Қазіргі заманғы дидактика ғылымы



1 Дидактика
2 Дидактика және жеке әдістемелер
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпымәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г. Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, РесейдеК.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
1 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
2 “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
3 Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
4 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

http://ru.wikipedia.org/wiki/Дидактика

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Дидактика
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы; педагогиканың үйренушілер ге білімді, машық пен дағдыны меңгерту
және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім
мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен
ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын
саласы.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты оқыту-үйрету тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпымәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Дидактика терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өз інің Ұлы
дидактика (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің
мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және
табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық
идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы  швейцариялық  педагог  И.Г.
Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дис тервегтің, РесейдеК.Д. Ушинскийдің
еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Қазақстанда дидактикалық ой философиялық, әлеуметтік, этникалық, 
әдеби шығармалар арқылы дамыды. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, Қорқыт
ата кітабында, ежелгі жыр-аңыздарда, мақал-мәтелде рде, ертегілерде ұрпақ
тәрбиесіне қатысты ойлар мен толғаныстар мол. Әбу Наср әл-Фараби өзінің
философиялық трактаттарында адамгер шілігі мен білімі кемел адамды әділетті
қоғам құрудағы шешуші тұлға ретінде қарастырды. Қожа Ахмет Йасауи адамның
өзін-өзі жетілдіріп, рухани кемелдену арқылы хаққа (ақиқатқа) жетуге
болатынын өсиет етеді. Қыпшақ тіліндегі Кодекс Куманикус сөздігі
мен Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ит-түрк сөздігінде де тәлім-тәрбиеге
қатысты мақал-мәтелдер, өлең-жыр үлгілері көп. Ал, Жүсіп Баласағұни, Ахмет
Иүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, т.б. дидактикалық дастандарында бала
тәрбиесіне, оқу-білімнің маңызына, адамгершілік негіздеріне жан-жақты
тоқталған.
Қазақ әдебиеті тарихында жыраулық поэзия деп аталатын Асан Қайғыдан Бұқар
жырау шығармаларына дейінгі ауызша жыр-толғаулар ұлттық педидактика ойдың
да терең қазынасы болып табылады. Отандық қоғамдық ойдың тарихында ұлттық
үрдістерді әлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырған ұлы ғұлама Абай
Құнанбайұлы болатын. Абайдың философиялық ойларында ұрпақ тәрбиесіне, жалпы
тәрбие проблемаларына да қатысты тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы
тарихында таза ағартушылық қызметпен айналысып, тәрбие мен оқу-ағарту ісін
дамытуға кәсіби теориялық тұжырымдамаларымен ат салысқан ғалым
–Ы.Алтынсарин. Оның мақалалары мен хаттарында, Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы, Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне оқыту ісіне алғашқы
басшылық, т.б. кітаптарында сол замандағы дидактика мәселелері әр қырынан
сөз болады. XX ғасырдыңбасында балаларды оқыту, тәрбиелеу
мәселелері А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауы тов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.
кітаптарында жан-жақты талқыланды. Әсіресе, Байтұрсынұлының сол замандағы
әлемдік дидактика ғылымындағы оқыту әдістерін талдаған мақалалары,
әдістемелік Баяншы кітабы отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына
негіз қалады. Кейін оқыту теориясыменайналысқан педагог  ғалымдар
(Қ.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Р.Г.Лемберг, Н.Көшекбаев, т.б.) әлемдік
дидактиканың заңдылықтары мен принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты
тұжырымдап, тәжірибеге енгізді.
Қазіргі заманғы дидактика ғылымы білім беру теориясы болып табылады. Оның
зерттеу пәні – оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір
дидактикалық принциптерге негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие
жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті
шарты болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған. [2][3][4]
[өңдеу]Сыртқы сілтемелер
http:ru.wikipedia.orgwikiДидакт ика
[өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика О 74 Жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482
б. ISBN 9965-808-85-6
↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған
э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ ЭКО, 2006. - 430 б. ISBN 9965-
808-78-3
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән
әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу
жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде
көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин
орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі
қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз
сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ
тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника
атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін
салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты
құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске
асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі
жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер
оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау,
қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда
әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін
"Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім
беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы
керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп,
ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге
асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру
қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында
"бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік
ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген
еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс
жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі
"дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу
керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын
көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті.
Олар:
• мұғалімнің қатты сөйлеуі;
• суреттердің бояуының ашықтығы;
• әсердің күштілігі;
• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге
түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев
сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-
10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан
алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл
жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген
міндеттер тұр. Олар:
• І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды
мектепке енгізу;
• аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу
процесін жетілдіру;
• білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
• мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;
• мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-
кезеңмен мектептерге енгізу;
• ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
• білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.
3. Оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактика туралы түсініктер
Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайында
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Білім алушыларды бағалау тарихындағы проблемалар
Дидактика (гр. διαλεκτική - тәлімді) - білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы
Мектеп подагогикасы
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер