Жер рентасы - жерді иемденушінің табысы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жер рентасы - жерді иемденушінің табысы
Жер адам үшін оның өмір сүретін ортасы, минералды және органикалық ресурстардың көзі. Минералды өндіріс саласы ретінде ауыл шаруашылығы шаруашылық іс-әрекеттің басқа да барлық түрлерінен органикалық байланысқан. Аграрлық қатынастар экономикалық қатынастар жүйесінің маңызды спецификалык бөлігі ретінде жерді иелену және пайдалану сипатымен анықталынатын материалдық игіліктерді өндіру, айырбас, түтыну қатынастарын сипаттайды. Жерді иемдену жеке немесе завды тұлғаның белгілі бір жер учаскесіне құқығын тану. Жерді иемдену көп жағдайда жерге меншік қатынасымен түсіндіріледі. Жерді пайдалану заңмен белгіленген тәртіп бойынша жерді пайдалану. Жер пайдаланушы міндетті түрде оның меншік иесі болып, табылмайды. Қарапайым түсінікпен оған жалгерді де жатқызуға болады.
Экономикалық түрде жерге жеке меншік шаруашылык жүргізу объектісі ретінде жер учаскесін сатудың мүмкіндігінде емес, мақсатты бағытына сәйкес оны пайдаланудан түсетін белгіді бір табысты жүзеге асырады. Бұл табыс жерді ауыл шаруашылық бағытында өнімді пайдалану мен сатып алудың экономикалық мотивтерін анықтайды және жер учаскесін сатып ала отырып, сатып алушы ең бірінші кезекте болашақта аталмыщ учаскені тікелей бағыты бойынша пайдаланудан түсетін табысты көздейді.
Рента - кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін жер немесе мүлік, капиталдан тұрақты алынып отыратын табыс. Экономикалық рента - жер немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін баға. Жер және басқа да табиғи ресурстардың қоры шектеулі болғандықтан осы жағдай ренталық төлемдерді жалақы, пайда жэне проценттен ажыратады. Жер қай жерде, қандай мақсатпен қолданылмасын оның ұсынысы өзгеріссіз қалады. Жер үсынысының осы сипаты сүраныстың жер рентасын анықтайтын жалғыз фактор екендігін білдіреді. Егер жерге сұраныс мөлшері нөлге жақындайтын болса, онда жер рентасы да нөлге тең болады. Рента шамасының өзгерісі жердің санына ешқандай ықпал ете алмайды. Жерге меншіктің белгілі бір формалары қалыптасқан. Көптеген мемлекеттерде жеке меншікте және рентаның пайда болуының шарты - аренда болып табылады. Жер арендасы -жердің меншік иесі басқа тұлғаға шаруашылық жүргізу үшін белгілі бір мерзімге өзінің учаскесін беретін жерді пайдалану түрі.
Жер рентасын тудыратын материалдмқ шарттар ауыл шаруашылығы өндірісінің басты құралы ретіндегі жердің ерекше сапасына негізделеді. Егін шаруашылығының өндірістің барлық басқа салаларынан айырмашылығы осында, яғни жер кез келген ауыл шаруашылық дақылдарының өсуі мен пісіп-жетілу кезеңдерінде өндірістің белсенді құралы функциясын атқарады. Шамасы мен сапасы бойынша бірдей жер көлемінің бірлігіне шаққандағы жанды еңбек шығындары мен өндіріс қүралдары әр түрлі өнім береді, демек біртекті емес өнім бірлігінің, үнын қалыптастырады. Топырақ құнарлылығы басқа да табиғи жағдайлармен өзара қарым-қатынаста бола отырып, егін шаруашылығында еңбек өнімділігіне және өндірілген өнімнің индивидуалды қүнының шамасына әсер ететін жердің ерекіг^ өндіргіш күшш қүрады. Бүл жерде жердің өзі жаңа қүнды қалыптастырмайды, бірак егін шаруашылығында еңбек өнімділігі арқылы оны қалыптастыруға қатынасады. Басқаша айтқанда жақсы жер мен басқа да табиғи жағдайлар өздігінен қосымша өнім мен табыстың көзі болмайды, бірақ олардың табиғи базисі -жоғары еңбек өнімділігі факторын қүрайды.
