“Жас отандықтар” темекіге қарсы


“Жас отандықтар” темекіге қарсы
1-2 қараша күндері облыс орталығында “Жас Отан” жастары темекіге қарсы қозғалыс белсенділерінің және “Қазақстанды темекі түтінінен тазарту” ұлттық коалициясының ұйымдастыруымен қаладағы жоғары оқу орындарының студенттер, көптеген жастар қатысқан акциялар болып өтті. Облыс орталығында өткен бұл шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров, ұлттық коалицияның атқарушы директоры Талапқали Ізмұханбетов қатысты.
Ал жалпы темекіге қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік конвенция елімізде де осы мәселе жөнінде ратификациялау үдерісінің барысын тездету бағытын қолға ала бастады. Конвенция жер жүзінде темекі бұйымдарының таралуын шектейтін бірден-бір маңызды халықаралық құжат болып табылады. Дүниежүзілік құжаттың алдына қойған мақсаты - бүгінгі жастар мен болашақ ұрпақты адамның десаулығын құртатын темекіден сақтап қалу болып отыр. Темекі түтінінің аса зиянды екенін жастардың санасына жеткізіп, оның таралуына тосқауыл қоюды мақсат етуде. Конвенцияның СПИД індетінен, құс тұмауынан, өкпе қабынуынан басты айырмашылығы, темекі шегуде көзге көрінбейтін, қолға түспейтін вирустармен күресудің қажеті жоқ. Темекі шегуді шектеу үшін аса көп қаражат бөлу де керек емес. Мұнда ең бастысы - әр ел осы зиянды залалға орай заңнамалық шараларды қабылдауда саяси жігерлілік пен түсінушілікті талап етсе болды. Үкіметке өз елінің, халқының және дүниежүзі адамдарының денсаулығын қорғауға қатысуға, қамқорлық көрсетуге мүмкіндіктері бар. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі шегу, темекі өнімдерін саудалау, бақылау қою жағынан еліміз ТМД және Орталық Азия елдері арасында алдыңғы орында болғанымен, темекі шекпеуді ратификациялау ісіне екі жылдан кейін 2004 жылы маусым айында ғана барып қосылған-тын. Сондықтан да бұл маңызды құжаттың қазақстандықтардың да денсаулықтарын сақтауда аса қажет екеніне қоғамның назарын аударып, ратификациялау барысын тездетіп қолға алу үшін “Қазақстанды темекі түтінінен тазарту” ұлттық коалициясы мен “Жас Отан” жастар қанаты өз күштерін біріктіріп, белсенді қозғалысқа шықты. Темекі шегуге қарсы бұл қозғалыс еліміздің бірқатар қалаларында, облыс орталықтарында акциялар өткізуде. Қозғалысқа қатысушылар акциядан соң, осы тақырыпта конференция өткізді. Темекіге деген сұранысты қысқарту және темекі бұйымдарына салықты көтеруді ұсынды. Біздің елімізде дүниежүзі бойынша темекінің бағасы өте арзан екені айтылды.
Әр адамның таза ауа жұтуға құқығы бар. Олай болса, көшеде, мекемелерде темекі шегуге тыйым салуды қолға алу керек. Қозғалыс белсенділері жалпы қоғам үшін, бүгінгі күннен басталатын болашақ үшін Елбасына, мемлекеттік органдарға, Парламент депутаттарына қазақстандықтардың денсаулықтарын қорғаудағы ең тиімді, маңызды шара болып табылатын Дүниежүзілік конвенцияға тездетіп қосылу үшін көмек сұрады.
Бұдан кейін акция Қарағанды, Алматы қалаларында жалғасатын болады.
Темекінің зияны, салауатты өмір салтын ұстану және сол темекіден қалай айырылу керектігі туралы осы аптада өткен “Алматы темекіден азат қала” атты семинарында талқыланды. Бұл семинар 31 мамыр халықаралық темекіден арылу күніне арналған еді.
Ұйымдастырушылар:
тәрбие ісі орынбасарлары Қадырбергенова Қ., Тоқтасын М.
Шақырылған қонақтар:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директорының орынбасары, «Алматы темекі түтінінен азат қала» атты Алматы қаласының мақсатталған бағдарламасының қала бойынша координаторы: Серікбаева Гүлмира Нұрқанат-қызы; Аудандық балалар мен жастар шығармашылығының әдіскері Гүлсім Сейтқалиқызы, Аудандық мектептердің тәрбие ісі орынбасары және оқушылары.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмабекова Мағытай Жұмабекқызы 10 «а» сынып оқушыларымен «Ақырын жүріп, анық бас» тақырыбында сахналық көрініс көрсетті. Көріністің мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір сүруге шақыру.
Математика пәні мұғалімі Байғазиева Г. 10 «б» сынып оқушыларымен « Тағдырды уландырған түтін» атты семинар сабағын өткізді. Мақсаты: Темекінің адам денсаулығына зиян екенін айта отырып, жеке басының денсаулығына бақылау жасап білу керек екенін үйрету болды.
Семинар - сабақ оқушылардың әртүрлі шығармашылық ізденістері түрінде өтті.
Сонымен бірге тарих ғылымының кандидаты, психология ғылымының маманы, медицина ғылымының кандидаты, химия мамандары сөз сөйледі.
Спорт ұйымының жетекшісі мен көрермендердің пікірлері алынып отырды.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Байзақова О. 10 «а» сыныбымен «Шылымшы өзін де, өзгені де улаушы» тақырыбында дебат - сабақ өткізді. «Болашақ» тобы және «Әділет» тобы толық пікірталас түрінде өтті.
Мақсаты :
Оқушыларға темекінің зияны туралы айтып, өз денсаулықтарына сақ болуға шақыру.
Қорытындыда:
6 сынып оқушыларынан құралған көңілді тапқырлар клубы шылым шегуге қарсы байланысты әртүрлі әзіл - қалжыңдарын айтып өтті.
Семинар сабақ өз дәрежесінде өтіп, көпшілік көңілінен шығып, оқушылар темекінің зияны екендігі туралы көптеген мәліметтер алды.
МАСКҮНЕМДІК
Маскүнемдік те қауіпті дерттің бірі. Оған қарсы алдын алу шараларының бірнеше бағытта жүргізілуі тектен-тек емес. Алайда араққа салынып кетпеу - әрбір жеке адамның өзінің түйсігіне де байланысты дер едік. Кейбіреулер дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатса, енді біреулер өзінің маскүнем екендігін мойындамай, ішімдікке қарсы егілуге (кодирование) намыстанып жатады.
- Біздің тұрақты «клиентіміз» болып кеткендер де жоқ емес. Келеді, түнейді ертесіне қайтады. Бұл жерді жатсынбайды да, - дейді Алматы қаласындағы №1 айықтырғыш бастығының орынбасары К. Есімов.
Оның айтқанынан ұққанымыз - жұрт бұрын қалай ішті, қазір де солай ішеді. Статистикалық көрсеткіште кемігендік те, артқан¬дық да байқалмайды.
- Бірақ, - дейді ол, - бізге келіп түсетіндер арасында қазақтар көбейіп кетті. Бәлкім, бұл қазір Алматы қаласында, жалпы елімізде, қазақтардың көп екендігіне байланысты шығар.
Осыдан біраз бұрын біз қа¬ладағы айықтырғышқа неше мәрте түсіп шыққан бір жігітпен әңгі¬ме¬лескен едік. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары көшеде жатып ішетін қаңғыбастарды емес, әдетте киім киісі көзге дұрыс көрінген адамдарды ұстауға тырысады. Неге? Оның айтуынша, қаңғыбас жандар өздеріңіз білесіздер, жиіркеніш тудырады. Және де оның қалтасында ақша жоқ. Сондықтан да олар ішіп алған адамның өзіне емес, оның қалта¬сына «қызығады-мыс». Оны өзінің басынан өткен мына бір оқиғамен дәлелдегісі келіп жатыр. Ол эки¬паж көлігін көрген бойда-ақ қалтасындағы 5 мың теңгесін шұ¬лығының ішіне тығып үлгерген екен. Алайда сақшылардың да көзі өткір екен, «бұл ақшаны да араққа жұмсап, қор қыларсың» деп алып қойыпты.
«Рас, кірген бетте айықтырғыш қызметкерлері алдымен хаттама толтырады. Бар затыңды қабылдап алмас бұрын куәлардың қаты¬суы¬мен тіркейді. Бұл әшейін жай ғана көз бояушылық дер едім. Олар керегін оған дейін көліктің ішінде-ақ алып қояды. Шыны керек, экипаж көлігі бұрыш-бұрышты тіміскілеп жүреді. Кейде мен «осылар тәртіпті емес, оңай олжа табуды көбірек ойлай ма?» деймін. Тіпті сенің қанша ішкеніңді тексеріп те жатпайды. Апарады да тығады. Менің бір досым үйінің ауласына жақындап қалғанда түскен ғой көзге. Тәртіп сақшы¬ларының үйден алып кете алмайтындығын біліп, жүрісін жылдамдата түскен екен, әлгілер жүгіріп қуып жетіп алыпты. «Аулама екі-үш адым қалғанда ұсталдым ғой» дейді ол. Сөйтсе, қалтасында 10 мың теңгесі болған екен. Соны сыпырып алыпты. Ал оны дәлелдеу қиынның қиыны. Оның үстіне басыңды бәлеге байлағың келмейді. Айықтырғыш қарасты ішкі істер басқармасы бастығына арыз-шағыммен кіргендерді де естідік. «Өзіңді жынды ғып шыға¬рып салады» дейді олар.
Айтпақшы, айықтырғыштың өзінің «көгілдірлері» бар. Олар жайында сақшылардың білетіні, білмейтіні маған белгісіз. Алайда «көгілдірлердің» бұл мекемеге әдейі түсетінін сезіп қалдым. Ке¬ліп алып еркектерге тегін «қызмет» көрсетуге ұсыныс жасайды. Мастарды ұрып-соққанда да мекеме қызметкерлері өзіндік айла-тәсілдерін қолданып жатады. Яғни олар көгерген дақ түсіруден сақтанып, табаннан не алақаннан сабайды. Десем де, айта кетейін, олардың тыныш жатқандармен шаруасы жоқ. Негізінен айғайлап, былапыт сөздер жаудырып, бұзақылық жасағандарды ғана «тәрбиелейді». Тағы бір байқағаным, бұрынғыдай емес, жатын орындары таза, көрпе-жастықтары жеткілікті» деп ол жігіт сөз болып отырған мекеменің ішкі өмірімен таныстырғандай болды. Ал айықтырғыштағылар не дейді?
- Бізде мас адамның спирттік ішімдікті қаншалықты мөлшерде ішкендігін анықтайтын «Алкотест» деген аппарат бар. Егерде ішімдікті белгілі мөлшерден артық ішсе, олардың уланып қалмасы үшін біз «Жедел жәрдем» шақыр¬тып, ауруханаға жібереміз. Осы тұста біз №1 айықтырғыш бастығының орынбасары К. Есімовке «Алкотестен» міндетті түрде өткізесіздер ме, әлде . . . » деп жоғарыда сөз болған адамның ренжулі әңгімесін айтып бердік. «Адам тәлтіректеп, сөйлей алмай тұрса, оған аппарат қолданудың керегі не? Онсыз да көрініп тұрады ғой бәрі. Егер біреулер «мен аз ғана іштім. Қамауға құқыларың жоқ» деп дау шығарып жатса, онда әңгіме басқа. Мәселені «Алкотестің» көмегімен шешеміз», - деп түсіндірді К. Есімов.
Ол сондай-ақ айықтырғышқа түскен адамның ақшасын не бағалы заттарын алып қою мүмкін еместігін айтты. Бұл ретте ол жуырда ғана біреудің қалтасында 8000 АҚШ доллары жатқандығын және оны ертесіне түп-түгел қайтарып бергендігін айтып
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz