Карантиндік шаралар жайлы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1 Карантиндік шаралар

2 Ветеринария саласы

3 Ауыл шаруашылығында

4 Карантин және обсервация туралы түсінік.

5 Арнайы және арнайы емес профилактика.

6 Санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.

7 Пайдаланылған әдебиеттер

Карантин

Карантин - ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.

Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі - қырық күн), уақытша тыйым салу - жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.

Карантиндік шаралар

Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т. б. ) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:

барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;

тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;

ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;

диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау;

Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе Карантин жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мысалы, оба және тырысқақ ауруында - 6 күн, нағыз шешек кезінде - 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. Карантин жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша карантин жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз карантиндік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда карантиндік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиологиялық бақылауға және эпидемиол. қадағалауға алынуы қажет.

Ветеринария саласы

Карантиндік шаралар ветеринария саласында да қолданылады. Ол кезде:

карантинге қойылған малды бөлек ұстап, сау малмен жанастырмау;

індет шыққан шаруашылықтан бірде бір мал басын, малдан алынған шикізат өнімдерін, азықтарды, құрал-саймандарды, т. б. сыртқа шығармау;

карантиндегі малды күтіп бағу үшін арнаулы адамдар тағайындау шаралары жүргізіледі.

Карантиндегі малдың ыстығы күніне екі рет өлшеніп отырады. Оларға арналған қора-жай сау мал тұратын қоралардан кемінде жарты шақырым қашықтықта болуға тиіс. Шаруашылыққа сырттан әкелінген әрбір мал басы туралы куәлікте келіп түскен малдың жұқпалы аурудан сау екендігі көрсетіледі. Ветеринарлық жарғыға сәйкес ондай малдар 30 күн бойы бақылауда болуы керек. Мал күтіміндегі адамдар жұмысқа керекті киім-кешекпен (таза халат, кебіс, алжапқыш, қолғап, т. б. ) қамтамасыз етіледі. Бұл жабдықтар жұмыс аяқталған соң изоляторда қалдырылады. Карантиндегі малдың қиын өртеп жібереді немесе белгілі тәртіппен мал қорымына апарып көміп тастайды. Өлексені ит-құсқа тастауға болмайды. Ауру мал жатқан жер, қоралар карантин мерзімі аяқталысымен мұқият зарарсыздандырылады.

Ауыл шаруашылығында

Карантиндік шаралар ауыл шаруашылығындағы дақылдары бойынша да жүргізіледі. Кейбір аймақтарда өсетін карантиндік өсімдіктер (мысалы, жусан жапырақты ойраншөп, кекіре, арамсояу, т. б. ) болады, сондай-ақ, басқа жерден немесе басқа елден астық, түрлі дақылдар тұқымы арқылы өсімдіктерде ауру қоздыратын немесе оларды зақымдайтын әр түрлі микробтар, жәндіктер, зиянды құрттар, саңырауқұлақтар таралуы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да карантиндік өсімдіктер туралы арнайы Заң қабылданған. Басқа елден әкелінген астық, тұқым мұқият тексеруден өткізілуі тиісті.

Карантин және обсервация туралы түсінік.

Карантин дегеніміз - бұл жұқпалы аурулар ошақтарын анықтау және жоюға бағытталған режимді-оңашалау, әкімшілік-шаруашылық, эпидемияға

қарсы, санитарлық және емдеу-профилактикалық шараларды құрайтын мемлекеттік шаралар жиынтығы.

Карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу аймақтық ТЖЭК

жетекшілігіне жүктеледі.

Карантин орнату үшін міндетті түрде мынадай шараларды жүргізу керек:

1. Ошақты бөлектеу немесе күзет орнату, ошақта коменданттық қызмет енгізу.

2. Тұрғындардың кіруі мен шығуына, карантин аймағынан жүктерді алып шығаруда қатал бақылау.

3. Зақымдау ошағы арқылы автотранспорттың өтуіне және транзиттік жолмен темір жол мен су транспортының басқа тоқтауға арналған жерлерге тоқтауына тосқауыл қою.

4. Обсерваторларды құру және ошақтағы адамдарға және карантин

аймағынан шыққан адамдарға обсервация бойынша шаралар жүргізу.

5. Тұрғындардың жекелеген топтары арасында қарым-қатынасты шешу.

6. Тұрғындарда, қалалық транспорт, сауда және тағам өндірісінде, халық шаруашылық объектілерінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы режимді құрастыру.

7. пидемияға қарсы режимді сақтай отырып, тұрғындарды тағам Э

өнімдерімен және өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету.

8. Тағам өнімдері мен судың санитарлық экспертизасы.

9. Жедел және арнайы профилактиканы жүргізу.

10. Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды оңашалау және

ауруханаға жатқызу.

11. Ауруды тасымалдаушыларды жою (дезинсекция және дератизация)

12. Тұрғындардың, өндірістердің, министрліктердің және ведомствалардың карантин ережесін қатал түрде орындалуын бақылау.

