Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесстерінде есепке алу



1. Оқушылардың жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама.
2. Қазіргі жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері.
3. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне сипаттама.
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту және тәрбие беру мен жүйесіндегі негізгі прнциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мүғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарларлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оку және тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас ерешеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл белуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікір жазылып жүр.
Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың әсіресе шетел ғалым-дарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезендерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие
процесстерінде есепке алу.

1. Оқушылардың жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға
сипаттама.
2. Қазіргі жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері.
3. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне сипаттама.

Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу - оқыту және тәрбие беру мен
жүйесіндегі негізгі прнциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы
принципті мүғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас
ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие
жұмыстарының кестелері, оқу жоспарларлары мен бағдарламалары және тәрбие
жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оку және
тәрбие жұмыстарының мазмұны, формалары мен әдістері оқушылардың жас
ерешеліктеріне сай іс жүзіне асырылады.
Оқу және тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске
алу қажетті шарттардың бірі. Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің
ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл белуде. Бұл проблема
жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін
көрсетеді. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген
мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас
пікір жазылып жүр.
Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс
бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты. Ал кейбіреулер
адам жасын тіс аттарына қарап, топтастырады.
Кейбір психологтар мен физиологтардың әсіресе шетел ғалым-дарының
пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір
мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл
қасиеттерді балалардың табиғатына тән олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді
емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезендерінде болып отыратын бойдың
өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың
заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ, олар балалардың психикалық
дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.
Біздің елдің ғалымдары-педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін
мекемелердің типтері бойынша жас кезендеріне беледі. Мысалы, ясли жасындағы
балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.
Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ
бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл дүниежүзілік симпозиум болды.
Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия және Швеция
елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас
пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен
12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін
Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
Екінші балалык шақ 8 жастан 12 жасқа дейін
(ер балалар)
8 жастан 11 жасқа дейін
(қыз балалар)
6. Жеткіншектік шақ 13 жастан 16 жаска дейін
(ер балалар)
12 жастан 15 жасқа дейін
(қыз балалар)
7. Жасөспірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін
(ер балалар)
16 жастан 20 жасқа дейін
(қыз балалар)
8. Кәмелеттік жастың 22-ден 35 жасқа дейін
бірінші кезеңі (ерлер)
21-ден 35 жасқа дейін
(әйелдер)
9. Кәмелеттік жастың 36-дан 60 жасқа дейін
екінші кезең (ерлер)
36-дан 50 жасқа дейін (әйелдер)
10.Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін
(ерлер)
56-дан 74 жасқа дейін (әйелдер)
11.Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін
12.Үзақ жасау 90 жас одан жоғарылар.
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына, яғни
туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олар жеті
сатыдан тұрады.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
Нәрестелік шақ (бір —екі айдан бір жылға дейін)
Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)
Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)
Жеткіншек шағы (7 жастан 11- 12 жасқа дейін))
Жасөспірімдік шақ (14,5 жастан 17 жасқа дейін)
Мектепте балаларды 6 жастан бастап қабылдауға байланысты 4,5,6 және 7
сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерін әрбір үйелмен,
мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады.
Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі
қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі — жас сатылары не-месе
биологиялық жетілу шақтары.
Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншек жөне
жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысында
болатын кейбір өзгешеліктерін еске ала отырып, мектеп және үйелмен олардың
іс-әрекетін тиімді етіп ұйымдастыруы тиіс.
Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері катайып, бұлшық еттері
дамиды, өседі. Бойы 90 сантиметрден 114 сантиметрге дейін өседі де, салмағы
14 килограмнан 22 килограмға дейін артады. Бұл кезеңде балалар күнделікті
тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек-бұлшық ет жүйесі
ұзақ уақытты еңбекті көтермейді. Сондықтан ата-аналар балалардың күш-қуатын
еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте-бірте үйрету тәсілдері арқылы
жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әнгімелерді
тындауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс-әрекеті — ойын.
Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп
түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалім де, ата-
аналардың өзі де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталылығы, сөз
қоры мен тіл дамуының дәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра
мәліметтерді білуі, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір
ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек
жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарты шарының функциялары
дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы
30-35 кг шамасында болады. Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті - оқу. Осы оқу
арқылы олардың таным процесі (қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау) дамиды.
Н.К.Крупская және А.С. Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық
ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды
еріктілікке, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық
сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды
бірте-бірте еңбекке баулу, үйелмен, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй
шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, саябақта бақша өсіру, үй
жанындағы бау-бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт
алаңында жұмыс істеу т.б. түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7-12 жастаға
балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз
болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске
алынғаны жөн.
Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады.
Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық,
түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын орындаудан қашушылық
т.б. Балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің, ата-
аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың
мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап
етеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімі туады; үлкен адамдардың жіберген
қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді
серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт
ойындарында өте ықыласты болады т.б.
Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері,
мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері
мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134-155 сантиметр,
денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі
жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезендегі (бұл кезеңнің
барысында баланың бастауыш мектеп шағынан жеткіншектік шаққа көшу болады)
немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Өйткені
Н.К.Крупская бұл ең тынышсыз, ең киын, ең қызба (ұшқалақ) жас деп атап
көрсетті.
Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас
жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуінде елеулі
өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы — қаңқаның сүйектену процесінің
нығаюы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы (ер баланың жыныс мүшесі 15-16
жаста, қыз баланыкі 13-14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз,
өз бетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлі еңбек
процесіне қатысады, күнделік өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Міне,
осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет
жасай алатын есейген адаммын деп есептейді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы
жылдарында (1941-1945) мен ер жеттім, естияр адам болдым, мені майданға
жіберіңіз деп қалалық комсомол комитеттері мен соғыс комиссариаттарына
арыз, өтініш жасаған балалар да аз болған жоқ. Әрине, бұл жағдай балалардың
өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамай асығыс шешім қабылдап, соны
орындауға талаптанғанын көрсетеді. Со-нымен бірге жаумен күресудің өте
кажет екендігін түсіне білген балалардың бойын патриоттық сезім билеген деп
айтсақ артық болмайды.
Жеткіншектік жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын
сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан олар
бұл жағдайда үлкендердің озбырдық жасауы деп түсінеді де, өздерінше
абыржып, наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі
шындық пен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың
қатынасында түсініспеушілік, салқындық туады.
Балалардың үлкендер жайлы көзқарасын біржақты түсініп қоюға болмайды.
Балалар өнегелі адамдардың, өндіріс озаттарының тамаша іс-әрекеттеріне
масаттанады, тәжім етеді. Мысалы, балалар Отан соғысы мен еңбек ерлері,
космонавты, спортшы, ғылым мен көркемөнер қайраткерлері жайлы сөз етеді,
олардың ерлік істері мен табыстарына бас иіп, еліктейді. Осы тұрғы-дан
балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары
мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі қажет.
Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалар ұйымдары.
Осы ұйымдардың көмегімен балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, ой-өрісі
кеңиді, өздерінің ауапкершіліктеріне түсініп, терең білім алуға
талаптанады.Жеткіншектік кезеңінде балалардың кейбір ерекшеліктерін есепке
алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн. Олар: организм
мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен карым-қатынас; мүмкіншіліктерін
ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау; қоғамға пайдалы істерге ықыласты;
ұжымшыл, жолдастық, достық сезім нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдерді
көруге ынталы, спортты ұнатады т.б.
Жасөспірімділік шақта жастардың организмі — қаңқасы мен бұлшық еттері,
ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың белгілері мен түсінігі
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Экософия немесе терең экология ұғымы
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Жасөспірімдерде сыныптан тыс жұмыста экологиялық сана қалыптастырудың экософиялық аспектілері
Бейнелеу өнерінен үйірме жұмыстарында оқушыларды табиғатты бейнелеуге үйрету
Мектеп оқушыларының өтпелі кезеңде әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудағы проблемалары
Жасөспірімдердің ойлауын дамыту процесі
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Гештальт психологиясының негізгі
Пәндер