Касса операцияларының есебін ұйымдастыру және бақылауды жетілдіру жолдары



1 Касса операцияларының есебін ұйымдастыру және бақылауды жетілдіру жолдары
2 Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау,ақшалай қаражатты түгендеу
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит» әдістемесі департаментінің №4 «Ақша қаражатттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі, ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген.Сол сияқты нарықтық жағдайда әрбір шаруашылық субьектісі үшін ақша қаражаттарының есебін тиімді етіп ұйымдастыру маңызды болып саналады.
Көптеген операциялар қолма-қол ақшасыз жүргізілгенімен де нақты ақша қаражаттарының есебі үнемі кәсіпорын тарапынан бақылауда болуы маңызды. Қолма қол ақшамен жұмыс жасау немесе касса есебін ұйымдастыру қайсы бір уақытта болмасын қатаң есептілік пен бақылауды қажет етеді. Өйткені әрбір кәсіпорында нақты ақша қаражаттары арқылы бірнеше операциялар орындалып, есеп айырысулар орын алып жатады. Бұл орындалған операциялардың дұрыстығы да басты назарда болуы қажет.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы нарығының үлкен қиыншылықтарына байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр.Бәсекеге қабілеттілік шаруашылық жүргізуші субьект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат барлық жағдайда болуды талап етеді.Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет .
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді.Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар,қолма қол қаражат,монеталар,валюта мен субьект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер,кассалық ордерлер,клиенттердің чектері,ақшалай аударымдар және басқа есеп айырысу құралдары) жатады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ. 657.221. ОҚМУ студенті (эф-05-7к3 тобы)-Балтабаева Л.Т.
Ғылыми жетекшісі-Ахметова С.С.

Касса операцияларының есебін ұйымдастыру және бақылауды жетілдіру жолдары.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі департаментінің №4 Ақша қаражатттарының
қозғалысы туралы есеп деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші
бабында Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі
операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі, ол қаржылардың жұмсалуы туралы
ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни
субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді
делінген.Сол сияқты нарықтық жағдайда әрбір шаруашылық субьектісі үшін ақша
қаражаттарының есебін тиімді етіп ұйымдастыру маңызды болып саналады.
Көптеген операциялар қолма-қол ақшасыз жүргізілгенімен де нақты ақша
қаражаттарының есебі үнемі кәсіпорын тарапынан бақылауда болуы маңызды.
Қолма қол ақшамен жұмыс жасау немесе касса есебін ұйымдастыру қайсы бір
уақытта болмасын қатаң есептілік пен бақылауды қажет етеді. Өйткені әрбір
кәсіпорында нақты ақша қаражаттары арқылы бірнеше операциялар орындалып,
есеп айырысулар орын алып жатады. Бұл орындалған операциялардың дұрыстығы
да басты назарда болуы қажет.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы нарығының үлкен қиыншылықтарына
байланысты күннен күнге маңызды болып келе жатыр.Бәсекеге қабілеттілік
шаруашылық жүргізуші субьект жаңа енгізулер мен одан әрі даму үшін қаражат
барлық жағдайда болуды талап етеді.Ақшалай қаражатты және оның баламаларын
дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін
қажет .
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы
ғана кіреді.Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар,қолма
қол қаражат,монеталар,валюта мен субьект кассасына нақты берілетін ақшалай
құжаттар (жай чектер,кассалық ордерлер,клиенттердің чектері,ақшалай
аударымдар және басқа есеп айырысу құралдары) жатады.
Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептер 7 қаржылық есеп берудің
халықаралық стандарттары ақшалай қаражаттың баламалары деп қысқа
мерзімдік,ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және
құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салатын жоғарғы өтемді салымдарды
белгілеген.Олар инвестиция немесе басқа мақсаттар үшін емес,қысқа мерзімдік
міндеттемелерді қанағаттандыруға арналған.Инвестиция ақшалай қаражаттың
баламасы деп санатталса,ол ақшалай қаражаттың белгілі сомасына тез айналуы
тиіс және құн өзгеру тәуекеліне аздап ұшырайды,яғни өтеуге деген қысқа
мерзімі бар (үш ай немесе алынған кезден бастағанда кем)
Касса-бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған
бөлме.Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады,сейфтің
және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады,ал кілттердің
көшірмесімөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады.Қабылдаған
құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін
кассир кассалық операцияларды жүргізеді.Кассирді жұмысқа тағайындау туралы
бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен
таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады
.Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері
әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі.Кассир болмаған кезеңде
толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтеркассалық
операцияларды атқарады.
Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма қол ақша алады,бұл
мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді.Субьект чек жаза
отырып,онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы
төлеуге,жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге
міндетті.Қолма қол ақша алу үшін субьект банкке алдын ала талап етілген
сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық
есептердің корреспонденттелген шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде
бір рет кассир есептердің негізінде №1 журнал-ордерге (шығыс) және №1
тізімдемеге (кіріс) жазылады.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау,ақшалай қаражатты түгендеу.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі- активтерді
қорғау;субьектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз
ету;бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін
қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға,тасуға болады,оларда тиістілік
белгілері жоқ және олар айырбасталады.Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп
жүйесіне қолы жетіп,ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне
тікелей байланысты.Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай
функцияларды орындауы тиіс:
• Ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;
• Қолма қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығын есептеу;
• Касса тек қажетті қалдықты сақтау
• Кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу ;
• Ақшалай қаражатты физикалық бақылау
Түсімді бақылау.
Ақшалай шығындарды бақылау.
Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау
Кассалық қалдықты салыстыру.
Есеп шоттардағы ақшалай қаражатты бақылау.
Кассалық қалдықты салыстыру.
Есептік (валюталық) шоттарды салыстыру
Ақшалардың келіп түсуін бақылау кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда
түрлі операцияларды орындауға және пайдалануға байланысты жүргізіледі. Есеп
айырысуды колма-қол жүргізу, орындалған операцияларды үшін жазып отыру және
оны ақша қалдығымен салыстыру, сондай-ақ ақшамен есеп айырысуды белгілі бір
адамға міндеттеу ақшалардың ұрлануын, орындалған операциялар үшін
толтырылатын құжаттардың толтырылуында қателіктерлін жіберілуін
болдырмайды. Ұрлықтар мен қателіктер туғанның өзінде олардың саны азаяды.
Ақшалардың үздіксіз іксіз және тұрақты банк шоттарына келіп түсуін басынан
бастап бақылау мақсатымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Салықтық бақылаудың нысандары мен әдістері
АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на экономикалық сипаттама
ЖШС «Тараз RAYS» ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Ұйымдардағы ағымдағы активтердің есебі, талдануы мен аудиті
Салықтық бақылау жайлы
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындау бойынша ереже
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы туралы
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Пәндер