Ақш үкіметі



1 АҚШ.тарында не себепті басты екі саяси партия ғана бар?
2 Конституция . демократиялық өзгерістердің символы
3 АҚШ.та «Дымбілместер партиясы» да болған
2-ші қарашада өтетін президенттік сайлауда американдықтар дауыс бергенде, президентіктен үміткер белгілі үш кандидаттың бірі - қазіргі президент, республикандық Джордж Буш, демократ сенатор Джон Керри немесе өзін-өзі ұсынған адвокат Ралф Нейдрден өз таңдауларын жасайды. Бірақ, бұл сайлауда Буш пен Керри екеуінің бірі - жеңіске жетуі мүмкін, өйткені екеуі де елдегі екі басты партияның өкілдері.
АҚШ конституциясы елдегі саяси партиялардың санына шектеу қоймайды. Алайда, көпшілік жағдайда сайлау барысында американдықтар негізінен екі басты партияның өкілдерінен таңдау жасайды. Оның себебі қарапайым,- дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетіндегі саяси басқарулар мектебінің деканы Кристофер Артертон. Ол Азаттық радиосына берген сұхбатында былай дейді Біздің саяси жүйеміздің құрылымы екі партиялық негізге құрылған . Соған сай әдетте, таңдау жасау барысында жеңімпаз екі үміткердің бірінен анықталады - дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетіндегі саяси басқарулар мектебінің деканы Кристофер Артертон.

Сонымен қатар, Вашингтондағы Американ университетіндегі Американың саяси тарихы жөніндегі профессор Аллан Лихтман Құрама штаттардағы басқа партиялардың танылмай отырғанына себеп деп, мына жайтқа тоқталды. Оның Азаттықтың тілшісіне айтқанындай, басқа партиялар еңсесін көтеру үшін, Республикандық және Демократтар партияларымен сәтті бәсекеге түсе алатын қымбат жарнамаларды сатып алуына жеткілікті қаражат керек.

Бірақ, Құрама штаттардың басты екі партиясының көптің қолдауына ие болып, басқа бір партияның өздері тәрізді кең танылуына жол бермей отырғаны оларға тиімді болып отыр дейді Лихтман. Америка тарихындағы екі партиялық жүйе барлық уақытта басқа көптеген кіші партиялардың дамуы мен құлдырауы жағдайында теңесіп отырған. Құлдыққа қарсы, ішімдікке тыйым салуды жақтаған және социалистік партиясы мен еркіндікті аңсаған партиялар болған. Сөйтіп, бізде екі партиялы жүйе болғанымен, үшінші немесе кішігірім партиялар басты партиялардың әрдайым бүгінгі күн талабын ескеріп отыруына, партиялардың әрекетсіздікте қалмауына, қоғамда жаңа идеалар мен жаңа жетекшілердің пайда болуына үнемі түрткі болып отырады.

Әрбірден кейін-, дейді Лихтман, Құрама Штаттар егеменді үкіметтері бар штаттардан құралған федерация екенін атап өткен жөн. Бірақ, кейбір штаттарда сайлаушылардың талаптарына толық жауап беретіндей жағдай үнемі ескеріле бермейді. Мәселен, Лихтманның айтуынша, 2000 жылы Флорида штатының оңтүстік-шығысында вице президент демократ Альберт Гор мен Джордж Буш арасындағы сайыста дауыс санағы дұрыс болмағаны айтылады. Біріншіден, Флоридадағы әрбір округ өз сайлау технологиясын таңдаған. Екіншіден, ондағы кейбір технологиялардың дайындығы аз болған. Флоридада сол жылы кездескен проблема кейбір сайлау округтерінде сайлау бюллетендері картамен болғандықтан орын алған. Сайлаушы өз таңдауын жасау үшін кішкентай түймені басып, сайлау бюллетенін тесіп белгі салады. Сонда сол белгіні компьютер арқылы оқуға болады. Алайда, біраз сайлаушы сол түймені күшпен баспай тек сайлау бюллетенін жай ғана түртіп жүре берген. Осындай жағдайлар сайлау қорытындысын шығаруға кедергі келтірген. Сондықтан, 2000 жылғы мұндай жағдайлар қайталанбас үшін орталық үкімет қажетті шараларды қолға алуы керек дейді Аллан

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті – Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты
негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан
тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті – мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң
жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар

АҚШ-да екі бас партия бар:

Демократиялық партиясы – 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон,
Барак Обама осы партияның мүшелері.

Республикалық партиясы – 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы
партияның мүшелері.

АҚШ-тарында не себепті басты екі саяси партия ғана бар?
12.10.2004
Үкілай БЕСТАЙ

2-ші қарашада өтетін президенттік сайлауда американдықтар дауыс бергенде,
президентіктен үміткер белгілі үш кандидаттың бірі - қазіргі президент,
республикандық Джордж Буш, демократ сенатор Джон Керри немесе өзін-өзі
ұсынған адвокат Ралф Нейдрден өз таңдауларын жасайды. Бірақ, бұл сайлауда
Буш пен Керри екеуінің бірі - жеңіске жетуі мүмкін, өйткені екеуі де елдегі
екі басты партияның өкілдері.
АҚШ конституциясы елдегі саяси партиялардың санына шектеу қоймайды.
Алайда, көпшілік жағдайда сайлау барысында американдықтар негізінен екі
басты партияның өкілдерінен таңдау жасайды. Оның себебі қарапайым,- дейді
Вашингтондағы Джордж Вашингтон университетіндегі саяси басқарулар
мектебінің деканы Кристофер Артертон. Ол Азаттық радиосына берген
сұхбатында былай дейді Біздің саяси жүйеміздің құрылымы екі партиялық
негізге құрылған . Соған сай әдетте, таңдау жасау барысында жеңімпаз екі
үміткердің бірінен анықталады - дейді Вашингтондағы Джордж Вашингтон
университетіндегі саяси басқарулар мектебінің деканы Кристофер Артертон.

Сонымен қатар, Вашингтондағы Американ университетіндегі Американың саяси
тарихы жөніндегі профессор Аллан Лихтман Құрама штаттардағы басқа
партиялардың танылмай отырғанына себеп деп, мына жайтқа тоқталды. Оның
Азаттықтың тілшісіне айтқанындай, басқа партиялар еңсесін көтеру үшін,
Республикандық және Демократтар партияларымен сәтті бәсекеге түсе алатын
қымбат жарнамаларды сатып алуына жеткілікті қаражат керек.

Бірақ, Құрама штаттардың басты екі партиясының көптің қолдауына ие болып,
басқа бір партияның өздері тәрізді кең танылуына жол бермей отырғаны оларға
тиімді болып отыр дейді Лихтман. Америка тарихындағы екі партиялық жүйе
барлық уақытта басқа көптеген кіші партиялардың дамуы мен құлдырауы
жағдайында теңесіп отырған. Құлдыққа қарсы, ішімдікке тыйым салуды жақтаған
және социалистік партиясы мен еркіндікті аңсаған партиялар болған. Сөйтіп,
бізде екі партиялы жүйе болғанымен, үшінші немесе кішігірім партиялар басты
партиялардың әрдайым бүгінгі күн талабын ескеріп отыруына, партиялардың
әрекетсіздікте қалмауына, қоғамда жаңа идеалар мен жаңа жетекшілердің пайда
болуына үнемі түрткі болып отырады.

Әрбірден кейін-, дейді Лихтман, Құрама Штаттар егеменді үкіметтері бар
штаттардан құралған федерация екенін атап өткен жөн. Бірақ, кейбір
штаттарда сайлаушылардың талаптарына толық жауап беретіндей жағдай үнемі
ескеріле бермейді. Мәселен, Лихтманның айтуынша, 2000 жылы Флорида штатының
оңтүстік-шығысында вице президент демократ Альберт Гор мен Джордж Буш
арасындағы сайыста дауыс санағы дұрыс болмағаны айтылады. Біріншіден,
Флоридадағы әрбір округ өз сайлау технологиясын таңдаған. Екіншіден, ондағы
кейбір технологиялардың дайындығы аз болған. Флоридада сол жылы кездескен
проблема кейбір сайлау округтерінде сайлау бюллетендері картамен
болғандықтан орын алған. Сайлаушы өз таңдауын жасау үшін кішкентай түймені
басып, сайлау бюллетенін тесіп белгі салады. Сонда сол белгіні компьютер
арқылы оқуға болады. Алайда, біраз сайлаушы сол түймені күшпен баспай тек
сайлау бюллетенін жай ғана түртіп жүре берген. Осындай жағдайлар сайлау
қорытындысын шығаруға кедергі келтірген. Сондықтан, 2000 жылғы мұндай
жағдайлар қайталанбас үшін орталық үкімет қажетті шараларды қолға алуы
керек дейді Аллан

Конституция - демократиялық өзгерістердің символы

Жансейіт Түймебаев, ҚР білім және ғылым министрі:

Қай кезеңде де және кез келген қоғамда барлық қоғамдық, әлеуметтік-саяси,
экономикалық, мәдени және басқа да қатынастарды құратын өзінше іргетас,
берік негіздер болып табылатын дәстүрлер болды, бар және бола береді.
Егер адамзаттың өткеніне қысқаша ретроспективті шолу жасайтын болсақ, онда
мәселен, Ұлыбритания Конституциясының тарихы 700 жылдан астам уақытты
қамтитынын көреміз. 1215 жылы ағылшын королі Иоанн Безземельный негізін
салған еркіндіктер Ұлы хартиясындағы мемлекетті басқару қағидасы дамыған —
Батыс мемлекеттерінің гүлденуіне баянды негіз болса, ал АҚШ негізін
қалаушылары жасаған екі жүз жылдан астам тарихы бар Америка Құрама Штаттары
Конституциясы өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Негізгі заңның тұрақтылығын
сақтау және оны құрметтеу олардың табысты дамуының басты шарттарының бірі
болғаны анық.

Біз, қазақстандықтар, Тәуелсіз Қазақстанымыздың Конституция күнін маңызды
мерекелердің бірі деп есептейміз және жылдан-жылға Алаштың атаулы күнінің
маңызы артып келеді. Ұлы шеберлердің ғажап туындылары мен мүсіндерінің
уақыт сынынан өткен сайын бағасының арта түсетіні сияқты, Конституция да
уақыт өте келе мемлекет пен қоғам өмірінде келешек ұрпақтың ерекше қастер
тұтар мақтанышына айналады деп айтуға болады.
Еліміздің Конституциясын айтқанда, біз Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жетекшілігімен жаңарған Қазақстанның
жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдар қарсаңынан азды-көпті жиырма жыл
өткендігін атап өтуіміз қажет.
Қазақ КСР-інен өз мемлекеттілігін демократия қағидасында құрған егеменді,
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өткен соң, мүмкін болған саяси
модернизация кезеңінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тың бастамалар жасау
сол уақытта әлемге мүлде белгісіз республиканың тағдырына деген
жауапкершілік жүгі Елбасының үлесіне түсті.
Әбжіл тарих сындарлы кезеңде посткеңестік кеңістіктегі қайта құрылулар
үдерісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шоқтығы биік
көшбасшы тұлғасын қалыптастырды.
Бүгінгі күннің тұрғысынан безбендей келгенде, сол бір мемлекет тағдыры мен
ұлт болашағы талқыға түскен сын сәтте жасалған батыл қадамдардың
ақталғандығын және өз уақытында болғандығын атап өткен ләзім.
Сұңғыла мемлекет қайраткері әрі көреген ғалым ретінде ол туындап жатқан
мәселелердің тамырын дөп басып, өтпелі кезеңнің қайшылықтарын еңсерудің
және өз халқын дағдарыс жағдайынан алып шығатын жолдарын сенімді түрде
айқындап қана қоймай, заман талабына сай стратегияның жүзеге асырылуына зор
күш-жігерін жұмсады. Мемлекет басшысының конституциялық реформалар бойынша
бастамалары мемлекеттілікті, мемлекеттік билік пен басқарудың бүкіл жүйесін
нығайтуға, экономиканы түбегейлі реформалауға, ішкі саяси тұрақтылықты
қамтамасыз етуді, өркениетті елдердегідей жалпыға ортақ азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын бекітуге, демократиялық институттарды дамытуға
жұмылдырылды.
1993 жылы алғашқы Конституцияның қабылдануы бұған дейін қызмет еткен 1990
жылғы Конституциямен салыстырғанда, аса маңызды қадам болды. Тәжірибе
көрсеткендей, бұрынғы Конституцияның бірқатар баптары мемлекеттік құрылыс
эволюциясына, әлеуметтік саланы, экономикалық реформалар мен саяси
қатынастарды модернизациялауға құқықтық тұрғыдан кедергі жасап келген
болатын.
Елбасы Конституцияның барлық ережелері қазақстандықтардың болмысына, қазақ
халқының дәстүрлері мен болашағына сәйкес келіп, онда өзіндік қазақстандық
қолтаңбасы болуы үшін жаңа мәтінді әзірлеу барысында Президент жұмыс тобы
мүшелерінің алдына өзге Конституцияларды көшірмеуді, керісінше, басқа
елдердің тәжірибесін талдау негізінде еліміздің қажеттіліктеріне барынша
жауап беретін Негізгі заң жобасын дайындау міндетін қойды. Елбасы: Біз ең
бастысы, мынаны түсінуіміз қажет: сан қырлы әлеуметтік-мәдени, ұлттық және
басқа ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйелері бар түрлі даму сатысындағы
мемлекеттерде Конституциялар басты міндеттер — тұрақтылықты нығайтуға,
халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал жасап, демократияның дамуының басты
міндеттерін шешті, – деп атап өтті.
Елбасы ұсыныстары бойынша, мемлекет қызметінің негізін қалайтын қағидаттар
Конституцияның бірінші бабында бекітілді. Бұл ұсыныс Президенттің Негізгі
заңда мемлекеттік саясат басымдықтары анықталуы қажет деген ойының жемісі
еді. Кейбір құқық қорғаушылар бұл қағидалар заң нормалары болып
табылмайтындығын алға тартып, қарсылық білдірді. Дегенмен Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев бастамасы бойынша жобаға келесі қағидалар: қоғамдық келісім және
саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттің өміріндегі аса маңызды мәселелерді, соның ішінде
республикалық референдум немесе Парламентке дауыс беру демократиялық
әдістермен шешу енгізілді.
Жаңа Конституция Қазақстанды президенттік республика етіп жариялады, бұл
республикада басқару нысанын анықтады және тежемелік тепе-теңдік жүйесіне
негізделген биліктің үш тармағының қызметін шектеді.
1995 жылы Конституция қабылданған соң, Қазақстан өзінің болашақ даму жолын
түпкілікті анықтады, әлемге өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде жария етті. 2001 жылы Президент салтанатты
жиналыста мақтанышпен: Біз биліктің жаңа қағидаларын бекіткен және
азаматтардың негізгі құқықтарын қорғайтын Конституцияны қабылдадық. Біздің
басты жетістіктерге 1995 жылы жалпыхалықтық қабылданған Конституцияның
негізінде жеттік, — деп айтқаны кездейсоқ емес.
Жаңа Конституцияның азаматтардың ең қажетті мүмкіндіктеріне жауап
беретініне сенген Елбасы Негізгі заң қабылданған күнді Конституция күні
деп жариялауды ұсынды. Президент бұл түйіннің мазмұнын Конституцияның
қатаң сақталуы – мемлекеттің табысты дамуының және қоғамда азаматтық
келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүруге үйрену – бұл демократияның
жоғарғы мектебі болып табылады деп үнемі еске салып отырады. Алайда
Конституция өзгеріссіз, мәрмәр құбылыс емес. Конституцияның бұлжымастығы
мемлекеттегі барлық қатынастардың басты реттеушісі екендігінен көрінеді.
Сонымен қатар Конституция – үнемі көңіл аударуды қажет ететін тірі ағза,
қоғам өмірінің үнемі жетілу ізденісінде болғандықтан оны қайта-қайта оқып
отыру қажет. Сондықтан Негізгі заңды жетілдіру қоғамды одан ары
демократияландыру үрдісінің негізі болып табылады. 2007 жылы 16 мамырда
Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің Конституциясына қоғамның өзекті мәселелерін,
атап айтқанда, билік құзыреті және жауапкершілігін қайта бөлу, Парламенттің
рөлін арттыру, саяси партиялардың рөлін бекіту, жергілікті өзін-өзі
басқаруды дамыту, сот жүйесін жетілдіру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз
ету, азаматтық қоғам институтын одан ары жетілдіру, азаматтардың құқықтары
мен бостандығын қорғау жүйесін бекітуге қатысты жаңа өзгерістер мен
толықтырулар туралы ұсыныстар жасады. Осыған байланысты Парламент жуырда
Сайлау туралы, Саяси партиялар туралы, Бұқаралық ақпарат құралдары
туралы заңдарға және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Сайлау заңнамасында Парламенттің төменгі палатасы – Мәжілістің бірпартиялы
болып қалыптасуын жоққа шығаратын құқықтық механизм қарастырылған. Ал егер
сайлау нәтижесі бойынша, жеті пайыздық кедергіні бір партия ғана алған
жағдайда депутаттық мандаттарды бөлуге сайлаушылардың көп дауысына ие
болған одан кейінгі партия жіберіледі. Бұл норма төменгі палатаның сайлау
нәтижесіне қарамастан, екі саяси партия қатысуына кепілдік береді. Бұл
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның ұсыныстарына сәйкес
келеді. Сондай-ақ сайлау компаниясын жариялаған кезде бұқаралық ақпарат
құралдарына барлық кандидаттардың және партиялардың тізімдері, олардың
Сайлау комиссиясымен тіркелуі туралы тең көлемде баспасөз және эфирлік
уақыттар теңдей бөлінеді. Және сайлауда тиісті тәжірибесі жоқ тұлғаларға да
бақылау жасауға тыйым салынбайды, бұл бақылаушылардың саяси партиялардан
да, кандидаттар атынан да қатысу мүмкіндігін кеңейте түседі.
Саяси жүйені модернизациялауда саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар
және басқа қоғамдық институттар басты рөл атқарады. Қазіргі кезде 16
миллионнан астам тұрғыны бар біздің елімізде саяси көңіл күйді жан-жақты
білдіріп отыратын 10 саяси партия тіркелген.
Саяси партиялар туралы жаңартылған заң саяси партиялар қызметіндегі
ұйымдастыру-құқықтық мәселелерін жетілдіруге, олардың рөлін арттыруға,
қоғамда одан ары демократиялық үрдістердің дамуына және халықаралық
стандарттарға сәйкес келетін саяси жүйенің қалыптасуын қамтамасыз етуге
бағытталған. Партиялардың тіркелуі үшін сандық көрсеткіш мөлшері
азайтылған. Мемлекеттік тіркеу процедурасы және Парламентке өтетін саяси
партияларды қаржыландыру тәртібі барынша жеңілдетілген.
Мемлекеттік-саяси басқару аясында саяси партиялардың рөлінің өсуі
жағдайында республикада партиялық құрылыс көшбасшысы болып ҚР Парламенті
Мәжілісінде қалыптасқан Нұр Отан партиясы табылады. Нұр Отан
президенттік партиясының жетекшілік рөлі еліміздің тарихындағы өтпелі
кезеңінде ерекше мәнге ие болды, сыртқы факторлар, әлемдік экономикалық
дағдарыс жағдайында қоғамның табысты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал
жасады. Конституция еліміздің білім беру саласының ырғақты дамуына жағдай
жасайды. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүргізіліп
жатқан конституциялық реформалар білім беру жүйесінен шапшаңдықты, жаңа
тарихи тәжірибе қажеттілігіне және қоғам мен мемлекет даму талаптарына
сәйкестігін қажет етеді. Бүгінгі экономикалық дағдарыс біздің еліміздің
алдына мүлде жаңа міндеттерді қояды. Алдымен бұл – ұлттық бәсекелестікті
арттыру міндеті, яғни күрделі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтар
жағдайында барынша тұрақтылықтың болуы. Бұл экономикаға жаңа технологиялар,
жаңа білім енгізілу жолдарымен, ең бастысы, адамдардың өз жұмысына, өзінің
жеке бәсекелестігіне деген жаңа қатынасымен шешілуі мүмкін. Тек қана жаңа
білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай – Америка қатынастарының дамуы
АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Монро доктринасы
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
Пәндер