Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1-тарау. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық

құқық субъектілері

§ 1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі . . . 4

§ 2. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері. 21

§ 3. Азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану . . . 25

§ 4. Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға

құрмайтын құқық субъектілігі . . . 29

2-тарау. А заматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар

§ 1. Заңды тұлға ұғымы . . . 31

§ 2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі . . . 42

§ 3. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы . . . 46

§ 4. Заңды тұлғалардың түрлері . . . 57

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62

Кіріспе

ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті - азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда өрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттін азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъекгісі деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі бөлуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардын, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердін азаматтық құқық субъектілігі бар.

Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.

Азаматтық құқық субъектіліктін бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттін өзін қолданылын жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымы-нын өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.

1-тарау. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар - азаматтық

құқық субъектілері

§ 1. 1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасын, құқық субъектісінін тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.

ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті - азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда өрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттін азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъекгісі деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі бөлуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардын, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердін азаматтық құқық субъектілігі бар.

Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.

Азаматтық құқық субъектіліктін бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттін өзін қолданылын жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымы-нын өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.

ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" терминдері бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде көздеседі.

Азаматтық құқық субъектілерінін (немесе тұлғаларынын) ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп корсетеді, оларға осы оқулықтын бір тарауы арналған. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктін жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал қажетті жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырынады.

"Жеке тұлға" жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дын ұлттық заңы болып табынатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминің қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеиіе көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, "азамат" терминің осылайша кең ма-гынада түсінуге болады (ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, К, Р АК-ның 3-бабының 7-тармағы) . "Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздін арнайы мағынасында ғана айтылады.

Азаматтық құқық субъектілік - салалық құқық субъектіліктін бір түрі. Бұл ұғымды талдау көзінде, жалпы алғанда, заңдық шыңдық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданынады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың ерекше институты - құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар - адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Соіздықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардын қоғамдық, заңдық касиеттері болын табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардын құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу жоі іе айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары келемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, өскери қызметті өтеу міндеттері) .

Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудін алғышарты - құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың тендігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.

Азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше, азаматтық құқық субъектіліктін бір түрі - жеке тұлғалардың құқық субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүрегін құқықтық шындық, жеке адамдардын жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық шындықтын көрінісі - құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы заңдық қасиеті ретінде жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң әдебиеттерінде көрсететініндей, әдце бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті, яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР Конституциясынын терминологиясында құқық субъектіліктін нақ әрбір тұлғаға тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабынца әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.

Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң өдебиеттерінде нақты субъек-тивтік құқықтар мен міндеттер құқығын иеленудін абстрактілік алғы-шарты ретінде құқық субъектіліктін сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе арқылы абстрактіні ұғымда бар нөрсе ретінде ғана емес, сонцай-ақ жеке тұлғаларцын нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге болацы.

Кейбір авторлар құқық субъектілігі құқықты иеленудін абстрактілік мүмкіндігі регінде құқық субъекгісінін жеке құқықтарының жиынтығы немесе кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды, өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мұлде оның мазмұнсыздығын көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктін өз көлемі, өз мазмұны бар, оның үстіне, өр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмұны болады. Бұған қоса, тігпі әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларцын құқық субъектілігінің көлемі мен мазмұны да түрліше болады. АК-ның 14-бабында азаматтардын құқық субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементтері туралы айтылады. Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікгі мұраға алып, мұраға қадцыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер тандау, заң құжаттарында тыйым салынбаған көз келген қызметпен айналысу, жеке өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндеттемелерге қатысу, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және өзіндік құқықтары көзделген.

Өзінін заңдық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше субъективтік құқық - мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену құқығы болын табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық субъектіліктін табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан ерекше айқын байқалады. Мөселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы, республикаца кімцердін заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін тандау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР Конституциясынын 13, 21 және 26-баптары) .

Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы ретінде көздей отырын, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)

Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудын теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша тану құқық субъектілікті жүзеге асыру көзінце азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті отуі тиіс.

Адамның заңдық қасиеті ретінде, ерекше субъективтік құқық ретінде азаматтық құқық субъекгілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстырғанда бұл өзгеше деңгейдегі құқық болып табылады: олар бір-бірімен жалпы және жеке-дара арақатынаста болады. Басқаша айтқанда, әрбір құқық субъектілік тұлға тиісті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Әрбір құқық субъектісінін заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты мәселе басқаша. Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке-дара болады және ұдайы өзгеріп отырады. Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап айтқанда, меншігінде пәтері бөлуы мүмкін. Аплйда көз келген адамның іс жүзінде белгілі бір мекен-жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пөтерге меншік құқығы бола бермейді. Көз келген басқа мүлік жонінде де осыны айтуға болады. Нақты субъективтік құқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке-дараланған - бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы.

Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасын-дағы айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай соншалықты көрнекті көрінбейді, бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде көздеседі. Мысалы, құқық субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы бар, бірақ қалаған жерінде тұру - бұл енді нақты субъективтік құқық болады.

Белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде көз келген субъективтік құқық пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Мысалы, азаматтың құқық субъектілігі ол туған сәттен басталып, оның өлімімен тоқтатылады.

Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, алуан түрлі заңдық фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады. Кейде нақты субъективтік құқық бір фактінің негізінде емес, іс жүзіндегі құрам деп аталатын бірқатар фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады. Мәселен, сатып алу-сату, сыйға тарту, мұра алу секілді заңдық фактілердің негізінде белгілі бір адамның белгілі бір объектілерге меншік құқығы пайда болады, бірақ бұл қашан да тиісті құқық субъектілігі бар адамда туады. Ол нақты субъективтік құқықтардың пайда бөлуынын алғышарты болып есептеледі және олар пайда болғаңда төлъгқ колемде сақталады. Алайда құқық субъектілікті шектеу осымен бірге тиісті нақты субъективтік құқықтың тоқтатылуына себепші болады.

Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінін бөлінбес бірлігі түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне болінеді, бұлар Азаматтық кодексте жеке тұлғалар туралы параграфта әр түрлі баптармен беріледі.

Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп, оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады (АК-ның 13 және 17-баптары) .

Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда, азаматтық құқықтың барлық субъектілерінін азаматтық құқық субъектілігінін негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауынын орны төлмайды. Құқыққа қабілетті адамның әрекет қабілетінін жоқтығын басқа адамдардың іс-әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субъект мұлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам - бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. АК-да заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы арнайы бап (25-бап) болғанымен, олардың әрекет қабілеттілігіне қатысты мұндай бап жоқ.

Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі АК нормаларында көрсетілген, олар "әрекет қабілеттілігі" деген терминнің өзін пайдаланбастан, заңды тұлғаның өз органдары мен өкілдері арқылы өзіне құқықтарды қабылдау тәртібін анықтайды. Сондықтан құқық субъектілік ұғымы әрекет қабілеттілікті іс жүзінде құқық қабілеттілікті жүзеге асырудын жалпы шарты ретінде қамтиды. Сонымен бірге, бұл - құқық қабі-леттілікті жүзеге асыру шарты, ал құқық субъектілікте әрекет қабілеттілікті боліп корсету адамның интеллектуаддық ерекшеліктеріне, оның өз іс-әрекеттерін ой елегінен откізіп, оларды қолдана білу қабілетіне байланысты. Құқық субъектілікте құқық қабілеттілік анықтаушы элемент болып табынатынын ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары өркімге тумысынан жазылатының атап корсеткен ҚР Конституциясынын 12-бабына, сондай-ақ азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған сөттен басталады деп корсеткен АК-ның 13-бабының 2-тармағъша сүйену арқылы азаматтың құқық субъектілігі ол туған сөттен басталады деген қорытынды жасауға болады.

АК-ның 13-бабында "Азаматтық құқыққа ие болъш, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады" деп көрсетілген. Сонымен, АК азаматтардын тең құқық қабілеттілігі принципін белгілейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасъша, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және көз клеген өзге де мән-жайларға төуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінен айыруға мұлде жол берілмейді.

Тек заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, АК-да көзделген ерекше жағдайларда ғана азаматтардын құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келеді. Қонституция бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостаңдықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.

Атап айтқанда, ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдарға қолданынатын шектеулер азаматтық құқық қабілеттілікті шектеулердін қатарына жатады. Азаматтық заң актілерінде мұндай шектеулер аса көп емес. Мөселен, жер туралы заңдарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін жер учаскелері болмауы тиіс.

Заң актілерінде ҚР азаматтары емес және тұлғалар үшін кейбір қызмет түрлерімен (адвокаттық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер қойылған. Құқық қабілеттілігін шектеу жеке тұлғалардың белгілі бір санаттарына ғана емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке тұлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес соттын үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

Азаматтық құқық қабілеттіліктін теңдігі принціпі азаматтық құқық субъектілерінің барлық түрлері үшін жалпылама принцип емес, ол жеке тұлғаларға ғана таралады. Ал заңды тұлғаларға келетін болсақ, онда, олар біріншіден, өзінін табиғаты жөнінен жеке тұлғаларға ғана байланысты құқықтарды иелене алады (мысалы, мүлікті мұраға қалдыру құқығы) . Екіншіден, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінін өзі олар алуан түрлері үшін бірдей болмайды. Мөселен, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі болатын мемлекеттік кәсіпорындардын құқық қабілеттілігіне қарағанда, қазыналық кәсіпорындардын құқық қабілеттілігі тар болып келеді. Шаруашылық серіктестіктермен салыстырғанда, мекемелердін құқық қабілеттілігі тар болады. Заңды тұлғалардың құқық субъектілігі заңды тұлғалар жөніндегі тарауда төлығырақ қарастырылады. Мұнда жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін жүзеге асыру заңдық шындықта орын алатын бірқатар мән-жайларға байланысты болатынына назар аудару қажет. Мөселен, тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар адамдар ғана кейбір қызмет түрлерімен айналыса алады. Кейбір қызмет түрлерімен айналысу бұл тұлғаларды міндетті түрде тіркеумен немесе жоғары білімінін бөлуымен және мемлекеттік аттестациядан өтуімен байланысты болады (мысалы, адвокаттың қызметпен айналысу үшін) . Заң кейде құқық қабілеттілік шарасынын өзін белгілі бір фактілермен, атап айтқанда, лицензия алумен байланыстырады. Мысалы, АК-ның 35-бабы айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған көзден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіштен жарамсыз деп танылған көзде тоқтатылады деп көрсеткен. Осылайша, заңды тұлғаның құқық субъектілігі белгілі бір заңдық фактілердің бөлуына байланысты уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.

Құқық қабілеттіліктін мазмұнына және оны жүзеге асыруға байланысты мән-жайларға қатысты осы айтылғандардың барлығы көзінде серпінді дамитын құбылыс - құқық қабілеттілігі теориясынын тууы үшін негіз болды. Мәселен, М. М. Агарков былайша жорамалдады: осы сәттегі әрбір тұлға үшін азаматтық құқық қабілеттілігі оның басқа тұлғалармен өзара әрекеттесуіне қарай нақты құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
Азаматтық - құқықтық қатынастар
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы
СОТ ДАУЛАУШЫ ЖАУАПКЕР
Азаматтық.құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері туралы ақпарат
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz