Бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау режимін құқықтық реттеу



1 БАС БОСТАНДЫҒЫНЛЫ АЙЫРУ ОРЫҢДАРЫНДАҒЫ РЕЖИМНІҢ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯСЫ
2 БАС БОСТАҢДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ РЕЖИМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ
Режим — қылмыстық-атқару құқығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.
Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондықтан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлық мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бақылау жүргізетін қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, бұл мекемеге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілерінде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен өткеру жөніндегі қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердін ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жазаны өткеру режимі тузеуге әсер етудің негізгі амалдарынын бірі болып есептеледі. Оның түзеуге әсер етудін амалы ретіндегі басты міндеті — сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортақ тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірінің барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейді. Режим сотталғандардың ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың құқықтық дәрежесін қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерінеде бірдей міндетті. Кімде кім оның ережесін сақтағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-құлық ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге тузеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды. Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау — сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мінез-құлқын қадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде заңдылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҰСТАУ РЕЖИМІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

БАС БОСТАНДЫҒЫНЛЫ АЙЫРУ ОРЫҢДАРЫНДАҒЫ РЕЖИМНІҢ ТҮСІНІГІ, МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯСЫ

Режим —қылмыстық-атқару құқығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.
Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондықтан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлық мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бақылау жүргізетін қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, бұл мекемеге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілерінде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен өткеру жөніндегі қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердін ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жазаны өткеру режимі тузеуге әсер етудің негізгі амалдарынын бірі болып есептеледі. Оның түзеуге әсер етудін амалы ретіндегі басты міндеті —сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортақ тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірінің барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейді. Режим сотталғандардың ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың құқықтық дәрежесін қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерінеде бірдей міндетті. Кімде кім оның ережесін сақтағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-құлық ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге тузеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды. Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау —сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мінез-құлқын қадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде заңдылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.
Түзеу мекемелерінде жазаны атқару режимі оның құқықтық принциптеріне сәйкес ұйымдастырылады. Олардың манызы жазаның, мақсатымен белгіленеді де қылмыстық-атқару құқығынын нормаларында бекітіледі. Режимді ұйымдастыру принциптері мыналар болып табылады: заңдылығы, жөнділігі, адамгершілік, даралап сеніммен жазаны қолдануды үйлестіре білу.
Ұстау режимін ұйымдастырғандағы заңдылық принципі дегеніміз —ол сотталғандарға талап етілетін барлық талаптардың нормативті табиғаты болады немесе мекемелер әкімшілігінің өз бетімен істейтіні емес, қайта қылмыстық-атқару құқығының нормативтік актілерінде белгіленеді. Олардың талабын бір жағынан сотталғандар, екінші жағынан мекеме әкімшілігі де сақтаулары тиіс. Режимді ұйымдастырғанда заңдылық принциптің іске асырылуы, ол бірде-бір сотталған режим ережесінің саласынан шыға алмауы және осы барлық ереже бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәріне бірдей өлшем шарасында таратылады.
Заңдылық принципін сақтау —ұстау режимін бұзатын адамдарды мәжбүр ету шараларымен және түзеу мекемелері әкімшілігінің жұмысындағы заңдылықты бақылаумен орындалады.
Режимді ұйымдастырудағы орынды принцип дегеніміз —оның ережелері өз бетінше емес, керісінше, біріншіден, жазалау —тәрбиелеу процесі ретіндегі жазаның маңызымен, екіншіден, жазаның мақсатымен немесе сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу мақсатымен оларды жаңадан қылмыс жасамауын ескерту, яғни басқа адамдардында қылмыс жасамауын ескерту болып есептелінеді.
Демек, әрбір режим талабының саналы өзіндік негізі болуы тиіс және режимнің әрбір қойған талабы сотталғандарға түсінікті болуы керек, олар қара басының қамы ретінде емес, қайта жазаны өткерудің тиісті жағдайы, жеке өзіне керекті сапаны қалыптастырудың амалы ретінде қабылдануы тиіс.