Тұрғындардың кіруі мен шығуы, жүктерді енгізу мен шығаруда эпидемияға қарсы режимді бақылау үшін арнайы ұйымдар құрылады. Оларға жатады:

бақылау-өткізу пункті, оған санитарлық-бақылау пункті кіреді-СБП) . Оның негізгі міндеті - эпидемияға қарсы өткізу режимін бақылау.

Карантин аймағынан зақымдандыру және қауіпсіздігі туралы құжат болса, кез-келген жүкті шығаруға болады. Адамдарды обсервацияны өткені туралы қажет болғанда карантин аймағынан шығаруға болады.

Карантин аймағын бөлектеу (күзет орнату) инфекцияның таралуынан қорғайды және оңашалауды қамтамасыз етеді. Бұл шара қоғамдық тәртіпті қарау қызметкерлері мен ІІМ бөлімдері көмегімен, тұрғындардың қатысуымен жүзеге асырылады.

Обсервация дегеніміз - бұл жұқпалы аурулардың алдын-алу және

медициналық бақылауды күзету бойынша емдеу-профилактикалық

шараларды жүргізгенде қамтамасыз ететін шектеу шараларының

жиынтығы.

Обсервация кезінде мына шаралар жүргізеді:

1. Транзитті жолмен обсервация аймағынан транспорттың барлық түрінің

кіруі мен шығуын шектеу.

2. Қоршаған орта объектілерін залалсыздандыру.

3. Жұқпалы ауруларды белсенді түрде, ертерек анықтау, оңашалау және

ауруханаға жатқызу.

4. Зақымдалған тұрғындарды санитарлық өңдеуден өткізу.

5. Зақымдалу қауіпі бар адамдар арасында жедел профилактика жүргізу.

6. Ауылшаруашылық жануарлары мен малөнімдерінің зақымдалуын

ветеринарлық-бактериологиялық бақылауды күшету.

7. Медициналық мекемелердің жұмысына эпидемияға қарсы режимді енгізу.

Бактериологиялық (биологиялық) қарудың индикациясы арнайы және

арнайы емес болып бөлінеді.

Арнайы емес индикация - бак. қаруды қолдану фактісін анықтау мақсатында қолданылады.

Арнайы индикация - (ұйымдасқан және арнайы лабораториялық шаралар жиынтығы) бактериологиялық заттарды қолдану фактісін дәлелдеу және қолданылған түрін және оның токсинін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Арнайы индикация ошақтары арнайы жасалған әдістемелер бойынша

бактериологиялық лабораторияларда орындалады.

Арнайы және арнайы емес профилактика.

Жедел профилактика - бұл жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен

зақымдалған адамдарға байланысты инфекциялық процесстің алдын-алу мақсатында жүргізілетін медициналық шаралар.

Бұл шараларды бірден - зақымдалғанытуралы немесе аса қауіпті инфекциямен ауырған адамдарға сонымен бірге белгісіз этиологиясы бар жұқпалы аурулардың тұрғындар арасындағы өршулері туралы ақпарат түскен соң жүргізіледі.

Жедел профилактика екіге бөлінеді: жалпы және арнайы .

Жалпы жедел профилактика - қоздырғыштың түрі анықталғанша, ал арнайы жедел профилактика - микроорганизмнің түрі анықталған соң, оның антибиотике тұрақтылығы, клиникалық диагноз науқастарда дәлелденген соң жүргізіледі.

Жалпы жедел профилактиканы антибиотиктер мен кең әсер ететін спектрлі химиопрепараттардың көмегімен жүргізеді.

Профилактикалық курс мерзімі 2-3 күнге, егер арнайы индикацияның нәтижесі болса қысқартылады. Арнайы жедел профилактика мерзімін жұқпалы аурудың нозологиялық формасын еске ала отырып, анықтайды (инкубациялық кезеңнің мерзімі, антимикробты препараттың қасиеттерін бұрын жүргізілген жедел жалпы профилактиканы (кесте) ) .

Санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.

Санитарлық өңдеу дегеніміз - бұл адамның денесін, көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарын РЗ, КӘ, УЗ және БЗ-дан залалсыздандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Санитарлық өңдеу - жартылай өңдеу және толық өңдеу болып бөлінеді.

Жартылай өңдеуді - зақымдау ошағында қысқа мерзімде өз бетінше және бір-біріне көмек көрсету арқылы, қажет болса медициналық эвакуация сатыларында зақымдау аймағынан шығарда жүргізеді.

Толық санитарлық өңдеу - ұйымдастырылған жуу пунктерінде, аурухананың санитарлық өткізгіштерінде әртүрлі ұйымдардың санитарлық өңдеу бөлімшелерінде, әскери - медициналық мекемелерде және басқа да дезинфекциялық, дегазациялық жуу техникасы бар .

Ол сабынды жылы сумен жуу арқылы киім мен аяқ киімді дезактивациялау,

дегазациялау, дезинфекциялауды құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантині жайлы
Өсімдік карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық почтамтардағы карантинге жатқызылған материалдарды тексеру
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Жазғы кезең
Систематикасы мен таралуы
Ешкілерді импорттауға қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz