыптастыру
мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына
төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде
мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель)
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Т.Сабыров,
Б.Айтмамбетова, т.б.);
-танымдық қызығушылықты қалыптастыру арқылы ( А.Әбілқасымова,
Р.Омарова, );
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Лернер,
М.Құдайқұлов);
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді
енгізу арқылы
-оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (А.Қазмағамбетов).
Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзекті мәселелердің бірі.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігі
туындайды. Қазақстанның болашағын ойласақ, егемен еліміздің білім беру
жүйесі мен мектептері қазіргі жағдайда шығармашыл жаңа адамды қалыптастыру
бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Адам баласының шығар биігі тек білім арқылы боларын терең пайымдаған
мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің І-ші құрылтайында:
Ұстаздар ескі қалыптасқан көзқарастан құтылуы керек, өйткені ескі білімге
оқушылардан сұраныс жоқ деген еді. Бұл ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның
бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектепке қоятын талаптарын
өзгерту керек, өйткені ескі білімге оқушылардан сұраныс жоқ" деген еді. Бұл
ойдан аңғарып отырғанымыз, қоғамның бүгінгі таңда жалпы білім беретін
мектепке қоятын талаптарының өзгеріп отырғандығы. Әрбір мектептің болашығы
мектебінде шыңдалады.
Келешекте осы елдің тізгінін ұстайтын азаматтар — бүгінгі мектеп
оқушылары болғандықтан, Қазақсанның барлық мектептерге үлгі болуға тиісті
қазақ тілінде оқытатын мектептердің, оқушылардың білім сапасы, даму
бағыттары, қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусымда
Білім туралы заңы қабылданды. Білім туралы заңда білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі — педагог қызметкерлер,
оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен
емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық
қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген Қазақстан
Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты
министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 812 шешімімен бекітіліп, 1998-1999
оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді.
Бұл білім стандартында оқушылардың белсенділіктерін дамытуды
ескеріп, өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін
айқындау жұмыстары жүргізілді. Оқу-тәрбие үдерісінде мұғалім мен оқушының
арасындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Мұғалім қызығушылық қабілетті
арттыра отырып, оқушының шығармашылығын, белсенділігін, қабілетін,
қызығушылығын оятуға, дамытуға жол ашады.
Оқушының оқу-танымдық қызығушылығын, дарындылығын дамыту, тәрбиелеу —
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін
арттыру арқылы танымдық белсенділігін, қабілетін де дамыту қажет. Қызығу -
бұл адамның саналы әрекеті.
Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін – оның көңіл-күйі
көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын
нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы
бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген
еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э.Парондайк, У.Мак
Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті.
Мысалы:
А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының белсенділігін оятуға;
Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.
Шығармашылық - адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Шығармашылық — адам бойындағы қызығушылықты қалыптастырып, олардың
өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына
жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті
болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани куш беру
білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді
дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да
өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып,
тиімді жақтарын пайдаланған. Кеңестік дәуірдегі психологтар мен көрнекті
ғалым педагогтар В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, Л.Р.Выготский, Л.В.Занков,
С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, И.Л.Лернер, А.Н.Луктын,
В.И.Андреев, А.Л.Яковлев, және қазақтың ағартушы ғалымдарынан
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.М.Әбділдин, ҚБ.Жарықбаев, М.М.Мұқанов,
Т.С.Сабыров, т.б. еңбектерін тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен
практикасына қосқан еңбектерін білеміз.
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін дамыту үшін білімдер
мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-
өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру
дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығының деңгейлеріне тоқталатын
болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен,
тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз
бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей
жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен
сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы
немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға
белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы
көмек болғанда ғана оқу-танымдық қызығушылығын ынталандыруға, белгілі
тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы
болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс
нәтижесі, танымдық уәж бен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға
деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың негізі факторларына
олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу
үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан
қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік
жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің
өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға
дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың
нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда
болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан,
мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығы - баланың жеке дамуын қамтамасыз
ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен
біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне,
дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен
кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін
кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.
Оқушылардың оқу- танымдық қызығушылығын оқыту барысында дамыту үшін
мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың
өздері белсенділік танытпағы ләзім.

1.2 Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту ерекшеліктері.

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпаққа ғылыми негізде білім беру шығармашылық белсенділігін дамыту
міндеттері туындайды. Білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін
дамыту өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.
Бұл маманның кәсіби ынта-ықыласы, белсенділігі мен шығармашылық
қабілеті қазақ мектебінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт
талабына сай оқушының оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін оқытудың
жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн.
Психологтар Д.Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-
әрекетінің негізгі құрылымы-оқу мақсаты мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқыту
арқылы оқушының қызығушылғын қалыптастырудағы көзделетін басты мақсаттарды
саналы түрде меңгеруге баулу. Оқу-танымыдық қызығушылықтың басты мақсаты-
оқыту мен тәрбиелеу арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған,
болашақ халық игілігін жасайтын білімді де білікті маман тәрбиелейтін бағыт-
бағдар беру. Ал, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, белсенділік
қабілетін дамытуға жағдай жасау, салауатты өмір салтын насихаттау болып
табылады. Сондықтан ұшқыр ойлы, жаны сұлу, шығармашыл, белсенді ойлай
білетін дара тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту,
білім беру, белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Мұғалім оқушының шығарашылығын, белсенділігін, қабілетін дамытуға
баулуда еңбек етеді. Көптеген психолог, педагог мамандар В.В. Давыдов, Л.В.
Занков. И.Л. Лернер, және қазақтың ағартушы ғалымдары А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтар да өз еңбектерінде осы мәселені,
пікірінде айтып өткен. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша әрбір
жаста шығармашылыққа баулуда ерекше қабілет, бейімділік болады екен.
Мұғалім оқушының бойында қызығушылығын қалыптастыру үшін мынандай бағыт-
бағдар беру керек:
- оқушы шығармашылықпен айналысу үшін жағдай туғызу;
- сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас орнату;
- Психологиялық қауіпсіздік, еркіндікпен қамтамасыз ету,
-Оқушының шығармашылықпен айналысуына үйде, сабақта қолайлы жағдай туғызу;
-Оқу-танымдылық қызығушылық бағытына оқушыны жүйелі, саналы
түрде қалыптастырып отырады;
Осының нәтижесінде оқушы бойында танымдық дербестікпен өзіндік жолын
анықтауға ынтасы оянып, олардың осыған дағдылануы қалыптасады.
Бұл оқыту барысында оқушылардың оқу мәдениеті, іс-әрекеті барысында
ынталылығын жүйелі ойлаудың дағдыларын қалыптастыруды көздеген мұғалімнің
шеберлігі, шығармашылығы, қабілеті, тәжірибесі қалыптасады.
Белсенділік – мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша
жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы
болып табылады. Әр ұрпақ әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында ұрпақтың
қол жеткізген жетістіктерін меңгерумен қатар, өз іс-әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Беленділік — бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары
қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет
түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән - тұлға.
Белсенділік қабілеттер арқылы көріңіс табады. Ол көріністер адамның
қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, жеке қасиеті немесе
адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалуда.
Танымдық белсенділік жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар
еңбектерінде жазып қалдырған. Адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды өз
еңбектерінде ұлы дала ойшылары Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз
тұжырымдарын, көзқарастарын білдірген. Платон, Аристотель, Сократ
қабілеттердің дамуына өзіндік зерттеулер жүргізген. .
Көрнекті педагогтар ҚД.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің, Н.К.Крупскаяның,
А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары
қарастырылған.
Ресей ғалымдары Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.Крутецкий, Б.М.Теплов, т.б.,
сондай-ақ республикамыздың көрнекті ғалымдары Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов,
Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев, .К.Жампейсова, Т.С.Сабыров, Ж.И.Намазбаева
т.б. өз еңбектерінде жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен
практикасының негізін қалаған деп білеміз.
Оқу үдерісінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен
танымдық, ізденісіне қатысты десек, бұларды қамтамасыз ететін іс-әрекет
барысында оқушының белсенділік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Білім
беруді басқарудағы әр түрлі жүйелеуді жобалау мен жүзеге асыруда оқушының
білімге деген танымдық іс-әрекеті шығармашылық белсенділігі, ынталылығы
қалыптасуы керек. Осы орайда көптеген ғалымдар оқушының шығармашылық
белсенділігі барысында ынталылықты қалыптастыру жолында өз пікірлерін,
ойларын ортаға салды. Олар мыналар: В.Г.Афанасьев, А,И.Котова,
Ю.А.Копаржевский, Б.Ф.Ломов, Р.Х.Трешьяков.
Педагогика ғылымында оқушылардың танымдық белсенділігін, қызығушылығын
қалыптастыруға Э.Г.Юдин, Ф.Ф.Коволев, Н.Д Хмель, Г.Д. Кориллова,
Ю.Б.Бабанский т.б. үлес қосты. Оқушылардың сабақтық - танымдық қызметін
шұғыл басқару және олардың өзін-өзі басқару белсенділігін дамытуда
байқалады. Бұлардың барлығын ортақ мақсат біріктіреді, ендеше олар жаңа
көзқарастар негізінде жоспарлау мен басқарудың және сабақ үстінде
оқушылардың өзін-өзі басқаруының, шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуының
негізі болады.
Оқушылар өзін-өзі бақылап бағалайды, шығармашылық жұмыстарымен
шұғылданады.
Сабақта оқушылар әр түрлі дидактикалық ойындармен танысады.
Оқушылардың білімге деген ынтасы, қызығушылығы қалыптасып құштарлығы
артады.
Егеменді ел болған халқымызды бүгінгі таңда дүр сілкіндіріп жаңаша
серпіліс танытып отырған-білім беру жүйесіне көптеген талаптар, жүйелі
мақсаттар қойылып отыр. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке
басының, қасиеттерінің, ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық
қабілеттерін оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып талантын ашу
көзделуде.
Мектеп жасындағы оқушыларды шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс
шешімдер қабылдай алуға практикалық әрекеттерге дайын болуға, танымдық іс-
әрекетін қалыптастыруға баули білу мұғалімнің шеберлігінде.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен оның қажеттілігіне А.В.Усова, Г.Я.
Гальперин, Р.Г.Лемберг И.Я.Лернер, В.П. Паламарчук, Ж.Аймауытов М.Жұмабаев.
А.Байтұрсынов, Т. Сабыров, Ж. Қоянбаев т.б. ерекше мән береді. Оқушылардың
ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесін
қалайды.
Ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы
Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға одан тәжірибеге көшу — болып
табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. (Анализ,
синтез, дедукция, индукция, абстракция) Танымның негізгі және білімінің
ақиқаттылығының шарты-тәжірибелік іс-әрекет. Оқушылардың танымдық
белсенділігі танымдық іс-әрекет ретінде жүзеге асады. Себебі оның оқу іс-
әрекетінің нәтижесі оны таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін
жаңа білім, білік дағдылардың көзі ашылады. Оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу-
мектептегі оқытудың негізгі мәселелері — оқу барысында оқушылардың
қызығушылығын арттыру, олардың өз бетінше белсенділік, ынта-ықыласын,
дамытатындай етіп ұйымдастырылады. Оқушының өзіндік сезімдік (қалауы,
ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік,
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Оқушылардың әсерленгіш, эмоционалды
болып келетін ескере отыру — мұғалімнің негізгі міндеті.
Шығармашылық психикалық үрдістердің (түйсік, қабылдау, зейін, ес,
ойлау, сөйлеу) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де қабілет,
бейімділік, мінез қалыптаса бастайды. Осыған байланысты отаудың
қабылдағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық, ізденімпаздық сияқты жақтары да
жетіле түседі — деді Р.Қоянбаев осы мәселе жайлы жазған еңбегінде. Таным —
обьективті шындықтың адам санасындағы белсенді және қайшылықты бейнеленуі.
Танымның мақсаты — зерттеліп отырған заттың терең мәнін қайшылықтар жүйесін
ашу.
Таным теориясы (гносеология) дүниетанудың жалпы заңдылықтарын
зерттейді. Дүниетану тікелей сезімдік процестер — түйсіну, қабылдау,
пайымдаудан басталып, одан әрі ойлауға қарай өрбиді.
Белсенділік процестерінің барлығы да сезімдік процестер — түйсіну,
қабылдау, елестетумен байланысты. Адамның сыртқы дүниені танып, білуі оның
шындығы тәжірибеде, және іс-әрекеттердің нәтижелерінде тексеріліп отырады.
Дегенмен адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі
қасиеттері мен мән жайын жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді
білу тек ойлау арқылы жүзеге асырылады.
Қызығу дегеніміз — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен
танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір
көрінісі. Қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, соған зейін қойылады, адамды
еліктіріп өзіне тартқан иәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады.
Қызығудың физиологиялық негізі Бұл не? деген рефлекс адамның қызығуы бір
нәрсеге аса зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп
тұрады. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінен
басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу
әрекетінде аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті тұрақты, мазмұнды
болуы, баланың сабақ үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдемін тигізеді.
Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын
пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай
материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық, танымдық
болып келеді. Танымдық белсенділік — оқуға, ғылымға қызығу. Қызығу
балаларда қарапайым тану қызығулары болып көрінуден басталады. Ол көбінесе
балалардың бейімділігіне қарай көрінеді. Қызығу пәрменді, белсенді болуы
қажет, ол үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы тиіс. Мұғалім балалардың
қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама
қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойластыруы қажет. Сонда ғана
бала рухани өмірге бай басқа, зерігуді білмейтін, еңбек сүйетін жан-жақты
қабілетті тұлға болып шығады.
Оқу-танымдық қызығушылық оқушының құнды мотивтерінің бірі болып
табылады. Осы мәселеге байланысты А.Н.Н.Леонтьев, Л.И. Божовин, С.Л.
Рубинштейн, И.Гербарт, К.А. Лыгалова, Д.И.Прайтак, Б.Г. Ананьев, Г.С.
Костюк т.б. зерттеулер жүргізген. Қызығу ішкі факторлардың бірлігінің
арқасында қалыптасады. Алты жасар балалармен жүргізілген
эксперименттерінде Ш.А. Амоношвили оқу процесінде оқушылардың
қызығушылығын эмоционалды интеллектуалды шығармашылық сипатпен бірге
қарастырды. Профессор Т.Сабыровтың Оқытудың теориялық
негіздері еңбегінде оқу әрекеті өзіндік құрылымы бар жүйе, ол мынадай
бөлімдерден тұрады деп көрсетті.
1. Оқу — танымдық қажеттілік
2. Мотив (Себеп)
3. Оқу міндеті.
Оқу — танымдық іс-әрекет қажеттілік дәстүрлі оқытудағыдай сыртқы
түрткі арқылы емес, оқушының іштей талпынуы арқылы білімге қажеттілік
тууына жағдай жасау қажет. Оқу материалы балаларда Бұл не? деген
рефлексия тудырып әрі қарай оны танып білуге түрткі болуы қажет. Осы танып
білуге құштарлық, мотив оқу міндетін шешуді мақсат етеді. Оқу
міндеті мотивті шешуге қалыптасады. Оқушыларға білім мен тәрбие берудің
басты жолы (формасы) — сабақ. Онда мұғалім белгіленген уақытқа сай
оқушылармен бірлесе отырып, мақсаты бір оқу — тәрбие мәселесін шешеді.
Сабақ алға қойылған мақсатына қарай жаңа білімді меңгеру сабағы, біліктілік
пен дағдыны игеру және іс-әрекет қалыптастыру сабағы, білімді қорту және
жүйелеу сабағы, қайталау және бекіту сабағы, тексеру және сынау сабағы,
аралас сабақ болып, оқыту әдістеріне қарай әңгіме сабақ, лекция сбақ,
практикалық сабақ, ал сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына білімнің
міндеті, дайындық жұмысы болып саналады.
Екіншіден, оқушының білімге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру
үшін тақырыпқа сай сабақ типін, оның құрылымын, әдістерін, тәсілдерін
түрлендіріп отыру. Сабақты үнемі қалыптасқан дәстүрлі формада өткізу,
әсіресе бастауыш сыныптарда оқушы әрекетіне қозғау сала бермейді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру оқу — таным, олар әрекетін басқару арқылы
іздеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Жеке тұлганың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Сабақ процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді шарттары
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар
Пәндер