Режимді ұйымдастырғанда адамгершілік принципі, ең алдымен қоғамның мүддесіне және сотталғандардың өздеріне де керекті екенін білдіруі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында орнатылған режим шынайы болады, себебі сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасаудан оларды оқшаулау және оларды түзеумен тәрбиелеу арқылы кұтқарып, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Режимнің шынайылылығы ол сотталғандарды босатқаннан кейін еңбек етуге қосудан көрінеді. Режим шынайылылығы ол күш пайдаланып азап шектіру мақсатын қоймайды немесе сотталғандардың адамгершілік абыройын қорламайтындығынан көрінеді.
Бас бостандығынан айыру орындарында режимді дараландыру принципі деп түзеу мекемелеріндегі жазалаудың мақсатына жету үшін сотталғандарды ұстау жағдайы жасаған қылмыстың ауырлығына қарай қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігіне және олардың түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқына байланысты дараландыру айтылады.
Ұстау режимін дараландыру мыналарды: әртүрлі дәрежедегі сотталғандарды бөлек-бөлек ұстаудан (сотталғандарды топтандыру); түзеу жолына түсе бастаған сотталғандарды жеңілдеу режимді түзеу мекемелеріне, тәртіпті кәнігі бұзушыларды қатан режимді мекемелеріне аударудан; колонияның ішінде сотталғандардың ұсталу жағдайын өзгертуден; режим ережелерінде көрсетілген басқа да мадақтау мен жазалау шараларын қолданудан көрінеді.

Жазаны өткеру режиміндегі жаза мен тәрбиені байланыстыру принципі —ол тек режимде көбірек кездесетін жазалау элементтерінен басқа тәрбиелік маңызда ерекшелерде бар екенін білдіруді айтады.
Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни: оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с. ұшырау. Режимнің жазалау жағы қорқытып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта тағы да қылмыс жасаудан тартынуға себепші болады, және адамның бостандығы кезінде пайдаланатын игіліктерін сақтауды талаптандыруға да себепші болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында белгіленген режимнің тәрбиелеу жағы ережелерде көрсетілген ішкі тәртіпті, сотталғандардың қоғамдық орындардағы, өзара қатынасқандағы, әкімшілік өкілдерімен айналысқандағы мінез-құлқын реттейтін ережелерде айтылған.
Қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары мынадай: Сотталғандарды міндетті түрде оқшаулау және оларға жаңадан қылмыс жасауға мүмкіндік бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасатпау үшін өне бойы бақылау қою; олардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінін дәрежесі мен сырсипатына байланысты түрліше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрі мен мінез-құлқы.
Жоғарыда көрсетілген режим ережесі мақсатының қамтамасыз етілуі режим элементтері деп аталады, ал олардың жиынтығы оның мағынасын құрайды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару режимі элементтерінің көңіл аударатының бірі —сотталғандарды оқшаулау болып есептеледі. Ол дегеніміз —көрсетілген адамдар үнемі күзетуде болады, айдауылмен немесе алып жүрушілермен ғана жүргізіледі, қорғалады, еркіндікте жүрген адамдармен ережеде көрсетілмеген жағдайда оларға араласуға рұқсат етілмейді. Сондықтан оларға түзеу мекемелерінің тұрғын және өндірістік зоналардың шеқарасын бұзуға рұқсат етілмейді, әкімшіліктің рұқсатынсыз жергілікті (локальды) бірінен-бірі бөлінген турғын және өндірістік объектілердің, егер ондай болса шетіне шығуға болмайды, сонымен сотталғандарды күштеп оқшаулау қамтамасыз етіледі. Сонғысы салыстырмалы ғана сипатта болады. Сотталғандарға ұзақ немесе қысқа мерзімде жолығуға уақыт беріледі. Олар посылка, бандероль және тағам, т.б. сияқтыларды ала алады.
Түзеу мекемелерінде де әр түрлі дәрежедегі сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесі негізінде бір-бірінен айыру белгіленген. Бұл қауіптілеу және әлеуметтік-өнегелілігі асқынған сотталғандардың басқаларға теріс әсерін тигізбеуі мақсатында көзделген.
Сотталғандардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы, жазаны етеуде талап етілетін тәртіпті қамтамасыз етеді, олардың жағынды мінез-кұлқы өзара және түзеу мекемелерінің әкімшілігімен қарым-қатынас жасауға керекті алдын ала себеп болады. Сотталғандардың мінез-кұлық ережесі олардың жазаны өтеу себебіне тиісті негізінен міндеттеу және тыйым салу түрлерінде болады. Сонымен бірге олардың өздеріне тиісті міндеттерін орындауы мынадай қорытындыға әкеледі: түзеу мекемелеріндегі орнаған тұрмыс салтына және заңдар талабына сәйкес оларға заңды талабын қанағаттандыру үшін тиісті көлемде құқық беріледі, сондай-ақ бұл құқығын жүзеге асыру үшін тиісті кепілдікте беріледі (мысалы, сотталғандарға ұзақ мерзімді және үш тәулікке дейінгі кездесу берілуімен бірге жақын туысқандарымен тұруы үшін арнайы бөлме бөлінеді).
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелігіне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауіптілігіне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқына байланысты әр түрлі жағдай жасау арқылы қылмыстық-атқару құқығының манызды принципі —жазаны өтеудегі даралауды іске асыру болады. Ол әр түрлі дәрежедегі сотталғандарға түрліше жазалау ықпалын қолдану арқылы іске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрімен, субъективті құқығын шектеу көлемінен, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгілеумен (қамауға дейінгі тұрған жері маңында немесетұрған облысынан шеткері жерде).
Ұстау режимінің негізгі талаптарының іске асырылуы түзеу мекемесіндегі катаң қойылған ішкі тәртіп ережесінен табылады. Оны былайша түсінуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амалдардын жиынтығын пайдалану реті; ол адамдардың өз міндетін орындау мен құқықты іске асыру ретін белгілейтін мінез-кұлық ережесінін жиынтығы; сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасамауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөніндегі түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерінің барлық бөлімдерінің, қызметтерінің және лауазымды адамдарының іс-қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимі дегеніміз —сотталғандарды түзеу және тәрбиелеудің бүтін жүйесінің басқарылатын кұрылым элементі, ол мынандай функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады: жазалауды, тәрбиелеуді, жабдықтауды, реттеуді, профилактикалауды (қылмыстық жекелей және жалпылай ескерту функциясы).
Жазалау функциясы —сотталғандарға қылмыстық-атқару заңдарында қаралған түрліше құқықтық шектеулер қою арқылы жазаны өтеу процесінде жүзеге асырылады. Алдымен, олардың субъективтік құқық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандардың құқы бар және қылмыстық, қылмыстық-атқару, өзге де заңдармен белгіленген, сонан кейін жазаны өтеудің нақтылы түрінің тәртібі мен жағдайына сүйене отырып міндеттер атқарады. Бірақ бұл құқық шектеу бәрін бірдей қамтып алмайды, себебі олардың барлық субъективтік құқығына кіріспейді (мысалы, мүліктік, отбасылық, еңбектік), сөйтсе де оларды іске асырудың ерекшелігін белгілейді. Жасаған қылмысы үшін жауаптыға заң белгілеген құқық шектеулер мен тыйым салу жазасы қолданылатының еске ала отырып, режимнің негізгі бір функциясы қылмыстық құқықпен жазалауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету екені анық.
Режимнің жазалау әсері дегеніміз —сотталғандар үшін белгіленген шектеуден шығатын бас бостандығынан айыру. Шектеу сипаты сотталып отырған түзеу мекемесінің түріне, сонымен бірге, ол жазаны өтеу кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мінез-құлқына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Режимнің жазалау функциясы сотталғанның құқыққа қарсы әрекетін тоқтатуға (қылмыстан, тәртіпсіздіктен) әсер етеді. Әрине қоркытумен қатар қылмыстық-атқару заңдарында көрсетілген игілікті алу үшін талаптануға жағдай жасау, ал ол тек түзелу жолына түскен адамдарға берілуі мүмкін (ұстау жағдайын жақсартуға кезекке қою, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық жазаның түсінігі және мақсаты
Бас бостандығынан айырудың қылмыстық құқықтық мәселелері
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері
Зерттеу пәні - бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқықтарының сақталуын құқықтық реттеу
Сотталған адамдарға кешенді түзету шараларын қолдану бас бостандығынан айыру жазасының ерекшелігі
Қылмыстық-атқару жүйесі
Түзеу мекемелерінде жазаны өтеу жағдайлары
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
Пәндер