Жер рентасы - ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілермен қүрылатын және жердің меншік иесі иеленетін қосымша өнімнің бөлігі. К. Маркс рентаны жерге меншікті жүзеге асыратын экономикалық форма деп санады. Буржуазиялық экономистердің бірі У. Петти жер рентасын қосымша өнім формасы, ал жердің бағасын капиталданған рента түрінде қарастырды. Физиократтар Ф. Кэне, Ж. Тюрго және басқалары егін шаруашылығында қүрылатын қосьщша қүнды топырақтың табиғи қүнарлылығымен байланыстырып, оны "табиғаттың сыйы" деп атады. А. Смит еңбек құн теориясы негізінде рента пайда сияқты еңбектің нәтижесі болатындығын дәлелдеді. Оның теориясына сәйкес тауардың қүны үш қүрамдас бөлікке: жер рентасына, пайдаға, жалақыға бөлінеді және жердің меншік иесі, капиталист-кәсіпкер, жүмысшылар арасында табыстың бөлінуіне сәйкес келеді. Ол жер рентасын адамның туындысы ретінде санауға болатынның барлығын өтегеннен немесе шығарып тастағаннан кейін қалатын табиғаттың туындысы ретінде анықтайды. Маркстік саяси экономия А. Смиттің бұл теориясын жоққа шығарады, яғни жер рентасы мен пайда қүнның көзі бола алмайды, өйткені тауардың қүны оны ендіруге кететін қоғамдық қажетті жүмыс уақытымен анықталынады және жердің табиғи қүнарлылығы басқа да табиғат күші сияқты қосымша пайда көзі болмайды. Рентаның экономикалық табиғаіын Д Рикардо көрсетіп берді. Ол нарықтағы бидайдьщ бағасы өндіріс шығындарына тәуелсіз бірдей болатынына көңіл аударады. Сондай-ақ рентаның жердің санының шектеулілігі мен сапасының әртүрлілігіне байланысты төленетіндігін көрсетеді.
К. Маркс жерге жеке меншік пен өнеркәсіпке қарағанда егін шаруашылығында капиталдың органикалык қ\рылымының төмендігімен байланыстыра отырып, абсолютті жер рентасына ерекше мән берген. Бүл рента теориясының мәні капиталдың органикалық қүрылымының ауыл шаруашылығында өнеркәсіпке қарағанда төмендігімен, демек егін шаруашылығындағы тауардың қүны оның өндіріс бағасынан жоғары болатьшдығымен сипатталады. Ауыл шаруашылығында жалдамалы
жұмысшылар еңбегімен құрылатын қосымша құн бөлігін керсетететін ауыл шаруашылық тауар кұнының қоғамдық өндіріс бағасынан артығы абсолюттік рентаның субстанциясын қүрайды. Алайда, капиталдың органикалық құрылымындағы айырмашылықтар абсолюттік рентаның пайда болуының себебі болмайды. Оның мәні жерге меншік монополиясы егін шаруашылығына капиталдың еркін күйылуына кедергі келтіретіндігінде және қосымша құнның артығы жердің меншік иесіне тиесілі екендігімен түсіндіріледі. Маркс абсолюттік рентаны жерге меншік монополиясымен байланыстыра отырып, жерге жеке меншік егін шаруашылығының дамуын тежейді деген корытындыға келеді.
Экономикалық әдебиеттерде жер рентасының абсолютті, дифференциалды және монопольды және экологиялық түрлері ажыратылады. Олардың қалыптасу себептері әр түрлі:
Жер рентасының маңызды жағы - ауыл шаруашылық өніміне баға қалыптастырудың ерекшелігі. Табиғи қүнарлылық пен белгілі бір географиялық жағдай қандай да бір деңгейде капиталға бағынбайды. Ал ауыл шаруашылық енімдеріне деген қажеттілік түрақты өсіп отырады. Осыған байланысты егер өндірілген өнім төлей аларлық сұраныспен қамтамасыз етілетін болса, онда ауыл шаруашылық тауарлары өндірісінің бағасын қалыптастырудың реттеуші факторлары болып қүнарлылығы мен орналасуы бойынша нашар жер жағдайы болып табылады. Жақсы және орташа сападағы ауыл шаруашылық жерлерінің шектеулілігі өндіргіш күші өте төмен нашар жерлерде өнім өндіру есебінен нарықтық сүранысты қанағаттандыруды мәжбүр етеді. Егер импорттык азық-түлік өнімдеріне көңіл бөлінбесе, онда қымбат өнім алынатын нашар жерлерді игеру жолымен сүранысты қанағаттандыру қажеттілігін белгілеу керек. Сол себепті нарықтық баға қалыптастыруда жоғарғы шегі болып құнарлылығы төмен жерлерде ауыл шаруашылық өнім бірлігінің орташа өндіріс шығындары табылады. Қүнарлылығы орташа және жоғары жерлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру нарықтық бағада қосымша таза табыс - дифферециалды жер рентасын қүруға мүмкіндік береді. Ол өткізу нарығына қарай тиімді орналасқан жер учаскелерінен ауыл шаруашылық өнімін сатқан кезде де пайда болады. Демек, өзінің экономикалық мәні бойынша рента өндіріс пен өткізудің жақсы жағдайында егін шаруашылығы өнімінің қоғамдық қүнының оның төменгі индивидуалды қүнынан артуы.
Шаруашыаық тәжірибеде жақсы, орташа және нашар жер учаскелері қолданылады. Осыған сәйкес дифференциалды рентаның пайда болу шарттарын көрсетейік:
Дифференциалды рентаның пайда болу шарттары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz