Ақша жүйесінің құқықтық жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ақша жүйесінің құқықтық жүйесі

1. Ақша жүйесінің түсінігі мен элементтері.

2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

3. Ақша айналымының құқықтық негіздері.

4. Бағалы қағаздар айналымының құқықтық негіздері.

Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекет өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «ҚР Парламентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

1. Ақша бірлігінің атауы : Қазақстан Республикасы ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

2. Ақша белгілерінің түрлері: Қазақстан Республикасының ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық жерлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.

3. Эмиссия тәртібі: Қолма - қол ақшаларды шығарып олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктың қолма - қолсыз ақша эквивалентін алумен банкноттар мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

4. Ақша түрлері: Заңды төлем құралы болып табылатын қағаз және несие ақшалар.

5. Валюталық баға дегеніміз - бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған.

- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады.

- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырып шығарылды және қазынаға айналады. Металдардың айналымдарға қатысты аталып өткен ақша жүйесі бейметализм және монометализмге тән.

Бейметализм - бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент заңды түрде.

Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып еркін айналысқа түседі.

Монометализм - жалпыға бірдей эквивалент рөлін бір ғана метал атқаратын ақша жүйесі. Ақша монометализм алғаш рет Ұлы Британияда 1816 жылы, Германияда 1871-1873 жылдар аралығы, Ресей мен Жапонияда 1891жылы, АҚШ-та 1900 жылы белгіленеді.

Дүние жүзінде әртүрлі ақша айналымының басты компаненттері мыналар:

1) Ұлттық ақша өлшемі (теңге, доллар, франк) олар арқылы тауарлармен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.

2) Қағаз ақшалар мен монеталар жүйесі. Олар қолма - қол айналымдағы қолдағы заңды төлем құралдары.

3) Ақша айналымдарын реттеп отыратын органдар.

1992 жылы I - жартысында Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруда ағылшынның « Харисон » фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50, және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жетті. Оларды қолдан жасаудан қорғаған.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада 8. 00ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді. Қазақстанның теңгесі соңғы жылдары тұрақты теңге құралы болып қана қоймай шексіз айырбасталатын және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі әрі қарай оның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымымен ақша айналымымен ақша айналысы ұғымдары аралығында айтарлықтай тең қойылады.

Ақша айналысы деп - қолма - қол ақшаның қозғалысы танылады. Ал ақша айналымы одан кең жағдайда берілгендіктен ол қолма - қолсыз айналыста мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма - қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлінуін қарастырса өндіріс қаражаттарын бөлінуін қарастырады. Айналыста отырып ақша әрі айналыс құралы әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Ақша айналымының көлемі тауар бағалар сомасынан артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуі тек сату сатып алумен шектелмейтіні түсінікті. Ақша еңбек ақы, зейнет ақы, стипендия төлеу үшін қолданылады. Мұның барлығы заң жүзінде қаржылық заңнамасымен реттелуінен.

4. Коносамент - теңіз тасымалдануда қолданылатын бағалы қағаздар.

Құнды бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезде ұлы географиялық жаңалықтардың алмасуымен байланысты аясы кеңіді. Ал осы мүмкіндіктерді пайдаланғысы келген кәсіпкерлер ірі капитал саласына деген қажеттілігі туындап арта түсті. Соның нәтижесінде ағылшын Галакттың компаниялары сауда жасаумен байланысты дүниеге келді.

  1. Ост Индия
  2. Брудуон бұғазы

Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған алғашқы компаниялар т. б. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Таранта биржаларында сатылуда. Бағалы қағаздар рыногы қаржы рыногының бір бөлігі ғана. Бағалы қағаздар рыногы банктермен кредит жүйесін толықтырады, өзара қаржылық байланыста әрекет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қаржы
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Банктік операциялардың түрлері
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Мемлекеттік қаржы қызмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz