Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті
2. Еңбекті қорғауға қойылатын жоғары талаптар
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
бағдарламасын іске асыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
25 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялау – халықаралық еңбек ұйымының ең маңызды акцияларының бірі.
Бұл - әлемнің көптеген елдерінде өндірісте зардап шеккен еңбекшілер еске алынатын күн, оны атап өткізу аясында құқықтық, әлеуметтік - экономикалық,ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және еңбекті қорғауға бағытталған өзге де іс-шаралар кеңінен насихатталады.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі.Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.
Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр. Қазіргі уақытта, республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 1 миллионнан астам жұмыскер еңбек етеді. Жыл сайын еліміздің ұйымдары мен кәсіпорындарында үш мыңнан астам жазатайым оқиға орын алып отырады, олардың үш жүзінен артығы адамдардың қаза болуына әкеліп соғады.
1. www.google.kz
2. www.zang.org.kz
3. www.referat.kz
4. http://libraries.allbest.ru/
5. http://coolreferat.com/

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті
2. Еңбекті қорғауға қойылатын жоғары талаптар

3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
бағдарламасын іске асыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті
25 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялау – халықаралық
еңбек ұйымының ең маңызды акцияларының бірі.
Бұл - әлемнің көптеген елдерінде өндірісте зардап шеккен еңбекшілер еске
алынатын күн, оны атап өткізу аясында құқықтық, әлеуметтік -
экономикалық,ұйымдастырушылық-техни калық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
профилактикалық, оңалту және еңбекті қорғауға бағытталған өзге де іс-
шаралар кеңінен насихатталады.
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын
миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен
160 миллион кәсіби ауру тіркеледі.Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі
жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың
отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем
экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.
Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр. Қазіргі
уақытта, республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 1 миллионнан
астам жұмыскер еңбек етеді. Жыл сайын еліміздің ұйымдары мен
кәсіпорындарында үш мыңнан астам жазатайым оқиға орын алып отырады, олардың
үш жүзінен артығы адамдардың қаза болуына әкеліп соғады.
Мұндай жағдай, ең алдымен, жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау мәселелеріне қажетті көңіл аудармайтынынан, жұмыс
берушілердің және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі нормалары мен
ережелерінің сақталуына деген жауапкершілігінің төмендігінен, өндірістік
процестің техникалық ахуалынан туындайды.
Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары көп ретте техникалық тұрғыдан
алға басылушылықтың арқасында, өндірістегі техника мен технологияның
жетілдірілуі арқасында қамтамасыз етіледі.
Алайда еңбек инспекциясы жүргізетін тексерістер еліміздің көптеген
кәсіпорындарында қолданылатын мәшинелердің, құрал-жабдықтың, тетіктердің
және еңбек құралдарының техникалық күйі стандарттардың, нормалардың
талаптарына және оларды пайдалану ережелеріне сай келмейді. Шектес тыс
тозған негізгі өндірістік қорлар мен шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер
жағдайында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа тигізетін
зиянды әсері күннен-күнге ұлғайып келеді.
Бұл тұрғыда аса үлкен алаңдаушылықты тау-кен металлургиясы саласының
кәсіпорындары туғызады, себебі, мұндағы негізгі қорлардың 40 пайызға жуығы
тозған. Өндірістік жарақаттанудың, әсіресе жұмыскерлердің өліміне әкеліп
соқтыратын жазатайым оқиғалардың ең жоғары деңгейі құрылыс саласында
тіркеліп отыр. Биікте орындалатын және жер қазумен, көтергіш тетіктерді
пайдаланумен байланысты жұмыстар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне үлкен қатер
төндіреді.Көптеген жағдайларда обьектілерде қажетті қауіпсіздік шаралары,
жеке қорғану құралдары қолданылмайды.
Сондықтан, жұмыскерлердің еңбек қызметі процесіндегі қауіпсіздігін және
еңбегін қорғауға бағытталған барлық қажеттішараларды қолдану қажет.
Ағымдағы жылы талқылауды және практикалық шараларды қолдануды қажет ететін
өзекті мәселелер ретінде еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру,
өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, авиациялық және автомобильдік
көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау көзделіп отыр.
Еңбекті қорғау мәдениетіне барлық деңгейлерде трипартизм қағидаттары
негізінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқықтарын
қамтамасыз ету кіреді. Трипартизм қағидаты нақты белгіленген құқықтар,
міндеттер және жауапкершілік жүйесі арқылы Үкіметтің, жұмыс берушілердің
және жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне белсенді
қатысуын, сондай-ақ негізгі назар қауіпсіздік техникасына аударылуын
көздейді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау
мәдениетін қалыптастыру және дамыту шаралары қауіп және қатер мен олардың
алды қалай алынуы және бақылануы мүмкін деген түсініктер жөнінде хабардар
болу және түсіну деңгейін арттыруға барлық қолда бар кұралдардың
қолданылуын талап етеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары деңгейдегі еңбек қауіпсіздігі
мәдениетінің пайдасы бірдей дәрежеде қызметкерлерге де, жұмыс берушілерге
де және Үкіметке де бар. Профилактиканың әртүрлі шаралары жұмыс орнында
жарақаттану жағдайларының алдын алумен қоймай, сондай-ақ бизнес пен
өндіріске тиімділігін дәледеген.

2. Қазіргі кезде еңбекті қорғауға қойылатын жоғары талаптар
Қазіргі кезде еңбекті қорғауға қойылатын жоғары талаптар – үш жақты
әлеуметтік диалогқа сүйенетін ұзақ мерзімді саясаттың, жұмыс берушілер мен
кәсіподақтар арасында жүргізілетін келіссөздердің, сондай-ақ мықты еңбек
инспекциясының қызметі арқасында нығайтылып отырған еңбекті қорғау және
еңбек гигиенасы саласындағы заңнаманың дамығандығының тікелей нәтижесі деп
айтуға болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді
қалпына келтіру мен жандандыру, ғылымның өндіріске интеграциялануын, еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді
жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мақсатында Республика Үкіметі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында Республикалық
еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құрды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Парламенттің қарауына Еңбек кодексінің жобасын енгізді.
Еңбек кодексінің жобасында бүгінгі таңда еңбекті қорғауға қойылатын
барлық халықаралық талаптар ескеріліп отыр. Еңбек кауіпсіздігінің, еңбек
қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы мен еңбекті корғаудың негізгі қағидаттары,
олардың мазмұны, сондай-ақ жазатайым окиғалардың алдын алу жөніндегі
шаралар нақтыланып бекітілді. Алғаш рет еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау жөніндегі ішкі бақылау деген ұғым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Қ.Р.«Еңбек кодексі». Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
ҚР-ның «Еңбек кодексі» жайлы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Пәндер